САБАҚТЫ ТИІМДІ ЖОСПАРЛАУ –
ОКУШЫЛАРДЫ САПАЛЫ ОҚЫТУДЫН
КЕПІЛІ.
«Үнемі іздену ғана
нағыз
тұлғаны
қалыптастырады»
Мақсаты:
Білім беруде жаңашылдыққа
ұмтылыс жасай отырып, сабақты тиімді жоспарлауға бағдар беру.
Әріптестермен бірлесе талдау нәтижесінде оның заман талабына сай
екеніне көз жеткізу. Жаңаша білім беруге нұсқаулық
жасау.
Жан-жақты дамыған, өмір сүруге
бейім, өзіндік ой-толғамы бар, адамгершілігі жоғары, бәсекеге
қабілетті жеке тұлға тәрбиелеу болып табылады. Осы мақсатты жүзеге
асыру үшін оқушыға білім мазмұнын терең игертудің тиімді жолдарын
іздестіріп, шығармашылыққа жетелейтін қазіргі заман талабына сай
ғылыми-әдістемелік біліммен қаруланған, шебер мұғалім
қажет. Сондықтан қазіргі талап бала
өзінің біліміне жауапты екенін сезіне білуі керек, ол үшін мұғалім
оқушының білім алуға деген құштарлығын оята білуі тиіс. Осыған
байланысты мұғалімнің әр жоспарланған сабағы оқушыға тиімді өту
үшін мұғалімге көп ізденуді қажет етеді. Мұғалім сабағының өзгеше
өтуі -
жаңартылған бағдарлама бойынша
жоспар құруынан басталады.
Өздеріңізге мәлім
бағдарламаның өзі ұзақ мерзімді, орта және қысқа мерзімді жоспарды
қарастырады. Қысқа мерзімді жоспар- жеке, дербес сабақ жоспары
болып табылады. Мұғалімнің өткізген сабағының сәтті өтуі осы қысқа
мерзімді жоспарының дұрыс құрылғандығына байланысты. Қысқа мерзімді
жоспарды жоспарлауда оқудың әрбір кезеңінен бастап, сабақтың соңына
дейін оқушылардың қажеттіліктерін ескеру
керек.
Осыны ұйымдастыру үшін мұғалім
төмендегі сұрақтар аясында ойлану керек:
Оқушылар не
қалайды?
Оқушы осы сабақта нені
үйренеді?
Алған білімдерін өмірде
қолдана алама?
Материалды барлық оқушы жетік
меңгеру үшін мен не істей аламын?
Сонымен осы сұрақтарды жүзеге
асыру үшін сабақтың ең негізгі болімі ол
SMART мақсатты дұрыс, нақты
қоя білуден басталады. Қысқаша айтқанда, ол қойылған
мақсат нақты (Specific), өлшене білетін
(Measurable),
әрекетке
негiзделген
(Action- oriented), қол жетiмдi
(Realistic) және уақытпен
шектеулi (Time-bound) болуы тиiс деген
қағидалар.
Енді осы мақсатқа жету үшін
тапсырмаларды да тиімді қолдана білу қажет. Яғни, тапсырма оқушыға
бағытталуы керек, ол тапсырманы орындау үшін және білім алушы
өзін-өзі реттей отырып, білімді дұрыс бағытта игеру үшін әр
тапсырмадан кейін дискрипторлар ұсынылып, қалыптастырушы бағалау
жүргізіп отыру қажет. Мұғалім әр тапсырма орындалғаннан кейін кері
байланыс орната білуі тиіс. Кері байланыс ұстаз бен оқушының
арасындағы бір- біріне деген сенімге негізделіп, сабақты талдаудың
,бағалаудың келесі сабақты тиімді жоспарлаудың түрі болып
табылады.
Бұдан кейін мұғалім сабақтың
негізгі мақсатына жетуде бағалау критерийлерін оқушылармен бірлесе
құрастырады. Бағалау критерийі – мұғалімдер мен оқушылардың оқу
мақсатына жетуіне мүмкіндік беретін өлшем. Барлық пәндер бойынша
критерийлер арқылы бағалау бойынша іріктелінген оқу мақсаттарға
қолжетімділігін қамтамасыз ету. Ол үшін бағалау келесі қағидаларға
сүйенеді:
– бағаланатын оқу мақсаттарынан;
– бағалау бойынша ұсыныстар: қалыптастырушы бағалау үшін
тапсырмаларды жоспарлау;
– бағалау критерийлері: оқушының оқу мақсаты жетуге анықтайтын
қадамдардан тұрады.
Сондай – ақ сабақтың әрбір
кезеңі бір бірімен үздіксіз байланыста болуы керек. Бұл оқушылардың
білімді еш кедергісіз қабылдауға, барлық назарды сабаққа аударуға
жағдай жасайды, және мұғалімнің шеберлігін шыңдай түседі.
Мысалы:
Сабақтың соңында мұғалім өз
сабағына рефлексия жүргізгені дұрыс, себебі неге қол жеткізгендігі
туралы, сабақ үстінде сәтсіз болған тұстары неліктен сәтсіз
болғандығын саралап, оларды қалай жоюға болатыны туралы келесі
сабаққа ойластырып келеді.
Бұдан шығатын
қорытынды «Ұстаздық
еткен
жалықпас
үйретуден
балаға» деп ұлы Абай атамыз айтып кеткендей білімді
де білгір шәкірт тәрбиелеу ұстаздан басталары
сөзсіз. Осындай жан-жақты
ойластырылған жоспарлауда ғана мұғалім жоғары нәтижелерге қол
жеткізе алады.
Ақмола
облысы
Бурабай
ауданы
«Жасыл ауылының негізгі орта
мектебі» КММ
.
Дайындаған: Химия және
биология пәнін мұғалімі
Ахметов
А.И.
2022-2023 оқу
жылы