Тақырыбы: «ШАҒЫН ЖИНАҚТЫ МЕКТЕП:
ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ ДАМУ
БОЛАШАҒЫ»
Қазіргі таңда қоғамда болып
жатқан елеулі өзгерістер білім беру
жүйесінен
тыс өтпейтіні белгілі. Білім
беру саласындағы басты мақсат –
еліміздің
әлеуметтік-экономикалық және
саяси өміріне белсене қатысуға дайын, бәсекеге қабілетті жеке тұлға
дайындау, олай болса, шағын жинақты мектептердің ұстанымы да осыған
келіп саяды. Бұл мақсатты орындауда шағын жинақты мектептердегі
оқыту жүйесін дамыту, соның ішінде оқу-әдістемелік база құру:
арнайы бағдарламалар, оқулықтар, әдістемелік құралдар әзірлеу
өзекті мәселелерді шешу қажет.
Шағын жинақты мектептердің
өзіндік ерекшелігі мұғалім бір мезгілде
екі,
үш, кейде төрт сыныптың
оқушыларымен қатар жұмыс істейді. Бұл ерекшелік оқу-тәрбие
жұмыстарының өзгешелігін
айқындайды.
Бірнеше сыныппен қатар жұмыс
істеу оқу-тәрбие жұмысына
айтарлықтай
қиындық туғызады. Шағын
жинақты мектептердің әлі күнге дейін
ШЖМ
ерекшелігін ескере отырып әзірлеген қажетті
оқу-әдістемелік құралдармен
қамтамасыз етілмеуі, мұғалімдердің барлығы дерлік
мұндай мектептерде
жұмыс істеуге арнайы дайындығы жоқ екендігі,
оқу-материалдық базаның
әлсіздігі де жағдайды күрделендіре түсуде.
Сонымен қатар оқу бағдарламалары барлық типтегі мектептер оқушыларының білім,
білік, дағдыларына бірдей талап қоятындықтан, шағын жинақты мектептердің
білім сапасына, оқушылардың білім, білік, дағдылары мен олардың
жалпы дамуына кері әсерін тигізуде. Қолданыстағы оқулықтар мен дидактикалық
материалдар шағын жинақты мектептердің оқу процесін ұйымдастыру
ерекшелігін ескермейді және қажетті білім, білік, дағдыларын қалыптастыруға
көмектесетін оқушылардың өзіндік жұмыстарын жүргізуге бағытталмаған. ШЖМ
үшін әдістемелік құралдар әзірлеу ШЖМ жағдайында оқу-тәрбие
жұмысының тиімділігін арттыратыны сөзсіз.
Шағын жинақты мектептерде
оқытуды тиімді ұйымдастыруда сабақтың мынадай түрлері бар: атап
айтсақ, бірпәндік және біртақырыптық оқытуға негізделген сабақтар.
Шағын жинақты мектепте оқу үдерісінің тиімділігін арттыруда
біртақырыптық сабақтар ұйымдастырудың маңызы зор.
Біріктірілген
сыныптарда біртақырыптық
оқытудың мақсат-міндеттері
төмендегідей:
бірнеше сыныптағы мазмұны
ұқсас тақырыптарды кіріктіру арқылы
жүйелі білім
беру;
сабақты тиімді әдіс-тәсілдер
негізінде ұйымдастыру арқылы
мұғалім
қызметін оңтайландыру және
уақытын үнемдеу;
әртүрлі жастағы оқушылардың
мазмұны ұқсас материалды біріге
отырып
меңгеруіне жағдай
туғызу.
Біртақырыптық сабақтардың
тиімділігі мынада:
оқушылар әртүрлі сыныпта
оқығанымен, олардың назарын бір
тақырыптың мазмұнына аударуға
мүмкіндік жасалады;
жоғары сынып оқушыларының
өткен сыныптағы білімдерін
жаңғыртуға
және жетілдіруге, ал төменгі
сынып оқушыларын осы тақырып төңірегінде оза оқытуға мүмкіндік
туады;
мұғалім бір мезгілде әртүрлі
жастағы балалармен бір бағыттағы
сабақты
ұйымдастыру арқылы оқушылардың
бір-біріне көмектесіп, ұжымдық
қарым-
қатынасқа түсуіне жағдай
жасайды, оларды ынтымақтастыққа, ұйымшылдыққа
баулиды;
оқушылардың бірін-бірі
тексеруі және бағалауы жүзеге асады,
үлкен
сынып оқушысы төменгі сыныптың
жұмысын тексеріп бағалау арқылы өз
білімінің сапасын анықтай
алады.
Осыған орай, бұл үлгідегі
мектептер, мүмкіндігінше, бірнеше
сыныптың
оқу материалын біртақырыптық
жүйеге ыңғайластыруы және соған
сәйкес
оқытудың тиімді
әдіс-тәсілдерін таңдау керек.
Біріктірілген сыныптардағы
біртақырыптық сабақтардың
Ерекшеліктері
Шағын жинақты мектептің оқу
үдерісін ұйымдастыруда бірқатар
қиындықтар кездесетіні жасырын
емес. Өйткені бұл үлгідегі мектепте мұғалім бір мезгілде екі
сыныппен қатар жұмыс істейтіндіктен, сабақтың өзіндік ерекшелігі
болады. Осы ерекшелікке байланысты оқу үдерісі бір мезгілде екі
сыныпта бірдей ұйымдастырылады. Сондықтан екі, үш сыныптың бір
мезгілде қатар оқытылуы оқушыларға да, мұғалімге де психологиялық
және әдістемелік тұрғыдан қолайсыздық
туғызады.
Шағын жинақты мектептердегі
оқу үдерісін ұйымдастырудың
тиімділігі
төмендегі жағдайларға
байланысты:
сыныптарды бiрiктiрудiң
педагогикалық ұтымдылығы мен
дұрыстығы;
сабақ кестелерiнiң оңтайлы
жасалуы;
тәрбие мен оқытудың тиiмдi
әдiстерi мен түрлерiн таңдау, оларды
оқыту
үдерiсінде дұрыс үйлестiру
және ұтымды пайдалану;
сабақтың белгiленген мақсатқа
сай неғұрлым тиiмдi құрылуынын
анықтау;
оқу-тәрбие жұмысының сабақ
үстіндегі және сабақтан тыс
түрлерiн
дұрыс
үйлестiру;
оқушылардың өзiндiк жұмысы мен
мұғалім басшылығымен атқаратын
жұмысының ұтымды
алмастырылуы;
оқушылардың бойында бiлiм алу
және өздiгiнен оқып бiлу дағдыларын
қалыптастыруға баса назар
аудару;
оқушылардың бiлiмі мен
тәрбиелілік деңгейлерi дамуының
ғылыми
диагностикасы;
оқушылардың бiлiм, бiлiктерiн
iзгiлiктi педагогикалық
ұстанымдарға
негiзделген жүйелi
бақылау.
Екі, үш сыныппен жүргізілетін
сабақ сапалы болуы үшін сабақ
кестесінде
пәндерді қалай болса солай
қоса салуға болмайды. Екі сыныпта екі түрлі пәнді жүргізгеннен гөрі
сабақты бір пән бойынша өткізген жеңіл болатынын тәжірибе көрсетіп
отыр. Өйткені пәндерді біріктіріп жүргізгенде, мұғалім білімнің
бір
саласынан екінші бір саласына
көшпей, оның назары бір пәнге
бағытталады.
Бірпәндік оқыту жүйесі іс
жүзінде біртақырыптық сабақтар
жүргізуге
мүмкіндік беретінін атап өткен
жөн. Қазіргі шағын жинақты мектеп
тәжірибесінде мұндай
сабақтарды ұйымдастырудың тиімділігі арта
түсуде.
Осыған орай, шағын жинақты
мектеп мұғалімдері оқыту үдерісін
мүмкіндігінше біртақырыптық
жүйеде құрастырғаны дұрыс. Өйткені белгілі бір ортақ тақырып
бойынша барлық сыныпқа бірдей бір мезгілде
түсіндірген
мұғалімге де, оқушыларға да
тиімді. Біртақырыптық сабақтар дегеніміз –
бір
пән ішіндегі мазмұны ұқсас
тақырыптарды екі сыныпта қатарынан
оқыту.
Біртақырыптық сабақтарды
ұйымдастырудың бірқатар артықшылығы
қарастырылды. Біріншіден,
шағын жинақты мектеп төменгі сынып оқушыларының оқуға деген
ықыласын табысты дамытуға жағдай
жасайды.
Екіншіден, біртақырыптық
сабақтарды өткізгенде, оқушылардың
оқу
әрекетін табысты жоспарлау
білігі, бір-бірін тексеру немесе өзін-өзі
бақылау
кезінде жұмыстың барысын
бақылау, яғни оқушыны өзіндік
жұмыстарға
даярлығын анықтайтын біліктер
қалыптасады.
Үшіншіден, біртақырыптық
сабақтар оқушының сөйлеу мәдениетін
қалыптастырады, жолдастарының
жауаптарын тыңдау, диалог жүргізу
мәдениетіне үйретеді, сөйлеу
қабілеттерін дамытады. Осыған
байланысты
сөйлеу қарым-қатынасының аясы
кеңейеді, бұл, әсіресе, шағын
жинақты
мектептер жағдайында өте
маңызды.
Төртіншіден, біртақырыптық
сабақтар практикалық және оқу
әрекеттерінде
ұжымда жұмыс істей білуге,
басқа оқушылардың пікіріне құрметпен қарауға, өз пікірін дәлелдеуге
мүмкіндік береді. Әрбір сыныппен тақырып
бойынша
жүргізілетін сабақтар оқу
материалы мазмұнының күрделілігімен анықталады. Әрине,
біртақырыптық сабақтарды әзірлеу және өткізу мұғалімнен
педагогикалық шеберлікті талап етеді. Бұл жерде, бір жағынан, оқу
материалын жоспарлау жұмысы тұрса, екінші жағынан, сабақ құрылымын
жетілдіру және оны ұйымдастыру жұмысы тұрады. Оқушылардың
белсенділігі, ең бірінші кезекте, сабақ кезеңдерінің реттілігін
қатаң сақтауынан емес, сабақты тақырып бойынша жоспарлап, оны әрбір
сабаққа сәйкес мақсаты нақты анықталған жағдайда
көрінеді.
Біртақырыптық сабақтарды
жоспарлау оқу бағдарламасының белгілі
бір
тақырыбы немесе тарауы бойынша
өтілетін сабақтар мен сабақтан тыс
оқу
жүйесіндегі оқу-тәрбие үрдісі
білім беру, дамыту және тәрбие беру қызметтерін іске асыруының
қолайлы жолдарын анықтау үшін қажет. Бұл жүйеге негізгі
дидактикалық мақсатына байланысты сабақтың әр алуан тұрпаты және
түрлерімен қоса, оқушылардың сыныптан тыс және оқудан тыс
жұмыстарының басқа түрлері де кіреді. Шағын жинақты мектепте
біртақырыптық жоспарлаудың ойдағыдай іске асырылуы, көбінесе,
мұғалімнің оқушылар нені білуі керек, қалай оқыту керек, т.б.
мәселелерді қаншалықты терең ойластырғанына байланысты. Сондықтан
мұғалім біртақырыптық жоспарлауды пәннің оқу бағдарламасымен, білім
беру стандартымен мұқият танысудан, пәнді оқыту кезіндегі және
берілген тақырып бойынша
дидактикалық
міндеттерді шешудегі негізгі
тәрбиелік мақсаттарды және оқушыларды дамыту мақсаттарын анықтаудан
бастауы қажет.
Мақсатым:
- Біріктірілген сыныптардағы
әр оқушының алған білім денгейі мемлекеттік білім стандартына
негізделген және бағдарламаға сәйкес болуын көздеу.- Оқушылардың
шығармашылық денгейін арттырып, өз беттерінше жұмыс істей білуге
дағдыландыру.Ата аналармен тығыз карым - қатынас құру арқылы
оқушылардың саналы да тәртіпті шәкірт болуын қалыптастыру,
тапсырмаларын орындау барысында жоғары денгейдегі тапсырмаларды
орындауға жетекшілік етемін. Бұл мәселе, біріктірілген сыныптар
үшін оңай емес, бір 40 минут ішінде үш сыныпқа бірдей білім
мазмұнынын толық жақты болуы талап етеді. Мұғалім, яғни ұстаз өз
білімділігімен шығармашылық әрекетін толық көрсетіп, балаға берген
білімі мол болса, оқушы да оны қабылдап алуға мүмкіндігі болады.
Дәлірек айтсақ, мұғалім сабаққа дайындалғанда өзінің әрекетін
ойлаумен шектелмей, денгейіне қарай оқушының әрекетіне де мән беруі
тиіс. Уақытты тиімді пайдаланып, оқушының өз бетімен тапсырманы
орындауына ұдайы жағдай жасалуы қажет.Шағын жинақты мектептің
педагогикалық ерекшеліктерін ескерген мұғалім ғана өзінің
шығармашылық жұмысын ұйымдастыра алады. Кез - келген әрекет
талдаудан басталады.
Қорытынды:
Шағын жинақты бастауыш
мектепте оқушыларды талдауға үйретуде тәсілдер жүйесін мақсатты
түрде пайдалана білген жөн. Сабақ - оқытуды ұйымдастырудың негізі.
Демек әрбір сабақ - оқу үрдісіндегі шешуші буын, сондықтан ол -
оқытуды жетілдіру, қажетті түрлендірулер мен мақсатты нәтижеге
жетуді ойластыру. Сонымен бірге жоғары шеберлікті үнемі қажет
ететін, дамуды керек ететін, даму үстінде сапалы оқуды іздестіретін
үрдіс. Сол үшін бүгін жақсы оқытуымыз керек, ал ертең бүгіннен де
жақсы оқуға тиіспіз. Ал, ең бастысы оқушының психологиясына айрықша
көңіл бөліп, терең зерттеу жүргізіп, оның барлық тәрбиесін назардан
тыс қалдырмаған жөн.
Шағын жинақты бастауыш сынып
оқушыларының зейіні тұрақсыз болғандықтан, оқушылардың сабақ
үстінде бір біріне аландайтындары белгілі. Шағын жинақты мектептің
көпшілігіне тән жағдай бір ғана мұғалім басқаратын қосарланған
сыныптың сабақ процесі. Мұндай сабақты өткізу мұғалімнен үлкен
шеберлікті талап етеді. Сөз соңында өз ойымды белгілі педогог К.
Ушинскийдің «Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана
мұғалім. Оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады»
деген пікірмен аяқтауды жөн көрдім.
Қолданылған әдебиеттер
тізімі
1.
Аманжолов С., Аманжолов А., Қосымова Г. Қазақ тілі. 8-сынып.
–
Алматы: «Мектеп» баспасы, 2010.
2.
Әлімқұлова Р., Сәтімбеков Р., Соловьева А. Биология.
8-сынып.
Алматы: «Атамұра» баспасы,
2012.
3.
Третьяков П.Н., Сенновский И.Б. Технология модульного обучения
в
школе. – М.: Новая школа, 1997. – 352
с.
4.
Қабдықайырұлы Қ., Монахов В.М., Оразбекова Л.Н., Әлібаева
Т.Ә.
Оқытудың жаңа технологиясы. – Алматы: РБК,
1999.
5.
Мақпырұлы С., Қыраубайқызы А., Құрманбай Г. Қазақ әдебиеті.
8-
сынып. – Алматы: «Мектеп» баспасы,
2012.
6.
Ісләмжанұлы К., Тілешова С., Әрінова Б., Баттал Р. Қазақ әдебиеті.
6-
сынып. – Алматы: «Атамұра» баспасы,
2011.
Жаңартылған
бағдарлама