Материалдар / Баяндама "Шәкәрімнің шығармашылығының маңыздылығы"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Баяндама "Шәкәрімнің шығармашылығының маңыздылығы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Баяндамада "Шәкәрімнің шығармашылығының маныздылығы туралы мәліметтер жазылған.Оның психологиялық шығармаларының философиялық көзғарасы ашылып айтылған.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
24 Қараша 2021
381
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

Шығыс Қазақстан облысы

Өскемен қаласы

Коммуналдық мемлекеттік мекеме «№36 орта мектебі»













Баяндаманың тақырыбы: Шәкәрім мұрасы-халық қазынасы











Орындаған:

Өскемен қаласының КММ

36 орта мектебінің

Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Ихсанова Г.С.





Өскемен қаласы 2020





Орыс мектептеріндегі «Қазақ әдебиеті» пәнін оқыту – айрықша көңіл бөлуді қажет ететіндігі еліміздің ертеңгі болашағына деген үлкен міндеттен туындап отырғаны бәрімізге мәлім. Оқушыларға әдебиеттің құдіретін, оның адам баласы жаратылғаннан бері бірге жасасып келе жатқандығын, мәңгілік жаңарып, жасарып отыратын үрдіс екенін айтып, түсіндіре отырып, сол әдебиетті жасаушылар, ақын -жазушылар туралы, олардың көркем шығармалары жайында айтуымыз керек.

«Көркем шығарма – әдебиеттің құндылығы. Көркем шығарманы оқыту – оқуышының сөз қадірін түсінерлік ойлау әрекетін дамыту, рухани дүниесін байыту, эстетикалық талғамын жетілдіру, адамгершілік қасиетін қалыптастыру» - деген болатын әдебиет зерттеуші – ғалым, белгілі жазушы, ұлағатты ұстаз Қажым Жұмалиев.Осы күрделі мәселенің шешу жолының бірі-оқушыларды ақын, жазушы, тарихшы, композитор. Абаймен замандас әрі інісі, әрі ол негізін салған реалистік әдебиет дәстүрлерін алға апарушы ізбасары Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармашылығымен таныстыру.

Сөз өнері, тіршілік ағымы, заман тынысы, қоғам құрылысы, халықтың тұрмыс-тіршілігі, әдет-ғұрпы туралы тамаша поэзия топтамасын қалдырған Шәкәрім Құдайбердіұлының қазақ әдебиетінде алатын орны ерекше, себебі ол өзінің көркемдік ой танымын арғы - бергідегі әдеби дәстүрлермен сабақтастырып, кешегіні бүгінгімен және ертеңгімен жалғастырып өткен талантты перзент.

Ұсынылған іс - тәжірибемнің өзектілігі:

Данышпан ақын Абайдан үлгі-өнеге алып, философиялық және эстетикалық түсініктер тұжырымдаған, ақындықтың, адамгершіліктің алыбы Шәкәрімнің бізге қалдырған бай мұрасын жастардың сана-сезімдеріне жеткізе білу, шығармашылығына деген қызығушылықтарын арттыру, сонымен қатар ақынның шығармаларын насихаттау.

Талқыланатын тақырыптың ең негізгі мәселелері:

Біріншіден, ол оқушылардың қазақ тілінде сөйлеу деңгейінен туындайды. Қазақ тілі пәнінен оқу барысында оқушылар тұрмыстық ортада және қарапайым әлеуметтік-мәдени сипаттағы мәтіндер деңгейінде сөйлеуге үйренеді. Ал тап сол сыныптағы қазақ әдебиеті пәні бойынша оқушылар әдебиеттік стиль деңгейінде жұмыс істеу керек болады. Оқушылардың басым көпшілігінің бұл айтылған әдебиеттік деігейде оқуға дайындығы жетіспейді.

Екіншіден, Шәкәрімнің оқу орыс тілінде жүретін мектептердің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің оқу бағдарламасына еңгізілмегені, яғни оқушылар бұл ғұламаның өмірі мен шығармашылығы туралы бейхабар деуге болады, сондықтан бізге, қазақ тілі мен әдебиет мұғалімдерге, өте жауапты іс жүктелген.Ол болашақ ұрпақтарды Абайдың жаңашылдық дәстүрін дамытып, Абайдан кейінгі екінші реалист ақын атанған, Шәкәрім Құдайбербердіұлының баға жетпес қазынасын сақтап, сана-сезімдеріне жеткізе білу, Шығыстың классикалық поэзиясының жауһарлары, одан беріректегі халық поэзиясы, жыраулар жырлары, ұлы Абайдың әдеби дәстүрі, өзі өмір сүрген дәуірдегі түрлі үрдістер, бәрі - бәрі Шәкәрім үшін өнегесі өлшеусіз тағылымды мектеп болды. Халқының мұңын жырлап, адам бойындағы игі қасиеттерді қастерлеп, өлеңдерінің өзегі ету - Шәкәрім шығармашылығының басты мұраты. Ақын айналасындағы барлық нәрсеге терең бойлап, жамандығынан жирене біліп, жақсылыққа ұмтыла білді.Туған халқының мәдениеті, азат ел болып, еркін еңбек етіп, бейбіт өмір сүруін армандады. Сол үшін жан сала күресті, сол мақсаттан жазушылық арнасын тапты. Шәкәрім терең ойға құрылған, күмістей жарқын жырлар жазуды мақсат тұтқан. Өлең сөздері мыс араласпаған таза күмістей, тереңнен толғап, жүрек сырын шертерліктей болуын, ұйқасы жатық болуын көздейді. Қырық жасқа дейін Шәкәрім ел жұмысымен айналысып дала, қара жайларын өз көзімен көріп, ондағы әр түрлі тартыстар, қайшылықтар сырына үңіледі. Бөтен жұрт өмірін, мәдениетін білуге, ғылым жетістіктерін тануға талап қылады. Білім мен мәдениет, өнер салаларының жетістіктеріне назар аударады. Қазақ қоғамындағы үстемдер өктемдігіне, надандық кесапаттарына, қулық – сұмдықтарға қарсы шығады. Әділдік, адамгершілік, мәдениет, оқу – білім ұрандарын жырлайды. Айтып, уағыздап қана қоймай шамасы келгенінше, өзінің ізгі ойларын іске асырып та жүреді, Халықты жақсылыққа үндеп, ар – ұят сақтауға, жоқ – жітікке қарасып, қайырымдылық жасауға тырысады.Шәкәрімнің шығармашылық мұрасының өне бойынан айрықша бір табиғи тұтастық аңғарылады. Шәкәрім әрбір қырының өзі халқына мәңгілік мұра болып қалуға жарайтын алуан қырлы, жан - жақты таланттың тізгінін берік ұстаған суреткер.Әдеби туындының көркемдік әлемі қаламгердің ой - қиялы және дүниетанымы мен сөз саптасына келіп тіреледі десек, қазақ өлеңінің кеңістігінде Абайдан соңғы ойлы өлеңнің өрнегін салған суреткер – Шәкәрім шығармашылығының поэтикалық жүйесіндегі өзіне тән ерекшеліктерді былайша сипаттауға болады:
Біріншіден, ақын өлеңге өнер ретінде қарап, оны өрелі ой айтудың құралына айналдырған. Сондықтан да өлең жолдарында философиялық таным мен поэзиялық көркемдіктің тұтастықта жарасым тауып, нәтижесінде қазақ поэзиясында жаңа мазмұндағы өлеңдік өрнектер мен келісті суреттеулер, тың түр мен мазмұн пайда болып ұлттың рухани әлемін жаңа бір сатыға көтерген. Екіншіден, Шәкәрімнің лирикалық кейіпкерлерді сомдаудағы өзіндік қолтаңбасы шағын лирикалық өлеңдері мен көлемді туындыларында да сабақтастық тауып, ой мен сөздің мән мағынасын, әсерін арттыра түсетін: «шын нұр», «шын асық», «таза ой», «от жүрек», «тәтті тіл», «таза жан» т. б. көптеген эпитеттік қолданыстарды түрлендіре қолдануы ұлттық поэзиямыздағы көркемдік құралдарды тыңнан түлетіп қана қоймай, ақынның қаламгерлік қолтаңбасын айқындайтын айрықша белгіге айналған. Тек бейнелілік қана емес оның терең мазмұнымен өрілген өзгеше бітімі руханиятымыздағы жаңа бір көркемдік дүниені қалыптастырды.

Өзім қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалім ретінде оқу бағдарламасына Шәкәрімнің шығармалары еңгізілмесе де, оқушыларды ақынның шығармаларымен таныстыруға тырысамын. Мысалы 7-ші сыныптың «Уақыт- ұлы күш» тақырыбын өткен кезде Шәкәрімнің адам өз уақытын қалай бағалау керек екенін балаларға осы өлен жолдарымен жеткізуге тырысамын.

«Қапы өткізбе өмірдің бір сағатын,

Өкініші қалмайды кетсе ағатың,

Күні-түні тыным көрме, ғылым ізде,

Қалсын десең, артыңда адам атың»

Осы үзіндіні бойынша «ПОПС» формуласын қолданып, уақытты қалай бағалау туралы өз көзғарасынды жеткіз деген тапсырма беремін.

«Білім. Өнер». Модульге ақынның «Бай мен кедей» өленіне Венн диаграммасын құру арқылы өлендегі байлық пен кедейлік туралы ұғымдарды жеткізу тиімді.

«Бай мен кедей»

«Байлық жақсы екені елге мәлім,
Өзің істеп әдет қыл, келсе халің.
Қолың білсе, біреуге жалынбайсың,
Шыдамды бол, еріншек болма, жаным.
Анық байлық – денеге біткен өнер,
Білімдінің бәрі де соған төнер.
Арам жиып мақтанған дәулет емес,
Алдымызда бір күн бар есеп берер.»

Абай атамыздың «ғылым таппай мақтанба» өленің оқытқан кезде Шәкәрімнің «Япырау, бұл не деген наданшылық» деген өленімен қандай ұқсастығы бар екенін , адамдар қандай қасиеттерден қашық болу керек екенін талдай отырып ,ойынды дәлелде деген тапсырмалар беруге болады.

«Япырау, бұл не деген наданшылық ,

Осынша жайлар ма жаманшылық

Есі шығып елірген бәрі де мас,

Ар қайда,ақыл қайда,адамшылық....»

« Көп тіл білгім келеді» тақырыбын өткенде , Шәкәрім кезінде арнайы оқу орынында білім алмаса да, ез бетінше ізденіп және Абай ағасының жетекшілігімен жан сарайын байытқан. Шәкәрім заманында қазақ арасындағы аса білімді адамдардың бірі болғаны, араб, парсы, түрік, орыс тілдерін жетік білгені туралы айтып өтемін.

«Сын есім» тақырыпқа да Шәкәрімнің А.С.Пушкин «Метель»шығармасының аудармасын жаттығу ретінде қосып оқытамын.Мысалы, берілген өленнен сын есімдерді тап, олардың түрін ажырат.

Мың сегіз жүз он бір жыл шамасында,
Он екінші жылменен арасында,
Саврило Саврилович дейтұғын бай
Отырған Нинандырып қаласында.
Бұл сырды бәйбіше мен бай да білді,
Екеуін жолықтырмас айла қылды.
Владимир келгенде кекеп-мұқап,
Мысқылдап айта берді қайдағыны.

Әдебиет теориясын эпитеттер туралы түсіндірген кезінде ,Шәкәрімнің өленінен эпитеттерді тап деген тапсырмалар беремін. (Әділ жүрек, таза ақыл). Шәкәрім ауыз әдебиетінің суырыпсалма ақындар поэзиясының жазба әдебиетке ауысуына зор қызмет етті. Лирикалық жанр түрлерінің дамуына, мазмұнының етене жақындасуына мол еңбек сіңірді. Көптеген өлеңдеріне ән шығарды Идеялық мақсат-мұраттары жағынан Шәкәрім үнемі демократтық, халықтық, гуманистік -ағартушылық бағытта болды. Алашорда қайраткерлерінің еңбегін бағалай білді. Абайдың реалистік дәстүрлерін жалғастырып, эпикалық жанрдың дамуына үлкен үлес қосты. Шығармаларында демократиялық, халықтық және гуманистік көзқарастырды насихаттады. Таза да жарқын махаббатты жырлай отырып, бас бостандығы идеясын алға тартты, оның асыл мұраттары үшін күреске шақырды. Адамгершілік, ар-ұждан тақырыбына жазған ойшыл да парасатты туындылары баршамызға рухани азық. Сондықтан, Шәкәрімнің бізге қалдырған бай мұрасынан нәр алу және жас ұрпаққа ақынның шығармаларында көтерген мәселелердің бүгінгі күнге дейін өзекті екенін жеткізуіміз біздің міндетіміз.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!