Материалдар / Баяндама: Сәндік қолданбалы өнердегі STEM-технологиясы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Баяндама: Сәндік қолданбалы өнердегі STEM-технологиясы

Материал туралы қысқаша түсінік
Қосымша білім беру мұғалімдеріне арналған.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Наурыз 2021
765
3 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

STEM білім беру – балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту технологиясы


Қазіргі кезде цифрлық технологияның жедел дамуы мен

адам қызметінің барлық саласын цифрландырудың

жылдам дамуымен байланысты STEM білім беру

маңызды және өзекті мәселе, білім беру жүйесінің

барлық деңгейлерінде ерекше назар аударуды талап етеді.

Н.Ә. Назарбаев


Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында әлемнің дамыған елдерінің қатарына қосылу үшін Қазақ елі атқаруға тиісті 10 міндетті нақтылап беріп, оқытудың заманауи әдістемелер мен технологияларды қолдану керектігін баса айтты. Сол себепті, бәсекеге қабілетті елдер қатарында болу үшін STEM – білім беру мен оқуды бірдей бағытта ілгерілетуіміз қажет.

STEM – оқытудың біріктірілген тәсілі, оның шеңберінде академиялық ғылыми-техникалық тұжырымдамалар шынайы өмір контексінде зерттеледі. Бұндай тәсілдің мақсаты – мектеп, қоғам, жұмыс және бүкіл әлем арасында STEM - сауаттылықты дамытуға және әлемдік экономикадағы бәсекеге қабілеттілікке ықпал ететін нық байланыстарды орнату. Қазір бұл түсініктің жаңа нұсқалары пайда болды, солардың ішінде анағұрлым кең таралғаны STEAM (ғылым, технологиялар, инженерия, өнер және математика).

Бүгінде көптеген елдерде, STEM-білім беру тұжырымдамасы түрлі білім беру бағдарламаларын жүзеге асырылуда.

STEM білім берудің өзектілігі, мақсаты мен міндеттері дегенде не айтқымыз келеді? Яғни, STEM білім беру дегеніміз не? Не үшін керек? Қалай жүзеге асыруға болады? деген сұрақтар төңірегінде ой ойыммен бөлісемін.

Қазіргі қоғамда заман талабына сай адам іс-әрекетінің барлық салаларында еркін қолданысқа енген ақпараттық технологиялар біздің күнделікті өміріміздің ажырамас бөлігі болып табылады. Ақпараттық технологияларды тиімді қолдану сандық үлгіде көрсетілген әртүрлі ақпараттың түрлерімен жұмыс істеу үдерісін тездетеді және жеңілдетеді. Білім берудің басым бағыттарының бірі оқушылардың компьютерлік сауаттылығын қалыптастыру болып табылады. Компьютерлік сауаттылықты қалыптастыру ғылым, техника, медицина, білім беру және мәдениет саласынына негізгі әсерін тигізуі мүмкін.

STEАM- білім беру инженерлік шығармашылық пен математика, жаратылыстану ғылымдары мен технологиялардың кіріктірілуі негізінде жоба және пәнаралық амалдарды байланыстыратын жаңаша ойлау және жаңа технологияларға бағытталған ғылымдардың бірігуі. Ол оқушының сыни тұрғыдан ойлау, ғылыми-техникалық білімді күнделікті өмірде пайдалану, белсенді қарым-қатынас құру және командамен жұмыс жасау, техникалық пәндерге қызығушылықты арттыру, жобаларға креативті және жаңашыл көзқарас, оқу мен карьераның ұштасуына мүмкіндік береді.

Қазіргі заманауи мұғалім балаларды оқыта отырып, мектеп қабырғасында алған білімдері өзгермелі әлемге бейімделе алуына көмектесетініне сенімді болуы керек. Себебі ертеңгі күнгі жұмыс орны шығармашылық пен инновацияны талап етеді. Демек, STEAM-білім беру балаларға мәселені шешу, өзара қарым-қатынас жасау, шығармашылық амал-тәсілдерді қолдану мен сын тұрғысында ойлау сияқты ХХІ ғасырдың жасампаз дағдыларын меңгеруге көмектеседі. Бұл дағдылар барлық оқу кезеңінде кез келген пәннен үлгеру үшін қажет болады. Болжамдар бойынша STEAM сегментіндегі жұмыс орындары жұмыспен қамтудың басқа секторларымен салыстырғанда, алдағы он жылдықта екі есе қарқынмен өсуі мүмкін. Бұл дағдыларды бүгіннен бастап үйрету балалардың болашақ кәсіби қызметке дайын болуына көмектеседі.

Заманауи тәсілдің ең негізгі ерекшелігі оқушылардың алған білімдерін жай ғана иеленіп қоймай, оларды орынды жерде қолдана білуіне басты назар аудару болып табылады, ал ХХІ ғасырда талап етілетін дағдылардың мәні осында. Сондықтан оқушының оқуға деген сүйіспеншілігі мен қызығушылығын арттыру, өзіндік ізденушілік, зерттеушілік, шығармашылық қабілетін дамытуда STEM-білім беру тұжырымдамасы түрлі білім беру бағдарламаларын өте тиімді пайдалану да қолайлы деп таптым.

Әрдайым әр баланың бойындағы шығармашылық дарындылықты дамытуда жаңашыл ұстаздардың еңбектеріне мен қатар жаңа бағдарламаны қолданамын. Бұл еңбектердегі шығармашылық бағыттағы зерттеу жұмыстарына, ізденімпаздыққа баулитын тапсырмалар жүйесі мен үлгілерін басшылыққа аламын. Сондықтан мұғалім оқу мен оқыту үрдісін сапалы ұйымдастыруда әртүрлі санаттағы оқушылармен жұмыс жасау мақсатын айқындап, анықтау үшін әр оқушының шығармашылық қабілеттерін нақты анықтай отырып-табысты оқытудың кілтін ашу. Мектеп жасындағы балаға айналадағы өзге әлемді танытып оны баланың бойына сіңіре бастау яғни терең түсіне білу балаға терең игеру кезеңі болып табылады. Осы бір маңызы зор функцияны тиімді әрі табысты орындау баланың өзіне тән бейімділігінің жасына сай қалыптасуына ыңғайлы жағыдай жасайды. Бүгінгі таңдағы білім ол оқушының өздігінен ізденіп өздігінен іздеп табу. Көздеген мақсатқа жетіп нәтижеге бағыттау.

Ал қазіргі, ақпараттық жаһандану заманында жаңа технологиялардың тез дамуы кезінде ІТ технологиясы, ғылым, өнер, және т.б. мамандықтарға сұраныс көбейді. Болашақта елестету қиын болатын мамандықтар пайда болып жатыр. Олар жаңа био, нанатехнологиялар, жаратылыстану ғылымдары, инженерлік салада білімділікті талап етеді. Осындай мамандарды даярлауды мектептен бастасақ, ол үшін не істеуіміз керек? Ойланып көрсек, біз қазір мектепте беріп жатқан біліміз қаншалықты өзгерді? Деңгейі қандай? Оны қайдан көреміз? Қандай жағдай жасадық? Жасай аламыз? Не істеу керек? Деген сұрақтарға жылдар бойы өзгерістер еңгізіліп теориялық білім мен практикалық жұмыстар жүйесі жұмыс жасауда деп айтуға болады.

Ол дегеніміз баланың шығармашылық қабілетін шындап оның ауқымың тереңдету деп түсінемін. Бұрынғы білім жүйесіндеде шығармашылық, танымдық дағдыны қалыптастыру жүйесі де жұмыс жасады бірақ қазіргі білімде менің байқағаным бала өзі тауып, іздеп табу жолына көп назар аударады дегім келеді. Өйткені тақырып, түрлі тапсырмалар беріледі бірақ оның толық мәліметін бала қосымша ресурстар арқылы іздейді. Әрине бұл бағдарлама бастауыш сынып үшін өте қиын. Бұл қиындыққа кедергісіз жету үшін әр баланың шығармашылық қабілетін ашу және тану деп білемін. Мен өзімнің тәжірибемнен байқағаным жаңа технологияларды баланың жас ерекшеліктерін ескере отырып қолданамыз.

Сонымен, STEM білім беру дегеніміз не? Сұраққа жауап бермес бұрын, STEM деген сөздің мағынасын ашып алайық:

STEM аббревиатурасы қалай жіктеледі:

S – science (жаратылыстану ғылымы)

T – technology (технология)

Е-engineering (инженерлік)

М-mathematics (математика) scince- ғылым, technology-техника, технологиялар, engineering –инженерлік, mathematics- матиматика деген сөздер екен. Яғни осы салалардың біріккен жиынтығын қамтитын кеңістік деп түсінемін.

«STEAM-білім» бағдарламасы бойынша білім алушылар физика және математика пәнінен басқа робот техникасын үйренеді ,өзінің роботтарын бағдарламалап құрастыра біледі. Сабақтарда арнайы технологиялық зертханалық және оқу жабдықтары, сонымен қатар 3D-принтерлер, визуализация құралдары және басқа да жабдықтар пайдаланылады. STEAM-білім - философиясы балаларды еңбек сабағында кәсіпке бағыттап ескі игі амалдармен оқытуға негізделген, қазір мұның оқыту әдістері мен құралдары білімін іс жүзінде тәжірибеде қолдану дағдыларын дамытады. Бағдарлама төрт кезеңге бөлінген.

Шығармашылық тапсырмаларға, шағын жобаларға, оның ішінде топтық, жұптық жоба қорғау жұмысына көп көңіл бөлуі керек.

Бірнеше пәндердің бірлескен білімдер жиынтығы оқушының өнім жасап шығуына ықпал етті, оқушы тәжірибеде пайдаланды. Жаратылыстану бағытында пәндер бойынша да. Мысалы: оқушылар математика, жаратылыстану, көрем еңбек сабақтарында, зерттеу жұмыстарында пайдаланады шағын топтарға бірігіп жоба қорғау арқылы осы проблемаларды шешу керек.

Мұнда айта кететін жай STEM оқытуда оқушылардың топтық, жұптық жобалармен жұмыс істеуі маңызды.

Біздің оқушыларымыз ертеңгі өмірге қабілетті болсын десек, бүгін оларға кеңістігінде жұмыс жасауға жағдай жасауымыз керек. Әртүрлі пәндерден алған білімдерін біріктіру арқылы нақты өмірде қолдануға жағдайды қазір жасау керек. Мұның ішінде экологияны сақтау, табиғат ресурстарын үнемді пайдалану, табиғат мүмкіншілігін, ресурстарын пайдалану, аз мөлшерде энергия жұмсау арқылы еңбек өнімдерін алу т.с.с.

Баланың бойында осындай ауқымды білімді дамыту мен жетілдіру ол бастауыш буыннан басталады. Абайдың жетінші қара сөзіндегі «Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады. Біріншісі-ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады. Екіншісі – көрсем, білсем деп, ер жетіңкірегенде ит үрсе де, мал шуласа да, «ол неге өйтеді?», «бұл неге бүйтеді?» деп көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді», деген ой-тұжырымы растайды. Биік шығармашылық қабілет, тұрмыс-тіршіліктің сырын ұғуға талпыныс баланың ерте жасынан туындайды екен. Сондықтан оқушыны ізденушілікке баулу бастауыштың алғашқы қадамынан басталуы тиіс деп ойлаймын. Әрине жас ерекшелігіне сай бақылау, байқау, салыстыру сияқты жеңіл-желпі тапсырмалар беру арқылы. Себебі бұл жастағы баланың танымдық, ойлау, қиялдау үрдісі басым болады. Осы кезден бастап қолға алсақ, бастауыш буында сәл жеңіл болады. Өйткені бастауыш сынып оқушысының түрлі сөздіктер мен қызықты әдебиеттерді іздеп табуға, оқып танысуға деген құштарлығы басым болады. Менің тағыда бір байқағаным ол оқушылардың шығармашылығын, іздемпаздығын қалыптастыруда сыныптан тыс, жеке ұжымдық жұмыстар ұйымдастыруда шығармашылық, пәндік апталықтар мен ғылыми шығармашылық апталық, жобалар, пәндік үйірмелер мен факультативтік сабақтардың маңызы зор. Бірақ барлық жұмыстарда оқушылардың қалауы, таңдауы мен ұсыныстарын ескеру қажет.

Міне осы орайда бастауыш сыныптарда әр оқу жылында математика және дүниетану пәндерінен факультативтік «Логика», «Қорға. Сақта. Бақыла» атты бірнеше авторлық жоспарлар құрып жүргізіп келемін. Жоспар баланың жас ерекшеліктеріне сай бағытталып құрылды. Факультативтік курс сабақтардың арқасында оқушылардың логикалық ойлау белсенділіктері және өзіндік жұмыс жасай алу қабілеттері біршама болса да өз нәтижесін көрсете алуда. Жалпы баланың шығармашылығын ояту менің ойымша мұғалімнің шеберлігінде деп ойлаймын.

Осындай жас ерекшеліктерге байланысты құрылған бағдарламалар пәнін жете меңгеріп, шығармашылық қабілетін қалыптастыруға ықпал етеді және құрастыру,ойластыру жұмысына бейімді болады деп ойлаймын.

Қорыта келгенде айтарым қазіргі қоғамда ақыл-ой кемел, шығармашыл жағынан қабілетті іскер және білімді адам керек.





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!