Материалдар / Баяндама Шингожаева Мейрамгуль Болатовна
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Баяндама Шингожаева Мейрамгуль Болатовна

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл баяндама мұғалімдерге арналған. Баяндаманың ішінде қазіргі жаңа білім беру жүйесі жайлы айтылады. Мен бұл тақырыпты негізге ала отырып, бастауыш сынып оқушыларының шығармашылығын арттыру, білім деңгейін жетілдіру жайлы ой қозғадым. Және де жаңартылған білім курсын оқыған мұғалімдер жайлы мағлұмат бердім. Жаңашыл мұғалімнің бойында ізденімпаздықты, шығармашылықты көре білу, ойлаудың ерекшелігі мен икемділігі, қиялындағы сипаттау білу қабілеттілігі, сыни ойлауға және өзіндік бағалау деңгейі басым болуы қажет.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Қырқүйек 2018
351
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Алматы облысы, Ақсу ауданы, «Б.Садырбайұлы атындағы орта мектеп,мектепке дейінгі шағын орталығының к м м

бастауыш сынып мұғалімі

Шыңғожаева Мейрамгүл Болатқызы


Мұғалімнің кәсіби дамуы білім беруде бастауыш сынып оқушыларының шығармашылығын дамытудың негізі

Еліміздің болашақ жастарына жоспарға сай білім беру- бүгінгі күннің басты талабы. Осы талапты орындау мақсатында ұстаздарға жүктелер міндет орасан зор. Дегенмен,кемел көкжиекке білімсіз жету еш мүмкін емес.«Мұғалім үнемі ізденуде болғанда ғана мұғалім. Ал ізденісін тоқтатысымен ол өзінің мұғалімділігінен айырылады » , деген екен Ушинский.

Қазіргі заман мұғалімнен тек өз пәнінің терең білгірі болуы емес, тарихи танымдық, педагогикалық – психологиялық сауатттылық саяси экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етілуде.Ол заман ағымына сәйкес білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс істеп, оқу мен тәрбие ісіне еніп, оқытудың жаңа технологиясын шебер меңгерген жан болғанда ғана білігі мен білімі жоғары жетекші тұлға ретінде ұлағатты саналады.

Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы орта білім беру жүйесінің дамуымен тығыз байланысты. Қай халықтың, қай ұлттың болсын толығып өсуіне , рухани әрі мәдени дамуына басты ықпал жасайтын тірегі де, түп қазығы да – мектеп.

Мектеп ұстаздары үшін нәтижеге жету шәкіртінің білімді болуы ғана емес, білімді өздігінен алуы және алған білімдерін қажетіне қолдану болып табылады. Бүгінгі бала – ертеңгі жаңа әлем. Бүгінгі күні ақпараттар ағымы өте көп. Ақпараттық ортада жұмыс жасау үшін кез келген педагог өз ойын жүйелі түрде жеткізе алатындай , коммуникатифті және ақпараттық мәдениеті дамыған , интерактивтік тақтаны пайдалана алатын, онлайн режимінде жұмыс жасау әдістерін меңгерген мұғалім болуы тиіс. Заман талабына сай жаңа технология әдістерін үйрету, бағыт – бағдар беруші – мұғалімдерміз. Оқушылардың жаңа тұрмысқа,жаңа оқуға, жаңа қатынастарға бейімделуі тиіс. Осы үрдіспен бәсекеге сай дамыған елдердің қатарына ену ұстаздар қауымына зор міндеттер жүктелетінін ұмытпауымыз керек.

Мен сонау 1994 жылдан бастап бастауыш сынып мұғалімі қызметін атқарып келемін. Қазіргі таңда еңбек жолында жүргеніме 23 жыл. Осынау жылдарда алдымнан көптеген шәкірттерді білім нәріне сусындатып қана қоймай , адамгершілігі мол , шығармашыл тұлға ретінде қалыптасуына өз үлестерімді қосқаным рас .

Еңбек жолын бастағанда көптеген тың жаңалықтарды игеріп , шығармашыл , ізденімпаз ұстаз ретінде қалыптасуыма бірден – бір жол ашылды.

Заман талабына сай келешек ұрпақтың сұранысын қанағаттандыратын еліміздегі білім беру процесіне енген жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша мектеп мұғалімдері өз білімдерін көтеруде.Мен де жыл сайын курстарға қатысып білімімді жетілдіріп келемін. Орыс педагогі К.Д.Ушинский айтқандай, қазіргі заман талабына сай, әр мұғалім, өз білімін жетілдіріп, ескі бірсарынды сабақтардан гөрі, жаңа талапқа сай инновациялық технологияларды өз сабақтарында күнделікті пайдаланса, сабақ тартымды да, мәнді, қонымды, тиімді болары сөзсіз. Бұл жөнінде Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсеткен. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев жолдауында айқандай: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Білім сапасын арттырудың кілті ұстаздардың қолында .

Жаңашыл мұғалімінің  бойында ізденімпаздықты, шығармашылдықты көре білу, ойлаудың ерекшелігі мен икемділігі, қиялындағы сипаттай білу қабілеттілігі, сыни ойлауға және өзіндік бағалау деңгейі басым болуы керек. Осындай бірлік компоненттеріне бағытталған біліктілік арттыру жүйесіндегі әрекет мұғалімнің кәсіби дамуындағы міндеттерді шешу үшін қажет деп ойлаймын.

Ал қазір ХХI ғасырда жаңартылған білім беру бағдарламасы еніп , ұстаздар қауымы алдындағы шәкірттерін жан – жақты білімді , үш тілді меңгере білетін жеке тұлға ретінде қалыптастыруда. Бұл бағдарлама оқушының өз ойын еш бүкпестен ашық білдіруге , өзін – өзі бағалауға , алға қарай ұмтылуға , белгілі бір критерий бойынша тапсырмаларды орындауға , өз ішкі уәжін өлтірмеуге , сыртқы уәжге құрметпен қарауға , әр пәннің өзіне тән терминалогиясымен нақтылы сөйлеуге , АКТ яғни интернет құрамдарын тиімді пайдалануға , функционалдық сауаттылығын жетілдіруіне және де тыңдалым , айтылым , оқылым , жазылым дағдыларының біршама қалыптастыруына , өз бойындағы құндылықтарды дамытуға , үш тілдік саясатты ерте бастан меңгеруге , алдыңғы білім мен қазіргі білімді ұштастыра алуына , мотивациясының жоғалып кетпеуіне тиімді әдіс-дәсілдерді пайдалана отырып , сабақта қызықты әрі тартысты өтуіне , өз ықпалдастығын тигізе отырып , біз жан – жақты , барлық ақпараттардан хабардар , кез – келген ситуациялардан қиналмай шығатын , өмір бойы оқудан жалықпайтын тұлғалар тәрбиелеуде бұл жаңартылған бағдарламаның оқушыларға және де ұстаздар қауымына берері ұшан теңіз.  Білім әлеміндегі оңтайлы өзгерістер сапалы білімге жетелейді. Себебі, осы оңтайлы өзгерістер білім сапасының артуына, оқушылардың саналы іс-әрекетпен дербес, белсенді жұмыс атқаруына, мұғалімдердің де жаңаша  қызмет етуіне жол ашады.Сонымен қатар әр сабағымды оқушылардың жас ерекшелігін ескере отырып, жаңа технология элементтерін пайдалануды жөн көрдім.Нәтижесінде оқушылардың пәнге деген қызығушылықтары арта бастады.


Сабақ. Математика

Ортақ тақырып: Теңдік және теңсіздік. Теңдеу

Тақырыбы: Әріпті өрнектерді салыстыру.

Күні: 16.10.2017 жыл

Ақсу ауданы Қаракөз ауылы

Б.Садырбайұлы атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі : Шынғожаева М Б

Сыныбы: 1

Қатысқандар:

Қатыспағандар:



Сабақтың оқу мақсаттары:

1.2.1.5 жақшасыз берілген əріптік, сандық өрнектерді салыстыру.

1.5.2.2 «+», «-», «≠», «=», «>», «<» белгілерін/ цифрларды /белгісіз санның символын қолдану/

Бағалау критерийі

  1. Қосумен берілген өрнек мәндерін салыстыру мен өрнекті құрастырады.

  2. Сандар, шамалар және санды өрнектер арасындағы қатынасты анықтайды.

  3. Салыстыру нәтижесін салыстыру белгілерінің көмегімен жазу, есептейді

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: әріпті өрнектерді оқып жаза алады

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:әріпті және сандық өрнектерді салыстырады

Кейбір оқушылар орындай алады: теңдіктің мәнін пайдаланып, қосу мен азайту амалдарына өрнектер құрастыра алады.

Ойлау деңгейлерінің дағдылары

Түсіну, қолдану

Тілдік мақсат

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • - Әріпті өрнектердің мәнін табуға бола ма?

  • - Қандай жағдайда әріпті өрнектің мәні табылады?

  • - Азайту амалында азайтқыш белгісіз болса қандай сандар қоюға болады?

Алдыңғы оқу:

Өрнектер

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Басы 2 минут











Ширату жаттығулары.

Бір, екі, үш-

Қарлығаш болып үш.

Төрт, бес, алты-

Қарлығаш болып қалқы

Жеті, сегіз, тоғыз, он

Қарлығаш болып қон.

(Ж. ж) Оқулықтағы сурет бойынша жұмыс

Салыстыр. (М.К) Сурет бойынша салыстырады. Суреттегі кәмпитті солдан оңға қарай немесе керісінше салу керектігі көрсетілген жоқ. Сондықтан­ салыстырудың екі нұсқасы болуы мүмкін:

х + 7 < х + 8; х + 8 > х + 7.

Әріпті өрнектер құрастырамыз және оларды салыстырамыз

Оқушылар іс - қимыл арқылы жасайды.








Оқулық 42 бет
























Әр топқа үлестірме карточка






















Шыны құты, стакан, су.


















Слайд

Ортасы

Жұппен жұмыс

8 мин





















10 мин



Shape1















Сергіту сәті

2 мин







Зерттеу жұмысы

13 мин











5 мин

Қорытынды шығару:

Әріптері бірдей екі өрнекті белгілі қосылғышы бойынша cалыстыруға болады.

Х+7 өрнегі х+8 қарағанда кем, өйткені 7< 8

(Т)

1 топ: қарындаштарды белгіленген жерінен өлшеп, екі қарындаш бойынша өрнек құрастырып, салыстыру.

2 топ: таспаларды белгіленген жерінен өлшеп, өрнек құрастырып, салыстыру.

Shape3 Shape2

Shape5 Shape4

Х ?

3 топ: әріпті өрнектерді салыстыр

6 + В 8 + В

Х + 6 15 + Х

(ҚБ) Әр топ бірін - бірі бағалайды.

«Санамақ»Апта күндерін атап шығу.

1.Дүйсенбі 5. Жұма

2.Сейсенбі 6. Сенбі

3.Сәрсенбі 7. Жексенбі

4.Бейсенбі

(Ұ) "Ойлан, қара, көр" Әр топтан бір оқушы шығып ортақ зерттеу жұмысын жасайды. Қалған оқушылар өрнек құрастырады. Нәтиже шығарады

Бағалау критерийі

Дескриптор

Салыстыру нәтижесін салыстыру белгілерінің көмегімен жазып, есептейді.

Сыйымдылық массасын анықтай алады.

Өрнек құрастыра алады, салыстыра алады.

Қалыптастырушы тапсырма «Сәйкестендір»

Қосынды және айырма түрінде берілген санды

және әріпті өрнектер мен теңдіктерді

ажыратады.

Қосу мен азайту амалдарына санды және әріпті

өрнектер құрастырады, түрлі тәсілдермен оқиды.


Дескриптор: Білім алушы

- санды өрнекті анықтайды және дұрыс оқиды;

- әріпті өрнекті анықтайды және дұрыс оқиды;

- теңдікті анықтайды және дұрыс оқиды.

Соңы

5 минут











5 мин

Дәптермен жұмыс. 39-бет

Әріпті өрнектерді салыстыру жұмысын өз бетінше орындайды

Picture 2

«Соңғы бес минут» Кері байланыс.

(Әр оқушы бір сөзбен бүгінгі сабақтан не түсінгенін айтады)

Жұмыс дәптері


Саралау:

Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Зерттеу жұмысын беру арқылы.

Бағалау – оқушылардың сабақ барысында үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?


"Бірін - бірі" бағалау

"Соңғы 5 минут"

Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері АКТ-мен байланыс. Құндылықтар мен байланыс.

Рефлексия:

Сабақтың мақсаты мен міндеттері орындалды ма?

Бүгін оқушылар не үйренді?

Сабақ қалай өтті? Қандай деңгейде өтті? Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма? Тапсырмалар сәйкес болды ма? Жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?



Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?
























Пайдаланған әдебиеттер:

1.Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

2. Бастауыш мектеп. №7. 1993жыл.

2 2008 жыл № 5 2008 жыл

3.Қазақстан мұғалімі 16.04 2008 жыл

4. Тұрғанбаева Б А Дамыта оқыту технологиялары.Алматы 2000 жыл








































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!