Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 14 материал табылды

Баяндама: STEM- білім беру бағдарламасының жаңа тренді.

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал STEM- технологиясын қолданатын барлық мұғалімдерге қажет.
Материалдың қысқаша нұсқасы

STEM- білім беру бағдарламасының жаңа тренді.

STEM ағылшын тілінен аударғанда 4 сөздің қосындысы. Олар: ғылым, технология, инженерия және математика. Білім саласы бір орында тұрмайды. STEM Дүниежүзілік білім саласындағы жаңа тренд. Қазақстанға енді келіп жатыр. STEM қазіргі заман талабына сай инновациялық жобалардың зертханасы деп айтуға болады. Өйткені, STEM қазіргі шет елдерде қарқынды дамып келе жатыр. Сол елдерде дамыған сайын, бәсекеге қабілетті ұрпақ та дамып отыр. Қазақстанда да бәсекеге қабілетті ұрпақты тәрбиелеу әрбір ұстаздың міндеті. Сол арқылы, ғылымға деген қызығушылығын арттыруды көздейді.

Кез – келген мұғалім кез - келген технологияны, әдіс - тәсілді пайдаланғанда бала үшін тиімдісін іздейді. Оқушы жаратылыстану, физика, география т. б сабақтардан білімін жетілдіру үшін теорияны оқиды. Біреу жақсы түсінсе, біреу өз шамасына қарай түсінеді. Бірақ, осы білімді қалай? қайда? қолданамын деп ойлайды. Бізден сұрайды? біз ертең үлкен болғанда, маман болғанда қолданасың деп айтамыз. Оқушы оны түсінбейді, сол арқылы ол теорияға қызықпайды, теория қиын секілді көрінеді. Оқушы алған білімін, теорияны, формуланы, ережені есінде қанша уақыт сақтай алады. STEM ерекшелігі - бұл пәнаралық байланыс принцпі, яғни бірнеше пәнді біріктіре отырып, бірнеше пәндерден алған білімді қоса отырып, жаңа бір қолданбалы зат жасап шығарады.

Яғни, сол затты жасап шығарғанда мысалы; ол кішкентай бір конструктор, кішкентай бір гидровликалық кран болсын соны жасағанда химия, физика, математика, геометрияны да қолданып есептей алған білімдерін біріктіре отырып жасайды. Сол арқылы оқушы ойлайды, мен білімді қолданып жатырмын деп. Міне осылай, STEM техникасында жұмыс жасау, оны өмірде қолдана алу бала үшін өте маңызды. Бала өзінің жасаған бұйымын, өнімін көру, жасау арқылы мотивациясы артады. Ал егер алған білімін қолданып, бір өнім жасай алмаса, оны не істейді? Ал, STEM әрбір оқушыға алған білімінің нәтижесін көрсетеді. Оқушыларға арналған инновациялық құрал - саймандар, 3D принтрлар бар. Солардың бәрін қолданып, жоба шығарады. STEM орталық болып басталған, қазіргі таңда бірнеше жобалар STEM зертханасы, STEM кітапханасы, ойыншық конструкциялар Қазақстанда жасалуда жоба жетекшісі Залқарбек Мұраталиұлы. Нақтылай келгенде, STEM мен функционалдық сауаттылықтың айырмашылықтары мен ұқсастықтары:

Функционалдық сауаттылық STEM

Мақсаты - сабақта алған білімін өмірде қолдана алу. Бірақ бір бағыт бойынша жүреді. Мыс: математика пәні бойынша математикалық сауаттылық, сауат ашу пәні бойынша оқу сауаттылығы дамиды. Мақсаты - сабақта алған білімін өмірде қолдана алу. Бірақ алған білімін басқа пәндермен байланыстырып, бірнеше бағыт бойынша жүреді. Олар: ғылым, технология, инженерия және математиканың бірлескен түрі.

STEM - ді бөлек пәндерден таңдау курсы ретінде жүргізуге болады. Қазіргі таңда технология сабағында ұлдар мен қыздар жұмыс жасайды. Бірақ ол жеткіліксіз. STEM арқылы оқушы не үйренеді:

Мотивация алады.

Теорияға деген қызығушылығы артады, оның маңызын түсінеді.

Сабаққа деген қызығушылығы артады.

Жоба жасай алады.

Идея ойлап табады алады.

Жан - жақты болады.

Дарынды оқушы анықталады.

Бәсекеге қабілетті болады.

Сын тұрғысынан ойлай алады.

Жаңа жоба жасай алу арқылы, Қазақстанға өз пайдасын тигізетін азамат болады.

Ұсыныс: Көркем еңбек сабағын жан - жақты түсіндіріп, сабақта алған білімін өмірде қолдана алу үшін 7 сыныптарда «Тігін бұйымдарының сызбасын құрастыру және модельдеу» бойынша тақырып өтеміз. Сол сабақта, SAPR грация - 330 бағдарламасы арқылы жүзеге асыру бала үшін тиімді деп ойлаймын. Жалпы бұл бағдарламада дизайн, құрастыру және модельдеу, үлгілерді орналастыру, қажетті материал шығынын есептеу, бір киім үлгісін бірнеше үлгіде, әр түрлі өлшемдерге өзгерту қарастырылған.

Бағдарламаның мақсаты: SAPR грация - 330 бағдарламасы қолдану арқылы оқушыларды компьютерлік жобалау, модельдеу және дизайн қабілеттерін дамытуға ықпал ету.

Даму міндеттері

- Өлшем бойынша бұйым сызбасын құрастыру және модельдеуге үйрету.

- Модельдеу арқылы есте сақтау, ойлау және, шығармашылық қиялын дамыту.

- АКТ тиімді қолдана білу мүмкіндігі артады.

- Технологиялық сауаттылықты қалыптастыру.

- Стратегиялық ойлауды дамыту.

Күтілетін нәтижелер

- SAPR грация бағдарламасында өлшем бойынша бұйым сызбасын дайындайды.

- Бұйым сызбасына өзгеріс енгізіп, модельдейді.

- Бұйым үлгілерін көлемді пішінде шығара біліді.

- Бұйым бөлшектерін өңдейді.

Көркем еңбек пәнінде тігін бұйымдарының сызбасын құрастыруда SAPR грация бағдарламасында оқытуды қолдану оң нәтиже береді. Әсіресе тігін бұйымдардың сызбасын жобалау, құрастыру, модельдеу бағытында заманауи технологияларды қолдану, уақытты тиімді пайдаланып, жұмысты сапалы орындауға мүмкіншілік береді. Мысалы оқушылар бұрын тігін бұйымының сызбасын құрастыруда көп уақыт жоғалтса, қазіргі кезде «Сапр Грация» 330 бағдарламасы негізінде алгоритм бойынша қажетті өлшемдерді нақтылай отырып, сызба құрастыруды және модельдеуді үйренеді. Бұл оқушыға болашақта алған білімін өмірде қолдануына үлкен мүмкіншілік береді.

Қазіргі заманауи мұғалім оқушыларды оқыта отырып, мектеп қабырғасында алған білімдері өзгермелі әлемге бейімделе алуына көмектесетініне сенімді болуы керек. Себебі ертеңгі күнгі жұмыс орны шығармашылық пен инновацияны талап етеді. Әрине, STEM - білім беру бағдарламасынын жүзеге асыру қаржылай мәселелерге алып келеді. Бірақ, білімге салынған инвистиция, ең тиімді инвестиция. Бұл бағдарлама әрбір баланың өсіп, өнуіне өз септігін тигізеді.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
03.06.2021
1640
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12