Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Баяндама "СТО" технологиясы
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
«Ақжар жалпы орта білім беретін мектеп»ММ
Баяндама тақырыбы:
Тұлғаның функционалдық оқу сауаттылығын
«Сын тұрғысынан ойлау технологиясы» арқылы дамыту
Бағыты:Қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың ерекше әдіс-тәсілдері
Дайындаған: С.Болатхан
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Ақжар ауылы .2020 жыл
Тұлғаның функционалдық оқу сауаттылығын
«Сын тұрғысынан ойлау» технологиясы арқылы дамыту
ХХІ ғасырдың жан-жақты зерделі ,дарынды, талантты адамын қалыптастыру бағытындағы білім беру мәселесі мемлекетіміздің басты назарында. Білім мен ғылымның Қазақстан дамуына оңтайлы әсер етуі үшін дүниежүзілік кеңістікке ену, білім беруді одан әрі ақпараттандыру, оқыту жүйесін заман талабына сай үйлестіре алу міндеті туындап, білімге, бүкіл оқу-әдістемелік жүйеге жаңа талаптар қойылуда. Осы тұрғыдан алғанда мұғалімге білім берудің тиімді жолдарын қарастыру, таңдай білу еркіндігі тиіп отыр. Қай кезеңде, қай заманда болмасын мектептегі басты тұлға ұстаз болса, дүниежүзілік даму деңгейінен кем түспейтін, иық теңестіре алатын, алған білім мен тәрбиелік қазынасын туған еліне, халқының ізгі мүддесіне, адамзат игілігіне жұмсай алатын қазақтың ой танымының иесі, саналы азаматты жетілдіруге үлес қосатын қазақ тілі мен әдебиетін оқыту процесінде оны ұйымдастырушы ұстазға жауапты міндет жүктеледі.
Бүгінгі күні ұстаздың басты мақсаты- өзіндік адамгершілік құндылықтарын бала бойына дарытуда, оның рухани қазынасын жарыққа шығару, әрбір баланы жеке тұлға ретінде жетілдіру үшін оның бойындағы бар құндылықтарын дамыту, қалыптастыру болып табылатыны анық. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту- бүгінгі күннің талабы. Осы бағытта ең негізгі міндет - қоғамның қазіргі даму кезеңіне жауап беретін білім мен тәрбиені ұштастыра беру.
Қазіргі жастарға тек білім беріп қана қоймай, сонымен қатар әлеуметтік бейімделу үдерісінде алған білімдерін пайдалана білуге үйрету қажет. Бұл мақсаттарды жүзеге асыру үшін сабақтарды белсенді оқыту, диалогтік оқыту, сыни тұрғыдан ойлау стратегиясы, Блум таксономиясы, сатылай кешенді талдау, мән беріп оқыту технологиясын қолданған жөн. Оқытуда көптеген технологяларды қолданамыз, дегенмен қазақ әдебиеті сабақтарында сын тұрғысынан ойлау технологиясы жеке тұлғаны қалыптастыруда ерекше .
Сын тұрғысынан ойлау –сынау емес, шыңдалған ойлау.Осы технологияны басшылыққа ала отырып, мына жағдайда белгілі бір жетістіктерге жетуге болады.Ол үшін үш деңгейден тұратын оқыту мен үйретудің тәсілдерін қолдануға болады: қызығушылықты ояту, мағынаны тану, ой толғаныс кезеңдері.
1. Қызығушылықты ояту- жаңа сабақты түсіндіру кезіндегі үйрету үдерісі. Өткен сабақ пен жаңа сабақты ұйымдастырудан тұрады. Бұл үдерісте оқушы нені біледі, не айта алады, осы кезеңде «топтау», «миға шабуыл», «болжау», тәсілдерін қолдануға болады.
2. Мағынаны тану- операциялық кезең. Бұл кезеңде оқушы жаңа тақырып бойынша тапсырмаларды орындау арқылы білім алады, алған білімін бекітеді. Мысалы:
«V»-білмеймін , «+»- мен үшін жаналық, «?»- мені таң қалдырады белгілерін қойып отырып, оны тобымен талқылайды.
Сын тұрғысынан ойлау стратегияларын қолданғанда қажет: -Оқушылардың ойлауына, ойын ашық айтуына рұқсат беру; -Оқушылардың белсенді іс-әрекетін қолдану; -Оқушылардың пікірін күлкіге айналдырмау; -Оқушылардың бір-біріне айтқан пікірлерінің дәлелді, ашық болуын талап ету.
Сабақта «Оқу мен жазу арқылы сыни тұғыдан ойлауды дамыту» технологиясын қолдану оқушылардың білімін жетілдіруде тиімділігі зор екеніне көз жеткізуге болады. Оқыту барысында мұғалім алдына қоятын мақсаты- баланы субъект ретінде оқу ісіне өз бетінше қызықтыратын, оған қабілетін арттыратын жағдай туғызу.Ең бастысы оқу үдерісін жаңаша ұйымдастыру, оқушылардың оқудағы іс-әрекеті арқылы ойлау дағдыларын жетілдіру, өз бетінше білім алу үдерісінде бірлесе әрекет ету. Мақсатқа жету оқушының өзі арқылы жүзеге асады. Мұғалім- ұйымдастырушы, бағыт беруші.
«Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлауды дамыту» бағдарламасының қазіргі таңда білімді, білгенін өмірге пайдалана алатын шәкірт тәрбиелеуде алатын орны ерекше. Сын тұрғысынан ойлау стратегиясы бойынша жүргізілетін жұмыста оқушылардың өз бетінше тұжырым жасау, қорытындыға келу, ұқсас құбылыстар арасынан тиімдісін таңдай білу, проблеманы шеше білу, пікірталасты жүргізе білу қабілеті қалыптасады.
Оқушыға көркем туындыны оқытуда ең тиімді әдістер ретінде «Ой қозғау», «Негізгі идеяны суреттеу», «Кубизм», «5 минуттық эссе» стратегияларын атауға болады. Мысалы, 9-сыныпта М.Өтемісұлының өмір жолымен танысқанда қызығушылығын ояту кезеңінде «Махамбет кім?» деген сұрақ төңірегінде оқушылар жұппен немесе шағын топта жұмыс жасайды. Мағынаны тану кезеңінде топтар мына тапсырмалар бойынша жауап беруге дайындалады.
1.Махамбет өлеңдерінде өз бейнесін суреттеу. 2. Махамбет өлеңдеріндегі Исатайдың бейнесі. 3. Қазақ елінің тарихи-әлеуметтік жағдайын сипаттау. 4. Ақын өлеңдерінің ерекшеліктері, мәні.
Ой толғаныс кезеңінде «Махамбет- патриот ақын» тақырыбына 5 минуттық эссе жазу. Оқуға деген қызығушылығын оятуда олар- бұл сабақтын қорытынды шығарады- оқушылар Махамбет өлеңдерін өз бетінше оқып, жеке топтарда талдап, талқылап, ой бөлісті және оның мәні туралы білім мен көзқарастарын бір жүйеге келтірді. Жазу үдерісі арқылы оқушының ойлау қабілеті дамитынына да көз жеткізуге болады: 1.Жазу оқушының ойын жүйелейді. 2.Өзіндік пікірі мен көзқарасын, жазу стилін қалыптастырады. 3.Аналитикалық ойлау қабілеттерін дамытады. 4.Оқушының өзін-өзі бағалауына, тануына ықпал етеді.
Оқу мен жазу арқылы оқушының сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін дамытады.
Оқушылар сенімділіктен жұмыс жасауға, пікірді тыңдауға, құрметтеуге үйренеді, бар ынтасымен оқуға беріледі, баланың танымдылық белсенділігі артады өз бетінше білім алады, шығармашылығы артады және ізденеді.
«Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлауды дамыту» жобасында жұмыс жасауды бастаған мұғалімдер бұл сабақтар баланың танымдық белсенділігін арттыруға, өз бетінше білім алуға, шығармашылығын қалыптастыруға ықпал ететіндігін атап өтсе, оқушылар оқудың (сабақтардың) қызықты, жеңіл ететіндігін, ұжымда бірлесіп жұмыс жасауға тиімді екеннін баяндайды. Мектеп өмірінде мұғалімдердің аталмыш жобамен жұмысқа дейінгі және кейінгі кезеңін (аралығын) салыстыру оқушылардың оқуға деген ынта-ықыласының артқандығын, адами жақсы қасиеттердің қалыптасқандығын, мұғалімнің шыдамдылық, төзімділік сияқты саналарымен қатар оқушылардың басқаны қабылдау, түсіну, сыйлауды уйренгендігімен сипатталады.
Болашақ азамат өз ұлтының асыл мұрасын сусындау арқылы туған халқының тарихымен, мәдениетімен жете танысып, білімін кеңейтеді. Қазақ тілінің грамматикасын терең меңгерген оқушы, қоғамның кез-келген саласында қиналмай жұмыс істеп, өзінің функционалды сауаттылығын көрсете алады.
Пайдаланған әдебиеттер:
1.Қазақстан Республикасы жаңа тұрпатты педагогінің үздіксіз педагогикалық тұжырымдамасы.Астана.2005 жыл.
2.ХХ ғасыр қазақ мектебі:даму болашағы» атты конференция материалы.
3.Әбілқасымова.А, Омарова Р. Мұғалімдердің танымдық ізденімпаздығын қалыптастыру.Алматы.Ғылым,2003 жыл
4. «Қазақ әдебиет» оқулық. 9 сынып Алматы «Атамұра»баспасы.