Баяндама "Шығармашылық жұмыс оқушыны шыңдайды"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Баяндама "Шығармашылық жұмыс оқушыны шыңдайды"

Материал туралы қысқаша түсінік
ұстаздарға
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Шығармашылық жұмыс оқушыны шыңдайды

Шығармашылық тұлға бастауыш сыныптан басталады.мектеп табалдырығын аттап , партаға отырып, алғаш қолға алып жазу жазып, суреттерді көріп өз ойын айта бастағаннан-ақ оқушының шығармашылық қабілетін аңғара бастайсың. Себебі әр оқушы өз ойын әрқалай жеткізуге тырысады.

Оқушының шығармашылығы үнемі ұстаз , сынгып ұжымы, ата-аналар тарапынан қолдау тауып отыруы керек. Өйткені бастауыш сынып оқушысының күн тәртібін дұрыс пайдалануына, үй тапсырмасына дайындығын қадағалап , көңіл бөлуге ата-ананың рөлі ерекше,

Алдында отырған шәкіртіне білім беру , оқулықтағы әр тапсырманы қызықты өткізу, оқушының шығармашылық қабілетін дамыту-ол ұстаздың шеберлігі және міндеті десек қате айтпаған болармыз.Мағжан Жұмабаев «Педагогика» еңбегінде, Ахмет Байтұрсыновтың еңбектерінде оқушының шығармашылық қабілетін дамытудың барлық кезеңдерінде, оқушы оқиға, сюжет , образ көркемдік шешімін таба алмай қиналғанда, мұғалімнің меңзеу әдісі көмекке келу керек.

Бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне сай мақал-мәтелдер мен шешендік өнердің алғашқы белгілерін шәкірт бойына сіңіре отырып, адамгершілікке, кішіпейілдікке, мейірімділікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу әр ұстаздың шеберлігіне байланысты.

Дүниеде ең тәтті де, ең ащы да тіл екенін ұғындыра отырып , тілді құрметтеуге , дұрыс сөйлеуге тәрбиелеу барысында шешендік сөздер , ертегілер (хайуанаттар, батырлар, тұрмыс-салт, күлдіргі), ақын –жазушылар Абай Құнанбаев, Ыбырай Алтынсарин, Ахмет Байтұрсынов, Мағжан Жұмабаев сынды тағы басқа педагогтарымыздың еңбектері зор. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытып, дұрыс сөйлей білуге, әдебиетті түсіне білуге, құрметтеуге үйретеді.

Шығармашылық жұмыстарда оқушының жас ерекшеліктерін, қабілетін, сөйлеу мәнерін ескерген жөн.

«Әдебиеттік оқу» және «Қазақ тілі» сабақтарында ұтымды уақыт тауып, шығармашылық жүмыс түрлерін жүргізуге болады.

Қазақстан Республикасының Білім беру үздіктері, үлгі болар ұстаздар Р.Сәкенова, П. Найманбаевалардың тәжірибелеріне сүйене отырып, шығармашылық жұмыстардың 11 түрін сабақ барысында қолданып келемін

Мақалдарға ұйқас , балама табу.

1)Бояушы , бояушы дегенге

Сақалын бояйды

Тентекке қой демесең,

Партасын бояйды.

2) Олақтан салақ жаман,

Білімсіз бала-алаңдаған

3) Алтынды ала білген

Бөле де біледі.

Білімді бала бірден

Алысты көре біледі

4)Өнерлі өрге жүзеді,

Білімді төрде жүреді т.б

Жұмбақтар

Қардай аппақ,

Қап-қатты,

Жесең өзі ,

Тәп-тәтті. (қант)

Қылдай белі иілген,

Жүгі үлкен үйілген (құмырсқа)

Алтын кесем

Теңізде жалтырайды. (ай)

Шығармашылық –өмірді, қоршаған ортаны, өзіңді тану болғандықтан әр сабақта, таңдаулы пәндерде өзінің деңгейіне, қажеттілігіне қарай дұрыс қолданылса, оқушының шығармашылық қабілеттерін арттыруға қосар үлесі зор.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.11.2018
824
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі