Материалдар / Баяндама Суйицидті мінез-құлықты қалыптастыруға ықпал ететін факторлардың алдын алу.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Баяндама Суйицидті мінез-құлықты қалыптастыруға ықпал ететін факторлардың алдын алу.

Материал туралы қысқаша түсінік
Суйицидті мінез-құлықты қалыптастыруға ықпал ететін факторлардың алдын алу.Суицид- ішкі эмоцоналды қуатын шығару негізінде, адамның әдейі өз-өзіне қол жұмсау себебінен соңы өлімге әкеліп соғатын жағдай,яғни қасақана өз-өмірін қию деген сөз. 14-17 жас аралығындағы жасөспірімдердің арасында көбірек байқалады. Суицидке жетелейтін факторлар Отбасындағы жайсыздық (түсінбеушілік, тұрмыстың төмендігі, әке-шешенің ажырасуы, ішкілікке салыну т.б) Дағдарысты күйге тап болу Проблеманы ашып көрсетуден гөрі үндемей қалуды жеңіл көреді. Суициденттер үшін суицид – проблеманы шешудің тәсілі. Қоршаған ортаға, болашаққа деген сенімді жоғалту.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
29 Қаңтар 2023
331
3 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Т.Тоқтаров атындағы негізгі орта мектебі» КММ
















Баяндама



Тақырыбы:


Суйицидті мінез-құлықты қалыптастыруға ықпал ететін факторлардың алдын алу.
















Дайындаған: Амантаева.М.Ж






Тақырыбы:

Суйицидті мінез-құлықты қалыптастыруға ықпал ететін факторлардың алдын алу.

Суицид- ішкі эмоцоналды қуатын

шығару негізінде, адамның әдейі

өз-өзіне қол жұмсау

себебінен соңы өлімге әкеліп

соғатын жағдай,яғни қасақана өз-өмірін қию деген сөз.

14-17 жас аралығындағы жасөспірімдердің арасында көбірек байқалады.

Суицидке жетелейтін факторлар

Отбасындағы жайсыздық (түсінбеушілік, тұрмыстың төмендігі, әке-шешенің ажырасуы, ішкілікке салыну т.б)

Дағдарысты күйге тап болу

Проблеманы ашып көрсетуден гөрі үндемей қалуды жеңіл көреді. Суициденттер үшін суицид – проблеманы шешудің тәсілі.

Қоршаған ортаға, болашаққа деген сенімді жоғалту.


Өзіне -өзі қол салу негізгі үш топқа бөлінеді: нағыз, демонстративтік және жасырын.

Нағыз суицид – қашанда жабырқау дағдарыстық жағдай, өмір сүрудің мәні жайлы ойланып күйзелу жатады.

Демонстративтік суицид - өлуге деген ниетпен байланысты емес, қайта өз проблемасына назар аудартудың, басқаларды қорқытудың әдіс-құралы болады, көмекке шақырады.

Жасырын суицид- өзіне-өзі қол салу мінез-құлықтың  бір түрі. Бірақ қатаң мағынада оның белгілеріне жауап бермейтін, сонда да сол бағыт пен қорытындыға ие болады.

Табиғаттың оянған гүлденген кезінде көктем мезгілінде жиі кездеседі.

Сәуір-ең қатыгез ай”- деген американ ақыны Томас Эллиот.

Сәуір айындағы суицид көрсеткіші жыл бойғы көрсеткіштен -120% жоғары

Суицидтік синдромның алды.
Бұл жағдайда жасөспірімнің ойының ұзақтығы ойлаған уақыттан бір жұмаға не бір айға созылуы мүмкін. Бұл әсіресе үлкен жасөспірімдердің арасында байқалады.
Өз-өзіне қол жұмсайтын балалар – ата-ата қамқорынан, көңіл бөлуінен жат болғандар, 75% ата-анасы ажырасқандар, не ата-аналары бөлек тұрады, не болмаса көбіне балалар үйінде тұрады, не асырап алған ата-анасымен тұрады.

Қауіпті суицидтік топқа жататындар:
1. Жастар: ешкіммен қарым-қатынасы жоқ «жалғыз өмір сүретіндер» арақ ішетіндер, есірткі тартатындар, өзінің тәртібімен жаман жағынан көрінетіндер, басқаларға күш көрсетіп, ұрып-соғу жағдайында көзге түсетіндер жатады.
2. Өз- өздеріне тым міншіл адамдар.
Өзіне жақын адамын жоғалтқан немесе біреудің өзін кемітіп, мазақ қылған жағдайда уайымдайтын адамдар жатады.
3. Өмірде алдына қойған жетістіктеріне, мақсатына бір себептермен қол жеткізе алмау жағдайында.
4. Ауру-сырқауы көп, ешкімге керек емес екенін сезген адамдар.

Эмоционалдық белгілерінің бұзылуы:
- тамаққа тәбетінің болмауы немесе тым көп тамақ жеуі
- ұйқысының бұзылуы немесе тым көп үйықтауы
- шағымдануы(іш ауруы- бас ауруы, көп шаршауы, жиі ұйықтауы)
- өз-өзіне дұрыс қарамауы
- жалғыздық сезімнің болуы, қажетсіздікті сезінуі, көңілсіздік, кінәлі болу сезімі
- өзіне ұнаған жұмыстың іш пыстыруы, тез шаршатуы
- отбасымен, достарымен қарым-қатынас жоқтығы (жалғыздық)
- өлім туралы көп ойлануы
- келешек өмірге жоспарының жоқтығы
- ұсақ- түйекке тез ашулануы

Сырт көрінісі және тәртібі
- Бет әлбетінің көңілсіз жүруі
- Бір қалыпты дауыс
- Қыска жауап
- Жауап бермеуі
- Қөп ызыңдап, сөйлей беруі
- Уайым
- Ашуланшақтық
- Бұрқылдап сөйлеуі
- Айналасындағыларға ұнатпаушылық қарым-қатынаста болу
- Біреудің ісіне ұнатпаушылық мінезбен қарау
- Өзіне, айналасына жай-барақат сезіммен қарау

Жасөспірімдердің  суицидттік мінез-құлықтың алдын алуға арналған ұсыныстар

1. Баланы тыңдаңыз!

Оны “Барлық  нәрсе бірдей нашар емес”, “Мұның бәрі ұмытылып кетеді” немесе “Мұны істеуге болмайды” деген жалпылама сөзбен жұбатып қана қоймай, сонымен қатар балаға өз ойын, көзқарасын айтуға мүмкіндік беріңіз. Баланы жақсы түсіну және зер салып тыңдаңыз

2. Талқылаңыз!

Оның  келешек жоспарын және мәселелерін  ашық талқылау және мазасыздығын, үрейін, қорқыныш жеңілдету үшін ашық әңгіме құрудан қашпаңыз. Бала өз ойын ортаға салып, жан дүниесіндегі шешімін таппай жүрген мұңын сізге айтып жеңілдеп қалады

3. Зер салыңыз, көңіл аударыңыз!

Өз-өзіне  қол жұмсау туралы қалжындап немесе қорқытып айтқан сөздерін байыппен қабылдаңыз. Жасөспірімдер көп уақыттарда бұл сөздерді шын көңілмен айтқанын мойындамай, керсінше тыңдаушысын үрей үшін мазақтауға тырысады немесе ашу білдіреді. Ал сіз жасөспірімге бұл сөздерді шыңдап қабылдағаныңызды түсіндіріңіз.

    

Жасөспірімдердің өз-өзіне қол жұмсауы жөніндегі мәселе бойынша

ата-аналарға кеңес беру
1. Отбасы арасындағы ұрыс - керіске балаларды араластырмау
2. Өз балаларыңызға өмірге деген талпынысын, мақсатын құруға көмектесу
3. Қиыншылықтарды жеңуге көмектесу
4. Жасөспірімдердің талпынысына, өмірді бастауына қолғабыс тигізу
5. Ешқандай жағдайда, қол күшін пайдаланып жаза қолданбаңыз
6. Өз балаларыңызды жақсы көріп, көбірек көңіл бөліңіз.
7. Баланың құқығы мен міндетін дұрыс құрастырыңыз: үйде, мектепте, көшеде. Бұл жерде тек қатыгездік емес, түсіністік керек.
8. Егер балаңыз тату, түсіністікте өмір сүрсін десеңіз, оның кемшіліктерін бетіне айта бермеңіз, кіналамаңыз.

Менің ойымша...


Бұл ата – ананың балаға көңіл бөлмеуінен.

Әлеуметтік тұрмыс жағдайының болмауынан.

Жұмыссыздық пен тоғышарлықтың әсеріне.

Өзінің сыртқы түріне немқұрайлықпен қарау.

Жалғыздық сезім, керексіздігі мен кінә тағу, көңілсіздігі туралы айту.

Үйренген ортада өзін көңілсіз сезіну, жұмысқа неқұрайлы қарау.

Сөйлесуден қашу, достары мен жанұядан алшақтау, жалғыз жүруге тырысу.

Берілген жұмысқа, оның сапасына көңілдің бұзылуы.

Өлім туралы ойға шому.

Болашаққа деген жоспардың болмауы.

Болар болмасқа тез ашу ыза тудыру.

Менің ойымша бұл психикалық ауыру.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!