Материалдар / Баяндама "Сын тұрғысынан ойлауға үйрену және үйрету"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Баяндама "Сын тұрғысынан ойлауға үйрену және үйрету"

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәжірибе алмасу үшін
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
426
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сын тұрғысынан ойлауға үйрену және үйрету.

Еліміздің ертеңі, келешегіміздің үкілі үміті болып отырған жас ұрпаққа тәлім-тәрбие беруде бүгінгі заман талабына сай өзіндік ой-тұжырымы бар, логикалық ойлау қабілеті дамыған, өз көзқарасы мен пікірін ашық айтатын, ақпараттар ағымынан қажетін іріктеп ала білетін, өз жолын айқын анықтай білетін, білімді де білікті ұрпақ тәрбиелеу мақсатында

Білім – жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан үшін ең негізгі басымдықтың бірі. Білім тұлғаның негізгі байлығы, ал білімді ұрпақ даму жолындағы мемлекеттің жарқын келешегі. Үздіксіз білім алу тұжырымдамасының дамуы дәстүрлі емес сабақтарды өту арқылы оқушылардың ой-толғауын, білімін, қабілетін кеңейтуге болады. Білімді дайын күйінде бермей, оқушылардың алдын ала белгілі бір мәселені міндет етіп қойып, оны олар инновация элементтерін пайдалана отырып, ізденіп шешуі тиіс жолдарын пайдалану.Бұл арқылы олар проблемалық жағдай туған кезде оны дұрыс шеше білу тәсілдерін үйренеді. Мұның нәтижесінде өз бетінше өмір сүре алатын шығармашыл азаматтар тәрбиелейміз. Сондықтанда біздің қоғамға жоғары білікті, кәсіби дайындалған, шығармашылықпен айналысатын, білімді, құзіретті, жауапкершілігі мол мамандар қажет. Мұғалім жас ұрпақтың бүгінгі білім қорын нығайту, білімдік, біліктілік деңгейін арттыру мақсатында қазіргі кезде білім беруді дамыту мемлекетіміздің даму жолындағы басты бағыттардың бірі болып тұр. Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтің қолдауымен сындарлы оқыту теориясы бойынша мұғалімдерге оқытудың жаңа заманауи әдіс-тәсілдерін сабаққа ұтымды пайдалану жолдары мен негіздерін меңгеруде. Қазіргі таңдағы талаптарға сай білімді, әсіресе білгенін өмірде пайдалана алатын жастарды тәрбиелеу мақсатында оқытудың жаңа әдістерінің ішіндегі ең маңыздысы- сындарлы оқыту жүйесі болып табылады. Бұл теория оқушылардың ойлауын дамыту, олардың бұрынғы алған білімдерімен жаңа немесе сыныптағы дереккөздерінен, мұғалімнен, оқулықтан және достарынан алынған білімдерімен астастырыла жүзеге асады деген тұжырымға негізделеді (МАН, 4-бет). Бағдарламаның негізгі мазмұны жеке жеті модуль түрінде берілген. Бағдарлама бүгінгі оқушы, ертеңгі кемел елдің болашағы- сыни тұрғыдан ойлай алатын, өз пікірін еркін жеткізе алатын, ынталы, өз-өзіне сенімді жеке тұлғаны оқытуға бағытталған.

Сындарлылық теориясына негізделген оқытудың мақсаты – оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімдерін сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету (МАН, 4-бет).

Мұғалім оқушыны сыни тұрғыдан ойланта білу керек, ол үшін мұғалім өзі сын тұрғысынан ойлана білу керек. Қазіргі заман талабы оқушыны бірінші орынға қою, яғни мұғалім сабаққа бағыт беруші болып, оқушы алдын ала берілген тапсырмалар арқылы сабақ түсіндіріп, өздік, өзіндік талдау жасап өз ойларын толық жеткізіп, білім беруші ролін алады.

Сын тұрғысынан ойлау – ашық қоғам негізі. Ол-өз алдына сұрақтар қойып және оларға жауап іздеу, әр мәселеге байланысты өз пікірін айтып, оны дәлелдей алу.



Бағдарламада берілген жеті модуль және оларда қарастырылатын әдіс- тәсілдер мен стратегиялар өзара байланысты, яғни сабақтың мақсатына сәйкес- оқушылардың тақырыпқа деген қызығушылығын арттыру, география сабақтарында білімге деген ынталықпен танымдық қабілетті дамытудың негізгі тәсілдерінің бірі.

Оқытудың сындарлы оқыту теориялық негіздеріне сүйеніп, бағдарлама мазмұнында берілген жеті модульді төрт тізбектелген сабақтарда ықпалдастырып, география пәнінен 8-сыныптың орта мерзімді жоспарын дайындадым.

Бірінші сабақ: «Қазақстанның табиғи ресурстары».

Екінші сабақ: «Табиғатты тиімді пайдалану».

Үшінші сабақ: «Қазақстанның экологиялық проблемалары».

Төртінші сабақ: «Қызыл кітап».

Сабақ тақырыптары бір-біріне мазмұнына қарай жақын болғаны себепті мақсаттарында бір-біріне ұқсас етіп жоспарладым, яғни:

-Оқушылардың қоршаған орта туралы білімін ұдайы кеңейтіп, олардың география сабағына деген қызығушылығын арттыру;

-Тақырыптағы экологиялық мәселелерді шешудің жолдарын іздеуге дағдыландыру;

-Апатты табиғи құбылыстар туралы оқушылардың сауатын ашу;

-Табиғат қорларын тиімді пайдалануға үйрету;

Оқушылардың жергілікті жердің экологиялық проблемаларын шешудегі жеке басының жауапкершілігін қалыптастыру.

Осы мақсаттардан күтілетін нәтиже:

-оқушылардың табиғатқа әсерін бағалай біледі;

-адамның табиғатқа тигізетін әсерінің нәтижесін болжай алады;

-табиғи ортаны қорғай біледі, өзін қалай ұстау керектігін біледі;

-табиғатты халық қазынасы екендігін сезінеді.

Тізбектелген төрт сабақтардың біріншісіне тоқталамын, «Қазақстанның табиғи ресурстары». Бұл тақырыпқа мен құйыдағыдай қысқа мерзімді жоспар дайындадым.

Сабақтың мақсатына жету үшін, жоғарыда көрсетілгендей, бағдарламада барілген жеті модульдің бірі «Сыни тұрғысынан ойлауға үйрету» модулін басты етіп алдым. Сондықтан, «Сен маған-мен саған», «Кластер» әдісін, «Семантикалық карта» әдістерін пайдаландым. Бұл әдістерді қолданудан мақсат-оқушыларды сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін дамыту, жеке пікірлерін қалыптастыру, белсенді танымды дамыту, топта жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру. Оқушылардың табиғатқа деген сын көзқарасын қалыптастырмай жүзеге асуы мүмкін емес.Осыған байланысты оқушылардың ой-өрісін дамыта оқыту технологиясын жетілдіріп отыру қажет. Солардың бірі проблемалық жағдайлар туғызу арқылы білім беруді дамыту. Тағы бір көңіл аударатын әдіс- менің сабақ үстінде деңгейлілігі қиын эвристикалық сұрақтар қою арқылы оқушыларды қатты ойландыру. Ал оқушылар қатты қиналған жағдайда жетекші сұрақтар қою арқылы көмектесіп отырдым. Сол сияқты бұл сабағымда оқушылардың экологиялық білімін қалыптастыруда дайын сөздер арқылы географиялық диктант жазу, роликті ойындар, компьютерлік жаттығуларды шешу, т.б. әдістердің рөлі ерекше.

Мұғалім оқушылардың жеке басын дамыту мен білім беру мақсатына жету жолындағы педагогикалық қызметтінің жүйелі дамып отыратын жобасы ретінде оқушы белсенділігін арттыруды көздейді.Ал оқушы белсенділігінің артуы оны шығармашылыққа жетелейді. Ал шығармашылық қабілет әр баланың табиғатында болуы мүмкін. Біздің міндетіміз- оқушыға оның бойында жасырынып жатқан мүмкіндіктерін ашып көрсету. Осы орайда мен өзімнің іс-тәжірибемнің негізгі мәселесі етіп,екінші сабағым барысында оқушының тілін дамытып, сөз байлығын арттыруды қолға алдым.Оның басты себебі ақпараттық технология кең етек алып, космостық жылдамдықпен даму заманында оқушылардың тіл байлығының төмендеп, сабаққа зейіні азайып, қызығушылығы төмендеп, жаттанды білім алуына жол бермеу қажеттілігінен туып отыр.

Оқушылар сын тұрғысынан не екенін, оны қалай жүзеге асыратынын білу үшін оларғасабаққа кіріспе ретінде түсіндіріп айттым:сыни тұрғысынан ойлау- әрбір адамның, оқушының өзіндік және жеке ойлауы болып табылады. Сұрақтар қойып, шешімін қажет ететін мәселені анықтаудан басталады. Егер өтетін сабағымыз «Сыни тұрғыдан ойлау технологиясына» негізделген болса, әрбір оқушы өз ойларымен, пікірлерін тәуелсіз құратын болады.Біз үшін басқа біреу сыни ойлай алмайды, біз барлығын өзіміз жасаймыз.

Сабақтың ұйымдастыру кезеңін өткізіп, топтарды «қима қағаздар» арқылы топтастырдым. «Бес саусақ» тәсілі арқылы үй тапсырмасын орындалуын және өткен тақырыпты меңгерілген дәрежесін анықтадым.Бұл әдіс арқылы оқушылардың сұрақ-жауаптарға сыни және логикалық талдау жасап,жауап беру талап етіледі. Себебі,өткен тақырыптар оқушы жадында механикалық сақталған ба немесе сапалы меңгерілгенбе- осыны анықтау мақсатында «Ой қозғау» әдісі:

Оқушыларға (топтарға бірдей) төмендегі сұрақтарды қойдым:

1-сабақ:



























«Сен маған – мен саған» әдісі бойынша сабақтағы жұмыс кезінде топ мүшелері бір-біріне екі сұрақтан қояды. Сұрақтар ашық және жабық сұрақ болуы тиіс, кімнің қай сұрағын басқаларға қоятынын топ мүшелері алдын-ала топта келісіп алады. Әр топ және әр оқушы қанша көп сұраққа жауап берсе, сонша көп ұпай жинайды. Бұндай сұрақтар оқушылардың сыни ойлауын, топта жұмыс жүргізу дағдыларын, зертеушілік әңгімені жүргізуін дамытуын қамтамасыз етеді.

Екінші «Табиғатты тиімді пайдалану» тақырыбын өткен кезде «Тоғысқан пікірталас» әдісіне сәйкес топтармен топ ішіндегі оқушылар арасында зерттеушілік әңгіме жүзеге асады. Ең алдымен оқушыларды Александрдің (2001, 2008) Диалогтік оқыту теориясына сәйкес, сыныптың қолданбалы зерттеуін зерделер болсақ, ол диалогтік педагогика тұрғысынан ой-пікірлері назарға болмашы ғана алынатын сыныптағы қарым-қатынастың дәстүрлі моделіне күмәнмен қарайды. Көзбен көру және ауызша ақпарат көздерімен тікелей қарым-қатынас жасау балаларға дәйектеу дағдыларын шынықтыруға және жеке тәсілдермен білім алуға мүмкіндік береді және формальды түрде оқуды азайтады (МАН,47-бет).

Жалпы сыни тұрғыдан ойлайтын оқушылар белсенді болады, олар сұрақ қойып, дәлелдерді талдайды, мағынаны анықтау үшін саналы түрде стратегиялар қолданады;олар ауызша, жазбаша, көзбен шолу дәлелдеріне сенімсіздікпен қарай отырып, ештеңеге сенбейді, мұндай адамдар жаңашыл идеялар мен келешекке ашық болады (МАН,50-бет).

Теория мен практиканы ұштастыру үшін топтарға таратылған дидактикалық материалдар (сүреттер)таратылады. Сол суреттегі бейнеленген пікірді айту және оны нақты фактілермен дәлелдеп айту талап етіледі. Топ мүшелері талапқа сәйкес бір пікірге келіп, оны басқаларға да білдірулері керек. Жұптасып бір-біріне айтып берді. Бір-біріне сұрақ қоя білді. Әр топқа өз топтарын қорғауға тапсырма берілді. Бұл тапсырманы орындау барысында көшбасшылықты, талантты балалардың бар екендігін байқадым. Әр топқа тақырыпқа байланысты сұрақтар берілді. Оқушылар ойларын ортаға сала отырып, жаңа сабақты аша білді (яғни, адам экологиясы не және оның маңызы туралы). Жаңа сабақ тақырыбы жарияланды. Топ басшылары өз тобын жақсы ұйымдастыра білді. Біреуі суретті талдаса, қорғау үшін бір-бірімен ақылдаса отырып жұмыс жасады. Одан кейін жұпта ой бөлісіп, ойларын одан әрі толықтырады. Яғни, жұпта жұмыс жасалды. Олардың жұпқа, топқа бірігіп жұмыс жасауы менің мақсатым болған. Себебі, бұрын олар жұпта, топта жүмыс жасамаған. Жұптық, топтық жұмыс аяқталған соң, оқушылар сыныппен пікірлесіп, ортақ пікірге келді. Топтың пікірін бейнеролик бойынша С оқушым шығып жариялады. Қорытындылау кезінде де сұрақ-жауап әдісін қолдандым.

Қызығушылықты ояту барысында сыныптағы топтарға «Түртіп алу» әдісі негізінде парақтар таратылды. Бұл стратегия бойынша оқушыға оқу, тақырыппен танысу барысында V- «білемін»,--«мен үшін түсініксіз»,+-«мен үшін жаңа ақпарат», ?- «мені таң қалдырады» белгілерін қойып отырып оқу тапсырылады.Инсерт- оқығанын түсінуге, өз ойына басшылық етуге, ойын білдіруге үйрететін ұтымды құрал. Бұл әрекет арқылы жаңаны түсіну үшін бұрынғы білім арасында көпірлер құрастыруға, яғни байланыстар құруға дағдыланады.Түртіп алу әдісін география сабақтарында қолданғанда оқушылар көбіне ол тақырыптың қай тұсы таң қалдыратынын ойланатынына көз жеткіздім.

Мен ең алдымен сыныптағы татулықты, ұйымшылдықты, бір-біріне деген сыйластық пен құрметті ұйымдастыруым керек деп ойладым. Себебі тәртіп болмаған жерде сапалы білім де болмайтынын әрбір ұстаз өте жақсы біледі деп ойлаймын. Мен сыныпты әрбір сабақта топқа бөліп отырғызуға ұмтылдым.Өз беттерінше отырар болса, байқасам тағы да өз қалағандарынша отырып, әркім өз достарымен отыра кетеді екен. Сосын мен оларды бір сабақта қима қағаздар арқылы бөлсем, екінші сабағымда табиғат бейнеленген суреттер арқылы, түстер арқылы үшінші сабақта бөлсем, төртінші сабақта Қызыл кітапқа енген жануарлар арқылы топқа бөлдім. Алғашқы кезде оқушыларыма ұнамады, бірақ бір-екі сабақтан кейін олар өздерітопқа бөліне бастады. Топта жұмыс жасау барысында балалар ұжымда бірін-бірі тыңдай білуды, бір-біріне сұрақ қоя білуді, еркін сөйлеуді, өз ойын жеткізе білуді, сыныпта сұраққа жауап бере алмайтын оқушы өз ойын еркін айтуды үйренеді. Сыни тұрғыдан ойлауға үйретудің ең басы осыдан басталатынын білдім. Топтық жұмыстағы реттілік, бір-бірін силау, өзара пікір бөлісуге құрметпен қарау.

Әр мұғалім өз сабағының – көшбасшысы. Көшті қалай бастап алып жүрем десе де өз еркі. Ал көшті дұрыс бағыттай білу ол шеберлігіне байланысты. Тек оны дұрыс бағыттайтын көшбасшы мен пайдаланар әдіс дұрыс болуы шарт. Мұғалім сабақ процесін ұйымдастырушы, бағыттаушы адам рөлінде әр оқушыға өз ойын, пікірін айтуға мүмкіндік береді, жауаптар тыңдалады. Сыни тұрғыдан ойлау әдісін пайдалана отырып, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру- дәстүрлі сабақтардан айырмашылығы да осында.Жеке басын құрметтей отырып, білім беру- қазіргі оқытудың негізгі талабы. Өйткені оқушылардың бәрінің ойлау қабілеті бірдей емес. Сондықтан ббұл мәселеге психологиялық тұрғыдан қарап, педогогикалық әрекет, әдістемелік шеберлікпен келу керек, яғни мұғалімнің білімділігі, біліктілігі, шығармашылық қабілеті, жалпы айтқанда мамандығы бойынша құзіреттілігі.

Бұл сабақтың әрбір кезендерінде түрлі әдістерді орнымен пайдалану немесе бірнеше сабақта бір әдісті пайдалану арқылы көп нәтижеге жетуге болады. Осы сыни тұрғыдан ойлауға үйрету модулін сабақтарымда қолданған кезде, оқушыларымның білімге деген қызығушылық қабілеттерін артуы, танымдық белсенділіктерін байқадым.

Кедергілер: Сабақтарды жаңа тәсіл бойынша өту кезінде бірқатар кедергілер болды. Мысалы,топтық жұмыс кезінде оқушылар бір-бірімен таласып, ренжісіп қалуы орын алды.Топқа бөлінген кезде үлгерімі төмен оқушылар топ ішінде шағын топтарға бөлініп қалуі.Оқушылар дың бұрын топта көп жұмыс істемегендігі, тапсырманы баяу орындауы кейбір оқушылардың өз ойларын бірінші болып айтқысы келетіндігі, формативті бағалауда оқушылар әлдеде өздерін бағалауды, жиынтық бағалауды жетік түсініп меңгере алмауы.

Кедергілерді жою: осы аталған кедергілерді болдырмау үшін алдағы уақытта сабақты дұрыс жоспарлап, топтарға әртүрлі әдістер арқылы бөлу керек. Жалпы сабақ барысындағы қиындықтарды алдағы уақытта дұрыс шешіп жұмыс жасаймын.Бағалау кезеңінде әдісті жетілдіре түсу керек деп ойлаймын. Мысылы, топбойынша көшбасшы өз тобындағы оқушылардың балын есептеп отыруға парақша беру керек.Сонда сабақ соңында оқушылардың суммативті баға жиынтығын есептеп, түсіру оңай, әрі уақытты үнемдеген болар едім.

Тұжырым:Сабақтаымда қолданылған «Сыни тұрғыдан ойлау» модулі оқушының жеке тұлға ретінде қалыптасуына зор ықпалын тигізеді. Сын тұрғыдан ойлау модулінің тиімді жақтары мынада:

-Оқушы білімді өз бетінше ізденеді;

-Өзінің айтқан сөзін дәлелдейді;

- Пікірлейді, ойын тұжырымдайды;

- Жеке, жұппен, топпен жұмыс істеуге әрекет жасайды;

- Топ мүшелері бір-біріне деген мәдениетті қарым-қатынаста болуды меңгереді;

-Сабақта балалар өте белсенділік танытады.

Оқушылардың білімді көтеруге ынтасы оянады, қарастыратын мәселені әр қырынан талқылайды, сабаққа белсенді қатысады, алынған пікірлерге талдау жасай алады, аз уақытта көп жұмыс жасауға, көп білім алып, басқаларға үйретуге үйренді.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!