Материалдар / Баяндама тақырбы: Отбасы мен мектеп арасындағы байланыс орнатудағы сынып жетекшінің рөлі.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Баяндама тақырбы: Отбасы мен мектеп арасындағы байланыс орнатудағы сынып жетекшінің рөлі.

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: Оқушылардың шығармашылық әлеуетін дамытудаға ата-аналармен бірлесе жұмыс істеу,сынып пен мұғалім, мұғалім мен бала, педагог пен ата-ана арасындағы қарым –қатынасты нығайту, жетістікке жету үшін бірлескен әрекеттің ортақ мақсаттарын анықтау,отбасы ерекшеліктерін ескере отырып қиындықтарды бірлесе шешу. Міндеті:Ұлы білімге ата-аналарды, оқушыларды, педагогикалық ұжымды тарту, оқушылардың жеке писихикалық дамуында болатын кейбір қолайсыздықтың алдын алу; ата-аналарға, оқушыларға кейбір мәселелерді шешуде көмек көрсету Армысыздар, құрметті жиынға қатысушы әріптестер! Ой санасы дамыған, адамгершілік және дене тұрғысынан салауатты, мәдениетті тұлғаны жан- жақты қалыптастыруды көздеген тәрбиенің мәселелері мектепті де, ата- ананы да әрқашан толғандырып келеді. Өздеріңіз білетіндей біздің өмір
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Қараша 2018
887
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Баяндама тақырбы: Отбасы мен мектеп арасындағы байланыс орнатудағы сынып жетекшінің рөлі.

Мақсаты: Оқушылардың шығармашылық әлеуетін дамытудаға 

ата-аналармен бірлесе жұмыс істеу,сынып пен мұғалім, мұғалім мен бала,

педагог пен ата-ана арасындағы  қарым

қатынасты нығайту, жетістікке жету үшін 

бірлескен әрекеттің ортақ мақсаттарын анықтау,отбасы ерекшеліктерін

ескере отырып қиындықтарды бірлесе шешу.

Міндеті:Ұлы білімге ата-аналарды, оқушыларды, педагогикалық ұжымды тарту, оқушылардың жеке

писихикалық дамуында болатын кейбір қолайсыздықтың алдын алу; ата-аналарға,

оқушыларға кейбір мәселелерді шешуде көмек көрсету

            Армысыздар, құрметті жиынға қатысушы әріптестер!

            Ой санасы дамыған, адамгершілік және дене тұрғысынан салауатты, мәдениетті тұлғаны жан- жақты қалыптастыруды

көздеген тәрбиенің мәселелері мектепті де, ата- ананы да әрқашан толғандырып

келеді. Өздеріңіз білетіндей біздің  өмір

сүріп отырған қоғамымыз -нарықтық экономика. Еліміз үнемі даму үстінде.

Өркениеті елдігімізді шығаратын білім мен ғылым, сондықтан мемлекет бізден

елдігімізге сай білім беруді талап ететін болса , біз оқушылардан мемлекеттік

бағдарламаға сай білім алуды талап етеміз. Қандай да бір жетістікке қол жетізу

үшін біздер мұғалім- ата-ана-оқушы болып бірлесе жұмыс істеуіміз қажет.Тәрбие

жұмысының табысты болуының басты кепілі мектеп пен ата- аналар арасындағы

ынтымақтастық қарым- қатынаста. Өйткені адамзат бесігін  тербеткен баланың

бас ұстазы ата- ана: «Отбасында адам

бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім

жақындарына, туған- туыстарына деген сүйіспеншіліктен басталады» -

деп Елбасы айтқандай, бала әкеден – ақыл, анадан – мейір алып өседі. Қай ата-

ана болмасын баласының тәрбиелі, білімді, мәдениетті болуын қалайды. Ал адам

өмірінің мәні мен сұлулығы, адамның келешегіне сенімділігі баланың ата- анасына

ардақ тұтып, өзінің перзенттік парызын бір сәтке де есінен шығармауында.

         

Жас жеткіншектерді тәрбиелеу ісінде мектеп пен отбасы арасындағы байланысқа

үнемі көңіл бөлінуі тиіс.

         

Әрбір жиналысты өткізер алдында әрбір баланың ата- анасымен кездескен дұрыс.

Ата- аналармен жұмыс жүргізудің негізі – алдын ала жоспарлау, алға мақсат қою,

оны қалайда орындау.

1.     Оқушының ата- анасымен, жанұя жағдайымен толық танысу үшін арнайы үйлеріне бару.

2.     Ата-аналарды  хат арқылы мектепке шақыру.

3.     Сынып оқушыларымен бірігіп жиналыс ашу; ата- аналар комитетінің есебін тыңдау, бағыт

беру.

4.     Ата- аналарға педагогикалық тақырыптардағы әңгіме, баяндамалар оқып, түрлі

басылымдардан, әдебиеттерден қажетті ұсыныстар мен пікірлер оқуды тапсыру.

5.     Белсенді ата- аналарды бсашылыққа алу, үлгі- өнеге ету.

Осындай түрлі жұмыстар жүргізу – менің әр күнгі төл ісім болып саналады. Үйіне барып

байланыс жасаған кезде сол оқушының мінез- құлқын, бейімділігін, сынып ішіндегі

оқушылармен қарым-қатынасын, қоғамдық жүктемені орындауын айта келіп, сол

жанұяға тән қажетті нәрселерді ескеріп отырамын. Мұндай байланыс сынып

жетекшісінің жұмысына жеңілдік келтіреді, тезірек орындалуына себебін тигізеді.

          Қазақстан Республикасының егеменді ел болуы жас ұрпақтың жан- жақты дамуын, дүние жүзілік алдыңғы қатардағы ақыл –ой

мен тәжірибені өскелең өмір талабына жеткізуін , халқымыздың көп жылдар бойы

тұншығып келген тілін , мәдениетін, тәлім- тәрбиесін жанартуды талап етеді.

Бүгінгі таңда білімнің мемлекеттік стандартына сәйкес республика мектептерінде

білім беру мен тәрбиенің мазмұнын түбегейлі жанарту қажеттілігі туындауда.Оның

басты себебі республика өзінің тәуелсіздігіне ие болған жағдайда

экономикалық,экологиялық,этномәдени ерекшеліктерін ескере отырып, жастарды

оқыту мен тәрбиелеу ісін қайта құрудың аса қажеттілігі пайда болды.

         Сондықтан жалпы білім беретін мекемелерде оқушыны тұлға етіп жан- жақты тәрбиелеу мақсатында ҚР-ның білім беру

мекемелерінің 2013-2015 жылдарға арналған тәрбие жұмысының кешенді бағдарламасы

қолға алынды. Бұл заңды Білім және ғылым министірлігі ұсынып , оқушыларға

БҰҰ-ның құқығы , ҚР-ның «Білім туралы» заңын, «ҚР-дағы бала құқығы туралы»,

       «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық

бұзушылықтардың алдын алу мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының

алдын алу туралы» заңдарын үйретіп, кеңінен насихаттау көзделген.Адамдар тұлға

болып, өзіндік  жеке бас ерекшелігімен

бірден дүниеге келмейді. Әрбір жеке тұлғаның қалыптастыру, тәрбиелеп жетілдіру

қажет. Жеке тұлғаның ерекшелігі- ол оның өзіне тән мінез- құлқындағы, іс-

әрекетіндегі, көзқарасындағы ерекшелігімен дараланады.

Тәрбиеленуші өзіне керекті рухани дүниенің барлығын қоршаған ортадан алады. Елбасы Нұрсұлтан

Назарбаев «Жастартәрбиесі- басты мақсат.Ұстаз бір елдің болашағы үшін жасайтын

киелі мамандық иесі. Оның парасатты жүріс –тұрысы, сөйлеу мәдениеті, ішкі жан

дүниесі, киім киісі- бәрі баланың назарынан тыс қалмайды» деген. Ендеше сол бір

жеке тұлғаны тәрбиелеу үшін де соны тәрбие жинақталып , белгілі бір жұмыс

жүйесі қалыптасу керек. «Аамға ең бірінші білім емес, тәрбие керек. Тәрбиесіз берілген

білім –ол адамзаттың қас жауы, ол келешекте адам өміріне апат әкеледі» деген

болатын ұлы бабамыз Әбунасыр әл Фараби. Сапалы білім алмайтын, тәрбие қонбайтын

адам жоқ. Бірақ сол адамды адам етіп тәрбиелеу кімнің қолында деген сұрақтарға

жауап берудің өзі ойландырады. Бала тәрбиесінде отбасының рөлі көп жағдайда

жаңа әлеуметтік-экономикалық қатынастармен анықталады. Ол ата-аналар мен

мектептің және қоғамның арасындағы нарықтық еңбек қатынасы жағдайында

қалыптасады. Нарықтық қарым-қатынас ата- аналардың отбасындағы бала тәрбиесіне

деген жауапкершілік сезімін біртабан бәсеңдеткені байқалады. Соңғы кездері

мектеп пен ата- аналардың байланысы да күрт төмендеп кетті. Олай дейтінім

отбасында берілген тәрбие мен мектептегі берілген тәрбиенің арасында байланыс жоқ

сияқты. Яғни бала, мектеп, ата-ана арасында байланыс жоқ деген сөз.Бала –біздің

болашағымыз, өзімізді жалғастырар ұрпағымыз. Ендеше бала тәрбиесіне ерекше мән

беріп, ата- ана , мектеп, қоғам ынтымақтастығын ойласқанымыз жөн. «Ата көрген

оқ жонар, шеше көрген тон пішер» демекші балаға отбасы тәрбиесінің әр әсері

мол. Қазіргі жас балғын бала- ертеңгі күні еліміздің саналы азаматы. Елбасымыз

Нұрсұлтан Назарбаев «Сіздер мен біздер тек болашақ буынды ғана емес жалпы

адамзаттық қадір-қасиеттердің мән- маңызын түсінетін жаны да ,тәні де таза

білімді патриот азаматтар буынын тәрбиелеуге міндеттіміз»дейді.Ендеше бала

тәрбиесіне отбасы ,мектеп,оның араласатын ортасы әсерін тигізбек. Жалпы бала

тәрбиесі назардан тыс түспейтін ең маңызды да өзекті мәселе.Баланың бойындағы

жағымсыз жат әрекеттер байқалғаннан ақ ата-ана, мектеп тыйым салып , дұрыс

жолға бағыттау олардың бойына адамгершілік , кішілік , әдептілік,ізгілік

қасиеттерін дарыту керек. Мектеп қабырғасында оқушы 6 сағат сабақ оқып, 2 сағат

үйірмеге қатысатын болса , қалған 16 сағаты үйінде , болмаса ат-ананың

тәрбиесінде деген сөз.Сол 16 сағатта өз баласына ақыл айтып, мағаналы әңгіме ,

сабағына қарап , оң тәрбие беретін ата-аналарымыз азайып бара жатыр. Бұл

сөзімді дәлелдеп өтейін. Мұғалімнің жайы белгілі. Саяси науқан , көше тазалау,

тағы тағылары мұғалімнің мойнында. Сол жаңағы айтқан баланы түнде көше аралап

үйіне тарату да сол мұғалімнің мойнында.Неге?Өйткені ол балаға мұғалім не сынып

жетекшісі жауап беруі керек. Ал сол баланы дүниеге    әкеліп , қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға

шоқтырмаймын дейтін ата-аналарымыз қайда? Жүсіпбек Аймауытов 1918 жылы өзінің

«Абай» журналына жарияланған «Тәрбие» атты мақаласында былай деген : «Тәрбиеге

әсер беретін нәрсе өскен орта, ата-ананың тәрбиесі. Соңғысы күшті болмаса, бара-бара

әсерлер адамды замандас, жолдастың азғырып не түрлі жаман мінезді жұқтыратыны

белгілі. Тәрбиеге туған жұрттың тілі , мінезі, тұрмысы да әсер қылмақ.

Қысымшылық көрген жасқыншақ болмақ, ашық көңілді, сауықшыл ел- жұрттың баласы

да сондай болмақ».

                Мектепте оқудан тыс уақытта

оқушының таңдауына сәйкес келетін, олардың қабілеті мен ішкі қажеттілігін

қамтамасыз ететін іс-әректтерді ұйымдастыру көзделеді.Соған сай олардың

қабілетін ашуға мүмкіндік тұғызатын спорт, дене еңбегі, қолөнер, көркемөнер

т.б. іс-әрекетке үйрету үйірмелері мен секциялар ұйымдастырылуда. Әр оқушы кез-

келген үйірмелері мен секцияларға, клубқа өз жүрегінің қалауымен қатысып ,

өзінің жеке басына тән керекті қасиеттерді ұйренуге мүмкіндік алады.

Мектептегі

тәрбие жұмысы елдегі барлық қоғамдық ұйымдар, бірлестіктер, түрлі клубтармен

бірлесіп жүргізгенде ғана нәтижелі болатыны белгілі.Өкінішке орай осындай

ұйымдар, яғни ақсақалдар кеңесі , ата-аналар комитеті, әйілдер кеңесі т.б.

клубтардың жұмысы көзге көрінбей келеді. Егер осы ұйымдардың жұмыстары жанданып

отырса , тәрбие жүйесінде елдегі ең жоғары, ең керек ақылшы ұйым ретінде

бағаланары сөзсіз.

           

 Тұлғаның «қалыптасуы» деген ұғым педагогика және психология

ғылымында, жеке тұлға дамуының нәтижесі дегенді және оның пайда болып,

тұтастыққа, бірқалыпты қасиеттерге және сапаларға ие болғанын білдіреді. Демек,

қалыптасу дегеніміз - бір нәрсеге форма мен тұрақтылық беру; нақты бір түр беру

яғни баланың ата-анасынан немесе ата-бабаларынан қалған биологиялық

ерекшеліктердің жиынтығы. Тұлғаның қалыптасуы өте күрделі және ұзақ процесс. Ол

қарама-қайшылықтарды шешумен бұл іс-әрекеттегі ересектердің әрекет күштері мен

қабілеттерінің заттық формаға ауысуының бірлігі. Егер, педагогикалық процестің

түпкі мақсаты адамның тұлға ретінде қалыптасуы болса, онда педагогикалық

процестің элементар бірлігі, оның бастапқы абстракция болып «қалыптасудың қас

қағым сәті» (педагогикалық ситуация яғни педагогикалық жағдаят) болуы қажет.

            Педагогикалық процестің қарапайым

«бөлшегі» ретінде қолданылатын «педагогикалық жағдаят» туралы Н.Д.Хмель

«...педагогикалық жағдаяттар болмысқа тән алуан түрлілікті білдіреді. Бір

қарағанда, жағдаяттарды бірін екіншісінен ажырататын уақыты, орыны, себебі,

түрткісі, пайда болу шарттары, қатысушылардың әлеуметтік жас және

психофизиологиялық ерекшеліктері, іс-әрекет мазмұны мен амалдары қарым-қатынас

сипаты»-деген болатын.

          Философиялық еңбектерде жағдаят дегеніміз –

байланыстың, қызметтің уақыттық-кеңістік шарттарының субъективтілік және

объективтілік бірліктері деп беріліп, тұлғаның әлеуметтік таратушысы, нақты бір

мәдениеттің, дамыған даралықтың өкілі ретінде қарастырылады.

          Неміс философы К.Ясперс жағдаяттарды

а)жалпы және ә)жалқы деп жіктеп, біріншіге әр адамның басынан өтетін куаныш,

қайғы, қасіреттерді және т.б. екіншісіне бір ізді есепке алу жолдары жоқ, әр

жағдаяттың өзіне тән жұмбақ фактілер жиынын жатқызады.

       Д.Магнуссон

әртүрлі деңгейдегі жағдаяттарға талдау жасап, талдау бірліктерінің арасындағы

нақты шектің жоқтығын көрсете келіп, жағдаяттарды идеологиялық, әлеуметтік,

мәдени деп бірнеше типтерге жіктеп, оның бес түрлі факторларын ажыратады:

       - оңды және толықтырушы;

       - кері тартушы;

       -жігерлендіруші;

       - әлеуметтік өзара байланыстырушы;

       -белгісіздік.

      Ғалымдар У.Томас пен Ф.Знанецкий өздерінің еңбектерінде жағдаятты субъект қағидасы арқылы

түсінудің қажеттілігін ашып көрсетіп, жағдаят – бұл құндылықтар жиынтығы

деп  оларды белгілеріне қарай үш типке топтастырады:

       а) адамның

немесе қоғамның әрекет жасауы үшін қажетті объективті жағдай. Бұл жағдайлар

адам мен қоғамның санасына тікелей немесе жанама әсерін тигізуші экономикалық,

діни, интеллектуалдық құндылықтар жиыны;

      ә) тікелей нақты

мінез-құлыққа әсер етуші адамның немесе топтың өзіндік бекімі;

      б) қандай да бір

дәрежедегі нақты жағдайлар тұжырымы мен бекімдер сезімін көрсетуші жағдаят

анықтамасы. Сонымен, жағдаятты шешу біріншіден, фактіні

айқындаумен, екіншіден өзіндік

бекімнің пайда болуымен, үшіншіден, жағдаяттың

не екендігін (мәнін) түсінумен сипатталады.

     К.Левин еңбектерінде

жағдаят жалпы өмірлік жағдаяттарға да, жеке әп-сәтте болатын жағдаяттарға да

қатысты делінген. Осы тұрғыдан алғанда автор жағдаят мәнін нақты бір сәттегі

мінез-құлықты сипаттайтын барлық фактілер жинағын «психологиялық өмір

кеңістігі» терминін пайдалана отырып ашады.

     Көрнекті орыс педагогы

Л.С.Выготский баланың әлеуметтік ортадағы даму жағдаяттарын екі түрлі бағытта

көрсетеді, Яғни, баланың әр жастағы динамикасының тікелей әлеуметтік

жағдаяттарға байланысты екендігі. Әр жас аралығының өзіне тән ерекшелігі,

баланың қоршаған ортамен оның шынайылығымен, ең алдымен әлеуметтік ортамен

қайталанбас қарым-қатынасы. Бұл қарым-қатынас әлеуметтік даму жағдаяты деп

аталады. Әлеуметтік даму жағдаяты әр жас аралығындағы дамуда байқалатын барлық

динамикалық өзгерістердің бастапқысы болып саналады.

     Әлеуметтік даму жағдаяты

- әлеуметтік шынайылықты дамытудың көзі ретінде қарастыра отырып, тұлғалық

қасиеттердің жаңа қырларын қалыптастырудың жолы мен формасын, соның ішіндегі

әлеуметтік болып саналатын дара жолды анықтайды.

    Ал, екінші бағыт тұлғалық

қасиеттердің жаңа қырларының шығу тегі. Тұлғалық қасиеттердің жаңа қырлары

баланың сана сезімінің қайта құрылуын сипаттаушы алғы шарт түрінде емес, жас

аралық дамудың нәтижесі, өнімі болып табылады. Осылайша баланың санасындағы

өзгерістер оның жас ерекшелігіне тән әлеуметтік болмысының формасы негізінде

пайда болады. Жалпы жағдаят, уақыттың бір сәті емес, ол адам болмысы

детерминанттарының жиынтығы, жағдаят ол -  мәннің сипаттамасы. Яғни

адам санасында із қалдырған жағдаят ол әрқашанда ерекше бір құбылыс, жағдаят

арқылы адамның есінде әлемді қабылдауына әсер етуші тұлғалық көзқарасы мен

бастан кешкен тәжірибесі көрініс табады.

     Педагогикада «жағдаят»

ұғымы балаға тәрбиелік әсер мүмкіндігімен салыстырылып, баланы тәрбиелеумен,

дамытумен,  қалыптастырумен байланысы оны педагогикалық қызмет

деңгейінде қарастыруға мүмкіндік береді. Жағдаят

педагогикада  әдіснамалық тұғыр ретінде негізделмегенімен, жалпы

педагогикада «педагогикалық жағдаят», «проблемалық жағдаят», «тапсырмалық

жағдаяттар», «мәнге бағытталған жағдаят» болып ғылыми түсінік ретінде

қолданылып жүрген ұғым екенін білеміз.  Сонымен, «жағдаят» ұғымының

педагогикалық санаға енуі бұл кездейсоқ дүние емес, ол педагогикалық шындықтың

терең жатқан заңдылықтарын ашуға мүмкіндік береді. Демек, қазіргі студент, ертеңгі

маманның кәсіби тәжірибе жинақтауы жоғары оқу орнының қабырғасында жүріп-ақ

педагогикалық жағдаяттарды шешуде іс-әрекет тәсілдерін оңтайлы пайдаланып,

ажырата білуінің мәні ерекше болып табылады.

     Кез-келген жағдаяттардың

соңындағы логикалық ойлауға негізделіп берілген сұрақтар болашақ маманның

педагогикалық тұжырымы мен нақты шешім қабылдауын жетілдіруге, түсініктер мен

ережелерді зерделей білуге бағытталады. Егер студенттер оның мәні мен

заңдылықтарын айқын әрі жеткілікті ұғына білсе, онда практикалық іс-әрекет

өзінің тиімді нәтижесін береді. Педагогикалық жағдаяттарды шешу жұмыстарын жиі

ұйымдастыру студенттердің зерттеу, талдау жағдайында оқытушы рөліне кіріп,

педагогикалық процесті өз бетінше құра білуге бейімделіп, практикалық

сабақтарды ұжымдық-танымдық іс-әрекет формаларында жүргізіп, моделдеуіне үлкен

ықпалы бар. Сонымен, студенттің педагогикалық жағдаяттарды дұрыс шешуі

үшін, біріншіден терең

теориялық білімі, екіншіденжағдаятты

талау барысында меңгерген білімін дәлелдеуі, үшіншіден, философиялық, психологиялық, педагогикалық

біліміне байланысты дұрыс және дәлелді шешім қабылдауы қажет.

     Кезінде көне қытай

ғұламасы Конфуций «Маған айтып берсең – ұмытып қаламын, көрсетсең – есте

сақтармын, ал өзіме жасатсаң – үйренемін!» деген тұжырымында, студенттің  педагогикалық

жағдаяттарды өз бетінше шешу әрекеті яғни, адамның жадында бірінші кезекте тек

өз бетінше жасаған әрекеті қалады екен.   

       Сонымен,

педагогикалық жағдаят - адамның тұлға ретінде қалыптасуын сипаттайтын, тұлғаның

даму тетігін үлгілеуде ұстанымдық рөл атқаратын, жат көзге, әлемге байқала

бермейтін тұлғаның меншікті өзіндік ортасы яғни, тұлғаның даму мехнизмін

айқындауға ықпал ететін құрал екендігін байқатады. Төменде осы құралға, яғни

педагогикалық жағдаятқа бірнеше мысал келтіріп отырмыз.

 1-жағдаят.Оқушының

оқудағы жетістіктеріне көңілі толмайды, өзінің икемділігінен күмәнданады, оқу

материалын түсініп, игеріп алатындығына көзі жетпейді, ол мұғалімге: «Сіз қалай

ойлайсыз, мен қашан да болсын сыныптастарымнан қалмай жақсы үлгеріп, оқып кете

аламын ба?»-дейді, Сіздің жауабыңыз?

     Жауаптар:

     1) Сенің икемділігің өте жақсы, мен саған үлкен сенім артамын.

     2) Қане отырып әңгімелесіп, мәселені шешейік

     3) Әрине, бұл туралы сен күмәнданбасаң да болады.

 2-жағдаят.Сабаққа кіруге қоңырау соғылды. 8-ші сынып оқушылары кабинеттің алдында оқытушыны күтіп

тұр. Кабинет жабық. Оқытушы келіп, кілтпен есікті ашайын десе, кілттің орны

қағазбен бітелген. Оқытушы оқушыларға күмәнді көзқараспен қарап шығып: «Бұл

кімнің ісі, осылайша сабаққа кедергі жасайын дедіңдер ме?»-деп өзінің наразы

көңілін білдірді. Оқушылар сасып қалды, қарсыласайын деп еді, оқытушы тыңдамай

одан әрі дауыс көтеріп кінәлай берді. Осы сәтте директордың шаруашылық ісі

жөніндегі орынбасары келіп: «Жамал Бектасқызы, кешіріңіз сәл кешігіп қалдым.

Мен сізге басқа кабинет ашып берейін, себебі бұл кабинет сырланған еді, бөгде

адам кірмеуі үшін мен кілт орнын әдейі қағазбен бітеп едім» деді.

      Сұрақтар:

      1) Неліктен шиеленіс пайда болды?

      2) Шиеленісті болдырмауға болатын ба еді?

      3) Осындай жағдаяттардың дұрыс шешімін табу үшін, оқытушы қандай сапаларды игеру керек?

      4)Бұл жағдайда сіздің әрекетіңіз?

        Осы кезге дейін қозғап келген тақырыбымызды тәжірибе түрінде алып, жағдаят ретінде

мұғалімдер ұжымымен шешіп көрейік деп мен ортаға мұғалімдердің топқа бөлінуін

сұраймын. Мұғалімдер үш топқа суреттер жинау арқылы бөлінді және жинаған

суреттеріне байланысты топтарына  тақырып

қойды.

Сонымен бізде үш топ қалыптасты,олар: 1 топ «Мектеп

тобы», 2 топ «Отбасы тобы», 3 топ «Болашақ тобы». «Мектеб тобы»- мектеп

әкімшілігі функциясын атқарады, «Отбасы тобы»-ата-аналар функциясын атқарады,

ал «Болашақ тобы»-жинақталған топ құрамында: директор, ата-ана,екі заву және

пән мұғалімі мен сынып жетекші болады. Ортаға бір жағдаят беріледі.

Жағдаят

Оқушы сіздің сабағыныздан үнемі қашып кетеді. Сынып жетекшінің, мектеп әкімшілігінің ескертуінен

еш нәтиже шықпады. Мектеп әкімшілігі оқушыны қызықтыра алмадың деп сізді кінәлады.Басқа оқушылар болса сіздің сабағыңызды ұнатады.Әлгі оқушымен қандай жұмыс жүргізесіз және қандай шара қолданасыз.     

Жағдаят

Ұстаздар топқа бөлінгеннен кейін ой-толғау ретінде

мынындай тапсырмалар орындады:

 Бірінші топқа тапсырма

                Жақсы азамат болу үшін балаға

қандай жағымды қасиеттер қажет деп ойлайсыздар       / жазыңыздар/

Екінші топқа тапсырма

         Баланың жақсы азамат болуына кедергі

келтіретін қандай жағымсыз  қасиеттерді

атай аласыздар   / жазыңыздар/

Үшінші топқа тапсырма

Оқушы бойындағы жағымсыз қасиеттерді жоюдың жолдарын

көрсетіп көріңіз   /жазыңыз/.

Ұстаздар жағдаяттарды шеші болғанша бос отырған

мұғалімдермен «Мен гүлмін», «Мен журналмын», «Мен кітаппын» деген тренинг

өткізілді,өте қызықты өтті деуге болады.

             Ал ортаға салынған жағдаяттарды топтар әрқайсысы өз рөлдері бойынша қарастырып

ортақ шешімдерін постер арқылы қорғап шықты.Әр адамның әрине пікірі құнды және

шешімдері де әртүрлі, қайталанбады.

             Қазіргі таңда еліміздегі тұрақты дамудың стратегиялық бағыттарының қарқындылығы,

қоғамның жедел саясаттануы мен ашықтығы , ақпараттанудың пәрменділігі білім

берудің философиялық негіздеріне , білім жүйесінің мақсаты мен мазмұнына, оны

жүзеге асырудың әдіс –тәсілдеріне деген жаңаша көзқарастар қалыптастыруда.

             Білім беру мекемелері мен педагогтар алдына жалпы адамзаттың құндылықтары мен ұлттық рухани мұраларды

игерген , білімділігі мен қабілет- қарымы арқылы әлемдік кеңістіктен өзіне

тиесілі орын алатын қасиеттерге ие дарынды тұлға тәрбиелеу міндеті қойылып

отыр. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың өз жолдауындағы «Ұлттың бәсекелестік

қабілеті бірінші кезекте оның білімділік , тәрбиелік деңгейімен анықталады»

деген сөзі білім берудің ұлттық моделіне көшкен білім беру мекемелерінің ,әрбір

педагогтың мақсат- мұратына , жол басшысына айналары сөзсіз.

















33 орта жалпы білім беретін мектебі.



Баяндама





Тақырыбы: “Отбасы мен мектеп арасындағы байланыс орнатудағы сынып жетекшінің рөлі

(Педагогикалық кеңесте)

Оқыған: 2 “Б” сынып жетекшісі: Каменова Венера Кайыргалиевна





2018ж



























Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!