Материалдар / Баяндама тақырыбы:PISA зерттеулері аясында оқушылардың математика сауаттылығын дамыту дағдылары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Баяндама тақырыбы:PISA зерттеулері аясында оқушылардың математика сауаттылығын дамыту дағдылары

Материал туралы қысқаша түсінік
PISA зерттеулері аясында оқушылардың математика сауаттылығын дамыту дағдылары. Қазақстан күн сайын қарқынды дамып келеді және ұлттың зияткерлік әлеуетін қалыптастыруға батыл қадам жасап отыр. Елдің білім беру жүйесі терең де сатылы стратегиялық жаңғырту кезеңін бастан өткеруде. Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына кіруі процесінде, Еліміз үшін маңызды болып табылатын аталған стратегиялық міндетті шешу жағдайында тұлғаның ең басты функциялық сапалары белсенділік, шығармашыл тұрғыда ойлауға және шешім қабылдай алуға, кәсіби жолын таңдай алуға қабілеттілік, өмір бойы білім алуға дайын тұруы болып табылады. Бұл функционалдық дағдылар мектеп қабырғасында қалыптасады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
24 Қырқүйек 2021
2003
7 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

PISA зерттеулері аясында оқушылардың математика сауаттылығын дамыту дағдылары

Искакова Жаркинай Мейрмановна

3 Хромтау орта мектебінің математика пән мұғалімі


Қазақстан күн сайын қарқынды дамып келеді және ұлттың зияткерлік әлеуетін қалыптастыруға батыл қадам жасап отыр. Елдің білім беру жүйесі терең де сатылы стратегиялық жаңғырту кезеңін бастан өткеруде.

Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына кіруі процесінде, Еліміз үшін маңызды болып табылатын аталған стратегиялық міндетті шешу жағдайында тұлғаның ең басты функциялық сапалары белсенділік, шығармашыл тұрғыда ойлауға және шешім қабылдай алуға, кәсіби жолын таңдай алуға қабілеттілік, өмір бойы білім алуға дайын тұруы болып табылады. Бұл функционалдық дағдылар мектеп қабырғасында қалыптасады.

  Осыған байланысты Елбасымыз Н.Назарбаев 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Функционалдық сауаттылықты арттыруды» Үкіметке негізгі тапсырма етіп жүктеген болатын. Бұл Ұлттық жоспар – білім сапасын жетілдірудің негізгі бағдары. Жоспарда мақсат, міндеттер нақты қойылған, ағымдағы жағдайды талдау, мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту тетіктері, білім стандарттарын, оқу бағдарламалары мен жоспарларын жаңарту, оқыту нысандарын, әдістері мен технологияларын жаңарту, мектеп оқушыларын оқыту нәтижелерін бағалау жүйесін дамыту, ата-аналардың қатысуын қамтамасыз ету, қосымша білім беруді дамыту.

Бүгінгі таңда қазақстандық білім беру жүйесінің алдында білім сапасының бәсекелестігін арттыру, шынайы өмірлік кезеңдерге бейімдендіру мәселелері тұр.. Осыған байланысты еліміздің он бес жастағы оқушылары білім жетістіктерінің деңгейін анықтау үшін PISA халықаралық зерттеуіне қатысады.

Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясындағы нысаналы индикаторлары Қазақстанның халықаралық зерттеулерді (TIMSS, PISA, PIRLS) қолдану әлемдік стандарттар деңгейіне сәйкес рейтинг көрсеткішіне жетелейді.

Қазіргі таңда PISA жобасы әртүрлі опциларды, оның ішінде «қаржы сауаттылығы», «мәселені бірлесіп шешу», «жаһандық құзыреттілік» бағыттарын ұсынуда. Қазақстан PISA-2018 алғаш рет математикалық, жаратылыстану және оқу сауаттылығымен қатар жаңа «жаһандық құзыреттілік» бағытына қатысуды жоспарлауда. Сонымен қатар тестілеудің компьютерлік форматына өтеді. Зерттеуге қатысушылардың функционалды сауаттылық деңгейі таблица, диаграмма, график, сурет және сызбалар түрінде берілген тапсырмалармен анықталады.

Тест тапсырмалары жауаптың үш түрін қарастарады: еркін құрастырылған (толық және негізделген жазбаша жауап), жабық құрастырылған жауап (оқиғаны ретімен орналастыру, қажетті сөзді немесе цифрды жазу) және берілген жауап нұсқасынан таңдау жасау ((a, b, c, d) жауап нұсқаларының бірін таңдау).

Тапсырма жауаптары оқушылардан бірнеше таблица мен графиктерде берілген ақпараттармен бір уақытта жұмыс істей білу қабілеттерін талап етеді. Тапсырма мазмұнында артық ақпараттардың берілуімен де сұрақтар күрделене түседі. Сонымен, 15 жастағы оқушылардың ұсынылған проблема мен ситуацияға талдау жасауы үшін қажетті ақпаратты таба білу біліктілігі бағаланады.Зерттеу барлық білім беру ұйымдарындағы 15 жастағы оқушылардың оқу, математика және жаратылыстану бағытындағы пәндерден білім жетістіктерін анықтауды мақсат етеді. Зерттеу оқушылардың қабілеттерін емес, ол оқу барысында меңгерген білімдері мен дағдыларын өмірлік жағдайларда қолдана білу ептіліктерін бағалауға бағытталған.

PISA  зерттеуінің мақсаты - әлемдік деңгейде салыстырылатын әр мемлекеттің оқыту нәтижелері жөніндегі сенімді мәліметтерін алып саралау болса, негізгі міндеті – білім беру саласындағы әлемдік басымдықтарды сипаттайтын зерттеу құралдарының негізінде объективті өлшеулер арқылы алынған айқын нәтижелерді талдау және оқушылардың функционалдық сауаттылығын тексеру, ал оқушылардың функционалдық сауаттылығы дегеніміз – әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсене араласуы, яғни бүгінгі жаһандану дәуіріндегі заман ағымына ілесе отырып, үнемі білімін жетілдіруі. Ондағы басты мақсат білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене және рухани тұрғысынан дамыған азаматын қалыптастыру, оның әлемде әлеуметтік бейімделуі болып табылады.

РІSА шеңберіндегі тестілеу барысында   функционалдық   сауаттылықтың  үш саласы бағаланады: оқудағы сауаттылық, математикалық және ғылыми-жаратылыстану сауаттылық.

Математикалық сауаттылық - математиканың әлемдегі рөлін анықтау және түсіну; - әртүрлі формада берілген сандық ақпараттарды оқу, талдау, түсіндіріп беру; - дұрыс негізделген математикалық пайымдаулар айту; - есептерді шығарудың тиімді тәсілдерін табу, орындау, өзін-өзі тексеру, өмірмен байланыстыру; - математикалық білімді өмірлік жағдаяттарда кездесетін түрлі мәселелерді шешуде еркін қолдану.

Оқушылардың математикалық сауаттылығының қалыптасуы «математикалық құзыреттiлiктiң» даму деңгейлерімен (танымдық салалармен)  сипатталады: -   білу (еске түсіру); -    қолдану (байланыстарды орнату); -   ойлау (пайымдау).

Математикалық сауаттылықты қалыптастыру  үшін: -  теорияны білу , оны логикамен ұштастыру .есепті шығаруда тиімді жағын көруге баулу ,- математикалық сайыс сабақ, пән кеші, апталықтарды  математиканың даму тарихымен байланыстыру,

- Ақпараттық оқыту технологиясынан математика сабақтарында  интерактивтік тақтаны қолдану. Интерактивті тақта арқылы оқушылар жаңа материалдарды арнаулы бағдарламалар көмегімен мүмкіндігінше меңгерумен қатар функциональдық сауаттылығы да артады. Сабақ берудің жаңа технологиясы негізінде құрастырылған сабақтың әр тарауы, әр тақырыбы бойынша “білу – түсіну – қолдану – тұжырымдау”  деңгейлік тапсырмаларымен  жүйелі жұмыс жасауды күшейту; Сабақта  практикалық мазмұнды есептерді, әртүрлі форматтағы тест тапсырмаларын, стандартты емес жағдайларда білімді қолдануға арналған  қызықты есептер шығарту; Математика пәні сабақтарында, таңдау курстарында алған білімдерін өмірмен ұштастыруға, оны практикада қолдануға, логикалық есептер шығаруға үйрету; Халықаралық зерттеулер мен Ұлттық емтихандардың нәтижелері бойынша мектепте оқушылармен мақсатты түрде жұмыс істеу; PISA, TIMSS, PIRLS халықаралық зерттеулерді жүргізудің маңыздылығы мен  ерекшелігі туралы ата – аналарды, оқушыларды, қоғамды кеңінен таныстыру; Мектеп оқушыларының оқу сауаттылығын дамытуға бағытталған белсенді оқыту стратегияларын пайдалануды үйрену.

Халықаралық сарапшылар PISA жобасындағы «Математикалық сауаттылық» бағытының негізін қалайтын екі принципті анықтады.

Бірінші. «Фундаметалды математикалық идеялар» мынадай облыстарды қамтиды: «Айнымалы және қатынас» (айнымалылар арасындағы тәуелділік, тұрақты және ауыспалы байланыстар, математикалық моделдерді қолдану), «Кеңістік және пішін» (геометриялық формалар, сызбалар, пішіндерді кеңістікте визуализациялау) «Белгісіздік» (ықтималдылық және статистикалық құбылыстар, мәліметтерді анықтау мен жалпылау, ғылыми болжам жасау) және «Сан» (мәліметтерді түсіндіру және дәлелдеу, өлшем бірліктерін ұғыну және арифметикалық ойлауды қолдану).

Екінші. «Математикалық құзыреттілік» - дағдының үш деңгейін біріктіреді. Бұл «Елестету» (нақты фактілерді қолдану, математикалық объектілерді тану, алгоритмдер мен есептеуді орындау), «Байланыс орнату» (әртүрлі тапсырмаларды шешу, бірнеше фактілер мен ақпараттар арасындағы байланысты таба білу) және «Ойлау» (әртүрлі бөлімдердегі білімдерін қолдану, кешенді тапсырмаларды шешу және табу заңдылықтарын орындау).

Оқушы жаңа тақырыпты өз бетінше меңгереді, білімін түрлі тапсырманы орындай отырып дәлелдейді, практика жүзінде бекітеді, өз ойын ортаға салады, сыныптағы барлық оқушы назардан тыс қалмайды, сабақ барысында ешкім бос отырмайды, белсенді, кололаборативті жұмыстанады, жеке бас қабілетіне қарай бағаланады, топпен бағаланады. Бағалаудың формативті, суммативті түрлері қолданылады.

Жаңашыл мұғалім болуды қоғам талап етуде, жаңаша ойлай білсең ғана ұстазсың. Ол үшін ұстаздан терең білім, пәні бойынша жаңашыл әдістемесі, балаға деген кіршіксіз таза сезімі, мамандыығына деген сүйіспеншілігі мен адамгершілік бейнесі болуы керек. Жаңа істің қандай да болмасын бір қиындығы болады. Ол қиындықты жеңудің жолы кемшілігі мен жетістігін дер кезінде анықтап, бірізді, жүйелі еңбектенгенде ғана оқушы мен мұғалімде дағды қалыптасып, оң нәтиже берері анық.

Қорытындылай келсем оқушылардың математикалық сауаттылығын арттыру – зерттеушілік дағдыларын дамытудың негізгі кілті деп айтуға толық негіз бар. Зерттеушілік дағдысы қалыптасқан тұлға ақпаратты өз бетінше іздеп, талдау мен өңдеу жасай отырып дәлелді қорытынды жасай алады. Математикалық сауаттылыққа берілген тапсырмаларды әрбір тақырыпқа негіздеп ,жүйелі ұсыну арқылы да жақсы нәтижеге жетуге болады.


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары: / Қазақстан Республикасы

2. Н. Ә. Назарбаев «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» Қазақстан халқына Жолдауы / Н.Ә. Назарбаев // Егемен Қазақстан. – 2012. – 28 қаңтар

3. К.Өстеміров, А.Айтбаева «Қазіргі білім беру технологиялары» - А., 2006ж. \

4. PISA халықаралық зерттеуін жүргізу аясында оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту әдістері бойынша Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бағдарламасы. Тыңдаушының жұмыс дәптері // NIS- PEARSON.

5. PISA халықаралық зерттеуін жүргізу аясында оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту әдістері бойынша Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бағдарламасы. Оқу сауаттылығы. Мұғалімнің жұмыс дәптері // NIS- PEARSON.

6. PISA, PIRLS халықаралық зерттеулер контекстінде оқу сауаттылығын дамыту. Әдістемелік нұсқау. Развитие грамотности чтения в контексте международных исследований PISA, PIRLS. Методические рекомендации. – Астана: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2014. – 80 б.






 



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!