400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

баяндама Тәуелсіз Қазақстандағы діни конфессиялар

Материал туралы қысқаша түсінік
для учителей религиоведении
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәуелсіздік жылдары азаматтық қоғамның және нарықтық экономиканың құрылуымен ғана емес, сондай-ақ діни серпілістің жүруімен де сипатталады: дәстүрлі діни бірлестіктер ұстанымдарының күшеюімен бірге қазіргі Қазақстан үшін беймәлім жаңа «дәстүрлі емес» немесе «деструктивті» діни ағымдар пайда болды. Кеңес заманындағы атеизм, олардың дінге қарсы жүргізген саясатының салдарынан, он бес одақтас елдер өздерінің дәстүрлі діндерінен алыстауымен қатар қоғамқа жат пиғылдағы «дәстүрлі емес» діни ағымдарға қарсы тұратын ешқандай ишараларының жоқтығын көрсетті. Оған дәлел 1991 жылы Қазақстан бойынша 35 діни бірлестік болса, 2012 жылы 365 діни бірлестік тіркелді. Бұл дегеніміз қорғаусыз әлі осы ағымдардың жат пиғылын байқамаған жас мемлекеттің азаматтарын өз қатарларына қосу. Сондай-ақ бұл жағдайға жол ашқан бірден бір жағдай ол сол жылдары Қазақстанның осындай діни бірлестіктерге байланысты нақты заңнамалық жүйенің болмауы.

XX ғасырдың екінші жартысынан бастап АҚШ және Батыс Еуропа елдерінде дәстүрлі емес діни культтар көбейе бастады. Олардың пайда болуы дәстүрлі діндер жүйесінің бұзылуы мен беделінің түсуіне байланысты еді. Мұндай культтарың қатарына қоғам өмірінде өз орнын таба алмаған жастар кірді. Сондықтан кейбір культтар «жастар діні» деп аталып жаңа діни қозғалыстарға айналды.

Қазіргі кезде еліміздің 70 пайызы мұсылманның 2815 діни бірлестігі жұмыс істейді. Ал 70-тен астам діни бірлестіктер ешбір жерде тіркелместен қызмет етуде. 1992 жылы дін мәселелерін реттеу үшін Қазақстан Республикасының «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы» заңында барлық конфессия діндарларына қызметтерін еркін атқаруына толықтай кепілдік берілген. Қазақстан Республикасы және басқа мемлекет азаматтары кез келген дінді уағыздауға немесе уағыздамауға құқылы. Барлық діни бірлестіктер заң алдында бірдей деп танылады.

Қазақстан Республикасының заңына және халықаралық шарттарға сәйкес сенім бостандығы келесі құқықтарды талап етеді:

-жеке өзі, сондай-ақ басқалармен бірге кез келген дінді еркін ұстануға немесе ешқайсысын ұстанбау;

-құлшылық жасауға, діни жоралғылар мен рәсімдерге өз еркімен қатысуға немесе қатыспауға;

-дінді оқып- үйренуге күшпен мәжбүр етуге жол берілмейді.

Осы еркіндіктер еліміздің демократиялық принциптеріне сай келеді. Дегенмен, Қазақстанда бүгінгі таңда көптеген этностар мен ондаған діни конфессиялар бар. Түрлі наным-сенімді ұстанатын Қазақстан халқының келісімі мен ынтымақтастығы, оның саяси тұрақтылығының нығаюына, экономикасы мен әлеуметтік жағдайдың кемелденуіне бастайды. Осы мақсатқа орай мемлекет этносаралық және дінаралық келісімді, толерантылық пен сындарлы сұхбатты қолдап, ланкестік әрекеттердің алдын алу іс-шараларын жүргізуде. Тұрғындардың дінаралық деңгейі де өсуде. Сарапшылар мәліметіне сүйенсек, 80 жылдардың ортасындағы жағдайға қарағанда қазіргі діндарлар саны 20-25-тен 60-65 пайызға артқан. Елде 8 жоғары (оның ішінде 2 исламдық, 1 католиктік, 1 лютерандық, 4 протестанттық), 6 арнаулы орта және 3 жалпы білім беретін рухани оқу орындары бар. Республикада 20 елден келген 400 –ге жуық шет елдік миссионерлер жұмыс жасауда. Сонымен қатар қоғам өмірінде діннің маңыздылығы өскен. Оның серпіні мен ерекшеліктері мынадан көрінеді:

  • Әлеуметтік-саяси өмірдің көптеген саласында діннің әсері күшеюде;

  • Халықтың көлемді тобының күнделікті өміріне діни бірлестіктердің әсері өсуде;

  • діни білім саласы дамып, оның қаржы және материалдық базасы нығаюда;

  • шет елден келген діни бірлестіктердің Қазақстандағы миссионерлік және насихаттау әрекеттері жандануда.

Осы тұста елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан Республикасында және халықаралық қауымдастықта бейбітшілік пен дінаралық келісім орнату саласындағы саясатының бірден бір дұрыс саясат екендігі баршамызға мәлім. Қазіргі таңда Қазақстан бүкіл әлем елдеріне үлгі боларлық ұлтаралық және дінаралық келісімнің қазақстандық моделін ұсынды десек артық айтпаймыз. Оны төменгі ұстанымдардан көруге болады:

1. Елдің Конституциясы мен заңдары ар-ождан бостандығы мен діни сенімді қорғауға кепіл береді. Конституция діни, этникалқ және басқа тұрғыдағы кемсітушіліктерге тыйым салады. Еліміз маңызды халықаралық келісімге және адам құқығына қатысты шарттарға, оның ішінде Біріккен Ұлттар Ұйымының негізгі халықаралық келісіміне қосылды.

2. Мемлекет конфессиялардың өз қызметтерін жүзеге асыру үшін тең және қолайлы жағдай жасайды.

3. Мемлекет саясатының маңызды бағыты ретінде дінаралық диалогты атауға болады. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен Қазақстан халқы Ассамблеясы секілді ұлтаралық және дінаралық диалогтың институты құрылды.

Осылайша, Қазақстанда уақыт сынынан өткен этносаралық және дінаралық келісім моделі қалыптасты. Біздің еліміздегі түрлі конфессиялардың өзара әрекеттестігі тәжірибесін халықаралық аренадағы БҰҰ, ЮНЕСКО, ЕҚЫҰ секілді халықаралық ұйымар үлгі тұтып, тіпті Қазақстанның осы ұйымдарға басшылық жасауына дейін қолдауда.

ӨСКЕМЕН ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ «ОРАЛХАН БӨКЕЙ АТЫНДАҒЫ №44 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІ»

КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕ

























Баяндама



Тақырыбы: Тәуелсіз Қазақстандағы діни конфессиялар жағдайы»





Дайындаған: Тюменбаева А.К.

























Өскемен қаласы

2015 жыл

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
25 желтоқсан
1318
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі