Материалдар / Баяндама. Темекі тартудың зияны.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Баяндама. Темекі тартудың зияны.

Материал туралы қысқаша түсінік
жас мамандарға салауатты өмір салтын насихаттауға көмегі зор
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Қараша 2018
2856
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Баяндама: «Темекі тарту-зиянды әдет»

Темекі тарту – дүниеде ең көп тараған әдет болып табылады. Темекінің зияндары кеш анықталып, оған қарсы күрес кеш басталды. Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы темекі тартуды эпидемия ретінде бағалауда. Ұйымның бұл бағалауы 30 жылдық уақыттың ішінде жасалған 8 үлкен зерттеулердің нәтижелеріне сүйенеді. Темекі шегу денсаулықтың қатерлі бұзылыстарына әкеліп соқтырады. Темекі шегу ықпалынан ең көп тараған созылмалы жұқпалы емес аурулардың көбі қозады.Оларға бірінші кезекте жататын ауру түрлері: онкологиялық (90 % өкпе ісігі), тыныс органдары (өкпенің созылмалы аурулары 75 %), жүрек - қан тамыр аурулары (жүрек ишемиялық аурулары). Статистика деректері бойынша, темекі шегу себептерінен Қазақстан Республикасында жылда орта есеппен 20 – 25 мың адам қайтыс болады. Елімізде халықтың үштен бір бөлігі темекі шегеді (ерлер 62 % және әйелдер 18 %). Шылымның түтінінің өзінде ғана 4 мыңнан астам химиялық қосындылардың жиынтығы бар (формальдегид, мышьяк, цианид және т. б.). Никотин – темекі шегушінің тәуелділігін тез қалыптастыратын есірткілік зат. Темекі түтінінен никотин қанға өтеді, соның салдарынан жүрек жиі соғады және қан қысымы жоғарылайды. Жүйке жүйесін темекіге дағдыландырып, адамды естен тандыратындай әсер береді. Көміртек тотығы–иіссіз және дәмсіз улы газ. Оның барын адам сезбейді. Ол қандағы гемоглобинмен араласып, оттегін ығыстырып шығарады. Ішкі мүшелер мен ұлпалар оттегіне тапшы болу себебінен, жүрек-қан тамыр аурулары және қан айналымындағы өзгерістер пайда болады. Бензипрен – бұл темекі түтініндегі химиялық заттарға жатады, сондықтан обыр ауруларына әкеліп соқтырады. Мышьяк – өлімге апаратын у, инсектицид ретінде қолданылады (түрлі жәндіктерді жою үшін). Қоздыратын заттар – тыныс алу жолдарының тарылуына әкеліп соқтырады. Тыныс жолдарының басқа заттардан, кірден, микробтардан тазаруында маңызды рөл ойнайтын эпител қабатының бұзылуына және мукустың өте көп бөлінуіне себеп болады. Көпшілік темекі шегуді жасөспірім кезінде қызығушылықпен достары арасында бастайды.Темекі шекпейтіндермен салыстырғанда, темекі шегетіндер өкпе ісігінен 3-9 есе жиірек қайтыс болады. 25 жыл ішінде 40 дана шылым шегетін адамдардың өкпе ісігіне шалдығу қатері 52 есе жоғары. Жүрек ишемиялық ауруына шалдығу, миға қан құйылу қатері темекі шегетіндерде 2-3 есе жоғары. Шылым шегетін және ұрықтануға қарсы таблеткалар қолданатын әйелдерде, сол таблетканы қолданып, бірақ шылым шекпейтіндермен салыстырғанда, жүрек-қан тамыр аурулары даму қатері 10 есе жоғары. Темекі шегушілерде дәм және иіс сезімталдылығы нашарлайды. Адам ең алдымен тұтатылған шылымның түтінін қабылдайды. «Еріксіз» темекі шегуші, негізгі шегушімен бірдей азап шегеді. Жасөспірімдер зиянды әдеттерге тез үйір болады. Неге жастар темекі шегуге құмар болады? Басты себептердің бірі - балалардың бір-біріне еліктеуі, араласқан ортаның әсері зор болады. Кейбіреулері өзін үлкен көрсеткісі келеді. Жастайынан темекі тартқан баланың басы ауырады, ойлау қабілеті төмендейді, көздің көру қабілеті бұзылып, ұйқысы бұзылады, ашушаң, жүйке жүйесіне зақым келеді. Жастарға алдымен темекі тартпастан бұрын денінің саулығы жөнінде ойлануы қажет, бастау оңай, тастау өте қиын екенін естен шығармау керек.

Мақсаты: 1) Оқушыларға шылым шегудің қауіптілігін түсіндіре отырып, одан аулақ болуға шақыру;

2) Темекінің зиянды тұстарын өздеріне ашып айтқызып, өлеңдер, сөздер, мақал­мәтелдер арқылы өз көзқарастарын қалыптастыру;

3) Топпен жұмыс істеу арқылы ұйымшылдыққа, бір­бірін сыйлай білуге, адамгершілікке, тез шешім қабылдай білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: «Темекі – денсаулықтың жауы», «Темекі шеккенің, сорлағаны өкпенің» сөздері жазылған плакаттар, шарлар ілінеді, интерактивті тақта

Барысы:

Мұғалім: Салауатты өмір салтына қиғаш келудің бір себебі – темекі тарту. Ол адамдардың дене мүшелерін күйретеді және рухани күйі мен психологиясына да кері ықпалын тигізеді. Сондықтан бұл, әсіресе, жастардың денсаулықтарының тым қысқа уақытта шегуіне себеп болуда. Болашағымыз бұлыңғыр болмас үшін, жаппай уланудың алдын алу әрекетіне жұмыла кірісу – өмір қажеттігі, заман талабы.

Оқушыларды топқа бөлу.

«Бірлік» тобы: Темекі өкпені улайды, насыбай ауызды былғайды,

«Бірлік» бұларды қолдамайды.

«Болашақ» тобы: Темекіден безгенің, саулықтың мәнін сезгенің,

Шеккен адам шылымды, көбейтеді шығынды.

«Достық» тобы: Темекі деген шөп, арақ ішетіндер көп,

«Достықтың» жауы, солардың бәрі.

Сұрақ­жауап.

Сұрақ: Темекі қалай пайда болды? 

Жауап: Америкадан келген Х.Колумбтың екінші экспаедициясынан кейін ΧV ғасырдың соңында (1496 ж.) Еуропа елдерінде адамдар темекі шегуді бастаған. Бұл өсімдіктің ұрығын испан монахы Ромак Пано деген алып келген. Үндістер оны «Кохоба» деп атаған. Испан саяхатшысы Гонзало Эрнандес де Овьедо, өзінің жазған кітабына «Гиспаньола аралығындағы үндістердің өте жаман әдет­ғұрпы бар екен. Олар шөпті тартып, оның түтінін мұрны арқылы жібереді екен. Олар бұл шөпті өте құрмет тұтып, оны биік жерлерде, бақтарда өсіреді екен». Темекі әуелгі кезде Еуропа елдеріне жәймен таратыла бастаса, кейін темекіге деген қызығушылық күрт өсіп, ол Бразилиядан Францияға әкелінген болатын.

С ұрақ: Темекінің адамдарға беретін зардабы қанша?

Жауап:

  1. Ерін, тіл және өңеш рагына жол ашады.

  2. Ас қорытуды қиындатады, тәбетті қайтарады.

  3. Асқазанда жара пайда болуына көп әсері бар.

  4. Өкпе және көмекей рагына ұшыратады.

  5. Қол­аяқ тамырлары бірте­бірте бітеледі.

  6. Миды қамтыйтын тамырларды да қатаю пайда болып, клеткалары өледі (орнына келмейді). Есте сақтау қабілеті азаяды.

  7. Жүрек ауруларына шалдығады.

  8. Адам тез қартайып, теріде әжім пайда бола бастайды.

  9. Бала емізген әйелдерге никотин емшек сүтіне араласып, осы арқылы сәби уланып, туберкулез, өкпе, мазасыздану, т.б. сырқаттарға ұшырайды.

Сұрақ: Темекі шегуді тастау әдісі бар ма?

Жауап: Ашығын айтса, темекіні тастау жайлы ерекше бір әдіс жоқ. Темекі тартқан адамның мықты ниетіне, жігер­күшіне, сабыр­төзіміне көп байланысты. Адамдардың нәпсісіне тыйым сала білетін ең тамаша уақыт – Ораза ұстайтын қасиетті Рамазан айы. Ораза ұстаған адамның күні бойы темекі тартапағанына қарағанда, біраз сабыр көрсетіп, кештерде де осы күйін жалғастырса, бір ай ішінде темекі дертіне құтылмауына ешбір себеп жоқ. Әр күн немесе күн аралатып темекі санын бір­бірлеп азайтып, соңында бүтіндей, біржолата құтылуға болады.

Сұрақ: Темекіні тастау үшін қандай шаралар қолдануға болады?

Жауап:

  1. Темекі өнімдерін жарнамалауға тыйым салу.

  2. Темекі қорабының сыртына қатаң ескертулер жазу.

  3. Кәмелетке толмағандарға темекі сақтауды тоқтату.

  4. Қоғамдық және жұмыс орындарында темекі шеккізбеу. Темекі шегетіндерге қарсы әртүрлі шаралар қолдану.

« Миға шабуыл» стратегиясы. Әр топқа викториналық сұрақтар беріледі.

  1. Темекідегі денсаулыққа ең зиянды зат – никотин. (Ия, никотиннің улылығы ас қорытуға кері әсер етеді, тістің жиегін, ауыз ішін бүлдіреді, асқазанның былжыр қабығы ұшығын гастритке шалдықтырады.)

  2. Темемкіге әбден үйрен адамның өз өмірінде 1 кг­ға жуық никотин жұтатындығы рас па? (Ия, рас. Зерттеулер көрсеткендей, жолдастарының ықпалымен )



«Кім жүйрік?». «Темекі» сөзінің алғашқы әріптерінен басталатын мақал­мәтелдер айту керек. Қай топ тез жауап береді, сол жеңіске жетеді.

Т – Темекі шеккенің, сорлағаны өкпенің.

Е – Есірткі ішіп есірген, арылмайды кесірден.

М – Маскүнем арынан айрылады, жанжалдасып жарынан айрылады.

Е – Екі аяқтан әл кетсе, қарға адым жер мұң болар.

К – Көп ауырған ем табады, көп адасқан ел табады.

І – Ішкен адам бозаны, кетіреді мазаны.

Мұғалімнің қорытынды сөзі:

Отбасы иелерінің шылымқорлығы – ертеңі күні оны эстафета ретінде болашақ ұрпағына табыс ету деген сөз. Осындай келеңсіз жағдайлардың ықпалы жастарымыздың ойлаған ойын жүзеге асыруға, күш-қайраты мен қиялына кедергі болады. Қорыта келе, бүкіл ұлт болып, көзі ашық, көкірегі ояу әрбір жеке адам темекі тартушыларға қарсы саналы әрекет жасауы қажет.



 





































Сабақтың тақырыбы: Өзіңді өзің тәрбиелеу – өмір талабы.
Сабақтың мақсаты: 
Білімділік: оқушыларға өзін –өзі бағалауда ерік–жігердің, адамгершіліктің, мақсаттың, күш-қуат және сана – сезім тәрізді құндылықтардың адам өміріндегі маңызы туралы түсінік беру. 
Дамытушылық: оқушылардың өз-өзін бағалауын саналы түрде арттыра алу дағдыларын дамыту. 
Тәрбиелік: оқушыларды табандылыққа, төзімділікке, жігерлікке, қажырлыққа ерік- күшінің мықтылығына және өзін бағалауға тәрбиелеу. 

Сабақтың түрі: пікірлесу 

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, ойын.

Сабақтың көрнекілігі: тірек сызбалар. нақыл сөздер. үлестірме қағаздар т.б. 

Сабақтың барысы: 
Ұйымдастыру: сыныпты түгендеу; жаңа сабаққа дайындау: топтастыру:
Жаңа сабақ: Төмендегі берілген сөздердің мағынасының өз өмірімізде құнды екенін ескере отырып, мағынасын ашып алайық. 

Мұғалімнің сөзі:
Өзін –өзі тәрбиелеу, бағалау – өмір талабы. Адамдардың өзін–өзі тәрбиелеуі дегеніміз- жүйелі түрде белгілі бір мақсат қойып, оған жету жолында өзінің қабілетін дамыта отырып, кездескен қиыншылықтарды жеңе білуі. Әр адам – жеке тұлға. Жасөспірім шақтан бастап, ересек шаққа қарай аяқ басасыңдар. Осыған дейінгі алған тәрбие мен білімге толықтырулар еңгізіп, болашаққа кім және қандай болатындарыңды білулерің керек, Орташа қабілетті және жігерлі болсақ көп нәрсеге қол жеткіземіз. Ал, қабілетті бірақ жігерсіз болсақ, еш нәрсеге қол жеткізе алмаймыз. Адам өзін –өзі тәрбиелеу үшін адамгершілік қасиеті мол болуы керек. 

Ой шақыру:
- Өзіңді тану дегенді қалай түсінесің? 

- Өзін –өзі бағалау дегенді қалай түсінесің? 

- Өзін өзі бағалау құндылығына нені жатқызамыз? 

- Алға қойған мақсатқа жету үшін не істеу керек? 

Біздің ғасырымызда адамға жоғары адамгершілік керек. Осыған байланысты әр топқа адамгершілікке байланысты сұрақтар қойып пікірлеседі. 

1. Үлкенді сыйлау дегенді қалай түсінесің? 

2. Басқаның еңбегін бағалай білесің бе? 

3. Жолдасыңды бағалайсың ба? 

4. Өзіңнің туған ауылыңды, жақын адамдарыңды жақсы көресің бе? 

5. Сен мейрімдісің бе? 

6. Ата-ана, ұстаз сен үшін кім? 


Басқалардан өзгеше болу – кемшілік емес, әр адам әр түрлі болады. Әркім өзінше сұлу, әрі әдемі. Ең бастысы- қасындағы адаммен сеніммен араласу, жақын болу. Кешірімді болу және саған ол адаммен араласудың, сыйласудың жағымды болуы.

Өзіңді ғана емес, өзгелерді де таны: «Ұлы адамдардың ұлы сөздері беріледі соған өз түсініктеріңмен тарқатып айтасыздар, талқылау болады. 

• «Егер естілердің қатарында болғың келсе, күнінде бір мәртебе, болмаса жұмасында бір, ең болмаса айында бір өзіңнен-өзің есеп ал: Сол алдағы есеп алғаннан бергі өмірді қалай өткіздің екен... өзің өкінбестей қылықпен өткізіпсің бе? Жоқ болмаса, не қып өткізгеніңді өзің де білмей қалыппысың?» (Абай). 

• «Өзіңді - өзің бағындыруға, өзіңе-өзің билік көрсетуге кішкентайыңнан үйрен. Құлқың соқпаған, бірақ қажетті істі атқаруға өзіңді көндіре біл. Тиістіні тындыру – ерік, қайраттың бірінші қайнар бұлағы» (В. Сухомлинский). 

• «Өзіңді-өзің тәрбиелеу үшін алдымен өзіңді-өзің қатал, әрі әділ сотыңа тарта білуің керек» (Н. Островский). 

• «Адам өзіне-өзі бағынып, өзінің шешімдеріне бой ұсынып үйренуге тиіс» (Цицерон). 

• «... адамның өзін-өзі тексеруі оның жан тұрмысының өркендеуіне түзу жолға түсуіне бірінші шарт» (М. Жұмабаев). 

• «Бақыт - әрбір адам ұмтылатын мақсат. Бақыт-тың мәні – парасаттылықта, әркімнің өз алдына игілікті мақсат қоя білуінде... адам-ның өз мінез–құлқын, іс-әрекетін ерікті түрде өзгертіп, игілікке бағыттап отыруында» (Әл - Фараби).

1 топ тапсырмасы:
адам қабілетін дамытуға көмектеседі...
Не ? Қалай?

1. 1.
2. 2.
3. 3.




2 топ тапсырмасы:
Адам қабілетін дамытуда кездесетін кедергілер...
Не ? Қалай?
1. 1.
2. 2.
3. 3.


3 топ тапсырмасы:
Адам бойындағы талантты ашу үшін...

Не қажет ? Оны жетілдіру жолдары?

1. 1.
2. 2.
3. 3.

(Тест тарату)

Өзін-өзі ашуға арналған жаттығу «Қиялдау сұрақтары». Қатысушылар шеңбер құрып, бір -біріне доп лақтыру арқылы сұрақтар қойып, сол сұрақтарға жауап алды.. 

Мен сүйемін........................................................................................... 
Маған ұнайды......................................................................................... 
Маған қиын............................................................................................ 
Менің жанымды жадыратады................................................................ 
Өз достарымның арасында Мен............................................................. 
Мен келешекте......................................................................................... 

Сонымен , балалар, осыған дейін өзіңді-өзің бағалау, тану үшін өз-өзіңді қадірлей білу керек екенін түсіндік. Өз –өзіңді бағалау – кемшіліктеріңді жетістіктеріңді басқа адамдармен бөлісе отырып, достарыңа деген қарым – қатынастарыңды, ілтипаттарыңды, іс –әрекеттеріңді білу деген сөз. 

Адам өзін – өзі тәрбиелейді, алдына мақсат қоя біледі, сол мақсатқа жету үшін адами құндылықтарды бағалай отырып, «өз өмірім өзіме құнды» деген қағиданы басты назарда ұстау қажет. Адам ен бастысы жоғары адамгершілікте болса ғана көп нәрсеге қол жеткізе алады. 

Бүгінгі сабағымыз өздеріңді толығырақ танытуға, жақсы қасиеттерді бойларыңа сіңіруге, жаман қасиеттерден аулақ болуға, табиғатқа, адамзатқа деген сүйіспеншілікке, сұлулықты, әсемдікті сезінуге көмектеседі деп ойлаймыз. 

Енді сабағымызды қорытындылай келе, Мұхтар Шахановтың «Жігерлендіру»өлеңімен әсерлендіре түссек. 

Көтер. қане, басыңды 
Күніңді босқа өткізіп пе едің? 
Тағдырың неге сыр айтты сараң? 
Өмірдің барлық сәтсіздіктерін, 
Бақытсыздық деп кім айтты саған? 


Кім айтты саған? 
Тұлпарды сүрінбейді деп, 
Асауды мінілмейді деп, 
Ақ көйлек кірлемейді деп, 
Қара ешкі мүжіген ағаш қайтадан гүлдемейді деп. 
Кім айтты саған? 
Жұрттың бәрі мейірбан, арайлы деп, 
Биікті ардақтайды. 
Асылды қорлатпайды деп? 
Қиналып бекер алаңдадың-ау, 
Ойыңды шығар өріске. 
Өзің- ақ айтшы ғаламда мынау 
Жеңудің бәрі жеңіс пе? 

Жігітке арман жеткізіп пе еді 
Өз сорын өзі жеңбесе ? 
Өмірдің барлық сәтсіздіктері 
Бақытсыздық емес, ендеше ! 

Жүректен жүрекке: Балалар шеңбер құрып,көршілеріне жақсы сөз, жылы лебіздерін білдіріп жүрекшелерді ұсынады.

Адамдар жолында кездескен қиыншылықтарды жеңе отырып, өмір бойы өзінің мақсатына жету жолында күреседі екен. 

Мәңгі лаулап жану үшін ғаламда, 
Үлкен бақыт табу үшін ғаламда, 
Үлкен болып қалу үшін ғаламда, 
Үлкен АРМАН керек екен адамға! 

Сабақты қорытындылау! Оқушыларға қатысып, белсенділік танытқандарыңызға рахмет. Ұстаздар алтын уақыттарыңызды бөліп қатысқандарыңызға алғыс білдіреміз! Сау болыңыздар!

  • 1

  • Мақсаты: жасөспірім кездегі достық туралы пікірталастыру.

  • Керекті-құралдар: қағаз, фломастер, карточка.

  • Сабақ барысы

  • 1.Жаттығу.  2. «Достық дегеніміз не?»-ми шабуылы. Жауап алынған соң, қорытынды жасалады. 3.Топпен жұмыс

  • Тренингке қатысушылар 4 топқа бөлінеді. Топқа қағаз бен фломастер таратылады. Тапсырма бойынша оқушылар 3-5 минут уақыт ішінде  достықты нығайтатын және достық қарым-қатынасты бұзатын факторларды жазу керек.Тапсырма орындалып болғансын барлық топтың жауабы жазылған плакатты тақтаға іліп, салыстырады. Достық  туралы түісінік қорытындыланады.

  • 4. «Сенімді дос» жатығуы. 10-15 минут мінез –құлық, қасиеттер жазылған карточка оқушыларға таратылады. Карточкада берілген  сипаттамаларды әркім өзіне қарап орнын анықтау қажет (қай қасиет -1 орнында, 2 орнында екенін анықтау). Сонан соң осы қасиеттер оның достарының бойында олардың  ойынша қалай болу керек. (сенімді досының қай қасиеті 1 орнында, 2 орнында болу керек). Тапсырма орындалған соң мұғалім пікірталас жүргізеді, сұрақ қояды:

  • -Өздеріңді бағалау сіздерге қиын болды ма?

  • -Сенімді дос бола алар ма едіңіз?

  • - 4 тапсырманы орындаған соң өзіңізді қалай сезініңіз?

  • «Сіз тағы  не білгіңіз келеді?» деген сұраққа жауап алумен сабақ аяқталады.

  •   Тақырыбы "Махаббат"

  • тексеру парағы





  •  

    Анық-тама

    Өте дұрыс

    Келі-семін

    Сенім-сізбін

    Келіс-пеймін

    Ешқашан келіс-пеймін

    1

    Нағыз махабатты ақшаға сатып ала алмайсың

     

     

     

     

     

     

    2

    Нағыз махаббат, сезім ешқашан жоғалмайды

     

     

     

     

     

     

    3

    Алғашқы сезім әдеттегідей жауапсыз қалады

     

     

     

     

     

     

    4

    Екі немесе үш адамды бір уақытта сүю мүмкін емес

     

     

     

     

     

     

    5

    Сәтсіз махаббат үшін өз-өзіне қол жұмсау ақмақтық

     

     

     

     

     

     

    6

    Махаббатта әйелге қарағанда, ер адамдар  сенімсіз.

     

     

     

     

     

     

    7

    Ер адамға қарағанда әйел адамдар жауапсыз сезімге терең

    қайғырады

     

     

     

     

     

     

     8

    Нағыз сезім өмірде бір-ақ рет кездеседі

     

     

     

     

     

     

    9

    Сезім үшін кез-келген құрбандыққа баруға болады

     

     

     

     

     

     

    10

    Адамды өзге адамға күштеп сезімін ояту мүмкін емес

     

     

     

     

     

     

  • Мақсаты: жасөспірімдер үшін махабаттың не екенін, алар орнын талдау. Жауапкершілікпен шешім қабылдауды қалыптсатыру.

  • Керекті құралдар: қағаз,фломастер, сұрақ жауап қағазы, карточкалар.

  • Сабақ барысы

  • 1.Жаттығу.

  • 2. «Махаббат-бұл.....» тақырыбына арналған ми шабуылы. Сөйлемді аяқтау қажет.

  • 3. Тексеру қағазымен жұмыс. Оқушылар берілген сұраққа өздерінің көзқарасын білдіруі керек. Тапсырма аяқталғанда 4 оқушыдан топтанып, әр оқушының  пікірі талданады, мұғалім-топта қарама-қарсы пікір болдыма? Ол пікір қандай сұраққа қатысты болды? Деген сұрақтар қойып талдау жүргізеді.

  • 4. «Жағдайды талдау» жаттығуы. Сынып 3-4 топқа бөлінеді. Әр топқа жағдай жазылған карточка таратылады (барлық топқа бір жағдай берілген). Әр топ жағдайды талдап, сұраққа жауап беруі керек.

  • 1 оқиға

  • - Сізге досыңыз өз басындағы жағдайды баяндайды. Ол біреуді ұнатыпты, ал ол басқаны сүйеді.

  • - Сіз досыңызға қандай кеңес бересіз?

  • - Сіз қандай көмек көрсетер едіңіз?

  • 2 оқиға

  • - Сіз ұзақ уақыт жігітпен (қызбен) достасып жүрдіңіз. «Оны жақсы көремін, өмір бойы бірге боламын» -деп ойлағансыз. Әйтседе, бір уақытта оны ұнатпайтыныңызды сездеңіз.

  • -Бұл жағдайда сіз не істейсіз?

  • -Өзіңізді қалай сезінесіз?

  • -Досыңызбен бұл туралы бірқалыпты көңіл-күйде сөйлесе аласыз ба?

  • 3 оқиға

  • - Сіздер, екі дос көптен  бері бірге жүрсіздер. Екеуіңіз де бір қызды ұнатып кездесіп жүрсіздер. Сөйтсек, екеуіңіз бір қызды ұнатыпсыздар, ал ол қыз сіздердің бір-бірлеріңізді танитындарыңызды білмейтін екен де, екеуіңізбен де кездесіп жүр екен.

  • - Бұл жағдайда сіз не істер едіңіз?

  • - Бұл жағдайдан сіз қалай шығар едіңіз?

  • Мұғалім әр сұраққа, жағдайға байланысты жалпы оқушылармен дискуссия жүреді. Жаттығудан кейін төмендегідей сұрақ қойылады.

  • - Өздеріңе қажетті не білдіңіздер? Не үйрендіңіздер? Қандай жаңа ақпарат алдыңыздар? Өздеріңізді қалай сезіндіңіздер? Сабақ сіздерге ыңғайлы болды ма?-деген сұрақтармен сабақ қорытындыланады.

  • 2

  • 3

  • 4

  • 5

















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!