Материалдар / Баяндама "Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық" 11-сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Баяндама "Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық" 11-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Жоғарғы сынып мұғалімдеріне ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық жұмыстарын жүргізуде пайдасы болар...
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Желтоқсан 2017
922
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындаудың тиімді жолдары

Каирдолдина Гульназ Нургуметовна

Шығыс Қазақстан облысы

Катонқарағай ауданы

«Чернова орта мектебі»КММ

«Елдің ертеңі – бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры – ұстаздың қолында.»

Н.Ә.Назарбаев

ХХІ ғасырда білімі дамымаған елдің тығырыққа тірелері сөзсіз делінген Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында.

Қазіргідей жылдам дамып келе жатқан жаңа дәуірде мұғалімнің де, шәкірттің де, ішкі жан дүниесі жаңаша деңгейде болуы тиіс. Мектептегі ең басты тұлға мұғалім десек, мемлекетіміздің білім беру саясаты ең бірінші осы мұғалімдер арқылы іске асырылады. Мектептердің жетістігі оқушының білімді меңгеруімен, оны ойлауымен, қорытынды жасауымен жүзеге асырылады. Оқушының білімін ескере отырып, ҰБТ арқылы білімін бағалау – бүгінгі заман талабы.

ҰБТ дегеніміз – мемлекеттің, қоғамның және тұлғаның қажеттілігіне сәйкес келетін, бүгінгі білім сапасын көтеру және басты бағыт болып табылады.

ҰБТ – жалпы білім беру ұйымдарындаоқушылардың қорытынды аттестаттауының бір түрі. Аттестаттауды жақсы тапсыру үшін оған сапалы дайындық қажет. Оқушы білімді меңгеріп қана қоймай, оны іс-жүзінде қолдана алуы керек. Осы себептен ҰБТ оқушыларды дайындауда тиімді әдістер мен тәсілдерді үнемі іріктеп отыру қажет. Бұл жұмыстың нәтижелілігі – мұғалімнің шығармашылығына, жауапкершілігіне, ізденушілігіне байланысты.

ҰБТ –ға дайындаудың басты тұлғасы – оқытушы. Сондықтан мұғалімге қойылатын талаптарға тоқталатын болсақ:

-оқушылардың білім алу себептерін айқындау;

-пәндік оқытуды ұйымдастыру;

-тиімді технологияларды қолдану;

Кемшілігі:

-тест қорытыныдысында кемшіліктер анықталады;

-тестік бақылауда оқушылардың шығармашылық қабілеті бағаланбайды;

-уақыттың аздығына байланысты кемшілік болады;

-Жауап беру кезінде кездейсоқтық болуы әбден мүмкін;

Артықшылығы:

-білім беруші мекемеге тәуелсіз бақылау жүйесі;

-білім мазмұнына жалпығабірдей білімді бағалау шкаласының қолданылуы;

-әр оқушының білімі мен әр мұғалімнің біліктілік деңгейін шынайы айқындап, оларға талап қою арқылы сапалы білім беруге қолайлы жағдайдың жасалауы;

Ерекшелігі:

-стандартты түрде жалпы білім тексеріледі;

-әділетті, оқушылар бірдей жағдайға қойылады, тікелей сабақ беретін мұғалім қатыспайды, оқушының мектебі тұратын орны ешқандай ерекшелік белгі алмайды;

-тестік бақылау кең көлемді оқу материалын қамтиды;

-бағалауда нақтылық болады;

-экономикалық жағынан тиімді (тексеретін адамдар саны, уақыты)

-оқушылардың есте сақтау, қайталау, белгілі уақытқа оқып, үлгеру қасиеттеріне тәрбиелейді.

Мұғалім оқушыны ҰБТ-ға дайындауда мынандай мақсаттар қоюға тиіс:

1.Оқушылардың сабақта алған білімдерін өмірде қолдана білуге мүмкіндік жасау.

2. Оқушыларды 100 пайыз оқу үлгеріміне қызықтыра білу

3. ҰБТ-ға сапалы дайындық ұйымдастыруды жоспарлау.

4. ҰБТ-ның сапасын және орташа ұпайын жоғарылату.

Осы мақсаттарды жүзеге асыру үшін әр пән бойынша жеке тақырыптарды өамти отырып жоспар жасау керек. Келесі қадам – тақырып бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу және оқулық бойынша тапсырманың нақты орындалуын қадағалау. Әрбір тақырып бойынша тест сұрақтарын ұйымдастыру және сол сұрақтар арқылы оқушының қай тақырыпты дұрыс меңгере алмағанын анықтау. Ең соңында – мониторинг бойынша қорытынды шығарып отыру.

ҰБТ нәтижесіне нелер әсер етеді?

-күнделікті жүйелі жұмыс ұйымдастыру;

-интерактивті технологияларды қолдану;

-жеке тұлғаның даралығын дамыту;

-оқушылардың білім алу себептерін қалыптастыру;

Мұғалімнің жұмысында базалық білімі терең бала да, пәндік білім мазмұнын толық игермеген оқушы да қиындық тудырады.

Оқушылардың жеке ерекшеліктерін және білім сапасын көтеру жұмыстарын келесі кезеңдерден көруге болады:

  1. Диагностикалық кезең :

-бақылау жұмыстарын өткізу арқылы оқушылардың білім деңгейлерін анықтау;

-өткен жылдағы ҰБТ нәтижесімен байқау тестілердің сараптамаларын жасау арқылы қиындық тудыратын мәселелерді анықтау;

-ҰБТ-ны өткізу ережелерімен және ұсыныстарымен танысу;

2. Практикалық кезең:

-тест жинақтарымен жұмыс;

-күрделі тақырыптар бойынша деңгейлік тапсырмалармен жұмыс;

-топтық және жеке дайындық;

-тестпен жұмыс істеуде тиімді тәсілдерді қолдану;

3. Синтетикалық (анықтаушылық) кезең:

-тақырыптар бойынша бақылау тестілері;

-мониторинг;

-қатемен жұмыс парағын жүргізу;

-психологиялық тренинг ұйымдастыру және өткізу;

Үш кезең бойынша өткізілетін жұмыстар оқушыларды үш топқа бөлінетінін анықтайды:

  • 1 топ – үнемі 20 ұпайдан жоғары алатын оқушылар;

  • 2 топ – 15 ұпайдан 20 ұпайға дейін алатын оқушылар;

  • 3 топ – 15 ұпайдан төмен алатын оқушылар;

Жұмысты неден бастау керек?

Алдымен кіріспе тест өткізу, жеке папка дайындау. Оның ішінде: ҰБТ нәтижелерінің жеке парағы, қателерді талдау парағы жасалады. Алдымен әр оқушы мониторинг парағын алғаннан кейін, өзіне мақсат қояды. Тест нәтижелерін белгілегеннен соң қатемен жұмыс жасалады.

Оқушыларға психологиялық көмек берудің де орны бөлек:

-оқушы өз күшін, өз мүмкіндігін нақты білуі керек;

-алдына мақсат қою;

-қате жіберуден қорықпау;

-тест тапсыру техникасын үйрету;

-өз уақытын бақылауға үйрету;

Мектеп бітіруші түлектің алдына бір ғана мақсат қоятынын білеміз. Ол – оқу грантын жеңіп алу. Не істеу керек? Ол үшін ҰБТ тапсыруда кездесетін негізгі кедергілерді жоюға жұмыстар жүргізіледі. Ең бастысы – бала біліміндегі олқылықтарды жою.

  1. Психологиялық кедергі. Белгілі бір тексерудің, емтиханның алдында әр адамда қорқыныш сезімі, үрейі басым болады. Мұндай бала білгенін ұмытады.

  2. Зейін қою, мұқият болу. Тапсырмаларға жауап бергенде немесе белгілегенде толық оқымай жатып жауап іздеу, қателікке апарып ұрындырады. Сондықтан әр сұрақты зер сала отырып, түсініп оқығаны дұрыс.

  3. Уақытты ұтымды пайдалана білу.

  4. Техникалық ақау, тест кітапшасымен және жауап парағымен дұрыс жұмыс жасай білмеу.

  5. Оқушының әлеуметтік жағдайы. Бұған ата-ана тікелей жауапты. Отбасындағы түрлі стресс тудыратын жағдайларбаланың ұйқысының дұрыс қанбауы, кейбір аурулардың тест алдында сыр беруі кедергі жасайды.

  6. Кәсіби біліктілігі, жауапкершілігі жоғары, білімді, шебер, тәжірибелі маманның аздығы балаға білім беруде басты кедергі болмақ.

Қорыта келгенде, ұстаздар қауымының алдында тұрған ең үлкен жауапкершілік – мемлекетті, ғылымды, өнеркәсіпті, өндірісті нағыз басқаратын жастар қазір біздің алдымызда екенін, соларға өз дәрежесінде білім беру, тәлім-тәрбие беру, біліктілігін арттыру, санасын тәрбиелеу, болашаққа жол салу біздің қолымызда тұрғанын сезіну үшін тек ерінбей еңбек ету, іздену, шығармашылықпен жұмыс жасау деп түсіну керек.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!