Материалдар / Баяндама «Ұлттық ойындарды дене тәрбиесі сабақтарда қолдану»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Баяндама «Ұлттық ойындарды дене тәрбиесі сабақтарда қолдану»

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақтың ұлттық ойындары - атадан балаға, үлкеннен кішіге мұра болып жалғасып келе жатқан асыл қазына.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Сәуір 2022
459
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ә.Молдағұлова атындағы №173 орта мектебінің дене шынықтыру пән мұғалімі Әбілда Олжас

Баяндама «Ұлттық ойындарды дене тәрбиесі сабақтарда қолдану»

Қазақтың ұлттық ойындары - атадан балаға, үлкеннен кішіге мұра болып жалғасып келе жатқан асыл қазына. Ұлттық ойындар қазақ халқының ежелгі мәдениеті мен өнерінің ешкімнен кем болмағанын байқатады. Қазақтың ұлттық ойындарының қоғамдық және әлеуметтік маңызы аса зор. Ата-бабаларымыз ұлттық ойындар арқылы ұрпақтың мықты әрі жігерлі болып өсуіне ықпал етіп, олардың береке-бірлігі мен ынтымағын жарастырып отырған. Қазақтың ұлттық ойындарының түрі өте көп. Ғалым-зерттеушілер мынадай бес түрге бөліп, ұлттық ойын түрлерін әр топқа жіктейді. Олар:аңға байланысты, малға байланысты, түрлі заттармен ойналатын, зеректікті, ептілікті және икемділікті қажет ететін, соңғы кезде қалыптасқан ойындар. Ал М.Гуннер жеті топқа бөлсе, ғалым Е.Сағындықов ұлттық ойындарды үш топқа бөліп көрсеткен. Ұлттық ойындар баланың еңбекке деген қарым-қатынасы мен ойлау қабілеттерін арттырады және баланы шымыр, епті, зерек, алғыр, тапқыр да парасатты болып өсуге тәрбиелейді. Бұл жөнінде Ахмет Жүнісов былай дейді: «Өзге халықтар сияқты қазақтың да ертеден қалыптасқан, атадан–балаға мұра болып жалғасып келе жатқан ұлттық ойын-сауық түрлері бар. Зер салып байқап отырсақ, ол ойын-сауықтар қазақтың ұлттық ерекшелігіне, күнделікті тұрмыс-тіршілігіне тығыз байланысты туған екен және адамға жастайынан дене тәрбиесін беруге, оны батылдыққа, ептілікке, тапқырлыққа, күштілікке, төзімділікке т.б. әдемі адамгершілік қасиеттерге баулуға бағытталған екен». Ал енді «Қазақстан. Ұлттық энциклопедиясында» қазақтың ұлттық ойындарының мән-маңызы туралы былай деп жазылған: «Қазақ ұлты негізінен ұрпақ қамын басты мақсат етіп қойып, балалардың нағыз азамат болып қалыптасуына аса зор мән берген. Нәтижесінде дәстүрді бала тәрбиесінің басты құралы ретінде ұлттық ойынды орайластырып, дамытып отырған». Ойын баланың өмірінде маңызды орын алады. Бірақ түрлі ойындардың арасынан шапшаң қимылды ойындарды айрықша бөліп айтуға болады, өйткені оларда барлық ойынға қатысушылар өте белсенді қимыл-қозғалыс әрекеттеріне қатыстырылады. Бұл әрекеттер ойынның ережелері мен ағымына байланысты және балалардың алдына үлкендер немесе олардың өзі қойған белгілі бір шартты мақсатқа жетуге бағытталған. Халық арасында көп тараған шапшаң қимылды ойындар өздігінен еркін пайда болды, олардың ұзақтығы шектелмеді; ойынның қарапайым ережелері, қимылдарға қойылатын талаптар ойынға қатысушылардың жалпы келісімімен қалыптасты, ойнаушылар әрқшан қай жерде, қашан ойнауды, қайда қашуға болатынын, жүргізушіге қанша адамды ұстап алу керектігін және т.с.с. өздері шешті. Педагогакалық ойдың дамуына байланысты халықтық ойындардың ішінен тәрбиелік маңызы өте жоғарылары біртіндеп таңдалады. Қазіргі жаңа технология заманында оқушыларды қызықтырып, асық, бес тас ойнаңдар деп айту өте қиын іс екені анық. Сондықтан білім берудің жаңа технологиясын пайдаланып, дене тәрбиесі пәнін жаңа технологиялық әдіспен оқушылардың жас ерекшеліктеріне, денсаулықтарына байланысты, ұлттық ойындарды, спорттық ойын түрлерін, сабақтың мазмұнына қарай іріктеп алып, пайдалануға болады. Әрбір баланың санасына ойынды сіңістіріп енгізу үшін біз қызықты да дұрыс әдістерді қолдануымыз керек. Алдымен ұлттық ойындарды мазмұны мен күрделілігіне байланысты және балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, төменгі, орта және жоғарғы сынып оқушылары ойнайтын ойындар деп бөліп алу керек. Халық ойындарын іс жүзінде өткізу оларды тереңірек зерттеп, іріктеуді қажет етеді. Халық ойындарына толыққанды сипаттаманы олардың пайда болуын және дамуын зерттеуді оларды этнографиялық зерттеу, педагогикалық бақылау мен пікірлерге сүйене отырып жүргізгенде ғана беруге болады. Этнографиялық зерттеулер барысында қазақтың ұлттық ой-ындарының пайда болуы мен дамуына ерекше мән беріледі. Ойындардың мазмұны халықтың өмірі мен тұрмысының өзгеруіне сай ауысып отырды. Қазақтардың ойындарына өз кезінде Орта Азия халықтарының ойындары әсерін тигізіп отырды, сол сияқты керісінше, кейбір Орта Азия халықтары қазақтардың бірқатар қызықты ойындарын өздеріне бейімдеді.

Сіздердің назарларыңызға ұсынылып отырған қазақтардың ұлттық ойындары жоғары қызығушылыққа ие: бұл дене тәрбиесінің тамаша құралы; олар мазмұны мен сыртқы түрі жағынан да өте саналуан. Қазақтың ұлттық ойындары командалық және командалық емес деп бөлінеді. Кейбір ойындар спорттың түрлеріне және жергілңкті ойындарға дайындық ретінде қолданылуы мүмкін. «Алшы» ойыны. Асық ойыны өте қарапайым болып көрінгенмен, мұнда адам денесін шыңдап, сомдайтын қасиеттер, баланың «бұзылып» кетпеуі үшін, оны өзара әркетке жетелейтін қимыл қаншама. Ең бастысы, ол баланы жастайынан салауатты өмір салтына жетелейді. Адамның ойлау жүйелерінің жетілуінен бастап, бұлшықеттерінің жетілуіне, тынысалу мүшелерінің реттелуіне, өз дене мүшелерін меңгеруге, соның нәтижесінде қырағылық пен мергендікке буаулиды. Асық ойынын мектептегі дене тәрбиесі сабағында үйретіп алып, сыныптар арасында жарыс түрінде өткізуге болады. Асық ойыны білмейтін бала қазір ауыл түгіл, қалада да жоқ. Каникул кезінде аула ішінде асық ойынын балалар көп ойнайды, ішінара қыздар да кездеседі. Ұлттық ойындар арқылы біз баланы көпшілдікке, ұйымшылдыққа тәрбиелейміз, оларды жеке-дара тұлға ретінде қалыптастырамыз.  Қазақ ұлттық ойындарында ойыншылар арасында белгілі қарым-қатынастар орнататын ережелер бар. Әрбір ойында ойыншылар сол ережелерге сай әрекет етуі тиіс. Ақырында, сол ережелерге сай ойыншылар тиісті іс-әрекеттерді таңдауы керек болады. Ойындардың сипаттамасы және оларға әдістемелік нұсқаулар. "Әуе таяқ" Өту үшін құрал-жабдығы: Алаң. Ойынға таяқтар керек: ұзындьны 8 см, жуандығы 3-4 см және ұзындығы 70-80 см, жуандығы 3-4 см. Дайындық Ойыншылар екі командаға бөлінеді. Әр команданың капитаны болады. Ойын басталар алдында капитандар жеребе тартып, - қайсы команданың ойынды бастайтынын анықтайды. Командалар бір-бірінен Зм қашыктықта қатар түзеп тұрады. Ойынды бастаушылардың қолында ұзындығы 8 см таяқтар. Ережелері: 1. Бір ойыншыға таяқты бірнеше рет лақтыруға болмайды. 2. Ойыншыларға таяқ лақтырылып жатқан алаңда тұруға болмайды. Ойыннын педагогикалық мәнісі. Ойын кезінде қозғалыстағы нысанаға лақтыру икемділіктері жетіледі, дербестігі мен ынтасы артады, балалардың өзін-өзі сырттай бағалауына мүмкіндік жасалады, олардың ептілігі мен шапшаңдығы дамиды. Басым қимыл-қозғалыстағы нысанаға таяқты лақтару болып табылады. Әдістемелік нұсаулар, Бұл ойынға көп ойыншының қажеті жоқ. Сондықтан ойыншылар саны 40 не одан да көп болса, оларды қыздардың санын теңдей етіп 2-3 топқа белген жөн. Бұл ойын гранат лақтыруға дайындық ретіңде, сондай-ақ қозғалыстағы нысанаға лақтыру икемділіктерін жетілдіруге ұсынылады. "Таяқ ойыны" Өту үшін құрал-жабдығы, алаң. Ойынға ұзындығы 1,5-2м ұшталған найза таяқтар керек. Дайындық. Ойынға қатысушылар қардан қалыңдығы 0,5м қабырға жасап алады. Ойынның сипаттамасы. Жарыс кезіңде әрбір ойыншы белгіленген қашықтықтан қардан тұрғызылған қабырғаға найза таяғын бар күшімен лақтырады. Таяқ күшпен лақтырылса, ұшы қар қабырғаны тесіп шығады. Кімнің найзасы көбірек тесіп шықса, сол жеңеді. Ережелері. 1. Найза таяқты жетекшінің нұсқауымен ғана лақтыру қажет. 2. Кезекте тұрған ойыншылар таяқ лақтырылатын жаққа өтпеуі керек. Ойынның педагогикалық мәнісі. Бұл ойынға барлық ойыншылар белсенді қатыса алады. Ойын гранат және найза лақтаруға дайындық ретінде қарастырылады, өйткені лақтыру икемділіктерін жетілдіреді, қол күшін арттырады, шапшаңдық пен дәлдікті дамытады. Басым қимыл — лақтыру. Әдістемелік-нұсқаулар. Бұл ойынға ұлдар да, қыздар да қатысады. Ойынды үйінді қардың қасындағы алаңдарда өткізуге болады. Қыздар үшін лақтыру қашықтығы қысқалау болады. Ойынды күрделендіруге болады: таяқты ұзынырақ қашықтыққа екпінмен келіп лақтарсын. Мұндай әдіс ойыншыларға гранат және найза лақтыру икемділіктерін игеруге мүмкіндік береді. "Соқыр теке". Өту үшін құрал-жабдығы: Алаң. Спорт залы. Ойынға орамал керек. Дайындық. Ойыншылар қол ұстасып, дөңгелек құрайды. Үш, төрт адам дөңгелектің ішінде, олардың біреуінің көздерін орамалмен таңып қояды. Ойынның сипаттамасы. Дөңгелектің ішіндегі ойыншылар жүргізушіге жақыңдап келіп, оны түрткілеп қашады. Егер жүргізуші біреуді ұстап алып, оның кім екенін біліп қойса, онда ол орамалды шешіп, ұсталған ойыншының көздерін таңады. Ережелері. 1. Ойыншылар дөңгелектен шықпауы тиіс. 2. Жүргізушіні итеруге, аяғынан шалуға болмайды. Ойынның педагогикалық мәні. Ойын қатысушылардан байқағыштықты, ынта мен шапшаң ұғынуды талап етеді, шыдамдылық пен шапшаң қимылдауға, батылдық пен зеректікке тәрбиелейді, қозғалысқа және бағытты өзгерте отырып жүгіруге, қашуға, кеңістікте жылдам бағдар алуға үйретеді. Әдістемелік нұсқаулар. Бұл ойынды сабақтың соңында өткізген дұрыс, ойын балалардың зейінін жинақтап, демалдырады. Егер қатысушылар саны 40 адам болса, онда оларды 3-4 топқа бөліп, әр топта ойынды бөлек өткізу керек.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!