Материалдар / Баяндама"Бастауыш сынып оқушыларының тілдерін ауызша және жазбаша дамыту"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Баяндама"Бастауыш сынып оқушыларының тілдерін ауызша және жазбаша дамыту"

Материал туралы қысқаша түсінік
Тіл дамыту.Тіл ұстарту.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Ақпан 2021
530
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бастауыш сынып оқушыларының ауызша және жазбаша тілдерін дамыту


Бастауыш білім -үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы, қиын да жауапты жұмыс.

Ең бастысы, сол бастауыш мектеп балаға белгілі бір білім дұрыс қалыптастыру, жағдайларды объективті түрде бақылап, талдау жасауға үйрету, ойын дұрыс айтуға, салыстыра білуге, дәлелдеуге, сөйлеу мәдениетіне баулиды. Дамыта оқудың басты мақсаты-баланы оқыту дегеніміз-адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі.Өмірде дұрыс жол табу үшін адам ой түйіп, өздігінен сапалы,дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі керек. Адам бойындағы қабілеттерін дамытып, олардың өшуіне жол бермеу адамның рухани күшін нығайтып, өзін-өзі тануына көмектеседі.

Оқушының шығармашылық кабілетін дамытуға мектеп қана мақсатты түрде ықпал ете алады.Ол үшін мұғалім мейірбан ете алады. Тентегін де, тіл алғышында, жалқауында, ыждағаттысын да бірдей жақсы көруі қажет.

Казіргі таңдағы білім беру парагдимасы өзгеріп отырған кезеңде эстетикалық тәрбие арқылы балалардың тілін дамыту маңызды орын алады. Бұл мәселе пәнаралық байланыстың, соның ішінде мектепте жүргізілетін тіл дамыту сабақтарымен тығыз байланысты. Тіл дамыту жұмыстарын жүргізу ауызекі сөйлеу тілі және сауатты да қөркем жаза білу дағдыларын жетілдіру қамтамасыз ететін тәсіл болып табылады.

Берілетін білім мазмұнын эстетикалық талғамға сай жетілдіру –тіл дамыту мәселесінің жанды өзегі.

Тіл дамыту -оқыту.білім мен тәрбие берудің ең маңызды да салмақты мәселесі, ол арқылы жас ұрпақты тіл өнеріне баулу, туған тілінің қыры мен сырын терең меңгерту, ойын жатық та көркем етіп жеткізе білу, мәдени еті, сауаттылыққа баулу іс-әрекеттері-тіл дамытудың ажырамас бірлігі. Тіл дамыту мен ой дамыту -тұтас жүйе.

Екеуі қосылып, өмірді, әлемді, дүниені танытады, тіпті екеуі оқушының ішкі «менің» танытады. Тіл өз алдына адамды адам етіп қалыптастыратын құрал болса, тіл дамыту сол үрдістің ең негізгісі болып табылады.

Cөз, тіл-бас-ми сыңарларының жоғарғы функциясы. Сөз, тіл ойлаумен тығыз байланысты. Тілсіз ойлау мүмкін емес, тіл мен ойлау ажырамас бірлікте. Тіл ойдың материялданған түрі. Ой тіл арқылы жеткізіледі, айтылады, сөз арқылы безендіріледі. Әрбір ой міндетті түрде белгілі сөздік материалда пайда болады.

Балалар тілін дамыту жұмысының негізгі мазмұны-сөздің жалпы ұғым беретін жағын меңгеруге көңіл бөліп, ойлау қабілеттерін дамыту,өз ойын еркін жеткізуін, қоршаған ортамен, айналасындағы адамдармен еркін қарым-қатынасқа түсіп, сөйлеу қабілеттерін қалыптастыру. Сұлулық туралы түсінігі жоқ бала мейірімді бола алмайды, мейірімділік қасиеті жоқ адам әдемілікті де елемейді. Баланың шығармашылық қиял қабілеттерін, эстетикалық сезімін, талғамы мен көзқарасын, мәдениетін, ой-өрісінкеңейтіп, қоршаған орта өміріндегі әсемдік пен сұлулықты сезініп, бойына сіңіре білуге тәрбиелеудің алғашқы сатысы-тілін дамыту.

Көркем шығармаларды, ертегілерді, әнгімелерді, тақпақтарды сахналандыру арқылы балалардың еркін сөйлеу тілі жетіледі. Қаратпа сөзді,көтереңкі бірыңғай сөздерді сахналап айту арқылы сөздің интонациясын меңгереді, сөздік қоры байи түседі, кейіпкердің басына түскен күйініш, сүйінішін дауыс әуенімен жеткізуге тырысады.

Бастауыш мектеп ана тілі оқулығына енгізілген ертегілер негізінен балаларға арналған ертегілер болып,оларды оқытуда оқушылардың жас ерекшелігіне сай сыныптарды жеке қарастыруға тура келеді.


1-2 сыныптар:

1.Ертегілерді дауыстап,көтеріңкі әуенмен оқуға дағдыландыру керек. Бастауыш сынып оқушылары ертегінің қай түрге жататындығын аңғара алмайды.

Сондықтан оқытушы ертегінің қай түрге жататындығын айтып беруі керек және қысқаша түсінік жасаса да болады.

2.Мәтінде кезігетін жаңа сөздердің мағынасын қабылдау өресіне түсіндіріп беру керек.

3.Ертегіні оқып болғаннан кейін оқушыларға қайта-қайта әңгімелету арқылы сөйлеу

қабілетін жетілдіруге мән беру керек,

4.Мәтіннің идеялықмазмұнын жинақы баяндап түсіндіруге көңіл бөлу керек.

3-4 сыныптар:


1.Оқушылардың ертегілерді дербес оқып түсіну қабілеті біршама жоғары болады.

Бұл сыныптарға ертегілерді оқытуда, алдымен ,оқытушы ертегінің мазмұнын ашып бере алатын сұраулар беріп,оқушылардың сол сұраулар бойынша оқып, қайталап айтып бере алатындай болуы үшін алдын-ала тапсырма беру керек,

2.Сыныпта алдымен берілген тапсырманың орындалу жағдайын тексеріп көру,онан соң оқытушы қызығарлық етіп әнгімелеп беру,сол негізде оқушыларды қызықтыра отырып оқуға және әңгімелеп беруге жұмылдыру керек.

3.Талдау жасауда оқиғаға талдау жасауды басты орынға қою керек. Оқиғаны талдау негізінде ертегілердің негізгі идеясын қорытындылап беру қажет. Осы тұрғыда басты сөз ,сөйлемдердің мғынасын түсіндіріп кетуге болады.

4.Ертегілерді талдау барысында көріністер әр түрлі мақұлықтар, жануарлар суреттелгенімен, іс жүзінде шынайы өмірдегі адамдар арасындағы қатынас бейнелетіндігін ескертіп отыру керек.

Адамның табиғаты сын сағатта ол құбылысты қалай түсіне білетіндігімен және неге сенім артатынымен анықталмақ. Өмірлік мәні бар мәселе тұрғысынан келсек-адам өзін-өзі мәдени өлшемдер мен бейнелер арқылы танитын болса,ол философиялық,гуманитарлық,теориялық және қолданбалы білімдерді,сонымен бірге мәдениет пен жаратылыстануға қатысты білімдерді біртұтас құбылыстың аясында топтастыра, ұштастыра алатын қабілетке ие болады.

Өзін-өзі тану қатысты этикалық (әдеп) жол адамның шынайы болмыс-бітімін танып-білуге құрылмаған.Ол оқушыларға әдеп сақтауды,ибалы болуды үйретеді. Тұлға осының арқасында адамның, қоғам мен табиғаттың тұрақты дамуын қамтамасыз ететін құндылыққа ие болады. Білім беру ісін ізгілік аясында ұйымдастыру қажеттілігі мынадай себептерден пайда болды: экзистенциалдық бос кеңістікті еңсеру, адам баласын өз мінез-құлқын ізгілік негізінде сараптап,адами жалпы құндылықтар негізінде өз өмірін саналы түрде құра білуіне үйрету.

Ал психологиялық жол адамның ішкі әлемін терең түсінуге құрылған.

Алаңдаушылық-өмірдің мәні мен қадір-қасиетін түсінудің бірден-бір жолы.

Адамның өзін-өзі тану процесі оның тұлға болып қалыптасуына және жетілуіне қажетті шарт болып табылады. Оның тиімділігі мынада:адамды өзін-өзі тануға және қабылдауға үйретеді, яғни өзінің қандай екеніне қарамастан өзін сыйлайтын, жаңалыққа жаны құмар, әлеуметтік жауапкершілікті сезіне алатын, өзгелерді де түсіне білетін әрі сыйлай алатын, шығармашылық белсенділігі жоғары, өмірге құштар тұлғаны тәрбиелеп шығарады.

Өзін-өзі тану арқылы адамның адами қасиеттері дамиды және шығармашылық қабілеттері шыңдалады, өзінің ішкі әлеміне үңілу арқылы өзін жақсы да жағымды жағынан қабылдап, өмірдегі мұратын танып-біледі.Әдетте оқыған адам әр нәрсенің қадірін біледі,өз қадір-қасиетін төмен түсірмей,еңсесін тік ұстайды.

«Өзін-өзі тану» пәнінің терең мәні ұлттық білім беру жүйесінің әлеуетін қоғам мен тұлғаның тұрақты даму факторы ретінде едәуір тереңдетуге мүмкіндік береді.

Өзіндік таным-қоғам мен тұлғаның ұдайы даму негізі жоғары технологиялар заманында адамның парасаттылығы, білімділігі мен өз ісіне шығармашылық тұрғыдан күшті болуы кез келген мемлекеттің негізгі капиталы болып табылады. Білім беру іс стандартының негізі білім сапасына қатысты талаптардан тұрады. Бұл білім деңгейінің өлшемі ретінде қазіргі қоғамға аса қажет.

Қазіргі өмірдегі қоғамның тұрақты дамуы тұжырымдамасы жергілікті, сондай-ақ ғаламдық мәселелерді шешуші жол ретінде қарастыруда. Тұрақты даму турасындағы осы кездегі ұғым оның бастапқы (экологиялық тұсы басымдау) аясын, яғни экологиялық, экономикалық және гуманитарлық компоненттер енетін күрделі әрі диалектикалық жүйесіне дейін кеңейте түскен.

Тұрақты даму болашақтан күтілетінді құрылымдауды мақсатты түрде талап етуде, бұл негізінде дүдәмал, балама нәрсе. Бұл белгісіздікті қолда бар даму баламалар мен болжамдар болашағы бар және басқаруға келетін ең қолайлы да анағұрлым айқын үрдістер шоғырының шығуы арқасында айтарлықтай азайтуға болады.

Өзін-өзі тану процесінде ақыл-ой мен махаббат сезімі сынды шынайы адамдық қаблеттерді жетілдіре отырып қана, адам мен табиғат,адам мен адам арасындағы үйлесімдікке қол жеткізу мүмкін.

«Өзін-өзі тану» пәнінің тұжырымдалық негізі адам бойында басқа жұрт, қоғам, табиғат алдындағы адамгершілік жауапкершілік, яғни ізгілікті дүниетану түсінігін қалыптастыруды ниет етеді. Ізгілікті білім берудің өзегі болғандықтан, аталмыш пәннің мойнына «адамды жасаушы» міндетін (жеке адамның өз ерекшелігі мен рухани терең ой-өрісін пайымдай біліп, өзімен әрі қоршаған ортамен үйлесімді өмір сүруге мүмкіндік беретін ізгі қатынастарды қалыптастыруда) атқару жауапкершілігі артылып отыр.

Өзін-өзі тану білім берудегі жаңа философияны айқындаумен бірге, адам неге, не үшін және қалай оқуда деген «мәңгілік сауалдарға» жаңаша жауап беруге жағдай тудырады. Білім берудің бұрынғы парадигмасының мәні «Білім-өмір бойына» ұранымен көрсетілсе, жаңасында «Өмір бойы білім алу» делінеді.

Қазіргі кезде еліміздің түпкір-түпкіріндегі мектептерде, әрбір сыныпта Қазақстан жерінде қанша ұлт болса соншама ана тілінің қазіргі кездегі дамуындағы жетістіктері мен кемшіліктеріне баса назар аударып, туған ана тілімізде сүйіп, құрметтеуіміз қажет.

Қазіргі таңда қоғамда тілдің өз орны айқындалды. Елбасы Н.Ә. Назарбаев: «Қазақстанның болашағы қазақ тілінде» деген. Елбасы тіліміздің қолданысы мен дамуының бағдарламасын жасап, «Тілдерді қорғау мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын қабылдады. 2012-жылы 14-желтоқсанда Елбасымыз басқа ұлт азаматтарының қазақ тілінде сөйлеп, қызмет көрсетіп жатқандарын тыңдап ризашылығын білдірді, қосымша ақы төленетіндігін айтты.

Адам туған тілімен өсіп, дамиды, көркейеді. Тілсіз адамның болашағы жоқ. Еліміз тәуелсіздігін алғаннан бері талай сыңнан өтті, сол сыңдарлы жылдарада ел іргесін ұстаған осы тіліміз.

Мектепке дейінгі кезеңде бала тілінің қалыптасуына ересек адамдардың сөзінің әсері өте күшті. Бала оларға үнемі еліктеп, өз бетімен сөз шығаруға талпына бастайды, ол басқа балалардың, тіпті үлкендердің сөзінде байқалған қателіктерді көргіш келеді, яғни баланың тіл сезімі күшті болады.

Отбасында баланың сөйлеу әрекетінің дұрыс қалыптасуына жеткілікті көңіл бөлінсе, мектепке келгенде оңай хат танып, сабақты жақсы үлгеріп кетеді. Осындай балалардың ана тіліндегі сөз қоры 4000-ға дейін жетіп отырады.

Балалардың сөйлей бастаған кездерінен бастап олардың, дұрыс, анық, дәл сөйлей алуына ерекше көңіл бөлу қажет. Мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеуін тәрбиелеу ( бұл балалар психологиясының негізгі мәселелерінің бірі) ата-аналар мен тәрбиешілердің ерекше көңіл бөлетін мәселесі.Баланың сөйлеуі мектепке дейін тек қарым-қатынас ролін атқарса, мектепте жүргенде білім жүйелерін меңгерудің негізгі құралы қызыметін атқарады. Мектепке түсу бала тілінің жоспарлы түрде дамуына өте қолайлы жағдай туғызады. Сауат ашу, оқып, жаза алуға үйрену, мектепке дейінгі өз бетінше меңгерген ана тілін енді арнаулы пән ретінде оқып-үйрену бала тілінің дамуына бұрын-сонды болып көрмеген үлкен өзгерістер енгізеді. Тілді меңгеру барысында баланың сөйлеу ерекшеліктері онан сайын жетіліп, дами түседі.

Енді мен ғылыми зерттеу дипломдық жұмысымды жаза отырып тілді дамыту оқушы тұлғасын қалыптастыруда тілді дамытудың өзекті мәселе екенін айта келіп ата-аналарға, тәрбиешілерге, кәсіби мамандар мен мектеп ұстаздарына ,болашақ мамандарға мынадай ұсыныстарды орындауын ескертемін:

1) Оқушылардың жеке дыбыстарды, буындарды, сөздерді дұрыс жаза және айта алуына, 770 ₸ - Сатып алу

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!