«Физика сабағында оқытудағы
инновациялық әдістер»
Біз даналықты үш жолмен
үйренеміз:
Ойлану - ең ізгі
жол;
Еліктеу – ең жеңіл
жол;
Тәжірибе жолы – ең ауыр
жол.
/ Бенедикт
Спиноза/
Стратегия -ұзақ уақытты қамтитын кез
келген іс-әрекеттің жалпы жоспары және мақсатқа жету
тәсілі.
Педагогикалық
стратегия – білім беру мақсаттары мен
міндеттеріне қол жеткізу үшін сыныпта
қолданылатын жоспарланған, әрі
жүйеленген әдістер мен тәсілдердің
жиынтығы.
Ұлы педагог Ушинский: «Мұғалім білімін үздіксіз көтеріп отырғанда
ғана мұғалім,ал оқуды ,іздеуді тоқтатса мұғалімдігі де жойылады»
деген болатын.Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында «Білім
беру жүйесінің басты –міндеті ұлттық және азаматтық құндылықтар мен
практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және
кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау,
оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру,
халықаралық ғаламдық коммуникациялық желіге шығу делінген.Бүгінгі
таңда жас ұрпаққа пәнді тиімді ұғындырудың бір әдісі-жаңа
технология негіздері болып табылады, яғни инновациялық
технологиялар.
Қазіргі білім беру жүйесіндегі жаңа педагогикалық технологиялардың
танымдылыққа ие:саралап оқыту; дамыта оқыту;деңгейлеп оқыту;
шоғырлан-дырып, қарқынды оқыту; модульдік оқыту; блок-модульдік
оқыту; жобалап оқыту технологияларымен қатар,тікелей
ақпараттық-коммуникациялық технологиялар көмегімен жүзеге
асырылатын:комьпютерлік технология;
мультимедия технологиясы; қашықтықтан оқыту технологиясы;
желілік
технология; интернет технология; интерактивтік технология деп
аталатын түрлерін білім берудегі инновациялық технологиялар тобына
жатқызамыз.
Барлық жаңа технологияның алдымен қоятын мақсаты-білім алушының
жеке басының дара және дербес ерекшеліктерін ескеріп,олардың өз
бетінше ізденуін арттырып, шығармашылықтарын қалыптастыру болып
табылады.
Қазіргі білім беру саласындағы инновациялық технологияларын
меңгермейінше сауатты, жан-жақты білгір маман болу мүмкін
емес.Иннова-циялық технологияны меңгеру мұғалімнің зейін зерделік,
кәсіптік, адамгершілік, рухани азаматтық және басқа да көптеген
ұстсздық келбетінің қалыптасуына әсерін тигізеді, өзін-өзі
дамытып,оқу-тәрбие үрдісін жүйелі ұйымдастыруына көмектесетіндігі
һақ.Инновацияны жете түсініп, инновациялық әдіс-тәсілдерді мектеп
өміріне кеңінен енгізу жас ұрпақтың саналы да сапалы білім алудың
бірден-бір шарты болып табылады.
Қазіргі заман мұғалімінен тек өз пәнінің терең білгірі болу емес,
тарихи
танымдық, педагогикалық-психологикалық сауаттылық, саяси
экономикалық
білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етілуде.Бұл заман
талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен
жұмыс істеп, оқытудың озық технологиялары мен инновациялық
әдістерді сабақ үрдісінде тиімді пайдалана алатын білігі мен білімі
жоғары ұлағатты ұстаз болу керек деген сөз. Ұстаздық жолды ұстанған
тұлға үшін педагогикалық шеберлікті жетілдіру негізгі мақсат болып
табылады. Өйткені мұғалімнің шеберлігі шәкіртті қалай, қалайша
оқыту үшін оның психологиясын білу; екінші жағынан,
оқытып-тәрбиелеудің әдіс-тәсілдерін, жолдарын терең білу және оны
қолдана білу мен астасып жатқан мәселе.Тәжірибеде осы талаптарға
сай мұғалімдер шеберлігі қалыптасып жетіледі.Педагогикалық
шеберліктің негізгі балалардың өз еркімен дамуына жол ашу,
оқу-тәрбие процесінде оқушылармен педагогикалық ынтымақтастықта
жұмыс атқарудың форма-ларын, әдістерін дамыту, шәкіртке деген
қамқорлық пен сүйіспеншілікті арттыру, жұмыс әдіс-тәсілдерін жаңаша
жандандыра түсу педагогикалық шеберліктерінің басты сипаты болып
табылады.Сондықтан әрбір мұғалім күнделікті сабағына өмір талабына
сай дайындалып педагогикалық технологияларды, инновациялық
әдістерді кеңінен пайдалануы тиіс.Ол заман талабы.Мұғалімнің
шығармашылық жұмысы ең бірінші сабаққа даярлықтан басталады, яғни,
өтілетін сабақтың жоспарын құру, оны өткізу әдістемесі, оқушылардың
қабілеттерін, жас ерекшеліктерін ескере отырып, иллюстрация,
техникалық құралдарды, дидактикалық материалдарды
пайдалану.Мұғалімнің осы шығармашылық әрекеті арқылы оқушының
шығармашылық қабілеті қалыптасады.Ал, шығармашылық қабілеттер
шығармашылық елес, шығармашылық ойлау арқылы жүзеге асады. Оқушыны
шығармашылық ойлауға, жылдамдыққа, икемділікке, тапқырлыққа үйрету
ол мұғалімнің әр сабағында қалыптасып отыратыны анық.
Қазіргі білім берудегі жаңа әдістер оқушының өз бетінше білім
алуына, танымдық белсенділігін арттыруға, шығармашылығын
қалыптастыруға, кез-келген мәселе жөнінде өз пікірінің болуы және
оны дәлелдей алуы тағы сол сияқты ықпал ететіндігі белгілі.Осы жаңа
әдістерді қолдану кезінде педагогикалық-психологиялық талаптарды
біріктіре отырып, оқушының оқу материалын терең игеруіне жағдай
жасау қажеттілігі ескерілуі тиіс.М.Жұмабаевтің «Педагогика» деген
еңбегінде «Сабақ барысында мұғалім оқушыға тақырыпты жеткізу үшін
алдымен балаға жаңа беретін білімді жат күйінше емес, баланың
бұрынғы таныс біліміне байлап берсін»делінген.Қазіргі кезде
қолданылып жүрген әдістерді бала бұрынғы өзі білетін нәрсенің
ерекшеліктерін саралап, оның жетістігі мен қажеттілігі арқылы жаңа
білімді алуға ұмтылады.Мен өз сабағымда жаңа технологиялар-
ды қолданып жүрмін.
Жаңартылған білім бағдарламасы бойынша физика сабағында оқытудағы
инновациялық әдістердің екі немесе үш әдісті тиімді қолданып,
сабағымыз-ды жүйелі түрде өткізуімізге болады.Себебі, әр сабағымыз
қол жетімді әрі қарапайым болуы керек.Сонымен бірге сабақта
әдістердің бірнеше түрін қолдану ол мұғалімнің шеберлігіне және
сыныптың білім сапасына да байланысты. Мен өз сабақтарымда бұрынғы
қолданып жүрген әдістерден бөлек мына әдістерді де
қолданамын.
«Шахмат»әдісі
Шахмат тақтасының суретін
пайдалану арқылы оқушылар бос ақ ұяшықтарға өз ойларын кезекпен
жазады, кейін ой бөліседі.
«Джигсо»
әдісі
Жаттығудың
сипаттамасы: «Джигсо» әдісінің артықшылығы
– топта жұмыс істеуге арналған құрылым ұсынып, сөйлеу және тыңдау
дағдыларын дамытуды қамтамасыз ететіндігі.
• Мұғалім сыныпты шағын топтарға бөледі (әдетте, төрт
адамнан). Мұғалім оларды сыныптың тепе-теңдігін сақтай отырып,
қабілетіне, қарым-қатынастарына қарап бөледі.
•
Құрылған әр
топқа дәстүрлі тапсырма беріледі.
Тапсырма үлестірме материалдар түрінде таратылады. Күрделілігі
бойынша оқуға арналған материалдің тиісті күрделілік деңгейі
сақталуы керек. Егер топ төрт адамнан тұратын болса, басты
тапсырманың ішінде топтың әр мүшесіне бір сұрақтан төрт сұрақ
немесе тапсырма болады. Сұрақтар немесе тапсырмалар топ ішінде
оқушылардың өзара келісуі арқылы бөлінеді.
• Нақты бір сұрақты немесе
тапсырманы таңдаған оқушылардың барлығы
Сарапшы
топ деп аталатын жаңа топ құрылып,
ортақ проблеманың шешімін табу үшін олар бірлесіп жұмыс істейді.
Тапсырманы орындаудың бұл кезеңінің соңына қарай оқушы өзге
«сарапшылармен» өзара қарым-қатынас жасап, мәселені талқылаудың
арқасында өз сұрағы бойынша сарапшы болып
қалыптасады.
• Оқушылар бастапқы топтарына
қайтып оралады. Материалдар таратылады да, бастапқы топтарға ақтық
тапсырма беріледі. Ол ұжымдық қорытынды шығару немесе жеке тапсырма
болуы мүмкін. Бұл тапсырманың көздегені: тапсырманы сәтті аяқтау
үшін оқушылар әрқайсысының сарапшы топта болған кезде алған
мәліметтерін ескере отырып, бастапқы топтың бірлескен «ақылына»
сүйенуін қамтамасыз ету
«Шеринг»әдісі
Барлығы шеңберде отырады,
жүргізуші бастап, кезекпен барлығы тақырып бойынша түйінді ойды
қорытындылайды. Идеялар қайталанбау
керек.
«Тепе-теңдік дөңгелегі»
әдісі
Шеңберде бірнеше бөлік болады.
Әрбір идея 0-ден 10-ға дейін балл арқылы анықталып, белгіленеді.
Кейін нүктелер қосылып, баланс шыққаны-шықпағаны
талданады.
«Галереяны
шарлау»әдісі
Қабырғаға дайындалған постер
ілінеді. «Галереяға саяхат» –топтар кабинет ішінде қозғалысқа
түседі, қабырға газеттерін қарайды, сараптайды, талдайды және
жапсырма қағазға пікірін немесе сұрағын жабыстырып кетеді.
Галереяға саяхат аяқталған соң, топтар жұмыстарға шолу жасап, өз
қабырға газеттеріне жазылған сыныптастарының пікірін сараптайды,
талқылайды, сұрақтарға жауап береді және қорытынды
жасайды.
«Кинометафора»әдісі
Бір мәселе бойынша
бейнесюжеттен үзінді көрсету арқылы баланың өз ойын, ой-пікірлерін
білуге болады.
«Екі дұрыс,бір бұрыс»әдісі
Өткен тақырып немесе үй
тапсырмасы бойынша екі дұрыс, бір бұрыс жауабы бар тест құрап
жұптық жұмыс немесе топтық жұмыс жасауға
болады.
«Ұшақ»әдісі
Бұл әдіс үй тапсырмасын
тексеру кезеңінде қолданылады. Ұшақтың бір қанатына есеп жазылып
әкелінеді де сыныптасына ұшырылады. Ол өз кезегінде есепті шығарып,
үшінші оқушыға ұшырады. Ол шығарылған есепті
тексереді.
«Өрмекші
торы»әдісі
Постерге физикалық шамалар мен
ұғымдар жазылады. Оқушылар бір ұғымға қатысты шамаларды
біріктіреді.
«Туннель»әдісі
Оқушылар туннель құрып тұрып,
туннельден өтушіге өткен сабақ ұғымдарын түсіндіреді. Туннельден
қайтқан бала түсінгенін айтып береді.
«Демонстрациялы
күнделік»әдісі
Парақтың бір бетінде физикалық
тәжірибе суреті тұрады, екінші бетіне тәжірибені орындап, нәтиже
жазылады.
Қорытынды:
«Басқаны үйреткен кісі
қайталау арқылы меңгерген білімдерін нығайтумен ғана емес, пәнге
үңілуге мүмкіндік алумен де өзін-өзі үйретеді.Сондықтан да асқан
дарынды Иохим Форций өзі жайында:"Не істеп,не оқысам да соның
бәрі,тіпті бір айдың ішінде-ақ ойымнан шығып кетеді,ал басқаларға
үйреткенімді өзімнің бес саусағымдай соншалық айқын білемін",-деген
екен.Сондықтан ол зор табыстарға жету үшін шәкірттерінің өздеріне
шәкірт тауып, оларға күн сайын өздері үйреніп жатқан нәрселерін
үйретіп отыруды кеңес етіпті»
Я.А.Каменский