Материалдар / Баяндама:"Химиялық тәжірибелер-тиянақты білім көзі
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Баяндама:"Химиялық тәжірибелер-тиянақты білім көзі

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл баяндама химия мұғалімдеріне арналған. Жаңа сабақты химиялық тәжірибелер арқылы түсіндіріп меңгерту жолдары берілген. Химия мұғалімдерімен тәжірибе бөліскім келді
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
660
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Химиялық тәжірибелер- тиянақты білім көзі

Химияны оқытуда оқушылардың меңгерген теориялық білімін зертханалық және сарамандық жұмыстарымен байланыстыра бекітудің маңызы зор. Себебі оқушының теориялық білімі зертханалық тәжірибелер арқылы бір зат екінші затпен қосылғанда қандай заттар түзілетінін, нәтижесінде байқалатын құбылыстың химиялық мәнін түсінгенде жақсы еске сақталады. Оқушыларды химия пәніне қызықтыратыны – қызықты, сиқырлы тәжірибелер. Абақты түсіндіру кезінде тақырып көлемінде кездесетін тәжірибелерді мұғалімнің басшылығымен оқушылардың өздеріне орындатып, реакция теңдеулерін және байқалған құбылыстарын жаздыртып отыруға болады. Осындай іс- әрекетке дағдыланған оқушылар басқа сабақтарда да еркін жұмыс жасай алады.
Өз тәжірибемнен 8-сыныпта Тұз қышқылы және оның тұздеы тақырыбын зертханалық тәжірибелер, демонстрациялық тәжірибелерді пайдаланып оқыту әдістемесін ұсынып отырмын.
Сабақтың тақырыбы: Тұз қышқылы және оның тұздары
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға тұз қышқылы және оның тұздары туралы толық мағлұмат беріп, тұз қышқылын және оның тұздарын сапалық реакциялар жолымен ықтап, тани білуге үйрету;
Дамытушылық: Оқушылардың ғылыми түсініктерін және тәжірибе жасау икемділіктерін дамыту;
Трбиелік: Қоршаған ортаны қорғауға, қышқылдар мен тұздарды тиімді, ысырапсыз пайдалануға тәрбиелеу.
Сабақ түрі: аралас сабақ
Қажетті реактивтер: магний, мырыш, мыс металдар, тұз қышқылының концентрлі және сұйылтылған ерітінділері, аммиак, күміс нитраты, натрий хлориді, мыс (ІІ) сульфаты, натрий гидроксиді, натрий бромиді, калий иодиді ерітінділері. Индикаторлар.

Сабақтың барысы:
Үй тапсырмасын тексеру: Оқушылардан жазбаша түрде алуға болады. Оқушыларға сұрақтар қойылып, жауабын жазбаша 10-12 минут уақыт аралығында барлық оқушылардың білімін тексеруге мүмкіндік болаы. Қалған уақытты жаңа тақырыпты түсіндіруге, бекітуге, зертханалық жұмыстарды орындауға және сан есептерін шығаруға пайдаланылады.
Хлорсутек тақырыбын пысықтауға арналған тапсырмалар:
І нұсқа
1. Хлорсутек газын алғаш рет ашқан кім?
2. Хлорсутектің судағы ерігіштігі қандай?
3.Хлорсутек газын өнеркәсіпте қалай алуға болады?
4. Хлорсутектің электрондық формуласын жаз.
5. 14,9г калий хлоридін күкірт қышқылымен әрекеттестіргенде түзілген хлорсутек газын 8г натрий гидроксидінің ерітіндісінен өткізген. Түзілген ерітіндіні қыздыру арқылы суалтқанда бөлінген құрғақ натрий хлоридінің массасын есептеңіздер.
ІІ нұсқа
Хлорсутектің химиялық формуласын жаз
Хлорсутектің физикалық қасиеті қандай?
Хлорсутек газы қандай заттар өндіруде қолданады?
Хлорсутек газын зертханада қандай жолмен алуға болады?
Егер реакция нәтижесінде (қ.ж) 9л хлор газы бөлінген болса, реакцияға кіріскен марганец (ІҮ) оксиді мен тұз қышқылының массасын есептеп шығарыңыз

Жаңа тақырыпты түсіндіру: Тұз қышқылы және оның тұздарының қасиеттеріне тоқталмас бұрын оқушылардың қышқыдар тақырыбын өткен кезде олардың құрамы, жіктелуі, алыну жолдары және жалпы химиялық қасиеттерін естеріңе түсіру керек. Көмекші сұрақтар арқылы жаңа тақырып пен өткен тақырыптар байланыстырылады. Мысалы: Қышылдар дегеніміз не? Тұз қышқылының формуласы қалай оқылады? Тұз қышықылы неше негізді? Т.б сұрақтар оқушыларға өткен тақырыпта алған білімдерің пайдалануға жүктейді.
Оқушылардан сұраққа жауап алынғаннан кейін тұз қышқылыны алыну жолы демонстрациялық тәжірибе түрінде көрсетілді.
Тұз қышқылының алыну жолы.
Зертханалық жағдайда тұз қышқылын хлорсутек газын сумен қосу арқылы алады. Тұз қышқылын алу үшін алдын ала хлорсутек газын алып дайындап қою қажет. Прибордың төңкеріліп қойылған үстіңгі қолбасы хлорсутек газына толған, астыңғы колбада кө түсті лакмус қосылған су ерітіндісі. Түтікше арқылы ауа үрлегенде төменгі колбада көк түсті су ерітіндісі жоғары қарай көтеріліп, үстіңгі колбаға фонтан түрінде атқылап, хлорсутек газы сумен шабытты әрекеттесіп, көк түсті су ерітіндісі қызыл түсті ерітіндіге айналады.
Осылай демонстрациялық тәжірибе арқылы тұз қышқылының алыну жолын көрсете отырып, жетекші сұрақтар қою арқылы оушылардың өздеріне қорытынды жасатуға болады. Мысалы, хлорсутек қандай физикалық қасиет көрсетеді? Хлорсутектң судағы ерігіштігі қандай? Үстіңгі колбадағы ерітіндінің түсі неге қызыл түске өзгерді?
Сұрақтарға толық жауап алынғаннан кейін, тұз қышқылының химиялық қсиеттері сипатталады.
Тұз қышқылының химиялық қасиеттері.
Тұз қышқылының химиялық қасиеттерін сипаттауға арналған тәжірибелерді қушылар өз орындарында үстелдің үстіндегі реактивтер көмегімен орындайды.Ондағы өзгерістерді бақылап, реакция теңдеулерін дәптерлеріне жазып отырады.
Қышқылдар металдармен әр түрлі жағдайда әрекеттеседі.
Ерімейтін негіздермен әрекеттесіп, тұз жәе су түзеді(мыс (ІІ) гидроксидін тәжірибеге пайдаланады)
Тұз қышқылы мен оның тұздары үшін ерекше қасиет- олардың күміс нитратымен әрекеттесуі. Осы кезде суда да, қышқылда да ерімейтін ақ тұнба түзіледі.
Концентрлі тұз қышқылының тағы бір қасиеті- аммиак ерітіндісімен әрекеттескенде ыдыс ішінде түзілген тұз түтін тамшылары түрінде көрінеді.
Тұз қышқылының қолданылуы
Тұз қышқылының қолданылуы оқулық бойынша түсіндіріледі. Сондай-ақ қосымша тұз қышқылы туралы мәлімет беріледі. Мысалы, адам ағзасындағы қарын сөлініңқышқылдығы азайған жағдайда тұз қышқылының ерітіндісі беріледі. Егер тұз қышқылы сөл құрамында артып кетсе, адам асқазаны ауруға шалдығаы. Адам күнделікті тәулігіне 17г тұз қабылдауы қажет. Тұз ағзада зат алмасу үрдісіне қатысып, физиологиялық ерітіндіге айналады. Ертеректе ас тұзы өте қымбат тауар ретінде алтынға ғана айырбасталған.
Зертханалық жұмыс
Тақырыбы: Тұз қышқылы, хлоридті, броидті танып, анықтау
Оқушылар оқулық бойынша жұмыстың барысымен танысып, тұз қышықылын, натрий хлоридін, натрий бромидін, калий иодиің төрт сынауыққа құйып, бір ғана реактив- күміс нитратының көмегімен анықтайды. Жұмысты аяқтаған соң, реакция теңдеулерін жазып, қортытындысын кестеге толтырады.

Анықталатын ерітінділер
Анықтаушы
реактив
Химиялық реакцияның теңдеулері
Байқалған құбылыстар

























Кестені толтырғаннан кейін, тапсырманың сұрақтарына жауап жазады.

Жаңа білімді өткен сабақтарда алған білібайланыстыра қарау және химиялық тәжірибелерді тиімді пайдалана білу оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыруме қатар, сабақты тиянақты меңгеруге мүмкіндік береді. Оқушыларға химия пәнінің басқа пәндерден ерекшелігін көрсетуде де қызықты тәжірибелердің тиімділігі зор.
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!