Сауле Масалимқызы
Мустафина
Әлеуметтік
педагог
Сасан би орта
мектебі
Шығыс Қазақстан
облысы
Тарбағатай
ауданы
Құмкөл
ауылы
Мүгедек балаларды қоғамға
бейімдеу арқылы сауықтыру
жолдары
Бүгінгі таңда мемлекет
тарапынан мүгедектер үшін көптеген бағдарламалар жасақталып,
жұмыстар жүріп жатыр. Елбасымыз да өзінің Жолдауында осы мүмкіндігі
шектеулі жандарға қатысты орынды мәселелер көтеріп, оларды жұмыспен
қамтуға ерекше көңіл бөлу керектігін қадап тапсырған болатын. Ең
бастысы мүгедек балаларды сәби кезінен бастап анықтап, олардың
ортаға бейімделуіне жағдай жасауымыз
керек. Жалпы баланы қоғамға бейімдеу мен оқытуда ерте
диагностикалау мен түзету маңызды. Мүмкіндігі шектеулі, мүгедек
балалар тәрбиесіне ерекше мән берілуі
керек.
Мүгедектік латын сөзі
«инвалид» аударғанда «жарамсыз» деген мағынаны білдіреді.
Мүгедектік бұл ауру, жарақат т.б. әсерлердің салдарынан
тұлғаның өмірлік іс-әрекеттері шектеліп келумен сипатталады.
Мүгедектіктің қазіргі мағынасы аурулардың, жарақаттар нәтижесінде
денсаулығы бұзылған, соның кесірінен өмірлік іс-әрекеттері
шектелген және әлеуметтік қорғауды және көмекті қажет ететін адам
дегенді білдіреді. Мүгедек балалар категориядағы жасөспірімдермен
әлеуметтік-педагогикалық жұмыс мақсаты:
*мүгедек балалардың жас
ерекшелігіне сәйкес өмір сүруге деген мүмкіндік жағдайын қамтамасыз
ету;
*Баланы қоршаған ортаға және
қоғамға өзіне-өзі қызмет көрсетуді оқыту дағдысы арқылы максималді
түрде бейімдеу;
*қоғамдық пайдалы еңбекке
қатыстыру, кәсіби тәжірибелер білімін
жинақтау;
*мүгедек балалардың ата-аналарына көмек
ету.
Адамның ең маңызды игілігі –
жеке басының бостандығы мен құқықтары болып табылады. бұл құқықтар
мен бостандықты қорғау, әлеуметтік қолдау, оны іске асыру
механизмдері конституциялық-құқықтық жарғыларда және адам құқығы
туралы халықаралық құжаттарда
белгіленген.
«Кемтар балаларды әлеуметтік
және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау» туралы Заңның 4
тарауында кемтар балалардың құқықтары бекітілген, нақты
ата-аналарының және өзге де заңды өкілдерінің құқықтары мен
міндеттері көрсетілген. 15 бап кемтар балалардың әлеуметтік және
медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдауды кепіл түрде тегін
алуға құқығын бекітті.
«Балалардың құқықтары туралы
Конвенцияда» мүмкіндігі шектеулі балалардың ерекше күтімге, білім
алуы мен дайындығына, әлеуметтік ортада, қоғамда толық құқылы өмір
сүруін қамтамасыздандыру мазмұны 23 бапта
белгіленген.
«Мүмкіндігі шектеулі
тұлғаларды тең құқылы мүмкіндіктермен қамтамасыз ету туралы
стандартты ережелер» (БҰҰ), мүмкіндіктері шектеулі тұлғалардың
қалыпты дамыған адамдармен әлеуметтік жағынан да, саяси, азаматтық,
экономикалық, мәдени жағынан тең құқылы екені айтылған. Бұл
құқықтық құжатта мүмкіндіктерінің түріне қарай мемлекетімізде
арнайы стратегиялар, ақпараттық қызмет пен қол жетімді құжаттарды
әзірлеудің қажеттілігі жайлы бекітілген
Тәрбиенің негізгі мақсаты
еңбекке үйрету, өмірде өз орнын табуға баулу, өмірге икемді жеке
тұлға қалыптастыру. Ең алдымен тәрбие ісіне терең сезім қажет.
Тәрбиеге нағыз сенім бар жерде ғана, нағыз талапшылдық еңбек
тәртібі болады. Еңбек, еңбек– бәрін жеңбек. Осы бір мақалдың ішіне
барлығы сиып тұрғандай. Мүмкіндігі шектеулі, мүгедек балалар
дегенде көз алдымызға еңбекке жарамсыз, ата-ана қамқорлығында
отырған балалар елестейді. Еңбек баланың өмірлік қажеттілігі.
Мүмкіндігі шектеулі, мүгедек балалардың өзіндік еңбек дағдылары
бірден қалыптасып кетпейді. Мұндай балалар атаана мен арнайы
мамандардың көмектерін қажет етеді. Оларға өздерін танытып,
айналасындағылармен араласуға мүмкіндік беру керек. Өздері өте
жасық келеді. Бойында дарыны бар балалар қаншама. Мұндай балаларды
еңбекке баулыса, ертең есейгенде өмірде өз орнын, өз мамандығын
табуға көп көмек болар еді. Күнделікті үй тұрмысындағы еңбектің өзі
баланың еңбек дамуының көзі. Баланың өзіндік қызмет дағдыларының
қалыптасуын қадағалау қажет. Оның дұрыс тамақтануы, тамақтанып
болғаннан кейін ыдыстарын, киімдерін жинау ұқыптылықтары еңбектену
көзінің бұлағы емеспе. Үйде жасалатын жұмыс туралы түсінігін дамыта
отырып, заттық ойын және іс-әрекеттерін ұйымдастыру күнделікті
еңбек дағдыларының қалыптасуы болып табылады. Осы тұрғыда
ата-ананың орны ерекше. Ертең есейгенде олар кім болып шығады деген
сұрақ әрбір ата-ананы ойландыруы тиіс. Баласының қалаған
ісімен еркін шұғылданып, қоршаған дүниені тануына, олардың
толыққанды тұлға ретінде сезінуіне көмектесіп, жол аша білу керек.
Осыған байланысты педагогтар да балаға арналған жеке даму
бағдарламасы бойынша жұмыс жасайды. Ата-ана мен педагогтар бірігіп
жұмыс жасаса мүмкіндігі шектеулі, мүгедек балаларды еңбекке баулу
мәселесі өз шешімін табады.
Әр ата-ана бауыр еті-баласының
дені сау болып туып, қатарынан кем қалмай өсуін тілейді. Ал
балалардың өмірге мүгедек болып келуі кімге де ауыр
соққы.
Әлеуметтік педагог мүмкіндігі
шектеулі балалардың ата-аналарына оларды дұрыс дамыту және
тәрбиелеу мақсатында төмендегідей ұсыныстар
береді:
1.Баланың ерекшелігін дұрыс
түсініп, қабылдаңыз.
2.Балаңызға үнемі шыдамдылық пен сүйіспенешілік танытыңыз.
3.Әрқашан өз-өзіңізге сенімді болып, балаңызға ішкі жағымсыз
қобалжуларыңызды көрсете бермеңіз.
4.Үй тұрмысына байланысты жұмыстарды балаңызбен бірге атқаруға
тырысыңыз.
5.Баланың өз құрдастарымен жиі қарым-қатынаста болуына ықпал
жасаңыз. Қоршаған ортамен қарым-қатынасыңызды үзбеңіз.
6.Егер балаңыздан ойыңдағыңыздай нәтиже шықпаса ренжіп,өкінбеңіз.
Нәтиже міндетті түрде болады.
7. Балаңызға көмек беретін арнайы мамандармен тығыз байланыста
болыңыз.
Мүмкіндігі шектеулі балалардың психологиялық-педагогикалық
түзелуіне, медициналық оңалтуға бала тағдырына жауапты ұстаздар,
дәрігерлер, әлеуметтік педагог бірлесіп ата-анамен тығыз байланыста
жұмыс атқарғанда ғана, олар өзін қоғамның толыққанды мүшесі ретінде
сезінуіне жол ашылады.
Әлеуметтік педагог қызметінде
профилактикалық бағытты ерекше атап өткен жөн. Тұлға аралық
қарым-қатынас дағдылары және оқушылар мен мектепке әсер ететін
көптеген әлеуметтік факторларды үйлестіре отырып, әлеуметтік
педагог ұжымда туындайтын кикілжіңдерді реттеп, оқушылардың әртүрлі
жасерекшелік топтарымен болатын жағымсыз жағдайлардың
алдын алу шараларын
ұйымдастырады.
Мүмкіндігі шектеулі балаларды
мемлекет, қоғамды ұйымдармен әлеуметтік педагог байланыс орнатады.
Мұғалімдермен, ата-аналармен басқа заңды өкілдермен өзара
қарым-қатынас жасайды.
Жалпыға міндетті оқу айлығы
мен «Мектепке жол» және «Қамқорлық» акцияларына жоспар жасап,
жүргізілген шаралардың қорытынды есебін білім бөліміне өткізу, аз
қамтылған және жетім балаларды ыстық тамақпен жетім, мүгедек және
аз қамтытылған отбасы оқушыларын тамақтандыру апараттық және сандық
анықтамасын білім басқармасына тапсыру. Осы санаттағы оқушылардың
үйіне сынып жетекшілері және мектеп психологі, әлеуметтік
педагогтармен бірге барып үй актісін жасау. Керекті мәліметтерді
білім басқармасына уақытылы өткізіп отыру. Сонымен қатар мүгедек,
аз қамтылған отбасы және жетім балаларды жас ерекшеліктерін
анықтап, президенттік, аудандық әкімшілік шыршасына сұраныстарды
беруді қамтамассыз ету. Жазғы демалыс күндерінде оқушыларды
тегін мектепішілік
және «Күншуақ», «Сенгір» спорттық дем алу
орындарына жіберу.
Пайдаланған
әдебиеттер
1. Кемтар
балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы
қолдау туралы ҚР Заңы. –
Астана.-2002.
2. «Бала
құқықтары туралы Конвенция» БҰҰ,
1989
3. Байтұрсынова
А.А. «Арнайы педагогика: проблемалар мен даму болашағы». Оқу
құралы.- Алматы, 2008