Материалдар / Баяндама,Ойын – бала өміріндегі маңызды құрал
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Баяндама,Ойын – бала өміріндегі маңызды құрал

Материал туралы қысқаша түсінік
мектепке дейінгі тәрбиешілеріне керек
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Сәуір 2021
468
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Маңғыстау облысының білім басқармасының Бейнеу ауданы бойынша білім бөлімінің «Бейнеу» санаториялық бөбекжайы» КММ

Тәрбиеші: Абдыханова Айтгул Бектурсыновна

Тақырыбы: Ойын – бала өміріндегі маңызды құрал

Мектепке дейінгі ұйымдарда бала тәрбиесінде қолданылатын ең маңызды дамытушы құрал- ойын. Бала - өз ортасында өзіне қажетті барлық эмоцияны осы ойын арқылы ала алады. Ойынды ойнап қана қоймай жан-жағынадағы балалармен тәрбиешімен қарым қатынас жасай отыра өз мінезін түзеп , өз ойын мақсаты ортада айқындай алады. Бала тәрбиші алдындағы қаймағы бұзылмаған сүтпен тең болса, ойын- бала мен тәрбиеші арасындағы үзілмес бір көпірмен тең. Күнделікті қолданылатын ойын түрлерін өз тәжірибемде әсерлі де тартымды өткізу үшін оны ардайым жаңартып, жақсартып, дамытып отыруға тырысамын, өйткені бала секунд сайын өсіп, минут сайын дамиды. Бала алдындағы прызды бойымызды тік көтеріп жүріп өтеу үшін ойын түрінде өтетін сабақтар балаларды бала-бақшадан шыққаннан кейінгі өмірге дайындайды. Олар үшін тек қандай да бір жағдайда не істеу керектігін жаттап, есіне сақтаудан гөрі іс жүзінде көріп, өзін рөлге қойып, шешім қабылдау әлдеқайда қызық. Педагогика ғылымында ойын әрекетінің оқу үрдісінде алатын орны туралы зерттеліп жүрген еңбектер аз емес. Себебі ойын - оқу, еңбек іс - әрекеттерімен бірге адамның өмір сүруінің маңызды бір түрі. "Ойын " ұғымына түсініктеме берсек - бұл адамның мінез - құлқын өзі басқарумен анықталатын қоғамдык тәжірибені қалыптастыруға арналған жағдаяттар негізіндегі іс - әрекеттің бір түрі.

Адамзат тәжірибесінде ойын әрекеті мынадай қызметтерді атқарады:

· Ойын сауық;

· Комумуникативтік немесе қарым - қатынастық;

· Диагностикалық (ойын барысында өзін - өзі тану);

· Коррекциялық (өзін - өзі түзету);

· Әлеуметтендіру.

Әлі де болса ойынның адамның дамуына, қалыптасуына, тәрбиесіне байланысты функциялары анықталуда. Ойын - адамның өміртанымының алғашқы қадамы. Сондықтан ойын арқылы балалар өмірден көптеген мәліметтер алып, дамиды. Ойынның басты шарты жеңіске жету болса, әр ойыншы өз қарсыласының мүмкіндігімен санасып, бір - біріне деген сенімділігін арттырады. Ойын түрлері өте көп. Соның ішінде өзім көп қолданатын ойын түрі қимыл-қозғалыс ойыны. Ойынның негізін-әртүрлі қимыл-қозғалыс әрекеттері шығармашылықпен құрылып, дәлелді мазмұны, тақырыбы, идеясы бар, ережелері, көбінесе қарапайым ойындар құрайды. Қимыл-қозғалыс ойындары – мектепке дейінгі жастағы баланың сүйікті де пайдалы іс-әрекетінің бірі болып табылады. Ойын адам ағзасының жұмыс істеу қабілетін арттырады. Көңіл-күйін сергітіп, еңбекке құлшынысын күшейтеді.

Мектепке дейінгі педагогиканың теориялық және практикалық мақсаты болу, ол - жас ұрпақты жан - жақты тәрбиелеу, ой - өрісін, сана - сезімін кеңейте, өмірге қажетті білім - дағдыларға үйрету.
Ұлы педагог А. С. Макаренко айтқандай баланың өмірінде ойынның зор маңызы бар, үлкендер үшін жұмыстың, қызметтің маңызды қандай болса, балалар үшін ойынның маңызы сондай болады. Сондықтан болашақ қайраткерді баулу алдымен ойын үстінде жүргізіледі. Ойынның барысында бала жан - жақты тәрбие алады, табиғи әрекет, көптеген мағлұмат береді.
Балалық шақ - бұл қызықты ел. Бұл елде бәрі болады. Әл сіз қорғаны жоқта мықты қайратты болады, іш пыстыратын және қызықты емес нәрселер көңілді және қызғылықты болып шығады. Бұл елде әр бала өзінің жаман қылықтарын жеңе біледі, айналасын өте әдемі, таңғаларлықтай ашық қызықты қылады. «Менімен ойнашы» деген біз жиі естиміз балалардан. Біз ойнауға келісім берген кезде бір минут қасқыр, дәрігер. Дүкенші болып ойнасақ бала қуанып қалады.
Балалар қиялдау арқылы түрлі ойын шығарады. Ойын арқылы балалардың шығармашылық ой - қиялы, елестетуі шарықтайды. Тәрбиелейтін және дамытатын ойындарды ұмытпаған жөн, бұл ойындар баланың өмірін сақтайды. Әдемі, ақылды, дені сау баланы көру, қасында болу біздің әрқайсымыздың арманымыз.
Бала өмірінің алғашқы алты - жеті жылы оның өсіп жетілуіндегі ең жауапты кезең, бұл кезде ақыл - ой қабілеті, адамгершілік қасиеттері, эстетикалық сезімдері қалыптасады. Баланың адам ретінде қалыптасуының осы жақтары қызықты, мазмұнды сабақ, еңбек ойын процесінде тәрбиеленеді.
Өз іс-тәжіребиемде ойынды бала тәрбиелеудегі ең тиімді амалдардың бірі деп санаймын. «Балабақшада тәрбие беру программасында» баланың денесі мен психикалық жетілуі, жеке басының дамуы үшін, балалар қоғамының қалыптасуы үшін ойынның үлкен маңызы бар. Бала ойын арқылы күш - жігерін жаттықтырып, қоршаған заттар мен құбылыстардың ақиқат сырын ұғынып, еңбек дағдысын үйрене бастайды, яғни болашақ қайраткердің тәрбие жолы тәлімдік өнегесі ойыннан басталады.




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!