400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Баяндам«Жаңартылған білім бойынша оқу сапасын арттырудың әдіс -тәсілдері» Бастауыш сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңартылған білім мазмұны бойынша көзделген әдіс тәсілдер қазіргі таңда жеке тұлғаның өзіндік қалыптасуына көп мүмкіндігін береді. Сондықтанда бастауыш сынып оқушыларына жаңаша әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану арқылы оқушының білімге деген қызығушылығын оятып, терең ойлау қабілетін, белсенділігін қалыптастыруға болады. Бұған дейін оқушы мұғалім мен оқулыққа ғана бағынатын болса, енді ол сыни тұрғыдан ойланып, шығармашыл жеке тұлға болып қалыптасады.
Материалдың қысқаша нұсқасы













Баяндама: «Жаңартылған білім бойынша оқу сапасын арттырудың әдіс -тәсілдері»

2017-2018 жыл

Смагулова Б.М











































Баяндама тақырыбы: Жаңартылған білім бойынша оқу сапасын арттырудың әдіс-тәсілдері.

Бүгінгі күні еліміздің білім жүйесінде оқыту үдерісін тың идеяларға негізделген жаңа мазмұн қамтамасыз ету міндеті қойылған. Ақпараттық және педагогикалық технологиялар негізінде оқытушының рөлін түбегейлі өзгертуге болады және де, оқытушы тек қана білімді алып жүруші емес, сонымен қатар оқушының өзіндік шығармашылық жұмысының жетекшісі және бағыт–бағдар берушісі болып табылады.

Оқушының ойын жүйелеуде әр түрлі әдіс-тәсілдер қолданылады:
-    Жаңа материалды меңгеру;
-    Оқушыға бағыт беру, түрткі сұрақтар қоя отырып, реплика беру;
-    Оқушының өзін көбірек сөйлету;
-    Тақырыпты ашу;
-    Игерілген білімді тиянақтау;
-    Көрнекілік-ресурстарды тиімді қолдану.

Бастауыш сынып оқушыларына жаңаша әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану арқылы оқушының білімге деген қызығушылығын оятып, терең ойлау қабілетін, белсенділігін қалыптастыруға болады. Бұған дейін оқушы мұғалім мен оқулыққа ғана бағынатын болса, енді ол сыни тұрғыдан ойланып, екі ұйғарым бір шешімді нақты айталатындай шығармашыл жеке тұлға болып қалыптасады.

Сөзімді түйіндей келе айтарым: Жаңа технологиялар мұғалімнің жүйелі жұмыс істеуіне мүмкіндік туғызады. Бүгіннің өзінде интерактивті технологиялар өмірімізге терең еніп үлгерген педагогикалық құралдардың бірі, әрбір адамға өз шығармашылық потенциалын барынша ашып, оқуда және жұмыста табысты жетістіктерге жетуге мүмкіндік береді.
Біздің көз алдымызда жанарлары жәудіреп, білсем екен, үйренсем екен деп шәкірттеріміз отырады. Біз осындай қарқынды дамып жатқан заманда дәстүрлі білім берумен шектеліп қала алмаймыз. Ұлы орыс педагогы Константин Дмитриевич Ушинский мұғалімдердің педагогикалық іс-әрекетін жан–жақты зерттегендердің бірі. Ол былай деген еді: «мұғалім өзі үйреніп, оқып жүргенде ғана өмір сүреді». Бұдан өз кәсібилігін жетілдіру мақсатында үнемі оқып, үйреніп отыратын мұғалім ғана өз іс-әрекетінен ләззат алып, өмір сүре алады дегенді ұғынуға болады. Егер кәсіби сана–сезім іске деген жағымды эмоционалды қарым-қатынаспен, өз еңбек саласына деген мақтаныш сезімімен ажарланса, бұл іс үшін де, адамның өзі үшін де оңтайлы болады

Елбасымыздың жолдауында айтқандай: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін, заман талабына сай білім қажет». Жаңа білім берудің негізгі мақсаты- білім мазмұнының жаңаруымен қатар, оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді.Ғылым мен техниканың күн санап өсуіне байланысты педагогика ғылымының теориясы мен оқыту үрдісі де түбегейлі өзгерістерге ұшырауда.Соған орай оқытудың парадигмасы өзгерді. Білім берудің мазмұны жаңарып, жаңаша көзқарас пайда болды. Осыған байланысты ұстаздар алдында оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жаңартып отыру және технологияларды меңгеру, оны тиімді қолдана білу міндеті тұр. Осы тұрғыда әр пән мұғалімдерінің оқыту әдістерін, жаңа технологияларды таңдап пайдалану және авторлық үлгілерді қолдану мүмкіндігі берілген. Мен өз сабақтарымда биоақпараттану және синергетика білім беру технологиясын және педагог кадрлер біліктілігін арттырудың деңгейлік бағдарламалары аясында сындарлы оқыту теориясын негізге аламын. Мұғалімнің шеберлігі қандай жоғары болса да, мұғалім оқушының өз белсенділігін туғыза алмаса, берген білім күткен нәтиже бермейді. Оқушының тұлға ретінде қалыптасуы белсенділік арқылы жүзеге асады. Осындай жаңа технологияларды қолдана отырып, сабақ беру мені қуанышқа бөлейді.Ал, енді жаңартылған бағдарлама бойынша білім беруге келсем, жаңартылған оқу жоспарлары, тілдік дағдылар, педагогикалық әдіс-тәсілдер және белсенді оқыту техникалары мұғалімді шабыттандырып, одан сайын қанаттандыратыны анық.

Әлемдік «Мак Кинзи» компаниясының кеңесшісі, Ұлыбританиядағы білім сапасының сарапшысы М.Барбер «білім беру нәтижесін түбегейлі өзгертудің басты үш факторы бар, олар: педагогтік қызметке соған лайық адамдардың келуін қадағалау, оларды оқытушылық қызметін тиімді жүргізуге қажетті деңгейде даярлау және әрбір білім алушыға сапалы білім беруге қолайлы жағдай туғызу. Өйткені, кез-келген білім беру ұйымындағы білім сапасы онда жұмыс істейтін оқытушылар сапасынан жоғары болуы мүмкін емес» деген. Ол сонымен қатар, өзінің көптеген елдерде жасалған зерттеулеріне сүйене отырып, «әлемдегі нәтижесі жоғары білім беру ұйымдарын басқарудағы бәріне ортақ қасиет – ұйым жұмысындағы сапалы өзгерістерге қол жеткізудің бірден-бір факторы педагогтерді дамытуға қажетті жағдайлардың жасалуы» деп тұжырым жасаған. Елбасы Жолдауында елімізде білім беру саласын дамытудың жаңа міндеттерін нақты белгілеп берді. Осы міндетті іске асыру білім саласы қызметкерлері мен ұстаздарға үлкен жауапкершілік жүктейді. Мемлекет тарапынан білім деңгейін және ұстаздар беделін көтеру жолында көп игілікті істер атқарылуда. 
Білім сапасына қойылатын жаңа талаптар білім мазмұнын игеруде мұғалімнің оқушымен қатар тұруын қажет етеді. Оқушылар білімін критериалдық бағалау оқыту мен білім беруге деген әртүрлі тәсілдемелерді пайдалануға, оқушылардың оқу жетістіктерінің мониторингісін уақтылы жүргізуге, мұғалімге сабақты қажетті мазмұнмен толтыруға мүмкіндік береді, оқушылардың оқуға деген уәждерін арттырады, оқытудың заманауи әдістерін біріктіреді.

Негізінен жаңартылған білім жүйесі құзіреттілікке және сапаға бағытталған бағдарлама. Жаңартылған білім беру бағдарламасын тиімді жүзеге асыру үшін қажетті тиімді оқыту әдіс–тәсілдері: белсенді оқу, бірлескен оқу, модельдеу, саралау, т.б.

Жаңартылған білім берудің маңыздылығы - оқушы тұлғасының үйлесімді, қолайлы білім беру ортасын құра отырып, сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау, АКТ-ны қолдану, коммуникативті қарым–қатынасқа түсу, жеке, топта жұмыс жасай білу, функционалды сауаттылықты, шығармашылықпен қолдана білу. Жаңартылған білім беру бағдарламасының ерекшелігі: спиральді қағидатпен берілуі. Әрине, жаңашылдық болғаннан кейінқиындықсыз болмайды. Үйренгеніміз де, үйренеріміз де көп. Жаңартылған білім – болашақтың кепілі. 
«Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға – мұғалім», – деп бекер айтылмаған. Бала оқыту жүйесінде мұғалімдерге үлкен міндет жүктелетіні айдай анық. Сол міндетті абыроймен атқару үшін күні-түні іздену, әлемдегі озық әдіс-тәсілдерді барынша мектеп өміріне ендіру – ұстаздар үшін парыз. Сонда ғана елбасымыз айтқандай озық және бәсекеге қабілетті ұлттық білім беру жүйесін құра аламыз деп ойлаймын.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18.12.2017
1000
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі