Материалдар / Бауыржан Момышұлы "Ұшқан ұя" 8- сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Бауыржан Момышұлы "Ұшқан ұя" 8- сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
сабақ жоспары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Ақпан 2021
2625
10 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Мұғалімнің аты- жөні

Утеулиева Гүлшат Шакуалиевна


Пәні/сынып

қазақ әдебиеті, 8 «Б»


Тарау немесе бөлім атауы

Махаббат пен абырой


Сабақтың тақырыбы

Б.Момышұлы «Ұшқан ұя»


Сабақ мақсаты

8.1.1.1 әдеби шығарманың жанрына байланысты сюжеттік желілерін, эпилог, прологтарды анықтау.


Бағалау критериі:

Білім алушы

- шығарманың сюжеттік желісін анықтайды;
-шығармадағы эпилог, прологтарды анықтай алады.

Уақыты

Бүгінгі сабақта:

  • Б.Момышұлының өмір жолы мен «Ұшқан ұя» шығармасымен танысасыз;

  • шығарманың сюжеттік желісін анықтайсыз;

  • шығарманың эпилогын, прологын анықтайсыз.

5 минут



































5 минут








































5 минут













































































2 минут











5 минут






























5 минут










2 минут












1 минут


1.Бейнежазбаны көру.

«Әкенің ұлы, рудың ұлы, ұлттың ұлы дейтін азаматтар болады. Әкенің ұлы көп, рудың ұлы бірсыпыра, ал ұлттың ұлы дәрежесіне жететіндер аз болады. Солардың бірі – Бауыржан». Ә.Нұршайықов.

Жазушының осы бір бағасына қарап Бауыржан Момыншұлының адамдық болмысының қандай екенін аңғаруға болады. Ұлттың ұлы Б.Момышұлы 1910 жылы 24 желтоқсанда Жамбыл облысы Жуалы ауданы Көлбастау қонысында дүниеге келген. Он жасына дейін ауылда, кейін интернатта білім алады. Әскери борышын өтегеннен кейін 1941 жылы Ұлы Отан соғысы басталғанда, Алматыда жасақталған 316- атқыштар дивизиясы құрамында майданға аттанады. Соғыстан аман-есен оралған Бауыржан Момышұлы 1956 жылы әскери қызметінен босатылғаннан кейін қалған өмірін жазушылыққа арнады.

Бауыржан Момышұлының өмірі мен ерлік істерін арқау еткен шығармалар мен көркем фильмдер түсірілді.

Ойтүрткі

  1. Бауыржан Момышұлының бұл шығармасы неліктен «Ұшқан ұя» деп аталған?

  2. Елтану, ұя сөздерінің мағынасын қалай түсінесіздер?

Б.Момышұлы – өз өмірбаянын өзі жазып кеткен адам, өз шығармаларында туып-өскен ортасы, алған тәрбиесі мен шығармашылық жолы шеберлікпен баяндалған. Жазушының туындыларында халқымыздың әдет-ғұрпы, салт-дәстүрлері ұлттық болмысымызбен астасып жатады.

Б.Момышұлының «Ұшқан ұя» шығармасының жанры: проза

«Ұшқан ұя» шығармасында балалық шағында көзімен көрген, өзі куә болған, есте қалған оқиғалар арқылы әлеуметтік кезеңді, өзі өмір сүрген қоғамдық өмірді шыншылдықпен суреттейді. Ес біле бастаған кезінен мектеп табалдырығын аттағанға дейінгі өмірін әсерлі әңгімелейді. Тұлға болып қалыптасуының басты негізі өзінің түлеп ұшқан ұясы екендігін баса көрсетеді. «Ұшқан ұя» шығармасында қамтитын кезең – Кеңестік өкіметінің алғашқы қалыптасу жылдары. Яғни сол замандағы қазақтардың өмірі, оның ерекшелігі айқын көрсетілген. Автор қазақтардың өміріндегі үлкен бетбұрыстың басталуын, атап айтқанда, егіншілікке, отырықшылыққа бірте-бірте көшуді суреттейді.

Шығармада Бауыржан Момышұлының атасы Имашты суреттей келе, еңбеққор, зергер, ел арасында Момыш, молда Момыш атанып кеткен Момыналы әкесі, өз заманында сұлулардың алды болған ажарлы Қызтумас әжесін таныстырумен, Әулиеатаға кеткен Момышқа қуаныштан көз жасы көл болған Байтақ деген кісінің сүйінші хабарды жеткізуімен басталады.

Ата-әженің өнегелі сөзін естіп, халықтың ауыз әдебиетімен сусындап өскен Бауыржан Момышұлының балдай тәтті балалық шағы сондай берік сезім, үлкен махаббат, ыстық сағынышпен жазылған.

Олай болса алғашқы тапсырма орындайық.

1-тапсырма. Шығармадағы сюжеттік үзінділерден көрініс тапқан отбасылық құндылықтарды анықтап, тұжырым жасаңыздар.

Үзінді

Құндылық

Тұжырым

1

- Ойбай-ау, мына күшіктің әлден тұрып кеткені несі, - деп киіз үйден апам шығады. Әжемді мен апа деймін. - Кішкентай ғана құлыным менің, ерте тұрып кеткенің қалай? - деп апам мені қолымнан жетектеп алады. Мен тырмысып, үйге басқым келмейді. Әлгі бір күн шоқыдан шығып келе жатқан шақтағы ғажайып суреттен айрылғым жоқ-ақ. - Жүр, қымыз құйып берейін, ақыр ерте тұрыпсың ғой, - дейді апам. Мен жалаң аяғымды тасқа тіреп, тыртысып бағамын. Сөйтсем кәрі апам: - Жүрмесең мейлің, қымызды түк қалдырмай өзім ішіп қоямын, - деп үйге кіріп кетеді. Сонда барып мен бақыра жылап апамның соңынан тұра жүгіремін. Қайран, балалық-ай десеңші! Алыста қалған арайлы адал таңдарым менің. Онда мен кіп-кішкентай сәби едім. Адамдардың бәрі «айналайыннан» басқа сөзі жоқ, кілең мейірімді жандар болып көрінетін... Қария кісілердің сақалынан қасиет-қадір белгісі көрініп тұрар еді маған. Ер мінез жігіттердің кесек тұлғаларынан, шашбаулары сылдыраған қыз-келіншектердің жүріс-тұрысынан мен адамзаттың асқақ сұлулығын түйсіксіз байқағандай болармын. Солардың бәрі мені аймалап, сүю үшін жаратылған жандар сияқты сезілуші еді.

Мейірім

Mейірімді-лік – адам бойындағы шынайылық пен сүйіспенші-ліктен туындайтын жүрек мейірбан-дығы.


2.


Міне, Үбиан әпкем үлкен үйден шықты да, қазан басына бет алды. Мен оны көре сала борсаңдап, сүріне-қабына еркелей жүгірем. Әпкем аяғымды жерге тигізбей қағып алып, аспанға көтереді. Мен сықылықтай берем. Әпкем биікке мені бой создырып мәз болады. Сонан соң ол кенет ет бауыры елжіреп мені қамзолының омырауын ашып, қойнына жасырып алады да, жүгіре жөнеледі. Бауыр құшағы қаңдай ыстық еді, шіркін...


Бауырмал-дық


Бауырмал-дық - туыс адамдардың арасындағы жақсы көру сезімін, бір-біріне деген мейі-рімділігін, жанашыр-лығын, қамқорлы-ғын білдіретін құнды қасиет.

3.

Әлі есімде, бір рет әкемнің Момынқұл дейтін інісі әжеме: - Қойшы, апа! - деп дауыс көтеріп қалып еді, әжем тарс кете жаздап: - Сен тұрмақ, Момыш маған осы күнге дейін бетіме тік қарап сөйлеген емес. Сен қайдан шықтың, иттің күшігі! Жоғал, көзіме көрінбе! - деп үйден қуып шықты. - Не боп қалды? - деп әкем кіріп келді, әжем оны аймалап, арқасынан қағып: - Анау інің көргенсіздеу боп бара жатыр. Жөнге сал туысқаныңды, - деді. - Мақұл, апа, сазайын тарттырайын. Бірақ ұрмай-ақ қояйын, мақұл ма, апа, - деді. - Мейлің, - деп күрсінді әжем. Момынқұл көкем сол түні қой қорада түнеп шықты. Таңертең әкем оны жақсылап сөгіп салып, басқа бір ауылға бір аптаға аттандырып жіберді. Сол екі ортада әжем енді Момынқұлын сағынып: Әй, әлгі тентек неме қашан келеді? - деп қайта-қайта сұрай бергені ғой, жарықтық.

Үлкенге құрмет көрсету

Халқымызда ақ сақалды атаны, ақ жаулықты ананы жалпы үлкенді сыйлап,

алдынан қия өтпей сыйлайтын асыл қасиетіміз бар.


Дескриптор

  • шығармадағы сюжеттік үзінділерді түсініп оқиды;

  • отбасылық құндылықтарды анықтайды;

  • тұжырым жасайды.

Осы үзіндіде көрініс тапқан бауырмалдық, мейірімділік, үлкенге құрмет көрсету қасиеттері әлем халықтарының отбасылық дәстүрінде де көрініс табатын құндылық деп есептейміз.




Әдебиеттік теория

Пролог (гр. prologos – алғы сөз) – көркем шығармаға кіріспенің бір түрі. Көркем шығарманың оқиға мазмұны мен мәнін оқырманға таныстыратын кіріспе бөлімі. Ол шығарма идеясын дұрыс түсіндіру. Мұнда кейде негізгі сюжетке дейінгі бірнеше оқиға баяндалады, кейде бас кейіпкердің өткен өмірінен бірер көрініс беріледі, кейде автордың ой өзегінен аздаған сыр айтылады.

Эпилог шығармада суреттелетін оқиғалар әбден аяқталып болғаннан кейін жазылатын автордың қорытынды сөзі. Пролог сияқты эпилогтің де шығарма құрылысымен тікелей байланысы жоқ


2-тапсырма. Кестеде берілген пролог пен эпилогті анықтап, ары қарай оқиғаны өрбітіңіз.

Shape1

Shape2 Shape3

Пролог

Эпилог

Қайран сол балалық, қайта келермісің, сен! Кей кезде сол бір алаңсыз балалығыңды аңсап, еріксіз сағынасың. Әлдеқайдан асыр салып, жол шаңын бұрқыратып, тұлымын жалбыратып, екі бетін албыратып, дүниені даңғыратып сол балалығым шыға келетіндей, айналаңа жалтақтай беретін кездерің жиі болады.



Дескриптор

  • шығарманың прологын анықтай алады;

  • шығарманың эпилогін анықтай алады;

  • оқиғаны ары қарай өрбіте алады.

Қорытынды

«Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің».
- Шығармада ұлы тұлға Бауыржан Момышұлы дүниеге келгенде отбасының қуанышы керемет суреттеледі. Қазақ елі үшін осындай қуаныш неліктен маңызды деп ойлайсыздар? Қазіргі кезде осының заманауи құндылығы бар ма?

Ана үшін аянба – ант ұрады.

Бала үшін аянба – бетің күйеді.

Ел үшін аянба – ерлігіңе сын,

Жұрт үшін аянба – жігіттігіңе сын.

Бауыржан Момышұлы.

Кері байланыс



Қосымша тапсырма: «Бауыржан Момышұлы өткен даналық мектебі» тақырыбына шығарма сюжеті бойынша сурет салыңыздар.



слайд


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!