Материалдар / Бауыржан Момышұлының «Бала Бауыржан» әңгімесі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Бауыржан Момышұлының «Бала Бауыржан» әңгімесі

Материал туралы қысқаша түсінік
Бауыржан Момышұлының «Бала Бауыржан» әңгімесі
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Мамыр 2019
2917
3 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Бауыржантану» курсы бойынша

Алматы қаласы Б. Момышұлы атындағы №131 мектеп- лицей

Сыныбы: 6-сынып Қазақ тілі, әдебиеті пәнінің мұғалімі: Аманова Ж. Д.

Сабақтың тақырыбы: Бауыржан Момышұлының «Бала Бауыржан» әңгімесі

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Ұлтымыздың мақтанышы, халқымыздың қадірлі де қасиетті, ардақты да айбынды ұлдарының бірі Б. Момышұлы өмірінен мағлұмат беру.

Тәрбиелік: Отансүйгіштікке, адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелеу

Дамытушылық: Жазушы, қоғам қайраткері өмірінен ізденіс жұмыстарын жүргізу.

Сабақтың дәйексөзі: «Ешкім іштей батыр болып тумайды. Батырлық та мінез секілді өскен орта, көрген тәрбиеге байланысты қалыптасады».

Көрнекіліктер: Бала Бауыржаннан батыр Бауыржанға дейін







Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

 «Туады ерлер, ел үшін»

 Өлмейді ісі мәңгілік,

 Өшпейді абзал есімдер.

 Ұрпаққа жетіп мәңгілік

  Кетпейді естен асыл ер, – деп, ақ жалын ақын Жұбан Молдағалиев жырлағандай, елі үшін туған ерлерден кімдерді атай аласыңдар?

Оқушы жауаптары

-

-

-

Ендеше алмас қылыштай өткір, қайсар, дана, данышпан, шешен, ақын, «сөз қадірін өз қадірі, өз қадірін ел қадірі» деп бағалаған айбында азамат Б. Момышұлы өмірі туралы не айта аламыз?

  • "Бауыржан Момышұлының жауынгерлік ерлігі барлығымызға белгілі. Жазушы болу арқылы ол тағы бір ерлік жасады. Менің ойымша, оның осы екі ерлігі бір-біріне пара-пар", - деп жазды Кеңес Одағының батыры, генерал-майор Петр Вершигора.

  • Бауыржан Момышұлы 1910 жылы 24 желтоқсанда Жамбыл облысының Жуалы ауданында өмірге келген. Батырдың балалық шағы туралы ақпарат тым аз. Дегенмен анасының Бауыржан бір жасқа толмай тұрып қайтыс болғаны белгілі.

  • 1929 жылы Момышұлы 9- сыныпты бітіреді. Осыдан кейін ол мұғалім, экономист болып жұмыс істейді. 1933 жылы полк мектебін, артиллериялық әскери училищені бітіріп, артиллерия офицері болады.

  • Ұлы Отан соғысының басында Бауыржан Момышұлы генерал Панфиловқа Алматыда 316-шы атқыштар дивизиясын жасақтауға көмектеседі. Сол дивизия құрамында батыр майданға аттанған. Содан кейін ол Мәскеу түбіндегі шайқастарға қатысып, Панфилов атындағы 8-ші гвардиялық дивизия батальонының, полкінің командирі болған.

  • Бауыржан Момышұлы Мәскеу түбегінде 27 ұрысқа қатысқан екен. Ол бұл туралы "Артымызда Мәскеу" атты кітабында жазды. Шайқастардың бірінде батыр ауыр жараланып, 1944 жылдың наурызына дейін ауруханада жатқан.

  • 1945 жылдың қаңтарында 9-шы гвардияның атқыштар дивизиясын басқарды. Момышұлы 1942 жылы Кеңес Одағының батыры атағына ұсынылған. Кейін марапаттау қағазы жоғалып кетеді. 1990 жылдың 11 желтоқсанында ғана Бауыржан Момышұлына Кеңес Одағының батыры атағы қайта берілді.

  • Бауыржан Момышұлы - бірнеше кітаптың авторы. Ол Куба еліне сапары кезінде жауынгерлік ұрыс туралы лекция оқиды, осыдан кейін оған Куба Революциялық қарулы күштері 51-ші полкінің құрметті командирі атағы берілді. 1963 жылы Фидель Кастромен болған сұхбат жарияланды. "Екінші дүниежүзілік соғыстың батыры ретінде кімді атар едіңіз?" деген сұраққа Кастро былай деп жауап берді: "Александр Бектің "Волоколамское шоссе" кітабының қаһарманы - қазақ Момышұлы".

  • Момышұлының тәжірибесі бүгінде АҚШ, Куба, Израиль, Никарагуаның әскери білім мекемелерінде оқытылады. "Арпалыс" туындысы Израиль Қорғаныс армиясы офицерлері үшін міндетті түрде оқылатын кітаптардың қатарына кірді.

  • "Атаққұмарлықтың құлы болмаңдар! Өзіңе басқа қырдан қарап көріңдер. Сонда ғана әділ сынақтың шыңына шыға аласыңдар. Ал мұндай шыңға шыққан адамға ештеңе де қорқынышты емес", - деп айтқан Бауыржан Момышұлы.

Енді батырдың «Бала Бауыржан» әңгімесімен танысайық.


Күйік асуынан Қаратау мен айбарлы Алатаудың ортасындағы кең жазықты қақ жарып шойын жол өтеді. Кәрі Қаратау бұл кәрі тамырға төменнен бұйыға қараса, жаңа келген жаңа жылдай жасауларын тағынған, өр кеудесін асқақ көтеріп тұрған Алатау жоғарыдан төмен қарап тұрады. Сол темір жолда Боранды бекеті бар. Бір кезде осы темір жолды тартқан кезде жол осы бекетке келіп тоқтаған екен. Борандының табиғаты өзгеше. Небәрі алпыс шақырымдай жердегі Тараз қаласында күн күйдіріп тұрса, мұнда жаңбыр төккен, ал онда күн ашық уақытта мұнда қар борап тұратын кездер жиі кездеседі. Жазы салқын, қысы қатал. Боранды деп сол теміржолшылар қойыпты.

- Жуалыға не киіп барарыңды білмейсін,- дейді мұнда келетін қонақтар.

      Боранды жазығының жер-су аттары да қызық. Жазықта Теріс аталатын өзен бар. Бұл өзен әлгі екі тауды қақ жарып теріс ағып жатады.

     Алатаудың етегіндегі жазықта бұлақ көп. Бұл бұлақтарды қосып "Мыңбұлақ" алқабы деп атайды. Тастан-тасқа секіріп, жамырай аққан мөлдір бұлақтар шынында да көп. Әр бұлақ басында бір бастау бар. Әлгі бұлақтар сол бастаудан нәр алып, күндіз-түні сылқ-сылқ күліп, төмендегі Теріс өзеніне қарай ойнақтай ағып жатады.

       Бұрын ел көше болып бір селоға біріккенше әр бұлақ басында шағын-шағын ауыл болған. Алатау баурайындағы "Мыңбұлақ" аталатын көп бұлақтың бірі -Көлбастау. Осы Көлбастауда 1910 жылдың боранды желтоқсан айының 24 жұлдызында Батыр бабамыз Бауыржан Момышұлы дүниеге келді. Ол туғанда әкесі Момыш елу үш, анасы Рәзия 43 жаста, атасы Имаш тоқсан екі жаста екен. Дулаттың Шымырынан тарайтын Бекболат, одан Шілменбет, одан Құлый, одан Үсен аталатын ел осы Мыңбұлақты жайлаған.

      Бауыржан туған күні ақ боран соғып тұрады. Әкесі Момыш жолаушылап Әулиеатада жүр екен. Аз ғана ауылдан кіндігін кесетін адам табылмай, көрші ауылдағы Разымбет деген кісі "кіндік шеше" атанады. Ал хабарға борандатып Байтоқ атты ағайын жігіт Әулиеатаға шабады. Бауыржан Имаш қарияның ұлдан жалғыз немересі болған. Мінезі бірбеткей, тұйық, алғыр ойлы, сезімтал болады. Момыш Бауыржанға ат ұстауды, атқа шабуды ерте үйреткен. (108 бет)

Мәтін бойынша талдау жұмысын жүргізу.

  1. Туған жер табиғаты

  2. Жер атаулары туралы

  3. Ата- тегі

  4. Ата- анасы жайлы мәлімет

  5. Өзінің дүниеге келген күні

  6. Әке тәрбиесі

Осы әңгімеден біз не білдік?

  • Кейін «Ұшқан ұя» атты кітабында баяндағандай, Бауыржанның әкесі Момыш пен көкесі Момынқұлдың тәрбиесінен көп өнеге алған.

  •  «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің», –деп, дана халқымыз айтқандай, оның бойындағы адамгершілік – асыл қасиет, алдымен анасының ақ сүтінен дарыса, екіншіден, өскен ортасының тәрбиесінен дарыды.

  •  Қаршадайынан-ақ  жігерлігі, қайтпас қайсарлығы, бойында бір жұмбақ күштің жасырынып, жанартаудай өз кезегін күтіп жатқандығы аңғарылады.

Ендеше «Ешкім іштей батыр болып тумайды. Батырлық та мінез секілді өскен орта, көрген тәрбиеге байланысты қалыптасады» дегенмен келісеміз бе?

Қорытындылау:

«Ерлік – елге мұра, ұрпаққа – үлгі» бабаларымыздың әрбір жүріп өткен жолы – біз үшін үлгі, шежіре, тағдыры – тарих.

«Ел ерімен еңселі», «Елім» деп еңіреп туған ерлердің  есімі еш уақытта елеусіз қалмайтыны ақиқат, халық мұндай қаһарман ұлдарын жыр аңызға айналдырып, өшпес ерлігін ауыздарынан тастамай, жан жүрегінде сақтайды. Бүкіл бір елдің қасиетін өз бойына дарыта алған, туған ұлтын шексіз сүйіп, терең қадір тұтқан халқымыздың қаһарман ұлы – Бауыржан Момышұлы.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!