"Бауырсақ" ертегісі (ортаңғы топқа арналған спорттық іс-шара)

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Бауырсақ" ертегісі (ортаңғы топқа арналған спорттық іс-шара)

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепке дейінгі ұйымның дене шынықтыру нұсқаушыларына
Материалдың қысқаша нұсқасы


«Бауырсақ» ертегісі

/Ортаңғы топ/


Сабақтың тақырыбы: Ұннан жасалған тағам бауырсақты үлгіге ала отырып, жеңіл және ритмикалық жүгіруге үйрету, доптан секіру дағдыларын бекіту, секіргенде тізесін бүге білу. Еңбекке баулу және нанды құрметтеуге тәрбиелеу, тілді дамыту жұмыстарын жалғастыру.


Қажетті құралдар: Бала санына қарай доптар, құрсау, секіргіш, 3 гимнастикалық ұзын орындық, «бауырсақ».


Сабақтың барысы:

І бөлім


/Домалап залға «бауырсақ» кіреді, артынан тәрбиеші кіреді/


-Ой, балалар, «бауырсақ» сендерге домалап келе жатыр. Ол сендермен бірге дене шынықтыру сабағына қатысқысы келіп тұр, өсіп, денем шынықса екен дейді, рұқсат етесіңдер ме?

Біздер бүгін дене шынықтыру сабағында «Бауырсақ» ертегісіне саяхат жасаймыз.


Тәрбиеші: Енді шеңбер жасап жүреміз.

  1. Қолды белімізге қойып, кеудені тік ұстап аяқтың ұшымен жүреміз.

  2. Қолымызды желкемізге қойып, кеудені тік ұстап өкшемен жүреміз.

  3. Қолымызды белімізге қойып, табанның ішкі қырымен, сыртқы қырымен жүреміз.

  4. Қолды жанымызға қойып, тез-тез жүреміз.

  5. Қолды белімізге қойып, «аттар» жүрісін саламыз.

  6. Ақырын жүгіру, жылдам жүгіру, ақырын жүгіру.

  7. Қолды жоғары көтеріп «ап» деп демді ішке тартып, «уп» деп шығарамыз. Қолымызды түсіреміз.

Доптарды алып балалар шеңберге тұрады.


ІІ бөлім Жалпы дамыту жаттығулары /доппен/


  1. Ертеде шал мен кемпір өзен жағасында тұрыпты, үйлері ағаштан жасалған екен.

Н.т:-тік тұру, допты арқасына артында ұстау, оңға, солға еңкейту.


  1. Олар қаймаққа иленген бауырсақты жақсы көрген.

Н.т:-жартылай отыру, арқасындағы допты бір қолдан екінші қолға домалату.


  1. Әженің күші келмесе де, ол қамыр илеген.

Н.т:-тік тұру, отыру-доп алға.


  1. Ал әженің немересі ыстық бауырсақты қолдарында домалатқан.

Н.т:-тізерлеп тұрып, доп еденде, отыру, допты қол арасында домалату. Алға, артқа, солға, оңға.


  1. Тәтті де емес, ащы да емес, теп-тегіс болып шықты.

Н.т:-отыру, аяқты жанына жайып қою, доп төменде.

Допты оңға қою-алға еңкею,

Допты солға қою-алға еңкею.


  1. Дөп-дөңгелек, тәп-тәтті, жеуге де қимайсың.

Допты жоғарыға лақтыру және ұстап алу.


  1. Сұр тышқан жүгірді, ой, бауырсақтың иісі қандай. Тышқанға да бір үзім берейік.

Н.т:-тік тұру, доп еденде, допты айналып жүгіру, бір орында жүру.


Негізгі қимылдар:


  1. «Бауырсақ» көпірдің үстімен жүрді, ойында дым жоқ. «Бауырсақтың» жүрмейтін жері жоқ.

«Көпірдің үстімен»-ұзын орындықтың үстімен допты домалатып жүру.

  1. «Бауырсақ» бір жерде тұра алмайды, домалауға шаршамайды, орманға да домалап кетуі мүмкін, оны түлкі жеп қоюы мүмкін. Кәне, мына құрсау «бауырсақ» болады, «Тығылыспақ» құрсауға жанымен кіру.


Қимылды ойын: «Қу түлкі» қимылды ойыны.

Шарты: Тәрбиеші бір баланы түлкі қылып сайлап алады, ойын 3 рет ойналады, «Қу түлкі қайдасың?» Түлкі ортаға шығып «Мен мұндамын» дейді, балалар жан-жаққа қашады.


Жай қимылды ойын: «Кім шеңбер бойында жүріп, бауырсақты табады?» Шарты: Тығылып қалған бауырсақты табу керек.


Сабақты қорытындылау, балаларды мадақтау.







2


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
22.02.2021
797
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі