Материалдар / Бауырсақ пен құрт. Б дыбысы мен əрпі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Бауырсақ пен құрт. Б дыбысы мен əрпі

Материал туралы қысқаша түсінік
Тілдің дыбыстарын естіп қабылдау, оларды сөздер ішінен бөлу жəне сөзсіз жеке айту. Сөздегі дыбыстарды, олардың түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан жəне жіңішке дауыстылар) ажыратып, дұрыс дыбыстау.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Сәуір 2022
306
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бөлімі:

Сауат ашу

Педагогтің Т.А.Ә


Күні:


Тобы/сыныбы:

Мектепалды даярлық сыныбы

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқу қызметінің тақырыбы:

Бауырсақ пен құрт. Б дыбысы мен əрпі

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары:

Тілдің дыбыстарын естіп қабылдау, оларды сөздер ішінен бөлу жəне сөзсіз жеке айту. Сөздегі дыбыстарды, олардың түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан жəне жіңішке дауыстылар) ажыратып, дұрыс дыбыстау.


Ұйымдастырылған оқу қызметінің мақсаты:

Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы жəне төменгі сызығын сақтап, əріп элементтерін жазу.

ҰОҚ тінің барысы

ҰОҚ- тінің

кезеңдері/уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Ресурстар

ҰОҚ басталуы

3 – 5 минут

Оқу іс-əрекетіне балалардың назарын тарту үшін педагог жағымды атмосфера туғызады.

Өсті ақыл, ойларың,

Өсті, міне, бойларың.

Иіліп сəлем береміз,

Əдепті боп өсеміз.

Жақсы сөздер айтамыз,

Үлкендерді сыйлаймыз.


Тəрбиеленушілер өлеңді қимылмен, жақсы көңіл күймен 2-3 рет қайталайды.


Негізгі бөлім






15-20 мин

Педагог ортаға наубайшыны шақырады.

Наубайшы қолында табаққа салынған нан түрлері мен бауырсағын ала келеді?

Педагог: Наубайшы, сен ұннан неше түрлі тəтті тоқаш пен дəмді бауырсақтар пісіресің. Сол ұнның қайдан келетінін білесің бе?

Наубайшы: Жоқ, менде де осы ұнның қайдан келетінін білмеппін. Мүмкін балалар білер, солардан сұрап көрейікші. Педагог: Сұрасақ сұрайық! Балалар, ұнның неден жасалатынын білесіңдер ме?

Педагог слайд көрсете отырып, балалардың жауабын толықтырады.

Əліппе-дəптермен жұмыс 1-тапсырма. Педагог «Бауырсақ пен құрт» туралы шағын ертегіні оқып береді. «Нан – қадірлі ас» деген ұғымды түсінеді. Педагог балалардан ұлттық тағамдар жəне дəстүрлер туралы сұрайды. Педагог балалар жауабын толықтырады. 2-тапсырма. Суреттен Б дыбысы естілетін зат атауларын ата. Сурет бойынша əңгіме құрайды.

Қазаннан шыққан бу туралы балаларға педагог түсіндіреді. Сол сияқты жаңбыр туралы айтып өтеді. Заттардың атауларының астындағы дыбыстық сызбаға қарап, сөздерді буынға бөліп, дыбыстық талдау жасайды. Педагог балаларға сұрақ қойып, тапсырманы пысықтайды. Қазан бетінен аспанға ұшып жатқан не? Бауырсақ, бұзау, бота сөздеріне арналып сызылған төртбұрыштардың ішіне осы сөздерді дыбыстық белгілермен жазып көрсетеді. Тамақ сөзіндегі м дыбысының орнына б дыбысын қойып, табақ деген сөз шығатынын анықтайды. 3-тапсырма. Осы тапсырманы орындау арқылы бауырсақты неден жəне қалай пісіретіні туралы мəлімет алады.

Сергіту сəті. Нан қоқымын шашпаңдар, Жерде жатса баспаңдар. Теріп алып, қастерлеп, Торғайларға тастаңдар. Өлеңді қимылмен 2-3 рет қайталап, есте сақтайды. 4-тапсырма. Б əрпімен танысайық. Б дыбысын айтқанда еріннің бір-біріне əуелі нық тиіп, артынша кілт ашылуынан пайда болады.Педагог тақтаға Б əрпінің баспа түрін іліп қояды. Балалар Б əрпіне ұқсас заттарды атайды. Педагог атаған образдарды атайды. 5-тапсырма. Қай цифр Б-ға ұқсайды? Тақтаға 1-ден 6-ға дейінгі цифрларды іліп қояды.

6-тапсырма. Педагог балаларға таяқшалар беріп, б əрпін жасауды көрсетеді. Балалар қайталайды. Ермексаздан педагог Г жəне о əрпілерін бейнелейді. Енді осы əріптердің көмегімен Б əрпін құрастырады. Балалар берілген ермексаздан педагогтің көрсетуімен Б əрпін жасайды. Жазу дəптеріне Б əрпінің баспа түрін жазады. Алдымен ауада жазып көрсетеді

Балалар өз ойларын айтады.





Балалар «Ас атасы – нан» мақалын естеріне сақтайды. Бауырсақ туралы ертегіні мазмұндайды. Бауырсақ сөзін буынға бөледі. Осы сөзді қатыстырып, сөйлем құрайды.


Балалар суреттегі заттарды атайды. Бауырсақ, табақ, бота, бұзау.








Масақ, ұн, нан сөздеріне дыбыстық талдау жүргізіледі. Масақ сөзіне сөздік жұмыс жүргізіледі. Масақ – астық дақылдарының дəнді басы. Б – ұяң дауыссыз дыбыс.




Ауада Б əрпінің баспа түрін жазады.


Балалар тура жəне кері санайды. 5-тен кейін қандай цифр тұратынын табады. Тақтадағы үзік сызықпен берілген 6 цифрын балалар бастырып салады.


Əліппе-дəптер.

Суреттер.

Дыбыстық сызба жазылған плакат.



Бауырсақ суреті.





Масақтың суреті.



Б əрпінің баспа түрі жазылған плакат.

6 цифры жазылған плакат.



Таяқшалар.







Ермексаз

Рефлексия.

Қорытынды бөлім

5 минут

Педагог балалардың үлгерім деңгейін талқылап, оқу қызметін қорытындылайды.

Рефлексия. Балалар өз білім деңгейлерін смайликтер арқылы бағалайды

Балалар өз білім деңгейлерін смайликтер арқылы бағалайды

Смайлик



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!