Материалдар / ББЖМ (білім алушылардың білім жетістігінің мониторингі)бойынша жинақ папка
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ББЖМ (білім алушылардың білім жетістігінің мониторингі)бойынша жинақ папка

Материал туралы қысқаша түсінік
ББЖМ (білім алушылардың білім жетістігінің мониторингі)бойынша жинақ папка
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Қазан 2024
133
1 рет жүктелген
1500 ₸
Бүгін алсаңыз
+75 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +75 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады















ББЖМ

(білім алушылардың білім жетістігінің

мониторингі)бойынша

жинақ папка









Сыныбы:

Пәні: Математика

Пән мұғалімі: Ашимқызы Илтипат

















2024-2025 оқу жылы

Қаралды Тексерілді Бекітемін ӘБ отырысында № Директордың оқу ісі Мектеп директоры

Бекбаева Т.Т. жөніндегі орынбасары К.А.Изтлеуовна

Турысбаева М.Б « ___ » _____ 2024ж

« ___ » ______ 2024ж « ___ » ______ 2024ж



2024-2025 оқу жылына арналған

ББЖМ-ға дайындықтың жоспары

Мақсаты:

9-сынып оқушыларымен ББЖМ-ға дайындық барысында жүргізілетін жұмыстарды жүйелеу


Жүргізілетін

жұмыс түрлері

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Мерзімі

І.Ұйымдастыру кезеңі

1

ББЖМ-ға дайындықтың жоспарын құру

Оқушылармен жыл бойы жүргізілетін дайындық іс-шара жоспарын дайындау

Оқушылармен жүргізілетін жұмыстар жүйеленеді





қаңтар

2

Оқушыларды ББЖМ тәртібімен,ережесімен таныстыру

Оқушылардың ББЖМ туралы түсінігін қалыптастыру

Оқушылар ББЖМ тәртібімен,ережесімен таныс болады

ІІ.Теориялық және практикалық кезең

3

Тақырып бойынша теориялық білім беру

7,8-сыныптар бойынша оқу бағдарламасын меңгерту

Оқушылар 7,8-сынып бағдарламасы бойынша білімді меңгереді


жыл бойы

4

Тақырыптық тест алу

Өтілген материалдар бойынша оқушылардың білім деңгейлерін айқындау

Оқушылардың өтілген тақырыптар бойынша білім деңгейлері анықталады





ай сайын

5

Жекелеген оқушылардың білім мониторингісін жасау

Әр оқушының алынған сынама тесттер бойынша білім деңгейінің өсу көрсеткішін анықтау

Оқушылардың білім деңгейлерінің өсу көрсеткіші анықталады

ІІІ.Қорытынды кезең

6

Қорытынды комплекстік тесттер алу

Оқушылардан комплекстік сынама тесттер алу

Оқушылардың меңгерген материалдары бойынша қорытынды сынама тесттер алынады



наурыз-сәуір


7

Алынған тест жұмыстарының нәтижесіне мониторинг жасау

Оқушылардың ББЖМ-ға дайындық деңгейлерін анықтау

Әр оқушының ББЖМ-ға дайындық деңгейлерін анықталады










Білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 5 мамырдағы № 204 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 11 мамырда № 22711 болып тіркелді.

     

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 581 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі туралы ереженің 15-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 27.06.2023 № 183 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізу қағидалары бекітілсін.

      2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

      3. Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасына жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.



Қазақстан Республикасының А. Аймагамбетов

Білім және ғылым министрі

  


   "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ауыл шаруашылық министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Денсаулық министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қорғаныс министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Мәдениет және спорт министрлігі







Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
2021 жылғы 5 мамырдағы
№ 204 бұйрығына
1-қосымша


Білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізу қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 25.04.2023 № 111 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.


1-тарау. Жалпы ережелер


      1. Осы Білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 581 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі туралы ереженің 15-бабына сәйкес әзірленді және бастауыш және негізгі орта білім, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру деңгейінде білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізу тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 27.06.2023 № 183 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингі (бұдан әрі – ББЖМ) білім беру ұйымдарынан тәуелсіз "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29031 болып тіркелген) бекітілген тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына (бұдан әрі – МЖБС) сәйкес білім алушылардың білім сапасын жүйелі бақылау болып табылады. ББЖМ кейіннен әдістемелік көмек көрсете отырып және білім беру сапасын қамтамасыз ету жөнінде ұсынымдар әзірлей отырып, тестілеу нәтижелерін дайындауды және жүргізуді, өңдеуді және жүйелі талдауды қамтиды.

      3. Бастауыш, негізгі орта білім беру ұйымдарында ББЖМ МЖБС талаптарына сәйкес білім алушылардың білім сапасын бағалау мақсатында жүргізіледі.

      4. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында ББЖМ МЖБС талаптарына сәйкес жалпы білім беретін пәндерді және (немесе) кәсіптік модульдерді немесе жалпы кәсіптік, арнайы пәндерді меңгеру нәтижелерін анықтау мақсатында жүзеге асырылады.

      5. Қағидалар меншік нысанына, ведомстволық бағыныстылығына, түріне қарамастан, орта (бастауыш, негізгі орта), техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына қолданылады.

      6. ББЖМ "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 55-бабының 4-тармағына сәйкес бастауыш және орта білім беру ұйымдарында 4 және 9-сынып білім алушыларының арасында, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында жалпы білім беретін пәндер бойынша екінші курс және (немесе) кәсіптік модульдер немесе жалпы кәсіптік, арнайы пәндер бойынша үшінші курс білім алушыларының арасында жүргізіледі.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 27.06.2023 № 183 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Тест тапсырмаларын әзірлеуді және осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген білім беру ұйымдарында ББЖМ жүргізуді білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын ұйым (бұдан әрі – Ұлттық үйлестіруші) жүзеге асырады.

2-тарау. Білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізу тәртібі

      8. ББЖМ 4-сыныптарда тестілеу нысанында электрондық форматта, оқыту тілінде үш бағыт (оқу сауаттылығы, математикалық сауаттылық, жаратылыстану-ғылыми сауаттылық) бойынша жүргізіледі.

      9. ББЖМ 9-сыныптарда тестілеу нысанында электрондық форматта, оқыту тілінде екі бағыт (математикалық сауаттылық, жаратылыстану-ғылыми сауаттылық) бойынша, үш тілде (орыс, қазақ және ағылшын) бір бағыт (оқу сауаттылығы) бойынша жүргізіледі.

      10. ББЖМ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында тестілеу нысанында электрондық форматта, оқыту тілінде жүргізіледі.

      11.Тестілеу жыл сайын жылдың екінші тоқсанында тестіленушілер оқитын орта білім беру ұйымдарының базасында және екінші курс білім алушылары жылдың төртінші тоқсанында және (немесе) үшінші курс білім алушылары жылдың екінші тоқсанында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының базасында өткізіледі.

      12. ББЖМ-ға үйде (денсаулық жағдайы бойынша) немесе ұзақ уақыт емдеуді қажет ететін балаларға арналған санаторийлік үлгідегі сауықтыру мекемелерінде білім алушылардан, сондай-ақ тестілеу кезінде объективті себептермен (денсаулық жағдайы бойынша, жақын туыстары қайтыс болған жағдайда, жарыстар мен олимпиадаларға қатысуына байланысты) қатыспаған адамдарды қоспағанда осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген білім алушылар қатысады.

      13. Білім беру саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) қатысушылар мен жұршылықты іс-шараға дайындық жұмыстары мен өткізілуі туралы бір ай бұрын хабардар етеді.

      14. ББЖМ жүргізілетін орта (бастауыш, негізгі орта), техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының тізбесін жыл сайын Заңның 55-бабының 6-тармағына сәйкес уәкілетті орган айқындайды. Білім беру ұйымдары мынадай параметрлер бойынша іріктеледі:

      – аумақтық тиістілігі (қала, ауыл);

      – жалпы білім беретін мекемелердің түрлері (жалпы білім беретін мектеп, лицей, гимназия, мектеп-гимназия, мектеп-лицей);

      – меншік нысаны (мемлекеттік, жеке);

      – оқыту тілі (қазақ/орыс);

      – білім беру ұйымдарының қатысу пайызы (25%).

      Жыл сайын бұл саннан өткен оқу жылдары ББЖМ-ға қатысқан білім беру ұйымдары алынып тасталады.

      Білім беру ұйымдарын іріктеу оларды кездейсоқ іріктеу үшін бағдарламалық қамтамасыз етуге қалыптастырылған жұмыс тізімін жүктеу нәтижесінде жүзеге асырылады.

      15. Шектеу іс-шаралары, төтенше жағдай енгізілген, белгілі бір аумақта әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайда уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің шешімі немесе облыстардың, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының білім басқармаларының ұсыныстары негізінде ББЖМ-ны өткізбеу туралы шешім қабылдайды.

      16. Тестілеу тапсырмаларының санын, мазмұны мен нысанын, сондай-ақ тестілеуге бөлінетін сағат санын МЖБС-ға сәйкес тест спецификациясы айқындайды.

      Тест спецификациясын Ұлттық үйлестіруші әзірлейді және бекітеді уәкілетті органның келісімі бойынша.

      17. Бiлiм беру ұйымдарында ББЖМ-ны ұйымдастыру және өткізу үшін уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің уәкілетті өкілдерінің тізімін бекітеді, оның құрамына облыстық, аудандық білім беруді басқару органдарының өкілдері (жауаптылары), Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету жөніндегі аумақтық департаменттерінің өкілдері (бұдан әрі – Министрліктің уәкілетті өкілдер) кіреді.

      18. Білім беру ұйымдарында ББЖМ жүргізу қағидаларының сақталуын бақылауды Министрліктің уәкілетті өкілдері осы Қағидаларға сәйкес жүзеге асырады.

      19. Тестілеу басталғанға дейін Министрліктің уәкілетті өкілі компьютерлік аудиториялардың дайындығын тексереді және тестіленушінің жеке коды бар отырғызу парақтары бойынша тестіленушілерді сәйкестендіруді білім беру ұйымы ұсынған білім алушылардың тізіміне сәйкес жүзеге асырады.

      Тестілеу басталар алдында тестіленушіге сілтеме мен веб-қосымшаға авторизациялау параметрлері беріледі (логин және пароль).

      Министрліктің уәкілетті өкілі білім алушыларға ББЖМ-ны жүргізу тәртібі бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

      20. Тестілеу өткізу кезінде білім алушыларға сөйлесуге, қағаз, электрондық және өзге де тасымалдағыштардағы ақпараттарды пайдалануға тыйым салынады.

      Тестілеуден өту кезінде анықтамалық әдебиетті (Менделеев кестесі мен тұздардың ерігіштігі кестесінен басқа), электрондық жазба кітапшаларын және қабылдайтын-беретін электрондық құрылғыларды (оның ішінде мобильді телефондар мен өзге де электрондық жабдықтарды) пайдалануға рұқсат етілмейді.

      Тестіленуші осы Қағидаларды бұзған жағдайда Министрліктің уәкілетті өкілі тестіленушіні аудиториядан шығару туралы шешім қабылдап, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес тыйым салынған заттың тәркіленуі және тестіленушіні аудиториядан шығару туралы акт жасайды, тестіленушінің нәтижелері жойылады.

      21. Бөгде адам анықталған жағдайда Министрліктің уәкілетті өкілі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес тестілеуге кіргізу немесе тестілеу өткізу кезінде бөгде адамды анықтау актісін жасайды.

      22. Тестілеу уақытында аудиторияға Министрліктің уәкілетті өкілі мен ұйым басшысы ғана кіреді.

      23. Тестілеу өткізу кезінде білім алушыларға Министрліктің уәкілетті өкілінің рұқсатынсыз аудиториядан шығуға жол берілмейді.

      24. Тестілеуден кейін оқу нәтижесіне әсер ететін факторларды анықтау үшін білім алушылар, мұғалімдер және білім беру ұйымдарының басшылары арасында анонимді сауалнама жүргізіледі. Сауалнамада жеке сипаттағы сұрақтар жоқ.

      25. Ұлттық үйлестіруші уәкілетті орган белгілеген мерзімде тестілеу рәсімін бағдарламалық және техникалық қамтамасыз етеді және ББЖМ нәтижелерін статистикалық өңдеуді жүзеге асырады.

3-тарау. Нәтижелерді жариялау және қолжетімді ету

      26. ББЖМ нәтижелері білім беру ұйымдарының назарына ол аяқталған күннен кейін үш ай ішінде жеткізіледі және құқықтық салдары болмайды.

      27. ББЖМ нәтижелері туралы ақпарат уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады.

      28. ББЖМ нәтижелері бойынша уәкілетті орган білім беру ұйымдарына ол аяқталған күннен кейін алты ай ішінде ББЖМ нәтижелерінің кешенді талдауын, "Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны дайындаған әдістемелік ұсынымдарды жолдайды.

      29. Уәкілетті орган рейтингтік зерттеулер жүргізетін ұйымдардың пайдалануы және Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесінің жай-күйі мен дамуы туралы Ұлттық баяндамаға енгізу үшін білім беру саласындағы ағымдағы ахуалды бағалауды көрсететін талдамалық есепті қалыптастырады.

      30. Жыл сайын ББЖМ тапсырмаларының 10%-ы құпиялылық режимінен шығарылып, Ұлттық үйлестірушінің интернет-ресурсында тапсырмалар жинақтары және оқу-әдістемелік кешендер түрінде жарияланады.

      ББЖМ аяқталғаннан кейін алты ай ішінде Ұлттық үйлестірушінің интернет-ресурсында өзіндік талдау жүргізу мақсатында зерттеушілер үшін қатысушылардың иесіздендірілген тестілік және сауалнамалық деректер базасы жарияланады.




















































9 сынып оқушыларының ББЖМ-ға дайындықтары бойынша сынақ жұмыстары


Оқушының аты-жөні

Қыркүйек

Қазан

Қараша

Желтоқсан

Қаңтар

Ақпан

Наурыз

Сәуір

Мамыр



















1

Әсембек Айзат



















2

Әділғали Ақберен



















3

Дәсетқызы Инабат



















4

Разбек Әділжан



















5

Садуақас Арнай



















6

Құдайберген Арман



















7

Бөркеш Кемеңгер



















8

Өмірсерік Сандуғаш



















9

Сейілхан Мейір



















10

Тілеуберді Тілеккелді



















11

Үйсінбай Аян



















12

Қызайбек Диана







































Білім сапасы, %


























*АЛЬБОМНЫЙ ВАРЯНТТА*

























9 сынып оқушыларының білім сапасының көрсеткішінің диаграммасы


































Оқу мақсаттарына сәйкес математикалық сауаттылық бойынша тест тапсырмаларының тақырыптары, 9-сынып

Р/с

Тақырыбы

Оқу мақсаттары

Мерзімі

1

Натурал сандардан тұратын сандар тізбегі

5.2.3.1 натурал сандар тізбегінің заңдылықтарын анықтау


5.2.3.1 натурал сандар тізбегінің жеткіліксіз элементтерін табу

5.2.3.3 натурал сандар тізбегінің заңдылықтарын құрастыру және тізбектерді жазу

5.2.3.4 бөлшектерден тұратын тізбектердің заңдылықтарын анықтау

2

Жиын

5.4.1.1 жиын, оның элементтері, бос жиын ұғымдарын меңгеру


5.4.1.2 жиындардың қиылысуы және бірігуі анықтамаларын білу

5.4.1.3 берілген жиындардың қиылысуы мен бірігуін табу, нәтижесін , символдарын қолданып жазу

5.4.1.4 ішкі жиын ұғымын меңгеру

5.4.1.5 жиындар арасындағы қатынастардың сипаттамасын анықтау (қиылысатын және қиылыспайтын жиындар)

3

Диаграмма

5.4.3.2 дөңгелек, сызықтық және бағанды диаграммалар салу


5.4.3.3 кесте немесе диаграмма түрінде берілген статистикалық ақпаратты алу

4

Мәтінді есептерді екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйелері арқылы шығару

6.2.1.13 сандармен байланысты есептер шығаруда жазуларын қолдану;


5

Статистикалық деректер және олардың сипаттамалары: арифметикалық орта, мода, медиана, құлаш

6.4.3.2 статистикалық санды сипаттамаларды есептеу


6

Натурал көрсеткішті дәреже.

7.1.2.2 санның дәрежесі қандай цифрға аяқталатынын анықтау



7.4.2.3 шаршы мен текшенің сызықтық өлшемдерінің өзгеруіне байланысты олардың ауданы мен көлемі қалай өзгеретінін бағалау

7

Бүтін көрсеткішті дәреже

7.1.2.3 нөл және бүтін теріс көрсеткішті дәреженің анықтамасын және оның қасиеттерін білу базалық


7.2.1.1 санды өрнектердің мәндерін табуда бүтін көрсеткішті дәреже қасиеттерін қолдану


8

Абсолют және салыстырмалы қателіктер

7.4.2.1 - өте кіші немесе өте үлкен сандармен берілген шамаларға байланысты есептер шығару



9

Функция ұғымы

7.4.1.1 - функция және функцияның графигі ұғымдарын меңгеру орташа 0 7.4.1.2 - функцияның берілу тәсілдерін білу


7.4.1.3 - функцияның анықталу облысы мен мәндер жиынын табу



10

Тура пропорционалдық функциясы

7.4.1.4 y = kx, функциясының анықтамасын білу, графигін салу, k коэффициентіне қатысты орналасуын анықтау


7.4.1.5 y = kx + b, түріндегі сызықтық функцияның анықтамасын білу, оның графигін салу және графиктің k және b коэффициенттеріне қатысты орналасуын анықтау



11

Сызықтық фуекция және оның графигі

7.4.1.6 - сызықтық функция графигінің координата осьтерімен қиылысу нүктелерін графикті салмай табу


7.4.1.7 - у = kx + b сызықтық функциясының графигінен k және b таңбаларын анықтау


12


у = ах² түріндегі функция және оның графигі.

у = ах³ түріндегі функция және оның графигі.

7.4.1.10 у = ах² (а ≠ 0) функциясының графигін салу және оның қасиеттерін білу


7.4.1.11 у = ах³ (а ≠ 0) функциясының графигін салу және оның қасиеттерін білу


7.4.1.12 у = k/x (k ≠ 0) функциясының графигін салу және оның қасиеттерін білу


13

Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеудің графигі

7.4.2.4 екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін графиктік тәсілмен шешу


14

Жиілік алқабы

7.3.3.7 кесте немесе жиіліктер алқабы түрінде берілген статистикалық ақпаратты талдау


15

Қысқаша көбейту формулалары

Қысқаша көбейту формулаларының көмегімен өрнектерді түрлеендіру

7.2.1.10 a² – b² = (a – b) (a + b), (a ± b)² = a² ± 2ab + b² қысқаша көбейту формулаларын білу және қолдану


7.2.1.11 a³ ± b³ = (a ± b)(a² ± ab ++ b²); (a ± b)³= a³ ± 3a²b ++ 3ab² ± b³ қысқаша көбейту формулаларын білу және қолдану

7.2.1.12 алгебралық өрнектерді ортақ көбейткішті жақша сыртына шығару және топтау тәсілдері арқылы көбейткіштерге жіктеу

7.2.1.15 қысқаша көбейту формулалары арқылы алгебралық өрнектерді тепе-тең түрлендірулерді орындау

16

Мәтінді есептер шығару (теңсіздіктерді құру)

7.4.2.2 мәтінді есептерді теңдеулер және теңсіздіктер құру арқылы шығару


17

Алгебралық бөлшектер

7.2.1.18 алгебралық бөлшектің негізгі қасиетін қолдану: ac/bc = a/b, b ≠ 0, c ≠ 0


7.2.1.21 құрамында алгебралық бөлшектері бар өрнектерді түрлендіруді орындау


18

Үшбұрыштар бұрыштарының қосындысы.

Үшбұрыштың сыртқы бұрышы

7.1.1.17 үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы туралы теорема мен оның салдарларын есептер шығаруда қолдану


7.1.1.19 үшбұрыштың сыртқы бұрышы туралы теореманы қолдану


19

Үшбұрыштар теңсіздігі

7.1.3.1 үшбұрыш теңсіздігін білу және қолдану


7.1.1.20 үшбұрыштың бұрыштары мен қабырғалары арасындағы қатысты білу және есептер шығаруда қолдану


20

Теңқабырғалы үшбұрыштың қасиеттерін есептер шығаруда қолдану

7.1.1.24 теңқабырғалы үшбұрыштың қасиеттерін есептер шығаруда қолдану


21

Тікбұрышты үшбұрыштар теңдігінің белгілері

7.1.1.26 тікбұрышты үшбұрыштар теңдігінің белгілерін есептер шығаруда қолдану


22

Шеңбер, дөңгелек, олардың элементтері. Центрлік бұрыш.

7.1.1.29 центрлік бұрыштың анықтамасы мен қасиеттерін білу және қолдану


7.1.1.30 шеңбер диаметрі мен хордасының перпендикулярлығы туралы теоремаларды дәлелдеу және қолдану

23

Арифметикалық квадрат түбірдің қасиеттері

8.1.2.1 арифметикалық квадрат түбірдің қасиеттерін қолдану


24

у = √х функциясы, оның графигі мен қасиеттері

8.4.1.1 у = √х функциясының қасиеттерін білу және оның графигін салу


25

Квадрат теңдеулер арқылы мәтінді есептер шығару

8.4.2.1 мәтінді есептерді квадрат теңдеулердің көмегімен шешу


8.4.2.2 мәтінді есептерді бөлшек-рационал теңдеулердің көмегімен шешу

Квадрат үшмүше

8.2.1.3 квадрат үшмүшені көбейткіштерге жіктеу

26

Квадрат функция

8.4.1.2 y = a(x – m)², y = ax² + n және y = a(x – m)² + n, a ≠ 0 түрдегі квадраттық функциялардың қасиеттерін білу және графиктерін салу


8.4.1.3 у = ах² + bх² + c, a ≠ 0 түріндегі квадраттық функцияның қасиеттерін білу және графигін салу

8.4.1.4 - аргументтің берілген мәндері бойынша функцияның мәндерін табу және функцияның мәні бойынша аргументтің мәнін табу

8.4.2.3 қолданбалы есептерді шығару үшін квадраттық функцияны қолдану

27

Жиілік алқабы, жиілік гистограммасы.

8.3.3.1 - таңдама нәтижелерін жиіліктердің интервалдық кестесі арқылы беру


8.3.3.2 - жиіліктердің интервалдық кестесінің деректерін жиіліктер гистограммасы арқылы беру


8.3.3.3 - жинақталған жиілік анықтамасын білу


28

Орта мән. Дисперсия. Стандартты ауытқу

8.3.3.4 - статистикалық кестемен, алқаппен, гистограммамен берілген ақпаратты талдау


8.3.3.5 - дисперсия, стандартты ауытқу анықтамаларын және оларды есептеу формулаларын білу


29

Фалес теоремасы. Пропорционал кесәнділер

8.1.1.8 пропорционал кесінділер туралы теоремаларды білу және қолдану


30

Трапецияның орта сызығы

8.1.1.13 трапецияның орта сызығының қасиетін дәлелдеу және қолдану


31

Үшбұрыштың тамаша нүктелері

8.1.3.1 үшбұрыштың қабырғаларына жүргізілген медианалар, биссектрисалар, биіктіктер және орта перпендикулярлар қасиеттерін білу және қолдану


32

Пифагор теоремасы.

8.1.3.3 Пифагор теоремасын дәлелдеу және қолдану


8.1.3.4 тікбұрышты үшбұрыштың тік бұрышының төбесінен гипотенузасына түсірілген биіктігінің қасиеттерін дәлелдеу және қолдану


33

Тікбұрышты үшбұрыштарды шешу

8.1.3.7 тікбұрышты үшбұрыштың элементтерін табу үшін 30°, 45°, 60°- қа тең бұрыштардың синус, косинус, тангенс және котангенсінің мәндерін қолдану


34

Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеулер және олардың жүйелері

9.4.2.1 мәтінді есептерді теңдеулер жүйелері арқылы шығару


35

Комбинаториканың негізгі ұғымдары мен ережелері (қосу және көбейту ережелері)

9.3.1.1 комбинаториканың ережелерін білу (қосу және көбейту ережелері)


9.3.1.2 cанның факториалы анықтамасын білу

9.3.1.3 қайталанбайтын орналастыру, алмастыру және теру анықтамаларын білу

9.3.1.4 қайталанбайтын орналастыру, алмастыру және теру сандарын есептеу үшін комбинаторика формулаларын білу

9.3.1.5 қайталанбайтын орналастыру, алмастыру және теру сандарын есептеу үшін комбинаторика формулаларын қолдана отырып есептер шығару

36

Ньютон биномы және оның қасиеттері

9.3.1.6 Ньютон биномы формуласын және оның қасиеттерін білу және қолдану


37

Сандар тізбегі, оның берілу тәсілдері және қасиеттері

9.2.3.1 сандар тізбегі туралы түсінік болу


9.2.3.3 математикалық индукция әдісін білу және қолдану

38

Арифметикалық және геометриялық прогрессиялар

9.2.3.4 сандар тізбектерінің арасынан арифметикалық және геометриялық прогрессияны ажырату


9.2.3.5 арифметикалық прогрессиялардың n-ші мүшесін, алғашқы n мүшелерінің қосындысын есептеу формулаларын, сипаттамалық қасиетін білу және қолдану

9.2.3.7 арифметикалық немесе/және геометриялық прогрессияларға байланысты есептер шығару

9.2.3.8 шексіз кемімелі геометриялық прогрессия қосындысының формуласын периодты ондық бөлшекті жай бөлшекке айналдыру үшін қолдану

9.4.2.2 геометриялық және арифметикалық прогрессияларға байланысты мәтінді есептерді шығару

39

Бұрыш пен доғаның градустық және радиандық өлшемдері

9.1.1.1 - бұрыштың радиандық өлшемі ұғымын меңгеру


9.1.1.2 - бірлік шеңбердің бойында 0; π/2; π; 3π/2; 2π сандарын белгілеу

9.1.2.1 - градусты радианға және радианды градусқа айналдыру

40

Векторларға амалдар қолдану

9.1.3.2 вектордың ұзындығын табу


9.1.3.4 векторлардың скаляр көбейтіндісін және оның қасиеттерін білу және қолдану

9.1.4.1 вектордың, коллинеар векторлардың, тең векторлардың, нөлдік вектордың, бірлік вектордың және вектор ұзындығының анықтамаларын білу

41


Вектордың координаталары. Координаталық түрде берілген векторларға амалдар қолдану

9.1.4.2 векторларды қосу, векторды санға көбейту ережелерін білу және қолдану


9.1.4.3 векторлардың коллинеарлық шартын қолдану

9.1.4.5 екі вектордың арасындағы бұрыштың анықтамасын білу

9.1.4.6 векторлардың скаляр көбейтіндісін табу

9.1.4.7 есептерді векторлық әдіспен шешу

9.1.4.19 есептер шығаруда векторларды қолдану

42

Гомотетия және оның қасиеттері

9.1.4.12 гомотетия кезінде әртүрлі фигуралардың бейнелерін салу



43

Үшбұрыштарды шешу

9.1.3.6 косинустар теоремасын білу және қолдану


9.1.3.10 синустар және косинустар теоремаларын үшбұрыштарды шешуде және қолданбалы есептерді шығаруда қолдану

9.1.3.8 іштей сызылған үшбұрыштың ауданын (S = abc/ 4R, мұндағы a, b – үшбұрыштың қабырғалары, – сырттай сызылған шеңбер радиусы) және сырттай сызылған көпбұрыштың ауданының (S = p . r мұндағы r – іштей сызылған шеңбер радиусы, p - көпбұрыштың жарты периметрi) формуларын білу және қолдану

44

Дұрыс көпбұрыштар, олардың қасиеттері және симметриялары

9.1.4.18 дұрыс көрбұрыштардың симметрияларын білу




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!