Материалдар / БЕЙІНДІК ОҚЫТУ БОЙЫНША ҚОЛДАНБАЛЫ, ТАҢДАУ КУРСТАРЫНЫҢ БАҒДАРЛАМАЛАРЫН ҚҰРАСТЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

БЕЙІНДІК ОҚЫТУ БОЙЫНША ҚОЛДАНБАЛЫ, ТАҢДАУ КУРСТАРЫНЫҢ БАҒДАРЛАМАЛАРЫН ҚҰРАСТЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас мамандарға
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Маусым 2019
3052
8 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



БЕЙІНДІК ОҚЫТУ БОЙЫНША

ҚОЛДАНБАЛЫ, ТАҢДАУ

КУРСТАРЫНЫҢ БАҒДАРЛАМАЛАРЫН

ҚҰРАСТЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ



Бегімбетова Дүйсенгүл Исламқызы Түркістан облысы Шардара ауданы

«Жаушықұм» мектеп-лицейінің бейіндік оқу ісі жөнінідегі орынбасары


«Біз болашақтағы жоғары

технологиялық және аса ғылыми өндірістер үшін кадрлар қорын қалыптастыруымыз қажет»

Н.Ә.Назарбаев

К І Р І С П Е

Білім беру ешқашан қызметтің тұрып қалған саласы болған емес.Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңының негізгі ережелеріне сәйкес 2006-2007 оқу жылынан бастап республика мектептерінің жоғары сатысында бейінді оқыту енгізілді.Оның әлемдік білім берудегі танымалдығы білім беруді ізгілендіру стратегиясының адамға бағытталып,оның құқықтары мен мүдделері жүзеге асырылуына байланысты.

Бейінді оқыту мектептің жоғары буынындағы арнайы даярлық жүйесі ретінде шын мәніндегі еңбек нарығы мұқтаждарын ескере отырып,оқытуды білдіреді,әрі орта және жоғары білім арасындағы байланыстырушы буын қызметін атқарады.Ол тұлғалық-бейімделген оқу үрдісін іске асыруға және оқушының арнайы курстарды таңдауы есебінен дербес білім беру траекториясын құру мүмкіндігін кеңейтуге көмектеседі.

Бейінді оқытуды енгізу оқыту мазмұнына да, оның ұйымдастырылуына да, нормативтік құжаттарға да көптеген жаңалықтар әкелді.

Бейінді оқытуға көшу мынадай негізгі міндеттерді шешуді көздейді:

-қолданбалы және таңдау курстарына арналған жекелеген пәндерді тереңдете үйрену;

-жоғары сынып оқушыларын сараптай оқытуда жүзеге асыру;

-оқушыларды ерте әлеуметтендіру;

-білім алушылардың әр түрлі санаттарына олардың қабілеттері мен қажеттіліктеріне сәйкес толыққанды білім алуға теңдей қол жеткізу;

-мектеп бітірушілерді жоғары кәсіптік білім беру бағдарламасын игеруге даярлау;

Оқыту бейіні - мектеп таңдап алған оқытудағы бейіндеу бағыты аясындағы қолданбалы курстары - білім беру бағдарламаларын оқытудың мазмұндық - ұйымдық форматы.Қолданбалы курстар білім беру бағдарламаларын іске асыруды ұйымдастырудың бір түрі.

Осы мақсатта авторлық бағдарлама жасау құрылымы мен өзіндік әдістемесі бар.

Қолданбалы және таңдау курстарына қойылатын негізгі талаптар:

Қолданбалы курстар дегеніміз – бағдарлы пәндер бойынша оқушылардың білімін тереңдетуге,кеңейтуге,олардың қандайда қолданылуы жайлы оқушыларда білім қалыптастыруға арналған курстар және оқушының қатысуға міндетті және таңдауға құқылы пәндері.

Таңдау курстары - оқушылардың талап-тілегін,қызығушылығын қанағаттандыруға арналған.Олар таңдалған сыныптың бағыты мен бағдарына байланысты болуы да,болмауы да мүмкін.

Жалпы білім беру мекемелерінің базистік оқу жоспарының мектеп компоненті мен оқушы компонентін жүзеге асыруды көздейтін бағдарлы оқу процесінде маңызды орын алатын қолданбалы және таңдау курстарын ұйымдастырудың әдістемелік ерекшеліктеріне соңғы уақытта үлкен мән берілді. Аталған курстар бағдарлы оқытуды жүзеге асырудың басты құралы ретінде қарастырылады.Қолданбалы курстар бағдарлы пән бойынша берілетін теориялық білімнің қолданбалы сипатын ашып көрсетуге бағытталғандықтан,оларға барлық оқушылардың қатысуы міндетті.

Таңдау курстары оқыту бағдары аясынан тыс жүзеге асыратылатындықтан,оларға бір сынып оқушыларының барлығы қатысуы міндетті емес.

Қолданбалы курстар жарнамалық сипатты және олардың мазмұны пән тұрғысынан емес,оның практикалық пайдалылығы тұрғысынан құралады.

Жалпы бұл курстар бағдарлы пәндерді оқытуда пәнаралық байланысты жүзеге асыруды қамтамасыз ету үшін де оқытылуы мүмкін.Алайда оларға бөлінген уақыт оқу бағдарламасы бойынша меңгертіп үлгермеген материалды оқуға жұмсалуы тиіс.Сондықтан қолданбалы курстарға қажетті материалды таңдауға бағдарлы пәндерден сабақ беретін мұғалімдер өздерінің бағдарламаларын құру жұмыстарын «Оқушыға қолданбалы курс несімен пайдалы және оны оқып-үйренуге қалай қызықтыруға болады?» деген сұраққа жауап бере алатындай етіп жүргізуі қажет.

Бағдарлы оқу пәні бойынша жасалатын қолданбалы курс бағдарламасы бағдарлы оқытуды жүзеге асырудың басты құралы.10-11- сыныптарда берілетін білім сапасы осы қолданбалы курс бағдарламасының мазмұнына тәуелді және оны тек бағдарлы пәнінен сабақ беретін мұғалім өзі жасайды.

Авторлық оқу бағдарламасы педагогикалық құндылық пен жаңалықтардан хабардар ететін авторлық педагогикалық шығармашылықтың нәтижесі.Ол оқу пәнінің білім беру мазмұнын анықтайтын мемлекеттік білім беру стандартының негізінде жасалады.Авторлық әдістемелік жүйені құрастыру процесі ұзақ уақытты қамтиды және нәтижесі тұлғаны дамытуға бағытталған. Авторлық бағдарлама мазмұнының негізінде әдістемелік жүйені құрудағы мұғалімнің өзіндік тұлғалық тәжірбиесі мен оның қызметінің даралық стилі жатыр.


Авторлық бағдарламаны құрастыру технологиясын ұстаздың педагогикалық қызметінің белгілі алгоритмі,автордың өз теориялық әдіснамалық ұстанымын негіздеуі мен таңдауынан тұратын технологиялық тізбек деп түсінуге болады:

Кезектелген бағдарламаның құрастырылуына қойылатын талаптар бар және кейбір міндетті атрибуттар болуы тиіс.Мектеп пәнінің кез-келгені бойынша

авторлық бағдарлама жасауға болады.Алғашқы міндетті шарты-бағдарлама құрылымы мен мазмұны жағынан орта білім беру саласындағы оқу бағдарламасымен сәйкес болуы тиіс.Сонымен қатар,авторлық бағдарлама келесі талаптарға жауап беруі керек.

Қазіргі ғылымның педагогикалық практикалық жағдайымен сәйкес келуі,жаңалығымен даралануы;

Оқушылардың жеке қабілетін дамытуға бағытталуы,оның интелектуалды эмоционалды кеңістігіне,коммуникативті қабілеті мен әлеуметтік бейімделуіне;жүйелік талаптарына сай болуы;психологиялық-педагогикалық негізі долуы;басты дидактикалық құралдар мен материалдармен,сондай-ақ оны жүзеге асырудағы әдістемелік ұсыныстармен қамтамасыз етілуі тиіс.

Қолданбалы курсты құрастыру реті

-Бағдарлы оқытуға сәйкес қолданбалы курстың тақырыбын белгілеу.

-Қолданбалы курстың білім мазмұнындағы орнын анықтау.

-Бағдарламаның түсінік хатын жазу.

-Түсінік хатта курстың мақсаты,міндеттері,пәнаралық байланысты жүзеге асыру бағыттары көрсетіледі.

-Қолданбалы курстардың тақырыптарын сағаттарға бөлу.

-Қолданбалы курстарды ұйымдастырудың формаларын анықтау.

-Қолданбалы курстардың оқуын аяқтау формаларын (реферат,баяндамалар,ғылыми жобалар,сынақ)анықтау.

-Ұсынылған әдебиеттердің тізімін беру.

(мұғалім үшін және оқушыға ұсынылатын әдебиеттер тізімі жекелей берілуі керек)

Курс бағдарламасының құрылымы

1.Титул парағы(лауазымдық парақ).

2.Маман пікірі.

3.Түсінік хат.

4.Оқу-әдістемелік жоспар.

5.Курс мазмұны.

6.Әдістемелік нұсқаулар.

7.Мұғалімдер мен оқушыларға ұсынылатын әдебиеттер тізімі.

8.Оқушының оқу жетістіктерін бағалау жүйесі.Курсты бітіру есеп берумен:Реферат жазып қорғау; жоба қорғау т.б. аяқталды.


Оқушылардың білімін бағалау бағамдары (критериийлер)

1.Оқушыларға берілетін жаңалық дәрежесі;

2.Оқушылардың курсқа деген қызығушылығын туғызатын түрткінің (мотиві) бар болуы;

3.Дамытушылық потенциалының болуы (Оқушының практикалық, шығармашылық және сезімдік тұрғыдан дамыта білуі);

4.Таңдап алған бағыттың жүйелілігі мен өзара байланыстылығы;

5.Оқытудың белсенділік тәсілдерінің таңдалып алынуы;

6.Оқыту нәтижелерін бақылау мүмкіндік дәрежесі қандай

(төмен, орта, жоғары);

7.Бағдарламаны іс-жүзіне асырудың нақтылығы.

Сонымен бірге ұсынылып отырған курсты оқыту барысында

жүзеге асырылатын пән аралық байланыстар сипаты және

пайдаланатын әдебиеттер тізімі көрсетіледі.


Әдебиеттер тізімі-бағдарламаның қорытынды бөлімі.

Әдебиеттерді библиографиялық стандартпен жазуға болады.Әдебиеттер тізімін құрудың бірнеше ережесі:

-Автордың фамилиясы мен кітаптың аты алфавит бойынша келтіріледі;

-Автор инициалы фамилиядан кейін орналасады;

-Автордың аты-жөні,кітаптың атауынан басқа баспаның орны,басылымның жылы жазылады;

-Бағдарламаның ерекшеліктеріне қарай әдебиеттер тізімін педагогтар,оқушылар,ата-аналар үшін бірнеше бөлікке бөлуге болады.



Әр бөлім мен пункттердің тақырыбы айқын,азат жол міндетті түрде болу керек.Негізгі мазмұндағы тақырыптық жоспарды кесте түрінде орындаған дұрыс.Мәтінді оқуға ыңғайлы болуы үшін түйін сөздерді қалың қәріппен не курсивпен жазу керек.Одан соң авторлық бағдарламаны бекіту,оны білім берудегі оқу тәрбиелік процесіне енгізуге жағдай жасау жұмыстары жүргізіледі.

Авторлық бағдарлама ішіндегі қолданылатын педагогикалық технология мен оқыту әдістері апробация мен экспертизадан өткізілуді қажет етеді. Экспертизаға ұсынылған авторлық оқыту бағдарламасына осы сала бойынша жетік білетін мамандар мен ұйымдардың рецензиясы қоса беріледі.

Білім басқару ұйымдары апробация мен экспертиза өткізу барысында авторлық бағдарламаның талаптарға сай келу-келмеуін,оның оқу процесіне жіберілу мүмкіндігі турасында шешім қабылдайды.Білім беру мекемесін авторлық оқу бағдарламасын құрастырудан шектеу немесе айыру білім басқармасының құзырына енбейді. Бағдарламалардың оқушыларға жаңалық ретінде танылу дәрежесі базалық білім беру бағдарламасында берілмеген, оқушыларға таныс емес білім мазмұнының қамтылуымен сипатталады.



  1. Бағдарламаның игерілу,нәтиже беру дәрежесі оқушылардың қызығушылығын тудыратын және жеке тұлғаның дамуына,қоғамдағы өзіндік орнын анықтау арқылы келешек өмірдегі орнын табуға,өзіне-өзі баға беруіне ықпал ететін білім мазмұнының қамтылуымен анықталады.

  2. Мазмұнының қомақтылығы оқытуда алға қойылған барлық мақсаттарды орындауға бағытталған білім мазмұнының анықталуы мен қамтамасыз етіледі.

  3. Бағдарламаның ғылымилығы прогресивтік ғылыми біліммен өмір сүру тәжірибесінің ең бағалы жақтарының енгізілуімен сипатталады.

  4. Курстың практикалық бағыты оқушы қабілетін дамытуға және алған білімін іс жүзінде әртүрлі тапсырмаларды орындауға қолдануға мүмкіндік беретін материалдың қамтылуымен анықталады.

  5. Оқу материалдарының байланыстылығы мен жүйелілігі ілгерідегі тақырыпта кейінгі мазмұнын ашуға,олардың өзара ортақ байланысын жүзеге асыруға негізделіп анықталуымен сипатталады.

  6. Бағдарламаның оқыту мақсаты мен оқу материалдарындағы тапсырмалар мазмұнын ашық көрсету тәсілдерінің сәйкестігі оқу тапсырмалары мазмұны теориялық материалдардың қолданбалы сипатын ашатындай болуымен анықталады.


  1. Оқыту әдістерін таңдауда олардың оқу тапсырмаларының бағдарламада қамтылған оқу материалдары қолданбалы сипатын ашуы,мақсатқа сәйкес барынша ыңғайлы,әсерлі(орындалуы оқушы белсенділігін талап етуі)болуы ескерілуі тиіс.


  1. Бақылау дәрежесі өткізілуге тиісті бақылау жұмыстары әр тарауды немесе бағдарламаны толық меңгергендігін нақты анықтауға мүмкіндік беретіндігімен анықталады.


  1. Мерзімді нақты мүмкіндік тұрғысынан қарау.Оқу материалдарын оқушылардың сапалы игеруіне жеткілікті және жоспарланған нәтижеге жетуге мүмкіндік беретін уақыт бөлінуі тиіс.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!