Материалдар / Бейнефильмдерді оқытудың тиімділігі

Бейнефильмдерді оқытудың тиімділігі

Материал туралы қысқаша түсінік
Тарихи оқиғаларды суреттеуге, түсіндіруге бейнефильмдердің маңызы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Қараша 2020
329
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады





Оқытушының аты-жөні:

Абилмажинова Ләйлә Қазезбековна

Сабақтың тақырыбы:

Жоғары деңгей: бейнефильмдер арқылы оқытудың тиімділігі


Деңгейі:

Жоғары деңгей

Сабақтың мақсаты:

Тыңдаушыларға көркем фильмдерді көрсете отырып шешен сөйлеудің мәнерін ұғындыру;

тапқырлықпен және көркем сөздермен сөйлеуге машықтандыру; сөйлеу мәдениетін жетілдіру.


Сабақтың түрі:

Дәстүрлі емес

Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдері:

Интербелсенді әдіс-тәсілдер, ой толғаныс,

сұрақ-жауап әдісі, стоп кадр әдісі, төрт сөйлем әдісі.

Ресурстар:

көркемфильмнен фрагменттер, слайд.

Сөздік қор:

Тұлға, қоғам қайраткері, Алаш, зиялы қауым, сатқындық, ауызбіршілік, ұлттық идея, аңсаған арман, Қазақ автономиясы, ортақ парыз

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:


Қайырлы күн, құрметті әріптестер,қонақтар!

  • Сіздерді бүгінгі сабақта көргеніме қуаныштымын.

  • Олай болса сабағымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

1. «Психологиялық тренинг

Мақсаты: жағымды психологиялық ахуал тудыру.(1мин)


«Жылы алақан» стратегиясы

Сабаққа қатысушылар бір- біріне сәттілік тілейді.

  • барлық ,

  • кезде ,

  • сәттілік,

  • тілеймін,

сізге 

Екі топқа бөлу.

Қатысушыларға сарғыш, жасыл түсті қалам тарату арқылы отырғызу.

Ой толғаныс –тақырыпты ашу

Мақсаты:қатысушылардың сөйлеу әрекетін дамыту, тақырыпқа бағыттау. (3мин)

«Даналық ойдан дән ізде» дегендей алдарыныздағы суреттерді пайдалана отырып даналық, танымдық сөздерді оқып, бір сөйлеммен өз түйінініздің айта кетсеңіздер.


Қазақ әдебиетінің ғана емес, қазақ халқы тарихының төрінен орын алатын дара тұлға, аса көрнекті жазушыларымыздың бірі Ілияс Есенберлиннің қай туындысына фильм түсірілгенін атаңыз?

«Сөздің ең ұлысы - тарих».(А.Байтұрсынов)

«Ұшқан құстың қанаты талатындай» тіркестен не ой түйесіздер.

- Бұл суреттерде қандай оқиға бейнеленген?

«Ұлтына, жұртына қызмет ету-білімнен емес, мінезден». (Әлихан Бөкейханов)

Осы даналық сөздер өмірлік ұстанымдарыңыз болсын. Қоржындарыңызға ала кетіңіздер.




Лексикалық минимум

Мақсаты: көнерген тарихи сөздердің мағынасын ашу(3мин).

«Сәйкестендіру»

Берілген сөздерге мәндес сөздерін тап.

Мысалы:

Пырақ тұлпар (қанатты ат)

Нәубет – апат (жұт)

Ата жау – дұшпан

Қауесет – сөз тарату

Несібе – ырыс

Жат – бөтен

Әмір ету – бұйрық беру

Дақпырт – атақ, даңқ

Фрейер моделін құру

  1. бейнефильмнен үзінді көрсету

Мақсаты : Үзіндідегі тұрақты тіркестердің мағыналық жағынан үйлесімділігін таныту (3мин).
























«Ортақ әңгіме» әдісі


2-бейнефильмнен үзінді көрсету


Мақсаты : Үзінді арқылы сөйлеушінің сөз саптауы арқылы тапқырлыққа баулу(5мин).










«Стоп кадр» әдісі


3-бейнефильмнен үзінді көрсету

Мақсаты : Үзінді арқылы сөйлеушінің сөз саптауын, тіл байлығын жетілдіру. (5мин).


Фрейер моделі арқылы қарамен жазылған сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын ашу.

Тұрақты тіркестерді табу

Көнерген сөздерді табу




Көшпенді қазақ жұртының бағзы заманнан бергі ірге тепкен ата қонысы. Ұшқан құстың қанаты талатын осынау кең даланы біздің ата-бабамыз ғасырлар бойы ақ білектің күші, ақ найзаның ұшымен қорғап келді. Бәрінен бұрын жан-жағын жолбарыстай жайпаған жоңғар шапқыншылығы қазақ елі үшін үлкен нәубет болды.

Бір тудың астына біріге алмай алты бақан ала ауыз болған қазақ рулары ақтабан шұбырындыға ұшырап Елім-ай әнін айтып , босып кетті.

Шапқыншықтан қалжыраған халық иісі қазақтың басын қосып, ата жаудан кек алатын бір ұланды аңсаумен болды.





Қоңтайшы мен Ораздың арасындағы сұқбатты тыңдап, мына сұраққа тез ойланып жауап беріңіз.


1) «Сәуегей Ораз сенбісің?» дегендегі cәуегей сөзінің мағынасын айтып беріңіз?

2) «Елім деп еңіреген сол батырды іздеумен болдым» кім туралы?

3) «Шақырғанға бармасаң, шақыруға зар боларсың» деп кім айтты?

(Оның астарын қалай түсінесің ?)






«Жобалау стратегиясы»

DrawObject1







DrawObject2






DrawObject3







«Дубляж » жасау


4- бейнефильмнен үзінді көру

Мақсаты: тыңдаушылар сөз саптауларын, тіл байлықтарын сөздік қорларын дамыта отырып бейнефильмднің желісі бойынша дубляж жасайды. (3 мин)

  1. Бейнефильмнен үзінді дауыспен көрсетіледі. Тыңдаушыларға мұқият тыңдау тапсырылады.

  2. Рольдік ойын ретінде алуға болады. Бейнефильмді екінші рет көрсеткен кезде дауысын өшіріп қою керек.


Кері байланыс. «Раунд Робин» әдісі

Мақсаты:

Өзінің сабақтан алған білімдерін әр тыңдаушы тілек беті парағыңа жазып қалдыру. Сабақты талдау(2 мин).

Сабақтан алған сөздік қорларын шешендік сөздерді пайдалану арқылы бір сөйлеммен тілек бетіне жазып қалдыру.


Қорытынды сөз: (1мин)  

Бүгінгі сабағымыздың мақсаты тыңдаушыларға көркем фильмдерді көрсете отырып шешен сөйлеудің мәнерін ұғындыру, тапқырлықпен және көркем сөздермен сөйлеуге машықтандыру, сөйлеу мәдениетін жетілдіру жолдарын көрсету болды.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ