Материалдар / Бейорганикалық химия. "Сандық есептер шығару әдістемемсі"

Бейорганикалық химия. "Сандық есептер шығару әдістемемсі"

Материал туралы қысқаша түсінік
Есеп шығару оқушыларды жаңа химиялық біліммен қаруландырып, қалыптасқан іскерліктері мен дағдыларын жүйелеуге және нақтылауға да көмектеседі. Есеп шығару барысында оқушының білімі, зердесі, ойлау қабілеті дамумен қатар химиялық білімді, заңдарды, құбылыстарды тереңірек түсінуі қалыптасады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
2957
7 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ОҚО Мақтарал ауданы «Көктөбе ауылы»

«№ 19 М.Мақатаев атындағы жалпы орта мектебі»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі



БЕЙОРГАНИКАЛЫҚ ХИМИЯ.





Shape1



Жалпы білім беретін мектептің

8-10 сыныптарына арналған

(қазақ тілінде)

Әдістемелік құрал





















Picture 162

Мұғалімнің аты –жөні: Битабарова Хадиша Исабековна

Жұмыс орны: «№ 19 М.Мақатаев атындағы жалпы орта мектебі»коммуналдық мемлекеттік мекемесі .

Қызметі: Мұғалім

Оқытатын пәні: Химия

Білімі: Жоғары

Санаты: Бірінші

Курстан өтілуі: Үшініші (базалық) деңгей

Мекен –жайы: Онтүстік Қазақстан облысы Мақтарал. ауданы, Ж.Ералиев. ауыл ,

Ұялы телефон : 8 747 317 23 62, 8775 705 49 62,

Электрондық почта E-mail : bitabarova66@mail.ru.


Шығармашылық тақырыбы: «Жаңа педагогикалық технология негізінде, оқушылардың өзіндік ізденісін, ойлау және шығармашылық қабілетін дамыту, ақпараттық технологиялардың мүмкіндігін қолдана   отырып оқушылардың  химия  пәніне  деген  қызығушылықтарын арттыру. »

І- Кіріспе.

Біліп қана қойған аз, оны пайдалана білу қажет,
 Қалап қана қойған аз, жасау қажет. 
 Иоганн Вольфганг Гете.



Сапалы білім – ел болашағын айқындайтын басты көрсеткіш болып табылады. Бүгін мектеп партасында отырған бүлдіршіндер ертең ел тағдырын шешетін азаматтар. Олардың сапалы білім алуын бүгін қамтамасыз ету –мұғалімнің басты міндеті.«Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, білім, ар, мінез деген қасиеттерімен озады», -деп Абай атамыз айтқандай, озық ойлы білімдар адамдар заманның, қоғамның дамуына, өзгеруіне үлесін қосып келеді. Осындай қоғамдық әлеуметтік мәдени өзгерістер, дамулар мектептің оқыту процесіне әсер ететіні сөзсіз. Кез келген оқыту белгілі мөлшерде адамды дамытады. Оқитын пән қаншалықты жаңа, бағалы болса да, мұғалімнің шеберлігі қандай жоғары болсын, мұғалім мен оқушының өз белсенділігін туғыза алмаса, берген білім күткен нәтиже бермейді. Оқушының адам ретінде қалыптасуы белсенділік арқылы жүзеге асады. Жаңа технологияның басты мақсаттарының бірі – баланың оқыта отырып, ой еркіндігін, белсенділігін, ізденімпаздығын қалыптастыру, өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландыру.

Болашақта химия және биология мамандықтарына даярлайтын жоғары оқу орнына түсем деушілерге, әртүрлі типтегі химиялық есептерді шығару әдістемесін игерудің пайдасы орасан. Химиялық есептер – оқушылардың химиядан білім сапасын анықтаудың негізгі құралдарының бірі. Сондықтан бүгінде мектептегі білім беру жүйесінде елеулі өзгерістер болып жатқанда мұғалім үшін басты жетекші мақсат оқушыларды шығармашылық іс - әрекетті меңгертуге бағыттау болу керек. Химияны игеруге оқулықтың өзін оқып немесе мұғалімнін түсіндірмесін тыңдап қана оқушылар терең білім ала алмайды. Химиялық білім беруде есептер шығару маңызды рөл атқарады, себебі бұл оқу материалын неғұрлым терең және толық меңгеруді қамтамасыз ететін және алған білімдерін өз бетімен қолдана білуге үйрететін оқытудың бір түрі. Бұл туралы әйгілі ғалым – әдіскер Д. Пойа : «Есеп шығара білу практика жүзінде алынатын өнер» , - деп айтқан. Сондықтан, бұл әдістемелік құрал оқушылардың 8-11 сыныптарда химиядан алған теориялық білімдерін одан әрі дамытып, практикалық есептер шығару дағдысын қалыптастыруға арналған. Есепті шығара білу біліктілігін тек қана бір жолмен – жай есептен күрделі есепке жылжи отырып, тұрақты және жүйелі түрде дамытуға болады. Есептердің көпшілігі қолданбалы бағытта сыныптағы барлық оқушылар үшін жалпы жұмыс ұйымдастыруға және оқытуды даралау мен жіктеуге мүмкіндік туғызады. Алдымен оқушылардың материалды толық түсінуін қажет ететін есептерден басталады да, одан сон алған білімдерін әртүрлі жағдайда дамытып, фактілерді салыстырып, ой елегінен өткізіп қолданатын есептерге жалғасады.

Химия пәнін оқыту үрдісінің негізгі мақсаты – оқушылардың химиялық білім негіздерін толық түсіну мен меңгеру арқылы шығармашылық қабілетін дамыту. Химия пәнін оқып – үйренгенде есептер шығарып, жаттығулар орындаудың маңызы өте зор. Есеп шығарып, жаттығулар орындау білімді тексеру ғана емес, сонымен қатар оқушыларды өздігінен ізденуге де дағдыландырады. Есеп шығару – оқушыларды химиялық ой – өрісін дамытудың негізгі құралдарының бірі, теориялық білім мен тәжірибе арасындағы байланысты жүзеге асырудың жолы .

Есеп шығару оқушыларды жаңа химиялық біліммен қаруландырып, қалыптасқан іскерліктері мен дағдыларын жүйелеуге және нақтылауға да көмектеседі. Есеп шығару барысында оқушының білімі, зердесі, ойлау қабілеті дамумен қатар химиялық білімді, заңдарды, құбылыстарды тереңірек түсінуі қалыптасады.

Оқушылардың химия пәнінен алған білімдерін жетілдіре түсу үшін химия курсының барлық тақырыптарына сәйкес есеп шығарудың, жаттығу жұмыстарын орындаудың орны ерекше. Есеп шығару, жаттығу жұмыстарын орындаудың үстінде оқушылардың шығармашылық қабілеті дамиды, тапсырылған іске жауапкершілігі артады, сондай-ақ, олар оқушылардың алған білімдерін тексеру және баға қою жөніндегі тиімді әдістердің бірі болып табылады. Оқушыларды есеп шығаруға үйрету, негізінен, математика, физика, химия мұғалімдерінің іс-тәжірибесіне байланысты. Егер жеке пән мұғалімдері бағдарлама талабына сай әрбір тақырыпқа байланысты есептерді шығартып, жаттығуларды орындатып отырса, оқушылардың білімі тиянақты болатындығында дау жоқ.

Оқушыларға химиядан білім беруде олардың білім деңгейін бақылау маңызды екені белгілі . Ал білімді бақылау тапсырмалары білім беру стандартына сай, бағдарламаға негізделген болу керек. Сонымен бірге білімді бақылау құралдары оқушылардың білім деңгейін дәл, нақты анықтайтын дәрежеде құрылып, оқушылардың білімі мен білігін бақылап, тексеру арқылы мұғалім өз ісіне талдау жасап, оқушы біліміндегі олқылықтар есебін анықтайды. Сондықтан әр мұғалімнің сабақ беру кезінде оқыту нәтижесін шығаруы- білім беру барысындағы маңызды бөлік. Оқыту мақсатының орындалуы, мазмұны, құралдары ұйымдастыру формаларының тиімділігі оқушы білімі мен білігін тексеру арқылы анықталатыны белгілі. Сондықтан білімді бақылауға арналған есептер шығару қажет іс болып табылады.

Сандық есептер шығару - химия ғылымының негізін меңгерудің маңызды бір бөлігі болып табылады. Теориялық түсініктеме алған оқушылар есептер шығару мен жаттығулар орындау арқылы алған білімін пысықтап, толықтыра түссе, тәжірибелер жасау арқылы оны тереңдетіп, бекітеді. Химиялық есептер шығару теорияны толықтырып, оның жақсы меңгерілуін қамтамасыз етеді. Оқу үрдісіне сандық есептер кіргізу, оқытудың мынадай дидактикалық міндеттерін шешуге мүмкіндік береді:

өз бетімен белсенді жұмыс істеуге үйрету;

оқушыларды білімдері мен дағдыларын берік етіп қалыптастыру;

оқытуды өмірмен тығыз байланыстыру;

химияны оқыту барысында кәсіптік бағдар беру мәселесін шешу.

Есеп шығару мәселесін психологиялық тұрғыдан зерттеу мынаны көрсетеді: іскерліктің жеткілікті деңгейде қалыптаспауы оқушылардың, студенттердің кейбір жағдайларды ескермеуінен туындайды. Көптеген есептер оқытушы көрсеткен тәсілмен шығарылып, стандартты емес, басқа жолмен шығаруға оқушы әрекет жасамайды. Оқушы есеп шығара отырып, өзінің дербес әрекетінің мәні мен мағанасын ой елегінен өткізбейді, есептің негізі мен шығарылу жолын түсінбейді. Есептің мазмұнын талдау, мәніне көз жүгірту, негіздеу жүргізілмейді. Есепті шығарудың жалпы тәсілі қалыптастырылмай әрекеттер реті анықталмайды. Көбінесе химиялық тіл, математикалық аппарат пен физикалық шамалар дұрыс қолданылмайды. Оқушылар бірінші ретте қандай да болмасын жолмен есептің жауабын алуды мақсат етіп қояды. Есеп шығару барысында есептің химиялық бөлігі мен математикалық әрекеттер жүйесі айқындалмайды. Алынған нәтижені есептің жауабымен емес, есепті кері қарай шығару арқылы алуға немесе басқа тәсілді қолдануға талпынбайды. Есептерді белгілі жүйемен шығармай түрлі есеп типтерін бей-берекет ешқандай байланыссыз қарастырады. Егер оқушылар осы айтқан кедергілерді жеңетін болса, есеп шығару көп қиындық туғызбайды. Есеп шығару үрдісі сөзжұмбақ немесе ребус шешкендегідей ғанибет туғызуы керек. Есеп шығару икемділігі оқыту үрдісі барысында дамиды, ол икемділік үнемі есеп шығаруды жүйелі түрде жүргізгенде ғана игеріледі. Химиялық әдістемелік әдебиетте мектептің химия бағдарламасы бойынша оқушылар шығара алатын есептер түрлері ғылыми дәрежеде жүйеленген.

Әдетте есептерді үлкен екі топқа бөледі: сандық есептер және сапалық есептер. Химияны оқыту әдістемесінде осы екі типтен басқа аралас есептер де кездеседі. Сандық есептер есептеуге байланысты болса, сапалық есептер бақылауға, нақты заттарды алуға, заттарды тануға, берілген қоспадағы қандай да бір қосылыстың бар екенін анықтауға негізделген. Аралас есептерде бірінші және екінші топтың элементтері бірлесіп келеді.

Есептерді жіктеуді бір негізге келтіру үшін химияның зерттеу объектілері немесе оларды бейнелейтін химияның тілі тұрғысынан қарауға болады, мысалы: 1) затпен байланысты есептеулер;

2) химиялық реакциялармен байланысты есептеулер, 3) ерітінділермен байланысты есептеулер.

Заттың сандық және сапалық көрсеткіштері химиялық формула арқылы, химиялық реакциялардың сандық сипаттамалары химиялық теңдеулер арқылы, ерітінділердің негізгі ұғымдары терминдер (ерігіштік, еріген заттың массалық үлесі және т.б) арқылы берілетін болғандықтан келтірілген типтерді басқаша атауға болады: 1) химиялық формулалар бойынша есептеулер; 2) химиялық теңдеулер бойынша есептеулер; 3) химиялық терминдер (ұғымдар бойынша есептеулер). Шын мәнісінде есептеулер объектілердің өздері арқылы емес, оларды белгілейтін формула, теңдеу және термин арқылы жүзеге асады.

Сандық есептердің әр типі әрі қарай бірнеше түрлерге бөлінеді. Мәселен, формула бойынша есептеулердің түрлері:

а) заттың салыстырмалы молекулалық массасын есептеу; ә) заттағы элементтердің массалық үлесін есептеу; б) зат құрамындағы элементтердің массаларының қатынасын табу; в) заттың абсолюттік массасын табу; г) егер зат газ болса салыстырмалы тығыздығын табу; д) газдың абсолюттік тығыздығын табу; е) химиялық формуласын табу және т.б.

Кейде химиялық есептерді шығармашылық есептер және қиындатылған олимпиада есептері деп те жіктейді. Кейбір авторлар есеп шығарғанда қолданылатын білім элементтеріне орай есептерді жай, күрделі және аралас есептер деп те бөледі.

Химиялық есептер оқушы ойын дамытуға көмектеседі. Есеп шығару кезінде оқушылардың талдау мен жүйелеуге, айырмашылықты көре білуге негізделген, абстрактілеу, нақтылауға бағытталған байланысты ойлау әрекеті дамиды.

Талдау мен жүйелеу есеп шартымен алдын ала жұмыс істеген кезде іске асады. Алғашында оқушы есептің шартын аса жақсы қабылдамайды. Талдау нәтижесінде тетіктің кейбір жерлері ғана белгіленеді. Осыдан кейін барып терең талдау жүргізіледі. Есеп бойынша алынған мәліметтер арасындағы байланыстар анықталады. Талдау соңынан жүйелеу және синтез жүргізіледі. Сонда оқушы есеп шартын толық түсініп пайымдайды. Абстрактілеу нақты сандық мәндерден әріптік белгілеуге көшкен кезде іске асады.

Кейде сандық есептерді шығаруда көптеген кемшіліктерге жол беріледі. Уақыт жетіспейді деген сылтаумен сандық есептер аз шығарылады. Көбінесе сандық есеп шығарудың тек бір тәсілі пропорция ғана қолданылады. Математиканың амалдары, физикалық шамалар және олардың белгілеулері тиімді пайдаланылмайды. Есептің химиялық жағын жан-жақты талдап, нақтылы түсінуге жете назар аударылмайды. Есеп шартында химиялық білім негізі қолданылмай, тек математикалық амал арқылы ғана қана іске асырылатын болса, ондай есептерді тиімді деп есептеуге болмайды.

Менің құраған Оқу- әдістемелік құрал « Жалпы білім беретін мектептің 8-10 сыныптарға арналған сандық есептер шығару әдістемесі» Бұл әдістемелік құрал сыныптарға бөлінген әр тарауға есептерді шығару тәсілдері оқушылардың тақырыпты білім стандартына сай қандай деңгейде меңгергенін білу үшін, жас мұғалімдерге көмек ретінде есептерді шығару жоларымен берілген. Әр оқушы нені меңгерді, қандай есептерді шығару қиындық тудыратынын білуге мүмкіндік береді. Бұл әдістемелік құрал жеке оқушымен жұмыс жасауға мүмкіндік береді.



І. Салыстырмалы атомдық масса және салыстырмалы молекулалық масса.



Заттың формуласы бойынша салыстырмалы молекулалық массасын есептеу.

Салыстырмалы молекулалық масса Мr-мен белгіленеді. Жай заттың салыстырмалы молекулалық массасын - элементтің салыстырмал атомдық масссын оның атом санына көбейтіп табады. Мысалы, оттек молекуласының О2 салыстырмалы молекулалық массасын табайық: Мr2) = 2· Аr(О) = 2 · 16 = 32

Күрделі заттың салыстырмалы молекулалық массасын табу үшін алдымен оның құрамына кіретін әрбір элементтің атомдарының салыстырмалы атомдық массаларын атом санына көбейтіп, содан соң олардың қосындысын табады.Мысалы, алюминий гидроксидің АІ(ОН)3салыстырмалы молекулалық массасы:

Аr(АІ) = 27 , Аr(Н) = 1 Аr(О) = 16

Мr[АІ(ОН)3] = Аr(АІ) + 3[Аr(О) + Аr(Н)]= 27 + 3(16 +1) = 27 + 17 = 78



Алюминий сульфатының АІ2(SО4)3 салыстырмалы молекулалық массасын есептеңдер

Берілгені:

АІ2(SО4)3

Табу керек:

Мr[АІ2(SО4)3] -?

Шешуі:

Мr[АІ2(SО4)3] = Аr(АІ) · n(АІ) + Аr(S) · n(S) + Аr(О) · n(О)

Мr[АІ2(SО4)3] = 27 · 2 + (32 + 16 · 4) · 2 = 54 + 96 · 3 =

= 54 + 288 = 342 .

Жауабы: Мr[АІ2(SО4)3] = 342.

Ортофосфор қышқылының ( Н3РО4)салыстырмалы молекулалық массасын анықтап, заттың мольдік массасын есептеңдер.

Берілгені:

Н3РО4

Табу керек:

М(Н3РО4) -?

Мr(Н3РО4) -?

Шешуі:

М(Н3РО4) = А(Н) · n(Н) + А(Р) · n(Р) + А(О) · n(О)

М(Н3РО4) = 1 · 2 + 31· 1 + 16 · 4 = 2 + 31 + 64 = 98 г/моль

Мr(Н3РО4) = Аr(Н) · n(Н) + Аr(Р) · n(Р) + Аr(О) · n(О)

Мr(Н3РО4) = 1 · 2 + 31· 1 + 16 · 4 = 2 + 31 + 64 = 98

Жауабы: М(Н3РО4) = 98 г/моль; Мr(Н3РО4) = 98.

Натрий оксидінің (Nа2О) салыстырмалы молекулалық массасын анықтап, заттың мольдік массасын есептеңдер.

Берілгені:

2О

Табу керек:

М(Nа2О) -?

Мr(Nа2О) -?

Шешуі:

М(Nа2О) = А(Nа) · n(Nа) + А(О) · n(О)

М(Nа2О) = 23 · 2 + 16 · 1 = 46 + 16 = 62 г/моль

Мr(Nа2О) = Аr(Nа) · n(Nа) + Аr(О) · n(О)

Мr(Nа2О) = 23 · 2 + 16 · 1 = 46 + 16 = 62

Жауабы: М(Nа2О) = 62 г/моль; Мr(Nа2О) = 62.

Кальций гидроксидінің (Са(ОН)2) салыстырмалы молекулалық массасын анықтап, заттың мольдік массасын есептеңдер.

Берілгені:

Са(ОН)2

Табу керек:

М(Са(ОН)2) -?

Мr(Са(ОН)2) -?

Шешуі :

М(Са(ОН)2) = А(Са) · n(Са) + А(О) · n(О) + А(Н) · n(Н)

М(Са(ОН)2) = 40 · 1 + 16· 2 + 1 · 2 = 40 + 32 + 2 = 74 г/моль

Мr(Са(ОН)2) = Аr(Са) · n(Са) + Аr(О) · n(О) + Аr(Н) · n(Н)

Мr(Са(ОН)2) = 40 · 1 + 16· 2 + 1 · 2 = 40 + 32 + 2 = 74

Жауабы: М(Са(ОН)2) = 74 г/моль; Мr(Са(ОН)2) = 74.



ӨЗІНДІК ЖҰМЫСҚА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР.



1-1. Натрия дихроматының Nа3Сr2О7 салыстырмалы молекулалық массасын есептеңдер.

1-2. Алюминий перманганатының салыстырмалы молекулалық массасын есептеңдер.

1-3. Калия ортофосфатының К3РО4салыстырмалы молекулалық массасын есептеңдер.

1-4. Мырыш нитратының Zn(NО3)2салыстырмалы молекулалық массасын есептеңдер.

1-5. Натрия боратының Nа3ВО3салыстырмалы молекулалық массасын есептеңдер.

1-6. Натрия тетрагидроксоалюминатының Nа[АІ(ОН)4] салыстырмалы молекулалық массасын есептеңдер.

1-7. Магний ортофосфатының Мg3(РО4)2салыстырмалы молекулалық массасын есептеңдер.

1-8. Калия ортофосфатының К3РО4 салыстырмалы молекулалық массасын есептеңдер.

1-9. Натрий сульфатының Nа24 салыстырмалы молекулалық массасын есептеңдер.

1-10. Көмірқышқыл газының СО2 салыстырмалы молекулалық массасын есептеңдер.

1-11. Күкірт (ІV) оксидінің SО2 салыстырмалы молекулалық массасын есептеңдер.

1-12. Фосфор (V) оксидінің Р2О5 салыстырмалы молекулалық массасын есептеңдер.

1-13. Күкірт (VІ) оксидінің SО3 салыстырмалы молекулалық массасын есептеңдер.

1-14. Алюминий оксидінің салыстырмалы молекулалық массасын есептеңдер.

1-15. Темір (ІІ) оксидінің ҒеО салыстырмалы молекулалық массасын есептеңдер.

1-16. Магний нитратының Мg(NО3)2 салыстырмалы молекулалық массасын есептеңдер.

1-17. Натрий хлоридінің NаСІ салыстырмалы молекулалық массасын есептеңдер.

1-18. Темір сульфатының ҒеSО4 салыстырмалы молекулалық массасын есептеңдер.

1-19. Барий фосфорының Ва3(РО4)2салыстырмалы молекулалық массасын есептеңдер.

1-20. Азот қышқылының НNО3 салыстырмалы молекулалық массасын есептеңдер.



ІІ. Химиялық формулалар бойынша есептеулер.



Химиялық формула зат құрамына қандай атомдар және қанша мөлшерде кіретінін көрсетеді .

Күрделі заттардың молекуласындағы элементтердің массалық қатынастарын есептеу.



5. Күкірт (VІ) оксидінің SО3формуласына сай элементтердің массалық қатынастарын есептеп шығарыңдар.

Берілгені:

SO3

Табу керек:

m(S) : m(О)

Шешуі:

Мr(SO3) = Аr(S) + 3Аr(O) = 32 + 3 · 16 = 80

Жауабы: m(S) : m(О) = 2 : 3.

6.Мыс (ІІ) оксидінің CuO формуласына сай элементтердің массалық қатынастарын есептеп шығарыңдар.

Берілгені:

CuO

Табу керек:

m(Cu) : m(О)

Шешуі:

Мr(CuO) = Аr(Cu) + Аr(O) = 64 + 16 = 80

Жауабы:m(Cu) : m(О) = 4 : 1.

7.Мына заттың CuSO4құрамындағы элементтердің массалық қатынастарын табыңдар.

Берілгені:

CuSO4

Табу керек:

m(Cu) : m(S) : m(О)

Шешуі:

Мr(CuSO4) = Аr(Cu) + Аr(S) + 4Аr(O) = 64 + 32 + 4 · 16 = 160

Жауабы:m(Cu) : m(S) : m(О) = 2 : 1 : 2.

8.Магний оксидіндегі MgO магний мен оттектің массалық қатынастарын табыңдар.

Берілгені:

MgO

Табу керек:

m(Mg) : m(О)

Шешуі:

Мr(MgO) = Аr(Mg) + Аr(O) = 24 + 16 = 40

Жауабы: m(Mg) : m(О) = 3 : 2.

9. КүкіртсутектегіH2S сутек пен күкірттің массалық қатынастарын есептеңдер

Берілгені:

H2S

Табу керек:

m(H) : m(S)

Шешуі:

Мr(H2S) = 2Аr(H) + Аr(S) = 2 ·1 + 32 = 34

Жауабы:m(H) : m(S) = 1 : 16.

10. Берілген формула бойынша K2CO3заттың құрамындағы элементтердің массалық қатынастарын есептеңдер.

Берілгені:

K2CO3

Табу керек:

m(K) : m(C) : m(О)

Шешуі:

Мr(K2CO3) = 2Аr(K) + Аr(C) + 3Аr(O) = 2 · 39 + 12 + 3 · 16 = 138

Жауабы:m(К) : m(С) : m(О) = 6 : 1 : 4.

11. Глюкоза C6Н12O6 құрамындағы элементтердің массалық қатынастары есептеңдер.

Берілгені:

C6Н12O6

Табу керек:

m(С) : m(Н) : m(О)

Шешуі:

М(С) = 12 г/моль

m(С) = ν · М(С) = 6 моль · 12 г/моль = 72 г

М(Н) = 2 г/моль

m(Н) = ν · М(Н) = 12 моль · 1 г/моль = 12 г

М(О) = 96 г/моль

m(О) = ν · М(О) = 6 моль · 16 г/моль = 96 г

Жауабы: m(С) : m(Н) : m(О) =6 : 1 : 8

12. МgCO3 молекуласындағы элемент атомдарының массалық қатынасы

Берілгені:

МgCO3

Табу керек:

m(Мg) : m(С) : m(О)

Шешуі:

М(Мg) = 24 г/моль

m(Мg) = ν · М(Мg) = 1 моль · 24 г/моль = 24 г

М(С) = 12 г/моль

m(С) = ν · М(С) = 1 моль · 12 г/моль = 12 г

М(О) = 16 г/моль

m(О) = ν · М(О) = 3 моль · 16 г/моль = 48 г

Жауабы: m(Мg) : m(С) : m(О) = 2 : 1 : 4



Өзіндік жұмысқа арналған тапсырмалар.

1-21. Күкірт (ІV) оксидінің SО2 формуласына сай элементтердің массалық қатынастарын есептеп шығарыңдар.

1-22. Натрий оксидінің Nа2О формуласына сай элементтердің массалық қатынастарын есептеп шығарыңдар.

1-23. Кремний (ІV) оксидінің SіО2 формуласына сай элементтердің массалық қатынастарын есептеп шығарыңдар.

1-24. СудыңН2О формуласына сай элементтердің массалық қатынастарын есептеп шығарыңдар.

1-25. Көміртек (ІҮ) оксидіндегі СО2 көміртек пен оттектің массалық қатынастарын табыңдар .

1-26. Мына заттың NаСІ құрамындағы элементтердің массалық қатынастарын табыңдар .

1-27. Мына заттың АІ(ОН)3 құрамындағы элементтердің массалық қатынастарын табыңдар .

1-28. Берілген формула бойынша АІ2(SO4)3 заттың құрамындағы элементтердің массалық қатынастарын есептеңдер.

1-29. Берілген формула бойынша K2CO3 заттың құрамындағы элементтердің массалық қатынастарын есептеңдер.

1-30. Берілген формула бойынша Са(OН)2 заттың құрамындағы элементтердің массалық қатынастарын есептеңдер.

1-31. Берілген формула бойынша АІ2S3 заттың құрамындағы элементтердің массалық қатынастарын есептеңдер.



Күрделі зат құрамындағы элементтердің массалық үлестерін есептеу.



13. Кальций карбонатындағы CaCO3 кальцийдің, көміртектің және оттектің массалық үлестерін табыңдар

Берілгені:

CaCO3

Табу керек:

ω(Ca) - ?

ω(C) -?

ω(O) -?

Шешуі:

Мr(CaCO3) = Аr(Ca) + Аr(C) + 3Аr(O) = 40 + 12 + 3 · 16 = 100

Жауабы: ω(Ca) = 40 %; ω(C) = 12 %; ω(O) = 48 %.

14. Алюминий оксидіндегі Al2O3оттектің массалық үлесін есептеп шығарыңдар.

Берілгені:

Al2O3

Табу керек:

ω(O) -?

Шешуі:

Мr(Al2O3) = 2Аr(Al) + 3Аr(O) = 2 · 27 + 3 · 16 = 102

Жауабы: ω(O) = 47 %.

15.Магний сульфатындағы MgSO4магнийдің, күкірттің және оттектің массалық үлесін есептеңдер.

Берілгені:

MgSO4

Табу керек:

ω(Mg) - ?

ω(S) -?

ω(O) -?

Шешуі:

Мr(MgSO4) = Аr(Mg) + Аr(S) + 4Аr(O) = 24 + 32 + 4 · 16 = 120

Жауабы: ω(Mg) = 20 %; ω(S) = 26,7 %; ω(O) = 53,3 %.

16. Бария нитратындағы (Ba(NO3)2) элементтердің массалық үлесін табыңдар.

Берілгені:

(Ba(NO3)2)

Табу керек:

ω(Ва) -?

ω(N) -?

ω(О) -?

Шешуі:

Mr (Ba(NO3)2) = 137 + 2 ⋅ 14 + 2 ⋅ 3 ⋅ 16 = 261.

Жауабы:ω(Ва) = 0,52; ω(N) = 0,11; ω(О) = 0,37;

17.Фосфор қышқылында қышқыл түзуші элементтің массалық үлесі (%)

Берілгені:

Н3РО4

Табу керек:

ω(Р) - ?

Шешуі:

Аr(Р) = 31

Мr3РО4) = 98

Жауабы: ω(Р) = 31,6 %

18. Халькопиритте СuҒеS2 мыстың үлесі (%)

Берілгені:

СuҒеS2

Табу керек:

ω(Сu) - ?

Шешуі:

Аr(Сu) = 64

Мr(СuҒеS2) = 184

Жауабы: ω(Сu) = 34,8 %

19. Малахиттегі (Сu2(ОН)2СО3) мыстың массалық үлесі (%)

Берілгені:

(Сu2(ОН)2СО3)

Табу керек:

ω(Сu) - ?

Шешуі:

Аr(Сu) = 64

Мr(Сu2ОН)2СО3) = 222

Жауабы: ω(Сu) = 58 %

20. Шынының формуласы бойынша Na2O · CaO · 6SiO2. Оның құрамындағы кальций оксидінің массалық үлесі (%)

Берілгені:

Na2O · CaO · 6SiO2.

Табу керек:

ω(СаО) - ?

Шешуі:

М(Na2О · СаО · 6 SiO2) = 478 г/моль

m(Na2О · СаО · 6 SiO2) = ν · М(Na2О · СаО · 6 SiO2) = 1 моль · 478 г/моль = 478 г

М(СаО) = 56 г/моль

m(СаО) = ν · М(СаО) = 1 моль · 56 г/моль = 56 г

Жауабы: ω(СаО) = 11,7 %

21. Мына затта Н2О2 сутектің массалық үлесі жуық шамамен тең:

Берілгені:

Н2О2

Табу керек:

ω(Н) - ?

Шешуі:

Мr2О2) = 34

Аr(Н) = 1

Жауабы:ω(Н) = 6 %

22. СаО оксидіндегі кальцийдің массалық үлесі (%)

Берілгені:

СаО

Табу керек:

ω(Са) - ?

Шешуі:

Мr(СаО) = 56

Аr(Са) = 40

Жауабы: ω(Са) = 71%

23. Н2СО3 затындағы көміртектің массалық үлесі (%)

Берілгені:

Н2СО3

Табу керек:

ω(С) - ?

Шешуі:

Аr(С) = 12

Мr2СО3) = 62

Жауабы: ω(С) = 19%

24. СuО қосылысындағы мыстың массалық үлесі (%)

Берілгені:

СuО

Табу керек:

ω(Сu) - ?

Шешуі:

Аr(Сu) = 64

Мr(СuО)= 80

Жауабы: ω(Сu) = 80%

25. Судағы оттегінің массалық үлесі (%)

Берілгені:

Н2О

Табу керек:

ω(О) - ?

Шешуі:

Аr(О) = 16

Мr(Н2О)= 18

Жауабы: ω(О) = 88,9 %

26. Калий перманганаты құрамындағы оттектің массалық үлесі (%)

Берілгені:

КМnО4

Табу керек:

ω(О) - ?

Шешуі:

Аr(О) = 16

Мr(КМnО4)= 158

Жауабы: ω(О) = 40,5 %

27. Диаммофоста (NH4)2НРO4) азоттың массалық үлесі (%)

Берілгені:

NH4)2НРO4

Табу керек:

ω(N) - ?

Шешуі:

М(NH4)2НРO4) = 132 г/моль

m((NH4)2НРO4) = ν · М((NH4)2НРO4) = 1 моль · 132 г/моль = 132 г

М(N) = 14 г/моль

m(N) = ν · М(N) = 2 моль · 14 г/моль = 28 г

Жауабы: ω(N) = 21,2 %

28. Оттектің күкірт қышқылындағы массалық үлесі (%)

Берілгені:

Н24

Табу керек:

ω(О) - ?

Шешуі:

М24) = 98 г/моль

m24) = ν · М24) = 1 моль · 98 г/моль = 98 г

М(О) = 16 г/моль

m(О) = ν · М(О) = 4 моль · 16 г/моль = 64 г

Жауабы: ω(О) = 65 %

29. SО2 затындағы күкірт массалық үлесі (%)

Берілгені:

2

Табу керек:

ω(S) - ?

Шешуі:

М(SО2)= 64 г/моль

m(SО2) = ν · М(SО2) = 1 моль · 64 г/моль = 64 г

М(S)= 32 г/моль

m(S) = ν · М(S) = 1 моль · 32 г/моль = 32 г

Жауабы: ω(S) = 50%

30. СН4 затындағы көміртектің массалық үлесі (%)

Берілгені:

СН4

Табу керек:

ω(С) - ?

Шешуі:

М(СН4)= 16 г/моль

m(СН4) = ν · М(СН4) = 1 моль · 16 г/моль = 16 г

М(С)= 12 г/моль

m(С) = ν · М(С) = 1 моль · 12 г/моль = 12 г

Жауабы: ω(С) = 75 %

31. Кальций фосфатындағы фосфордың массалық үлесі (%)

Берілгені:

Са3(РО4)2

Табу керек:

ω(Р) - ?

Шешуі:

Мr(Са3(РО4)2) = 310

Аr(Р) = 31

Жауабы: ω(Р) = 20%

32. Натрий селитрасындағы азоттың массалық үлесі (%)

Берілгені:

NaNO3

Табу керек:

ω(N) - ?

Шешуі:

Мr(NaNO3) = 85

Аr(N) = 14

Жауабы: ω(N) = 16,4 %

33. Формуласы мынадай: KNO3, NaNO3 ,NH4NO3, (NH4)2SO4 ,NH4CIзаттардағы азоттың массалық үлесі ең көп тыңайтқыш

Берілгені:

KNO3

NaNO3

NH4NO3

(NH4)2SO4

NH4CI

Табу керек:

ω(N) - ?

Шешуі:

М(KNO3) = 101 г/моль

m(KNO3) = ν · М(KNO3) = 1 моль · 101 г/моль = 101 г

М(N) = 14 г/моль

m(N) = ν · М(N) = 1 моль · 14 г/моль = 14 г

М(NaNO3) = 85 г/моль

m(NaNO3) = ν · М(NaNO3) = 1 моль · 85 г/моль = 85 г

М(N) = 14 г/моль

m(N) = ν · М(N) = 1 моль · 14 г/моль = 14 г

М(NH4NO3) = 80 г/моль

m(NH4NO3) = ν · М(NH4NO3) = 1 моль · 80 г/моль = 80 г

М(N) = 14 г/моль

m(N) = ν · М(N) = 1 моль · 14 г/моль = 14 г

М((NH4)2SO4) = 132 г/моль

m((NH4)2SO4) = ν · М((NH4)2SO4) = 1 моль · 132 г/моль = 132 г

М(N) = 14 г/моль

m(N) = ν · М(N) = 2 моль · 14 г/моль = 28 г

М(NH4CI) = 53,5 г/моль

m(NH4CI) = ν · М(NH4CI) = 1 моль · 53,5 г/моль = 53,5 г

М(N) = 14 г/моль

m(N) = ν · М(N) = 1 моль · 14 г/моль = 14 г

Жауабы: ω(N) = 35 %(NH4NO3)

34. Формуласы мынадай: CaCI2, Са(ОСІ)2, NаСІ, КСІ, ВаСІ2заттардағы хлордың массалық үлесі ең көп заттың формуласы табыңдар

Берілгені:

CaCI2

Са(ОСІ)2

NаСІ

КСІ

ВаСІ2

Табу керек:

ω(CI) - ?

Шешуі:

М(CaCI2) = 111 г/моль

m(CaCI2) = ν · М(CaCI2)= 1 моль · 111 г/моль = 111 г

М(CI) = 35,5 г/моль

m(CI) = ν · М(CI)= 2 моль · 35,5 г/моль = 71 г

М(Са(ОСІ)2) = 143 г/моль

m(Са(ОСІ)2) = ν · М(Са(ОСІ)2)= 1 моль · 143 г/моль = 143 г

М(CI) = 35,5 г/моль

m(CI) = ν · М(CI)= 2 моль · 35,5 г/моль = 71 г

М(NаСІ) = 58,5 г/моль

m(NаСІ) = ν · М(NаСІ)= 1 моль · 58,5 г/моль = 58,5 г

М(CI) = 35,5 г/моль

m(CI) = ν · М(CI)= 1 моль · 35,5 г/моль = 35,5 г

М(КСІ) = 74,5 г/моль

m(КСІ) = ν · М(КСІ)= 1 моль · 74,5 г/моль = 74,5 г

М(CI) = 35,5 г/моль

m(CI) = ν · М(CI)= 1 моль · 35,5 г/моль = 35,5 г

М(ВаСІ2) = 208 г/моль

m(ВаСІ2) = ν · М(ВаСІ2)= 1 моль · 208 г/моль = 208 г

М(CI) = 35,5 г/моль

m(CI) = ν · М(CI)= 2 моль · 35,5 г/моль = 71 г

Жауабы: ω(CI) = 63,9 % (CaCI2)

35. Кальций дигидрофосфатындағы барлық элементтердің массалық үлесі (%)

Берілгені:

Ca(HPO))

Табу керек:

ω(Са) - ?

ω(Н) - ?

ω(Р) - ?

ω(О) - ?

Шешуі:

М(Ca(HPO)) = 234 г/моль

m(Ca(HPO)) = ν· М(Ca(HPO)) = 1 моль · 234 г/моль = 234 г

М(Ca) = 40 г/моль

m(Ca) = ν · М(Ca) = 1 моль · 40 г/моль = 40 г

М(Н) = 1 г/моль

m(Н) = ν · М(Н) = 4 моль · 1 г/моль = 4 г

М(Р) = 31 г/моль

m(Р) = ν · М(Р) = 2 моль · 31 г/моль = 62 г

М(О) = 16 г/моль

m(О) = ν · М(О) = 8 моль · 16 г/моль = 128 г

Жауабы: ω(Са)= 17,1 %; ω(Н) = 1,7 %; ω(Р) = 26,5 %; ω(О) = 54,7 %;

36. Формуласы мынадай: Ғе2О3 , КСІО3,SiO2, СаСО3, Н2О2

Заттардағы оттектің массалық үлесі көп заттың формуласы табыңдар

Берілгені:

Ғе2О3

КСІО3

SiO2

СаСО3

Н2О2

Табу керек:

ω(О) -?

Шешуі:

М(Ғе2О3)= 178 г/моль

m(Ғе2О3) = ν · М(Ғе2О3) = 1 моль · 178 г/моль = 178 г

М(О) = 16 г/моль

m(О) = ν · М(О) = 3 моль · 16 г/моль = 48 г

М(КСІО3) = 122,5 г/моль

m(КСІО3) = ν · М(КСІО3) = 1 моль · 122,5 г/моль = 122,5 г

М(О) = 16 г/моль

m(О) = ν · М(О) = 3 моль · 16 г/моль = 48 г

М(SiO2) = 60 г/моль

m(SiO2) = ν · М(SiO2) = 1 моль · 60 г/моль = 60 г

М(О) = 16 г/моль

m(О) = ν · М(О) = 2 моль · 16 г/моль = 32 г

М(СаСО3) = 100 г/моль

m(СаСО3) = ν · М(СаСО3) = 1 моль · 100 г/моль = 100 г

М(О) = 16 г/моль

m(О) = ν · М(О) = 3 моль · 16 г/моль = 48 г

М2О2) = 34 г/моль

М(О) = 16 г/моль

m(О) = ν · М(О) = 2 моль · 16 г/моль = 32 г

m2О2) = ν · М2О2) = 1 моль · 34 г/моль = 34 г

Жауабы: ω (О)=94,1 % (Н2О2)

37. Күкірт (VI) оксидіндегі күкірттің массалық үлесі (%)

Берілгені:

SO3

Табу керек:

ω(S) - ?

Шешуі:

М(S) = 32 г/моль

m(S) = ν · М(S) = 1 моль · 32 г/моль = 32 г

М(SO3) = 80 г/моль

m(SO3) = ν · М(SO3) = 1 моль · 80 г/моль = 80 г

Жауабы: ω(S) = 40 %

38. СuSO4 · 10H2O құрамындағы судың массалық үлесі (%)

Берілгені:

СuSO4 · 10H2O

Табу керек:

ω(H2O) - ?

Шешуі:

М(СuSO4 · 10H2O) = 340 г/моль

m(СuSO4 · 10H2O) = ν · М(СuSO4 · 10H2O) = 1 моль · 340 г/моль = 340 г

М(H2O) = 18 г/моль

m(H2O) = ν · М(H2O) = 10 моль · 18 г/моль = 180 г

Жауабы: ω(H2O)= 53 %

39. Натрий метаалюминатындағы алюминийдің массалық үлесі:

Берілгені:

NаАІО2

Табу керек:

ω(АІ) - ?

Шешуі:

М(NаАІО2) = 82 г/моль

m(NаАІО2) = ν · М(NаАІО2) = 1 моль · 82 г/моль = 82 г

М(АІ) = 27 г/моль

m(АІ) = ν · М(АІ) = 1 моль · 27 г/моль = 27 г

Жауабы: ω(АІ) = 32,9 %



Өзіндік жұмысқа арналған тапсырмалар.



1-32. Фосфора (V) оксидінің құрамындағы фосфордың массалық үлесін табыңдар .

1-33. Тотияйынның СuSО4 · 5Н2О құрамындағы мыстың массалық үлесін табыңдар.

1-34. Формуласы берілген заттың Н2O құрамындағы оттектің массалық үлесін есептеңдер.

1-35. Күкіртсутектің құрамындағы күкірттің массалық үлесін есептеңдер.

1-36. Алюминий оксидінің АІ2O3 құрамындағы алюминийдің массалық үлесін есептеңдер.

1-37. Тұз қышқылының НСІ құрамындағы элементтердің массалық үлестерін табыңдар.

1-38. Сутек переоксидінің Н2O2құрамындағы элементтердің массалық үлесін есептеп шығарыңдар.

1-39. Күкірт (ҮІ) оксидіндегі SO3күкірттің және оттектің массалық үлестерін табыңдар.

1-40. Калий сульфидіндегі К2S калийдің және күкірттің массалық үлестерін табыңдар.

1-41. Алюминий сульфатының АІ2 (SO4)3 құрамындағы элементтердің массалық үлестерін табыңдар.

1-42. Калийфосфатының құрамындағы элементтердің массалық үлестерін есептеп шығарыңдар.

1-43. Магнитті теміртас Ғе3О4 құрамындағы темірдің массалық үлесін есептеп шығарыңдар.

1-44. Дихромат қышқылының Н2Сr2О7 құрамындағы элементтердің массалық үлестерін есептеп шығарыңдар.

1-45. Бор қышқылындағы элементтердің массалық үлестерін есептеп шығарыңдар.

1-46. Көмір қышқылының құрамындағы элементтердің массалық үлестерін есептеп шығарыңдар.

1-47. Фосфор қышқылындағы элементтердің массалық үлестерін есептеп шығарыңдар.

1-48. Формулалары бойынша мына қосылыстардың:

а) АІ2О3, б) Ғе3О4, в) Р2S5, г) АІ4С3

құрамындағы элементтердің массалық үлесін есептеп табыңдар

Формулалары бойынша мына қосылыстардың:

а) ҒеS2, б) Аg2О, в) СuСІ2, г) Са3N2

құрамындағы элементтердің массалық үлесін есептеп табыңдар

1-49. Формулалары бойынша мына қосылыстардың:

а) СаСО3, б) СuSО4, в) С7Н14, г) С5Н8О2

құрамындағы элементтердің массалық үлесін есептеп табыңдар

Формулалары бойынша мына қосылыстардың:

а) ҒеО, б) Ғе3О4, в) Ғе2О3, г) АІ2О3

құрамындағы элементтердің массалық үлесін есептеп табыңдар

1-51. Формулалары бойынша мына қосылыстардың:

а) Н3РО4, б) Nа2SіО3, в) ВаSО4, г) КСІО3

құрамындағы элементтердің массалық үлесін есептеп табыңдар

Формулалары бойынша мына қосылыстардың:

а) Мg(NО3)2, б) АІ2(SО4)3, в) Са3 (РО4)2

құрамындағы элементтердің массалық үлесін есептеп табыңдар





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ