«Бектау-Ата
баурайында!»
(Эссе)
Қазақстан туған
өлкем,
Табиғатым неткен
көркем...
Иә, шындығында әрбір адамзат
баласы өзінің елін, жерін сүйіп, құрметтеуі хақ. Бойында дарыны бар
адам туған жерін жырлап өтері сөзсіз.
Менің осы бір тақырып аясында
туған өлкемнің әсем де киелі табиғатынан сыр шерткім келеді.
Елбасының жариялаған «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты
бағдарламалық сипатындағы мақаласында «Туған жер» бағдарламасын
қолға алуды ұсынғаны белгілі. Мемлекет басшысы отансүйгіштік
сезімнің кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, туған өлкеңе
деген сүйіспеншіліктен басталатынын қадап айтты. Осы тұрғыда
ағымдағы жылы біз мектеп оқушыларымен бірлесе отырып ауқымды 5
жобаны қолға алған болатынбыз. Бұл жобалар қалалық білім бөлімінен
қолдау тауып, бүгінгі күніде өз жұмысын жалғастырып келеді. Атап
айтар болсақ, «Ауылым –алтын бесігім», «Таңғажайып Тораңғы»,
«Голубая лагуна», «Туған өлкемнің тарихы», «Бектау Ата» жобалары.
Бұл жобалардың барлығы да туған өлкенің бар байлығы, тарихы,
салт-дәстүрімен танысып, оны келер ұрпаққа насихаттауға
бағытталған. Соның бірі еліміздегі көрікті орын «Бектау Ата»
таулары. Алыстан мұнартып, ақ ақаладай көрінетін тау Балқаш
қаласынан 60 шақырымды құрайды. Ол оңтүстік-шығыстан солтүстік
батысқа қарай созылып жатыр. Таудың биік шыңы 1215 метр. Аталмыш
тауда адам өміріне қауіпті шатқалдар мен терең құздар да кездеседі.
Ал мұнда өсімдіктің сан алуан түрін кездестіруге болады. Кейбірі
қызыл кітаптың тізімінде тұр. Балқаш маңайын зерттеген ғалым
П.Сарычев өз еңбегінде: «Бектау ата – оңтүстік пен солтүстікті
жалғастыратын нысана іспетті керуен жолдың бойында тұрған
«шамшырақ», ең биік төбесі Балқаш көлінің оңтүстік жағалауынан
көрінеді. Көлдің астынан жарып шыққандай сұстиып тұрады және «бері
тарт» дегендей ишарат білдіреді. Сол таудың астында үлкен үңгір
бар, мөп-мөлдір тұщы суға толы. Су бетінің деңгейі әрдайым бір
қалыпты: жоғары көтерілмейді, төмен түспейді» - деген екен. Алайда
біз саяхаттау сапарында тау шыңына көтерілген жоқпыз. Тау
шатқалында орналасқан «Сарыарқа» демалу базасы, «Факел» балаларды
сауықтыру орталықтарына бардық. Сонымен қатар, мұндағы «Әулие ата»
аталатын үңгірге де бас сұқтық. Бұл үңгірді Амангелді үңгірі деп те
атап жатады. Үңгір ұзындығы 19 метрге де дейін ұласады деседі.
Үңгір іші кіре берісі әжептеуір үлкен, одан әрі жүре бере бір адам
ғана сиятындай жіңішкере түседі. Аяқ асты сулы. Сондай-ақ сапар
барысында емдік қасиеті жоғары, суыққа төзімді шыдамды көктерек
ағашы, қызыл кітапқа енген арша өсімдігін, «Үш айыр», «Тасбақа»
аталатын тау шатқалдарын тамашалап, көзбен көріп, көңілге түйіп
қайттық. Өз басым қасиеттті де киелі саналатын табиғаты әсем Бектау
ата баурайынан ерекше сезімде қайттым. Тылсым күш пен тарихққа толы
даланың таза ауасы жан дертіңе шипа сыйлайтындай. Дарқан далама
қарап тұрып, халқымның өткенін көргендеймін. Осы бір сәтте бар
қазақ даласын жақсы көріп, оны құшағыма алғым келіп кетті! Әттең,
құшағыма дархан далам сыймайды, бірақ ол менің
жүрегімде!!!
Д.А.Махмутова
Қарағанды
обл,
Балқаш
қаласы
№2
мектеп-интернаты
Тәрбиеші