Алматы
облысы,
Талдықорған
қаласы
№14 орта мектеп
гимназиясының
информатика пәні
мұғалімі
Шенгельбаева Надира
Бекайдаровна
Тақырыбы: «Белсенді оқыту
әдіс-тәсілдерін информатика сабағында пайдаланудың
тиімділігі»
Келер ұрпаққа қоғам талабына
сай тәрбие беруде мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетінің
ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі - маңызды мәселелердің
бірі. Жас ұрпақты әлемдік сапа деңгейіндегі білім, білік негіздерін
меңгеруіне ықпал ететін жаңаша білім мазмұнын құру – жалпы білім
беру жүйесіндегі өзекті мәселенің бірі. Мұғалімнің бағыттауымен
бала білімді меңгеріп қана қоймай, оны өмірде, кез келген уақытта
өз іс-тәжірибесінде тиімді қолдана білуі
шарт.
Осыған орай информатиканы
оқытудың негізгі мақсаты - әрбір оқушыға информатика ғылымы
негіздерінің алғашқы фундаментальды білімін беру, оқушыларға осы
білімді мектепте оқытылатын басқа ғылымдарының негіздерін
түпкілікті және сапалы түрде меңгеруге қажетті іскерліктер мен
дағдыларды қалыптастыру болып
табылады.
Жаңаша білім беру
мазмұнына көшу жағдайында оқушылардың түйінді құзыреттіліктерін
дамыту, ақпараттық-коммуникациялық технологияны оқу-тәрбие
үдерісінде пайдалану, жаңа технологияны қолдану, педагогикалық
қарым-қатынас стильдерін қамтиды.
Белсенді
оқу - шынайы өмірден алынған және
ойдан шығарылған жағдайларды қолдана отырып оқушыларды ойланып,
күрделі мәселелерді шешуге жетелейді. Білім беру бағдарламасының
барлық салаларын барлық сатыларда белсенді оқу тәсілдерімен
толықтырып, кеңейтуге болады. Белсенді оқу білім, дағды және
көзқарас деп аталатын оқудың негізгі үш саласын қамтып, оқудың бұл
таксономиясын «оқу үдерісінің мақсаты» деп санауға болады. Белсенді
оқу оқушының мұғалімді енжар тыңдап қана қоймай, белсенді жұмысқа
тартылуын көздейтін оқыту және оқу әдістерінің бірі болып табылады.
Информатика сабағында топтық және жұптық жұмыстар, рөлдік ойындар
қолданылады. Қызметтің мұндай түрлері оқушылардан өздері тапқан
ақпаратты талдау және түсіндіру үшін зерттеу және жоспарлау
дағдыларын қолдануды талап етеді, басқаларды оқыту нәтижелері
бойынша таныстырылымдарды, болашақта өз дағдыларын жақсарту
мақсатында басқа нәтижелерді бақылауды және талдауды қажет
етеді.
Белсенді оқудағы мұғалімнің
ролі - оқушылардың жетістікке жету
шамасына қарай оған енді мұндай аса қамқорлықпен қолдау көрсету
қажет болмайды, олар енді өздігінен жұмыс істей алады. Осындай
оқыту әдісін әрі қарай дамыту үшін мұғалімдер бастапқыда оқушыға
жақсы қолдау көрсетіп, кейін оны біртіндеп азайтып отыруы керек.
Мұғалім оқушылардың ойлау үдерісін ынталандыратын тапсырмалар мен
сұрақтарды қолдана отырып, информатика пәнінде қарым-қатынас жасау
үдерісіне тартуы қажет. Мұғалімнің сұрақтары алшақтатушы,
жақындатушы, көрсетуші, референттік, болжаушы, тұжырымдамалық және
әдістемелік сұрақтардың үйлесімінен тұрады. Осындай сұрақтарды
тиімді қоюдың нәтижесінде оқушылар өздерінің және өзгенің ойын
түсіне алатын, сонымен қатар дәл осы сәтте олардың не істей
алатындықтарын білетін болады және тағы да қандай жетілдірулер
қажеттігін байқай алатын ұжымдық талқылау да
қолданылады. Белсенді оқыту оқушының оқу
сауаттылығына қатысты ойлары мен дағдыларын дамытуды қолдайды.
Мысалы: Жұппен
ойлаңыз. Жұппен ойлау тапсырмасын
орындау барысында олардың тақырып туралы ойлауға, ойларын жазуға
және әріптестерімен талқылауға мүмкіндіктері пайда болады,
қорытындысында олар талқылауға дайын болады.
Мұғалім оқушылардың
пікірлерінің дәлдігі мен орындылығына да назар аударуы тиіс,
сонымен бірге оқушыларға өз ойларын еркін білдіру мүмкіндігін де
беруі тиіс, ал берілген тапсырма бойынша ескертпелер жасауда
мұғалімнің әрекеті айқын болмаса да жылдам әрі шапшаңдыққа қол
жеткізуге бағытталған болуы тиіс.
Оқушылардың білімге ықыласын,
қызығушылығын арттырудың ең жақсы жолының бірі – сабақта ойындарды
қолдану. Ойын арқылы баланы ойлата
білу. Информатика сабағында мынадай
белсенді оқытудың әдіс-тәсілдерін қолдану арқылы оқушылардың
сабаққа ынтасын арттыра отырып, білім сапасын жетілдіріп, сауатты
болуға дағдыландырады. Ойлан, жұптас,
бөліс – оқушыларға қандай да
болмасын сұрақ, тапсырма берілгеннен кейін оларды тыңғылықты
орындауға бағытталған тәсіл. Тақтада сұрақ, тапсырма жазылғаннан
кейін әрбір оқушы жекеше өз ойлары мен пікірін берілген уақыт
ішінде (2-3 минут) қағазға түсіреді. Содан кейін оқушы жұбымен
жазғанын 3 – 4 минут талқылайды, пікірлеседі. Мұғалім 2-3 жұпқа өз
пікірлерін бүкіл сыныпқа жариялауын сұрануына
болады. Кластерлер (жүзімнің шоқтары деген
мағынада). Идеялар мен
ақпараттардың арасындағы байланыстарды айқындауға арналған жазба
кестелер. Негізгі тақырып немесе тірек тақтаның ортасындағы
шеңберге жазылады да, одан туындаған тақырыпшалар оның жан-жағына
жазылып, шеңберленеді, оқушылар оларды бір-біріне қосады да, өзара
байланыстыру туралы әңгімелейді. Алдын – ала берілген
атаулар – мұғалім сабақ
барысында жаңа тақырып бойынша тақтаға бірнеше атау (терминдер)
жазып қойып (3-4атау), оқушыларға олардың мағынасы, мазмұны және
өзара қатынасы мен байланысы туралы ойлауын сұрайды. Бұл жұмысты
оқушылардың жеке жұппен немесе шағын топ ішінде ауызша, жазбаша
орындалуы ықтимал. Содан кейін мұғалімнің бірнеше оқушының ойы мен
пікірін тыңдауына болады. «Джигсо» әдісінің артықшылығы –
топта жұмыс істеуге арналған құрылым ұсынып, сөйлеу және тыңдау
дағдыларын дамытуды қамтамасыз
ететіндігі.
Мұғалім сыныпты шағын топтарға
бөледі (әдетте, төрт адамнан). Мұғалім оларды сыныптың
тепе-теңдігін сақтай отырып, жынысына, қабілетіне,
қарым-қатынастарына қарап бөледі.
Құрылған әр
топқа дәстүрлі тапсырма
беріледі. Тапсырма үлестірме материалдар түрінде таратылады.
Күрделілігі бойынша оқуға арналған материалдің тиісті күрделілік
деңгейі сақталуы керек. Егер топ төрт адамнан тұратын болса, басты
тапсырманың ішінде топтың әр мүшесіне бір сұрақтан төрт сұрақ
немесе тапсырма болады. Сұрақтар немесе тапсырмалар топ ішінде
оқушылардың өзара келісуі арқылы бөлінеді. Сабақты бекітуге және үй
тапсырмасына қолдануға болатын
әдістер: Ыстық
орындық - Бір оқушы алға шығып
өз пікірін айтып және тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді.
Сұрақты анағұрлым мазмұнды қылу үшін, оқушылар белгілі бір пікір
бойынша бірлесіп алға шығып сөйлей алады. Мысалы, оқушылар белгілі
бір рөлді немесе адамды сомдай алады.
Оңай және қиын сұрақтар
кестесі. Бұл кестені оқушылар
қандай да болмасын мәселе бойынша өз пікірін келтіру үшін немесе
жаңа ақпаратпен танысқанда толтыра алады. Кестенің сол жағына олар
түсініктері боцынша оңай, ал оң жағына қиын сұрақтарды келтіреді.
Мысалы, оңай сұрақтар дегеніміз мәтінде жауабы бар сауалдар, ал
қиын сұрақтардың жауабы мәтінде жоқ, оларға тек өзіндік тұрғыдан
ғана жауап беруге болады.
ББҮ
кестесі (Білемін /білгім келеді/
үйрендім) – сабақтың басынан аяғына дейін қолданылады, өйткені
стратегия сабақтың барлық сатысын қамтиды. Сабақтың барысында
оқушылар берілген тақырып бойынша не білетіндерін ойланады, содан
соң сұрақтар құрастырады және осы сұрақтарға өздері жауап
іздейді.
Венн
диаграммасы. Оқушыларды синтез /анализ/
бағалау жоғары деңгейдегі ойлау қызметіне әкелетін салыстыра білу
қабілетін дамытуда қолданылады. Сабақты бекіту үшін бұл стратегия
тиімді болып есептелінеді, бірақ қызығушылығын ояту кезеңінде де
пайдалануға болады. Бұл стратегияларды
ұйымдастырғанда оқушылар бір-біріне көмектесетіндей, бір-бірімен
бірігетіндей жағдай жасау керек. Сонда сабақ тек білім беру
қызметін ғана емес, тәрбиелеу қызметін де атқарады. Мұндай
сабақтардың өтілуі нәтижесінде оқушыларда бір-бірімен сөйлесе білу
мәдениеті, тәртіптілік, топқа және бір-біріне жауапкершілік
сезімнің болуы, менмендік және жалқаулықтан безу қасиеттері
қалыптасады. Оқыту барысында оқушыларға егжей –тегжейлі мәтінді
түсінуге, кейіпкерлердің рөлін сомдауға, дұрыс түсінуге және алған
білімдерін тәжірибемен байланыстыра қолдана білуге, пәнаралық
байланыстарды іске асырып отыруға мүмкіндік
береді.
Сабақтың жаңа тақырыпты түсіну
бөлімінде «Постерлер» әдісін пайдалану тиімді. Бұл
тапсырманы оқушыларды топтарға бөлу арқылы орындалады, оқушылар
ұжымдаса бірігіп жұмыс жасайды. Берілген жаңа оқу материалдарын
тиімді меңгеруге бейімдейді, бірілген ақпараттар бойынша
нақтыламарды анықтайды, дәлелдерін келтіреді, қорытынды
жасайды.
Менің ойымша, оқушылар бүгінгі
күні шығармашылық тапсырмаларды орындауды табыспен меңгере алады.
Тек ол жұмысқа дұрыс басшылық, шебер ұйымдастырушылық қажет.
Метатәжірибе өз кезегінде басқа тәжірибелер қалыптастыратын
дәйектерді, әрекеттер мен байланыстарды өзгертеді. Басқаша
айтқанда, тәжірибені өзгерту - бұл істеп жатқан ісімізді өзгерту,
түсінікті өзгерту - бұл біз қалай ойлайтынымызды өзгерту, жағдайды
өзгерту- бір-бірімізге деген қарым-қатынасымызды өзгерту дегенді
білдіреді.
Білім берудің мазмұнын жаңарту
жағдайындағы белсенді оқытудың әдіс-тәсілдерін қолдану тиімді.
Оқыту тәсілдері оқушылардың табысын
арттырады.
Олай болса, ХХІ ғасыр -
информатика ғасыры, яғни ақпараттандыру технологиясы дамыған
заманда мемлекетіміздің болашағы – жас ұрпаққа заман талабына сай
білім беріп, жан - жақты дамуына ықпал ету мұғалімнен шығармашылық
ізденісті, үлкен сұранысты талап етеді. Компьютер және ақпараттық
технологиялар арқылы жасалып жатқан оқыту процесі оқушының жаңаша
ойлау қабілетін қалыптастырып, оларды жүйелік байланыстар мен
заңдылықтарды табуға итеріп, нәтижесінде - өздерінің кәсіби
потенциалдарының қалыптасуына жол
ашады.
Бүгінгі таңдағы ақпараттық
қоғам аймағындағы оқушылардың ойлау қабілетін қалыптастыратын және
компьютерлік оқыту ісін дамытатын жалпы заңдылықтардан тарайтын
педагогикалық технологиялардың тиімділігі жоғары деп
есептеймін.