Бердібек Соқпақбаевқа 100жыл

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Бердібек Соқпақбаевқа 100жыл

Материал туралы қысқаша түсінік
"Бір ел- бір кітап " акциясы аясында Бердібек Соқпақбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай әдеби сабақ сценариі
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Балалар әдебиетінің бәйтерегі»

Бердібек Соқпақбаевтың туғанына 100 жыл


Тақырыбы: Балалар әдебиетінің бәйтерегі

Мақсаты:
1. Оқушыларға
жазушы өмірі мен шығармашылығымен таныстыра отырып, әлемге танылған әйгілі шығармасы туралы білімдерін толықтыру;
2. Оқушылардың ой - өрісін, қызығушылығын
ояту, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру;
3. Оқушыларды
тәртіптілікке, адамгершілікке тәрбиелеу. Көркем шығармаларды оқуға деген қызығушылығын ояту.
Түрі: Әдеби
кеш.
Көрнекілігі: Интерактивті
тақта, «Менің атым Қожа» фильм таспасы, «Менің атым - Қожа» фильмінен алынған суреттер.

Жоспары:
1. Алғысөз.
3.. Жазушының
өмірбаянымен шығармашылығы
5. «Бердібекатағаарнау» өлеңі
6. «Менің
атым Қожа» повесті туралы
7. «МеніңатымҚожа»
повестінен көрініс.


- Армысыздар, құрметті
ұстаздар мен оқушылар! Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдығына орай өткізіліп отырған «Балалар әдебиетінің бәйтерегі» атты әдеби сабағымызға хош келдіңіздер!Биылғы жылы "Бір ел –бір кітап" акциясы аясында қазақ прозасына өзгеше өрнек, ғажайып сыр-сипат әкелген көрнекті қазақ жазушысы, балалар әдебиетінің классигі, 2024 жылы 100 жылдығы ЮНЕСКО көлемінде аталып өтілетін Бердібек Соқпақбаевтың шығармаларын оқимыз. Бір жыл бойы жазушының кітаптарын оқимыз.
(Бердібек Соқпақбаев туралы слайд көрсетіліп тұрады).
Бүгінгі кешімізді өткізудегі негізгі мақсатымыз: Оқушыларға жазушы өмірі мен шығармашылығымен таныстыра отырып, әлемге танылған әйгілі шығармасы «Менің атым Қожа» повесті туралы білімдерін толықтыру.
Балаларға арнап шығарма жазу, сол арқылы кішкентай оқырмандардың құрметіне бөлену, ерекше таланттылықты қажет етеді.

Бердібек Соқпақбаев шығармаларын оқыған кез келген бала өмірбаянымен де танысып шығады. Себебі жазушының шығармаларының басты кейіпкері өзі болып табылады. Балалық шағына деген сағынышын өз шығармаларына арқау еткен.
Бердібек Соқпақбаевтің өміріне келетін болсақ, оның балалақ шағы ауыр жағдайда өтті. Жоқшылық, жетімдік сияқты ауыр жайттарды басынан өткерді.
- Жазушының өмірі мен шығармашылығы туралы сіздерге бейнеролик дайындаған болатынбыз. Назарларыңыз экранда болсын! /5 мин. бейнеролик/


Келесі кезекте оқушылар жазушының өмірі мен шығармашылығын баяндап береді.


  1. Оқушы:Бердібек Соқпақбаев 1924 жылы 15 қазанда Алматы облысының Нарынқол ауылында туған. Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтын, кейіннен Мәскеуде Жоғары әдеби курсты бітірген. Біразжылауылмектебінде бала оқытқан.

  2. Оқушы: «Қазақ әдебиеті» газетінде, «Балдырған» журналында, Шәкен. Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясында істеген. Қазақстан Жазушылар одағында балалар әдебиеті жөніндегі әдеби кеңесші болған. Шығармашылық жолын өлеңмен бастап, 1950 жылы «Бұлақ» атты жыр жинағын шығарған.

  3. Оқушы:Кейін балалар мен жасөспірімдерге арналған 20 - дан астам әңгіме, повесть, роман кітаптарын ұсынды. «Менің атым Қожа», «Балалық шаққа саяхат», «Бозтөбеде бір қыз бар», «Өлгендер қайтып келмейді» және «Қайдасың, шетелдердің көптеген тілдеріне аударылып, сахналық, экрандық нұсқаға айналған.

  4. Оқушы: 1967 жылы Балалар мен жасөспірімдерге арналған фильмдердің Канн қаласында (Франция) өткен халықаралық фестивалінде «Менің атым Қожа» фильмі (Б. Соқпақбаевтың сценарийі) арнаулы жүлдеге ие болды. Қазақ КСР Жоғарғы КеңесініңҚұрмет Грамотасымен марапатталған.


«Бердібек атаға арнау» өлеңі

Кім білмейді «Менің атым Қожаны»,

Аңғал, тентек, зейінді сол баланы.

Сан мәрте рет оқыпшықтық қайтадан,

Соқпақбаев салған жолды саралы.

Балалықтың Қожа деген үлгісі,

Әрнәрсені келіп тұрар білгісі.

Таза көңіл, пейілі мен баурады,

Ұнатты оны үлкені де, кішісі.

Біз де қазір сол Қожадай баламыз,

Кейде сондай тентек болып қаламыз.

Білімді боп, өнерлі боп жүрейік,

Ақпейілді, ашық болсынсанамыз.

Балалыққа саяхаттап барамыз,

Көркем әдебиетке толы кітапханамыз.

Естелігін мәңгілікке қалдырған,

Соқпақбаев дара тұлға атамыз.


Жүргізуші: Б.Соқпақбаев «Менің атым Қожа » повесінің арқасында танымал болды. Бұл туынды «Детская литература» баспасында шығып, содан кейін орыс тілінен көптеген тілдерге аударылып, Франция, Польша, Чехословакия, Болгария секілді шетелдерде жарияланды. Тек содан кейін ғана бұл шығарма өз отанына оралып, байырғы қазақ тілді оқырмандардың жүрегінен ойып орын алды.

«Менің атым Қожа» повестінен («Қожаның тентектігі» көрініс) тамашалайық.

Жүргізуші: Сіздердің жазушы туралы және оның шығармасын қаншалықты оқығандарыңызды тексеру мақсатында сұрақтар қоямын.

  1. Қожаның анасының аты /Милат/

  2. Повестегі қазақ тілі пәнінің мұғалімі /Сәбира Майқанова/

  3. «Менің атым Қожа» повесінің алғашқы аты / «Өзім туралы повесть»/

  4. Жазушының балаларға арналған тағы қандай шығармаларын білесіздер? /Аяжан, Жекпе-жек, «Балалық шаққа саяхат» т.б./

  5. Қожаның бұзықтығы үшін жек көруге бола ма?

  6. Жазушының шығармасынан қандай ой түйдіңдер?

  7. Егер Қожаның орнында болсаңдар не істейтін едіңдер?

  8. Қожаның қандай жағымсыз жақтары бар?

  9. Жантас қандай кейіпкер? /жағымсыз, өтірікші, сотқар, бұзық/


Жүргізуші: Құрметті қонақтар! Ұстаздар! Оқушылар! Бүгінгі әдеби сабағымыз соңына жетті. Сіздерді Бердібек Соқпақбаевтың кітаптарын оқуға шақырамын. Бізде кітапханада жазушының барлық кіатаптары бар. Кітап оқыңыздар! Кітап оқу арқылы адам ой- өрісін дамытады.

Ендеше осы Сайрам аудандық орталық балалар кітапханасының меңгерушісі Жанар Нарботаева Жақсыбекқызына сөз кезегін береміз.







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
18.03.2024
1314
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі