БЕРЕКЕЛІ – АЛТЫН
КҮЗ
Табиғат жаратылысы өзіне тән
төрт мезгілмен ұштасады. Әр жыл мезгілінің өз сұлулығы бар. Ал мен
үшін жаныма жақын - күз мезгілі. Күз
дегеніміз, бейнелеп айтар болсам, жазира
даланың дарқан дастарқаны.
Күз мезгілінде жауын- шашын
көп болады. Бұл егіннің жақсы өсуіне үлкен септігін тигізеді. Күн
де суыта бастайды. Ауа райының өзгергенін көрген құстар да жылы
жаққа ұшады.Адамдарда жаздағы жеңіл, жұқа киімдерін қалыңдау киімге
ауыстырды. Жеміс-жидектер де піседі. Халық молшылықта өмір сүре
бастайды. Неше түрлі тағамдар пісіріліп, әр үйдің әр күні мереке
болады. Алма, алмұрт ағаштарында қызарып піскен жемістер ілініп
тұр. Қаптаған астық, картоп, жүгері, күнбағыс,
қарбыз, қауын, алма... Осының бәрі күзде әбден пісіп жетіледі. Әне,
дала да, егін де, тоғай да – бәрі де сап-сары. Халық сондықтан
күзді «Алтын күз» дейді. Екіншіден күз – қауырт жұмыстың
кезі. Қылышын сүйретіп келе жатқан қысқа дайындық кез. Күздің бір
күні қыстың бір айын асырайды. Күзде аянбай еңбек етсең, қыста
қысылмайсың. Күздің табиғатын сөзбен айтып
жеткізу мүмкін емес шығар. Сондықтан күз - молшылықтың, байлықтың,
берекенің мезгілі болып
саналады.
Батыс Қазақстан
облысы
Орал
қаласы
Ахмет Байтұрсынов атындағы №10Жалпы орта
білім беретін мектебі
3 «Ә»сынып оқушысы Сапет
Айжұлдыз
Менің
отбасым.
Менің отбасым. Отан отбасыдан басталады деп
бекер айтпаса керек. Отанның бір кішкентай бөлшегі ол отбасы. Әр
бір адамның өз отбасысы бар. Сол сияқты менің де өз отбасым бар.
Әрбір адам баласы өз отбасымен бірге бақытты бейбіт өмір сүрсе екен
деп тілеймін. Менің отбасым туралы айтар болсам,тоғыз адам
бар.Олар атам,әжем,әкем,анам, үлкен мамам,тәтем,көкем,апатайым және
де мен.Мен жанұямды өте жақсы көремін.Олар да мені жақсы
көреді.Менің әкем теміржолда істейді.Ал анама келер болсам, ол кісі
тігінші болып жұмыс жасайды.Мені үнемі «ақылды,сүйкімді қызым» деп,
бар ақылын айтып отырады.Екі ағам мені еркелетеді.Апатайым менің
сабағыма көмектеседі.
Менің түсінігімде отбасы қуанышты да,
қайғыңдыда бірге көріп, өмірдің бар қиындығын бірге жеңу, сенің
жақын адамдарың мен бақытты өмір сүруің
керек. Міне, менің жанұям осындай, мен олармен
мақтанамын.
Батыс Қазақстан
облысы
Орал
қаласы
Ахмет Байтұрсынов атындағы №10Жалпы орта
білім беретін мектебі
3 «Ә»сынып оқушысы Ермек
Эльнара
Менің қаламда күз
келді.
Менің қаламда күз келді!Мен жазғы демалысымды
ешқашан ұмытпаспын.бірақ та мен күзді де ұнатамын.Күзде адамдар мен
жануарлар қысқа дайындық жасайды.Күзде ағаштардың жапырақтары
сарғайып,маужырап тұрады.Күн бұлттанып,жел үріп,жаңбыр
жауады.Ал,таңертең шық түседі.Жапырақтар жол бойында жел арқылы
билеп жүр.Кейбіреуі көбелек сияқты ұшып жүр.Жерді де алтын
жапырақтар басты.Құстар жылы жаққа ұшып кетті.Міне,осының бәрі
күздің керемет көріністері.
Күзде білім күнімен,ұстаздар мерекесі
болды.Өте көңілді қарсы алдық.
Сонымен қатар мектебімізде күз мезгілін
шығарып салуға қызу дайындық жүріп жатыр.Сыныбымызда «Берекелі
Алтын күз» атты тәрбиелік шара
өтті.
Күз мезгілі маған өте
ұнайды.
Батыс Қазақстан
облысы
Орал
қаласы
Ахмет Байтұрсынов атындағы №10Жалпы орта
білім беретін мектебі
3 «Ә»сынып оқушысы Жанекен
Гүлім