Материалдар / БЕС АСЫҚ ОЙЫН ЕРЕЖЕСІ (Қыздар, әйелдер ойны)
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

БЕС АСЫҚ ОЙЫН ЕРЕЖЕСІ (Қыздар, әйелдер ойны)

Материал туралы қысқаша түсінік
БЕС АСЫҚ ОЙЫН ЕРЕЖЕСІ (Қыздар, әйелдер ойны)
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Наурыз 2023
1306
8 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады






БЕС АСЫҚ ОЙЫН ЕРЕЖЕСІ

(
Қыздар, әйелдер ойны)






Shape1




БЕС АСЫҚ ОЙЫН ЕРЕЖЕСІ

(Қыздар, әйелдер ойны)

Әр ойыншыда бес асықтан болады. Асықтың салмағы (11гр. ені 2см; ұзындығы 3.5см; 9 гр.ені 2 см. ұзындығы 3 см.) кем болмауы керек, (ұсақ малдың асығы ойын алаңына қатыстырылмайды) ал жоғары болуына рұқсат. Асықтар сіңірінен жақсылап тазартылған болсын. Төрт асық бір түспен, хан басқа түспен боялады. Түстерді таңдау ойыншының өз еркінде. Ойыншының киім нысаны спорт үлгісінде немесе ұлттық үлгіде болуы шарт, аяқтарына мәсі немесе чешки.

Ойын мазмұны. Ойын кезегі асықтарды иіру арқылы анықталады. Асығы алшысынан түскен ойыншы ойнау кезегіне ие болады. Бірінші ойыншы ойынның ережесін бұзғанша ойнайды. Кейін ойынға екінші, үшінші ойыншы өз кезегімен кіріседі. 6 ж.,7 ж.,12 және ұпайдан басқа ойындар бір қолмен ойналады. Ойыншы жерден (кілемнен) асықтарды алғанда, асық алатын қолы басқа асықтарға тимеуі және кілемде жатқан ойын асықтары бір- біріне тимеуі керек және де асықтарды иірген кезде, ойнап жатқан кездерде қол да, асықтар да дене мен киімге жанаспауы керек. Екінші қолы тізесінің үстінде болуы шарт. Әр жаттығудан кейін ойынды бекіту. Әр жаттығуда хан бірден алынады, басқа жағдайда ойын кезегі келесі ойыншыға өтеді. Егер ойын барысында ереже бұзылса, кезек келесі ойыншыға беріледі. Ойын жалғасы әрекеттің бұзылған жерінен басталады.


  1. «Бірлік». Ойыншы кілемге бес асықты иіріп тастайды, міндетті түрде ханды алады, (Хан асық ойнын жүргізетін негізгі асық болып есептеледі). Ойыншы ханды жоғарыға лақтырып, кілемде жатқан асықтардың бірін алып, лақтырған ханды қағуы керек.Хан қайта жоғары лақтырылып, кілемдегі шашылған асықтардың екіншісі, кейін үшінші, төртінші алынады.Ескерту: Ханды қаққан кезде алақанның сырты кілемге жанаспауы керек.Кілемнен алынған асықтар, бөлекжиналады.

Shape3 Shape2


 96


 106


Shape4

Shape5

 109








  1. «Екілік». Бес асық шашылады. Хан жоғарыға лақтырылып, кілемнен екі асық алынады да бірліктегідей лақтырылған ханқағылып алынады. Кейін тағы екеуі алынады. Кілемнен алынған асықтар бөлек жиналады.

Shape7 Shape6

 33

 31





 58

 28








  1. «Үштік». Бес асық шашылады. Хан жоғарыға лақтырылып, кілемнен үш асық алынады.Хан қайта қағылады.Кілемде қалған жалғыз асық ханды жоғары лақтырып, бөлекалынады, хан қайта қағылады.


Shape8

 35

Shape9


 39




 47  48











  1. «Төрттік». Барлық бес асықты алақанда ұстайды. Хан жоғарыға лақтырылып, қалғандары бірден кілемге қойылады да лақтырылған асыққағылып алынады. Кейін хан жоғарыға лақтырылып, төртеуі жиылып алынып, лақтырылған ханқағылады.





Shape10

 45


 49




 41



 42

















5. «Жалақ». Барлық асықтар алақанға жиналады, хан жоғары лақтырылып, қалған төрт асықты қапсыра ұстап, сұқ саусақ үш немесе бес рет (келісім бойынша) алға немесе артқа қарай үйкеліп кілемге жалатылады, шамалап 5 см (ерсілі – қарсылы үйкеуге, кілемді нұқуға болмайды). Ханды құлатпай қағып алу керек.




Shape11

Shape12





Shape13





Shape14






6. «Алақан». Асықтар кілемге шашылады, қолдың алақаны үстіне қаратылып, кілем үстіне сырт жағымен қойылады, хан жоғарыға лақтырылып, кілемдегі асықтардың біріншісі алынып, алақанға қойылады, хан қайта қағылады. Екінші, үшінші, төртінші асық та осылай ойналады, соңында ханды алақанға қоямыз. Асықтар алақанға ғана жиналады, егер білезіктің үстіне қарай асықтың тұмсығы болса да шығып кетсе қатеге есептеледі.










Shape15



  1. «Төрт бұрыш». Төрт асық шаршы бойынша (шамамен 20*20см. ересектер, 10*10 cм. жасөспірімдер) қойылады. Ойыншы асығын жоғарыға лақтырып, шаршылай тігілген асықтарды бірден жинап, лақтырылған асықты қағып алуы тиіс.


























  1. «Алмастыру»Асықтар кілем үстіне шашылады. Хан жоғарыға лақтырылып, кілемнен бір асық алынып, лақтырылған асық қағылады. Ойыншының қолында екі асық болады. (Хан екінші қолдың көмегінсіз алға яғни саусақтарға ауыстырылады). Ол жоғарыға лақтырылып, қолда қалған екіншісі кілемде жатқан басқа асықпен алмастырылады да лақтырылған хан қағылып алынылады. Осылайша, асықтарды алмастыра отырып, олар бір жерге жинастырылады. Соңында хан жоғарылақтырылады,қолға төрт асық жиналып алынады да хан қайта қағылады.










  1. «Үндемес»Бірліктегі әрекет қайталанады, бірақ лақтырылған асықты ұстар кезде қалғандары бір-біріне соқтығысып сартылдаған немесе т.б дауыс шығармауы керек.


Shape17 Shape16


 115


 117


Shape18

Shape19

 119











10.«Сарт-сұрт». Бірліктегіәрекет қайталанады, бірақ лақтырылған асықты ұстар кезде, асықтар бір- біріне тиіп, екі рет сарт – сұрт еткен дыбысы естілуі тиіс.




.

Shape21 Shape20


 125


 127


Shape22

Shape23

 129




















  1. «Қаршу».Асықтар шашылады. Хан жоғарыға лақтырылады. Кілем үстінде шашылып жатқан асықтардың біреуін көтеріп, түсіп келе жатқан ханды үстінен қаршып қағу керек.Сонда қолда екі асық болады.Көтерілген асықты бөлек жинаймыз. Ханды лақтырып, қалған асықтарды бір-бірлеп теріп, түсіп келе жатқан ханды қаршып қағып отыру керек.




















  1. «Нәби».Ойыншы сол қолының бас бармағы және ортаңғы саусағының көмегімен «дарбаза» құрады, оң қолмен құрылған «дарбазаның» үстінен асыра алдыңғы жаққа асықтарды шашады. Хан жоғарыға лақтырылады,ал қалған асықтарды бір- бірден сыдыртып «дарбазаның» астымен қолдың арғы жағына өткізіп барып лақтырылған ханды құлатпай қағу керек. Осылайша «дарбазаға» барлық асықтар кезекпен енгізіледі. Бұл әрекетте ереже бар: ойыншы тағы бір асық таңдайды – «ағалық» («нәби»). Бұл ең жақыны немесе алыс асық болуы мүмкін, ол туралы ойынның бас кезінде келісіледі. Ол «дарбазаға» ең соңғы болып кіргізіледі. Бұл асықты қарсыласы таңдайды.

Shape26



Ұпайларды санау.

Алдыңғы әрекеттерді аяқтаған соң, ойыншы өзіне екі жолмен ұпайларды жинайды.

  1. Жоғарыға 5 асық лақтырып, оларды алақанның сыртымен ұстап алады. Қайта жоғарыға лақтырып, оларды үстінен қаршып ұстайды. Әр асық 10 ұпаймен есептеледі. Егер ойыншы барлық 5 асықты ұстап алса, онда 50 ұпай жинайды. Егер ұпай алар кезде ойыншы 0 яғни еш ұпай ала алмаса, сол ойында ұпай алуға екінші мүмкіндік берілмейді, кезегін қарсыласына береді. Келесі ойнын бірліктен бастайда.

  2. Ойыншы қолын сыртқа қаратып, барлық асықтарды жоғарыға лақтырады. Кейін оларды астынан алақанын ашып, ұстап алады. Әр асық үшін 10 ұпайдан алады.

Ойыншылар кілемнен асықтарды алған кезде, басқа асықтарға қолдары тимеуі керек. Егер ойын ережесі бұзылса, ойынды келесі ойыншы жалғастырады.

Ойын әр қашан бұзылған жерінен жалғастырылады.






ЖЕҢІСТІҢ БЕРІЛУ ШАРТЫ: Қай ойыншы бұрын 150 ұпайға қол жеткізсе, жеңісті иеленеді. Бірақ кезек алған бірінші ойыншы ойынды басынан аяғына дейін тоқтамастан ойнап 150 ұпайды толық алып кетсе, екінші ойыншыға бір мүмкіндік беріледі. Екінші ойыншы өз шеберлігін көрсетуге құқылы. Егер ол да бірінші ойыншы сияқты өз ойнын тоқтамастан ойнап, 150 ұпай жинаса тең дәрежелі ойын деп есептеліп, жеңіс асық иіру арқылы анықталады. Ересектер-150 ұпай, жасөспірімдер – 100 ұпай.


ЕСКЕРУ: Бес асық ойны уақытқа ойналады. Ересектерге жалпы 15 минут, жасөспірімдерге 15минут уақыт беріледі. Әр ойыншы ойын барысында 1 минуттық үзіліс алуға құқылы.

Төреші ойын барысын толық өз бақылауында ұстайды. Ойын ережелерін, тәртібін, тыныштығын бұзған ойыншыға 1-рет ауызша ескерту жасалады, 2- рет сары кәртішке көрсетіледі, ескертулерге құлақ аспаса 3-рет қызыл кәртішке көрсетіліп ойыннан босатылады.





Тәртіп санкциясы

Ойыншылар:

Ойыншы төрешінің шешімінедемонстрациялықтүрде мінез көрсетсе, төрешілерге, қарсыластары мен көрермендерге қарсы дөрекілік көрсетсе, әдепсіз сөйлесе, басқа да осыған ұқсас әрекеттері қарсылық ретінде қарастырылады.

Мұндай жағдайда ойыншыға қатысты барлық жазалау ресми Ережеге сәйкес орындалады.

Жаттықтырушылар:

Төрешіге қарсы шыдамай тіл тигізгенде цензура талаптарына қайшы сөздер айтылғанда, даулы тәртіпсіздік әрекеттер туындаған жағдайда, ойын есебі төрешінің шешімімен есептеледі. Мұндай жағдайда жаттықтырушы сары немесе қызыл карточкамен жазаланады. Бас төреші өзінің шешімімен жаттықтырушының 1 және одан да көптеген ойындарда істеген тәртіп бұзушылық әрекеттерінің шамасына қарай біліктілігін төмендетуге құқылы.












Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!