Материалдар / "Бесеудің хаты" және менің көзқарасым"
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

"Бесеудің хаты" және менің көзқарасым"

Материал туралы қысқаша түсінік
"Бесеудің хаты" және менің көзқарасым" тақырыбында сабаққа ҚМЖ. Сабақ мақсаты: 10.3.3.1 шығарманың идеясын адамгершілік құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Сәуір 2024
197
1 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
450 тг 338 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бөлім тақырыбы: Тарих тағылымы


Мектеп: Пән: қазақ әдебиеті

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 10

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспаған оқушылар саны:

Сабақтың тақырыбы:

«Бесеудің хаты» және менің көзқарасым.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

10.3.3.1 шығарманың идеясын адамгершілік құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу;

Сабақтың мақсаттары

Оқушылардың барлығы:

шығарманың идеясын анықтап, өзіндік көзқарас тұрғысынан эссе жазу;

Оқушылардың көпшілігі:

шығарма идеясын ғаламдық тұрғыда талдап, эссе жазу;

Оқушылардың кейбірі: шығарманың идеясын адамгершілік құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу.

Бағалау критерийлері


  • шығармадағы көтерілген мәселелерге талдау жасайды;

  • әдеби эссе жазады.

Ойлау дағдыларының деңгейі

Жинақтау, бағалау

Тілдік мақсаттар

Пән лексикасы және терминология

Авторлық идея, өмір шындығы, көркем шындық пен тарихи шындық

Мәтін талдау барысында қолданылатын тіркестер:

Менің ойымша...;

Салыстыра қарғанда...;

Өмірмен байланыстыратын болсам...;

Бұл оймен келісемін/ келіспеймін, себебі...

Пәнаралық байланыс

Өзін-өзі тану, қазақстан тарихы

Құндылықтарға баулу

Тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы. (6-құндылық)

Осыған дейін меңгерілген білім

«Бесеудің хаты» драмасы

Жоспар

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы




























Сабақтың ортасы








Ұйымдастыру кезеңі.

  • оқушылармен амандасу;

  • сабаққа дайындықтарын тексеру;

  • оқу мақсаты мен бағалау критерийін таныстыру

Қызығушылықты ояту.

Оқушылар үлкен шеңберге тұрып, «Өрмекшінің торы» ойынын ойнайды. Шығармадағы кейіпкерлер және олардың іс-әрекеттері қандай деген сұрақ қойылғаннан кейін, шеңбердегі оқушының бірі тоқыма жіпті келесі оқушыға «Т. Рысқұлов» деп айтып лақтырады. Жіпті қағып алған оқушы «Сталинге халық жайын айтушы» деп бір-бірінің айтқанын қайталамайды. Осы ойын арқылы жаңа сабақты, жаңа мақсатты меңгертуге жол салынады.


Мағынаны тану. Тапсырма. «Ашық микрофон» ойыны.

Шарты: Берілген сұраққа жауап бергісі келген оқушы ортаға шығып, өз пікірін қорғайды. Қойылатын талап: Ойы ықшам, жинақы, дәлелді болуы керек және сөйлеуші аудиторияны өзіне қарата алуы қажет.

Сұрақ: /сұрақты аудио арқылы тыңдатуға да болады/

Драмада Сталин мен Голощекиннің екеуара сөйлескен сөзі берілген. /205 -бет/

Сталин:

-Айтшы, Голощекин, қазақтар қандай халық?

Голощекин:

-Ойбай, сұрамаңыз. Жабайы! Жа-бай-ы-ы! Тамақты қолмен жейді! Қасық шанышқы дегенді білмейді! Сұмдық!

Сталин: Ал, одақ көлеміне шығатындай ақын-жазушылары бар ма?

Голощекин: Жазушысымақтар бар. Шетінен ұлтшыл. Шетінен –Алашорда! Әлгі Байтұрсынов, Дулатов, Жұмабаев, Аймауытов, Әуезов ... Шетінен қамауға алдық.

Осы үзіндідегі Голощекиннің қазақ халқы мен оның зиялылары туралы айтқан пікірін қалай жоққа (теріске) шығарар едіңіңіз?

Дескриптор:

  • берілген мәліметті шығарма идеясымен байланыстыра отырып талдайды.

ҚБ

Тапсырма. Жеке жұмыс.

Оқушылар өздері ізденген «Бесеудің хатын» жазуға қатысқан кейіпкерлердің тағдырлары туралы әдеби эссе жазады. Тақырыбы: «Тарих сахнасынан халық қамын ойлаған тұлғалардың ұмыт болуы мүмкін емес».

Жазылым барысында стилдік, тілдік ерекшеліктерді сақтаңыз, өз ойыңыз креативті жеткізіңіз. Сөз саны: 120-150. 

Дескриптор:

  • тақырыпты ашады;

  • пікірін білдіреді;

  • шығармадан дәлел келтіреді;

  • ойын қорытындылайды.

ҚБ

«Автор орындығы». Үздік эсселер «Автор орындығында» оқылады.

Мұғалім сөзі:

«Қазақ драматургиясы дағдарысқа ұшыраған бір заманда Шерхан жазған «Сталинге хат», «Бесеудің хаты» пьесасы дүйім халықтың еңсесін көтерді, оның спектакліне келген Колбин өзін таныды, бір қызарып, бір қуарды», – деді белгілі көсемсөз зергері Сауытбек Абдрахманов. Ендеше бұл шығарманың қазақ халқы барда, еңсесі қашан да биік болмақ.


Оқушылар үлкен шеңберге тұрып, «Өрмекшінің торы» ойынын ойнайды. Шығармадағы кейіпкерлер және олардың іс-әрекеттері қандай деген сұрақ қойылғаннан кейін, шеңбердегі оқушының бірі тоқыма жіпті келесі оқушыға «Т. Рысқұлов» деп айтып лақтырады. Жіпті қағып алған оқушы «Сталинге халық жайын айтушы» деп бір-бірінің айтқанын қайталамайды. Осы ойын арқылы жаңа сабақты, жаңа мақсатты меңгертуге жол салынады.


Берілген сұраққа жауап бергісі келген оқушы ортаға шығып, өз пікірін қорғайды. Қойылатын талап: Ойы ықшам, жинақы, дәлелді болуы керек және сөйлеуші аудиторияны өзіне қарата алуы қажет.

















Оқушылар өздері ізденген «Бесеудің хатын» жазуға қатысқан кейіпкерлердің тағдырлары туралы әдеби эссе жазады. Тақырыбы: «Тарих сахнасынан халық қамын ойлаған тұлғалардың ұмыт болуы мүмкін емес».

Үздік эсселер «Автор орындығында» оқылады.








ҚБ «Нысана»

Оқушы

лар стикер жапсыру арқылы бағалай

























ҚБ «Нысана»

Оқушы

лар стикер жапсыру арқылы бағалай












ҚБ «Нысана»



10-сынып

Қазақ әдебиеті





қима қағаздар

































Қазақ энциклопедиясынан





Сабақтың соңы

3 минут

Кері байланыс: «Менің сабақтан кейінгі әсерім» кестесін толтырады.

Қандай ой пайда болды?

Не сезіндім?





Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс
Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)


Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады.

Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады.

Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз.

«ПОПС» формуласы

«Туған жер», «Бауыр», «Оралу» тірек сөздерін шығарма идеяларымен байланыстырып, «ПОПС» формуласы негізінде ойларын айтады.

Біздің ойымызша ....

Оны былай дәлелдейміз ....

Мынандай мысал келтіреміз ....

Мынандай қорытындыға келдік ....

Бағалау критерийі

Дескриптор

Шығармадағы көтерілген мәселелерге талдау жасайды.

  • өз ойларын айтады;

  • 338тг - Сатып алу
    Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
    Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
    Ресми байқаулар тізімі
    Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!