Материалдар / "Бесік - тәрбие бастауы"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Бесік - тәрбие бастауы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал тәрбие сағаттарына, қосымша білім беру ,өлкетану сабақтарына қажетті деп ойлаймын.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Ақпан 2021
409
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың тақырыбы: Бесік - тәрбие бастауы

Сабақтың мақсаты: қазақ халқының салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, жөн-жоралғыларын оқушылардың бойы сіңіру, адами қасиеттерін қалыптастыру, ұлттық мақтаныш сезімін ояту, көрініс арқылы ұлттық сананы қалыптастыру, салт-дәстүрді үйрену. Сәбидің дүниеге келуіне қатысты әдет-ғұрыптардан мағлұмат беру, бесік туралы толығырақ түсіндіру.Ұмытыла бастаған әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерді түсіндіру арқылы баланың бойында халық мұрасына деген жанашырлық, оны сақтау әрі қарай дамытуға деген көзқарасты тәрбиелеу, білуге деген құштарлығын ояту.

Сабақтың көрнекілігі: бесік және оның жабдықтары

Ұйымдастыру кезеңі

Дүниеге сәби келуі қазақтың қай шаңырағына болса да қуаныш сыйлаған. Дүниеге ұл келсе «Тұқым, үрім-бұтағым көбейеді», қыз келсе, «Өрісім кеңейеді» деп қуанған. Бұл әдет әлі күнге сақталуда. Сондықтан бүгінгі сабақта сәбидің дүниеге келуіне қатысты әдет-ғұрыптардан мағлұмат алып, ол жайында өлең жырлармен танысамыз.

Сәби дүниеге келгенде қазақ халқы мына күндерді атап той-мереке жасаған.

Шілдехана

Бесік той

Қырқынан шығару

Тұсау кесу

Атқа, ашамайға мінгізу

Тана тағар

Сүндет той

Тоқым қағар

Шілдехана сәби дүниеге келген күні, кейде бір күннен соң өткізіледі. Шілдеханаға көбіне жастар, әйелдер жиналады. Жиналған көпшілік ән салып, көңіл көтеріп, әр түрлі ұлттық ойындар ойнап, кетерінде «Сәбидің бауы берік болсын» деген жақсы тілектерін айтып үйлеріне қайтады.

Келесі той – бесік тойы. Әдетте сәбиді бесікке кіндігі түскесін, 7-8 күннен соң салады. Бесікке салуға бұл жолы жасы үлкен әйелдер, әжелер жианлады.

Бесік – нағыз халық мұрасы, бабаларымыздың ғасырлар бойы тұтынып келген ата мүлкі. Бесікті Орта Азия мен Қапқаз, Үндіқытай жерін мекендейтін халықтырдың басым көпшілігі пайдаланған, әлі де пайдаланады. Қазақ бесігі талдан, қайыңнан иіліп жасалады. Бесікті дүниеге әкелген-«аттың жалы, түйенің қомында» өткен көшпелі тұрмыс-тіршілік.

Бесікке керек жабдықтар – жөргек, жастық, қол бау, аяқ бау, түбек, шүмек. Бесікке бөленген нәрестенің кіші дәреті шүмек, ал үлкен дәреті бесік тесігі арқылы түбекке жиналады. Түбектің түбіне күл салып жие-жие ауыстырып отырады. Шүмек өте әдемі етіліп қойдың асық жілігінен жасалады. Кейбіреулер айрықша аппақ болуы үшін сүтке қайнатып та алады. Шүмек ұлға немесе қызға арналуына қарай екі түрлі болады.

Сәбиді бесікке кез-келген әйел салмайды.Бұған ел-жұртына аяулы, ұрпақты бір бәйбіше лайық. Әлгі бәйбіше темірді отқа қыздырып, алдымен бесіктің арқалығын бірнеше жерден қариды. Мұнысы – жын шайтаннан, пәле-жаладан аулақ болсын дегені.

Алас,алас,

Иесі келді, пәледен алас,

Көзі жаманның көзінен алас,

Тілі жаманның көзінен алас, -деп аластайды.

Баланы бесікке бөлер алдында «шілде суына», күміс теңгелер салған суға шомылдырады.

Сәбиді бөлемес бұрын жиналған көпшілікке «тыштырма» ырымы жасалып, құрт-кәмпит, бауырсақ, тәттілер үлестіріледі. Баланы бесікке бөлегенде жастықтың астына айна мен тарақ салады. Бұл сәбидің «жүзі жарқын болсын» дегеннен шыққан. Кей жерлерде «қырандай болсын» деп бесіктің арқалығына бүкіттің тұяғын іледі. Кейбіреулер ислам дінінің құрметіне қажылар әкелген құрманың сүйегін іледі, тұмар байлайды.

Шымкент жағында баланы бесікке салған алғашқы күндері «шымшыма нан» байлайды. Себебі «әруақ кемпір» келіп баланы шымшыса, нанға көзі түсіп нанды шымшиды екен.

Бесікпен бірге дүниеге келген өлең-жырдың бірі - «Бесік жыры».

Қырқынан шығару.

Туғанына қырық күн толғанда баланы қырқынан шығарады. Қырық күн өткеннен кейін баланың өмірінде жаңа кеөең басталады деп есептеледі. Қазақ халқының ұғымында қырық саны – қасиетті сандардың бірі. Қырқынан шығаруға жиналған әйелдер баланы теңге, сақиналар салынған тегенге шомылдырады. Әйелдердің үлкені «Отыз омыртқаң жылдам бекісін, қырық қабырғаң жылдам қатсын» деп баланың үстіне қырық қасық су құяды. Сақиналарды баланы шомылдыруға қатысқан әйелдер бөліседі.Келесі кезекте баланың шашын, тырнағын алады. Шашын шүберекке түйіп, киімінің иығына қадайды. Тырнағын адам баспайтын жерге көмеді. Бала қырқынан шыққанға дейін киген ит жейдесіне тәттілерді түйіп, иттің мойнына байлап қоя береді.Балалар итті қуып жетіп, тәттілерді бөліседі.

Тұсау кесі. Бала бесіктен белі шығып, еңбектеуден өткен соң аяғын қазқаз баса бастайды. Өз аяғымен туған жеріні топырағын басып, із түсіріп, өз көзімен алдына қарап таңтамаша болады. Бұл баланың ең алғашқы талпынысы, тіршілігі. Мұны ежелден түсінетін қазақ баласының келешегіне ақ жол тілеп, тұсау кесер жасайды. Бұған да мал сойып, жұрт жияды. Баланың анасы алақұла шуда жіптен екіүш қарыс дайындап, оны ауылдағы бір желаяқ пысық әйелге «ал сен кес, өзіндей пысық болсын» деп ұсынады. Ол кісі ала жіпті баланың екі аяғына тұсауша байлап, сонан соң ортасынан кеседі. Бала анадайдағы апасына қарай тәлтіректеп жөнеледі.

Міне, осыдан бастап кішкене қазақтың өмір жолының алғышқы ізі жер бетін шимақтайды. Тұсау кесу қазақтың өмір сапарының сәтті болуы үшінақ ниетпен жасаған ырымы, құдайға деген құлшылығы.

Осы арада «баланың аяғына не себепті ала жіп байланады, қара, қызыл, көк жіп неге байланбайды?» деген сұрақ туу мүмкін.


Бұның мәні мынада: қазақ баласының сөзді естіп ұға алатын, айтқанды ептен істейтін кезінен – осы тұсауы кесілгенннен бастап ұрлыққа, зорлыққа, жырындылыққа барма, жолама деп баулиды. Біреудің ала жібін аттама, бүлінгеннен бүлдіргі алма дегенді әу бастанақ құлағына сіңісті етеді. Аяқтағы жіптің ала болуы да, оның кесілуі де жоғарыдағылаға жолма, ондайдың жолын қолыңнан келсе кес, дүниенің азы біреудің бір құлаш жібіне ең құрығанда бұзауға бас жіп болар деп қызықпа, тұсауындағы жіпті кескендей ондай арам кезіксе кесіпқұртуға тырыс дегені. Бұл екінші себебі. Біріншісі баста айтқанымыздай баланың келешегіне жол ашу, ақ жол тілеу.

Ашамайға мінгізу - қазақы ортада жастық- жыныстық жіктелуді айғақтайтын этностың тіршілік қикліне қатысты ғұрыптардың бірі. Қазақ салтында сэбилер балалық шақтың бірінші сатысына жеткен кезде ер бала мен қыз бала ретінде алғаш рет жыныстық жағынан жіктеледі: қыз балаға тұлым қою, құлақ тесу рәсімдері өткізіліп, қызша киіндіріледі. Сондай-ақ, ер балаларды сүндетке отырғызып, айдар қойған, соның ішінде алғаш рет жеке атқа мінгізу рәсімін өткізген. Бұл рәсімде откізілетін шараны Ашамайға мінгізу немесе «Ашамай тойы» деп атаған. Бұл бала үшін де, ата-ана туысқандары үшін де ерекше оқиға, үлкен қуанышқа саналатындықтан ауқаттылар той жасап, ат шаптырып, көкпар тартқызған.

Жас бала есі кіріп 4-5 жасқа келгенде оған бәсіре тай тарту етіледі. Егер балаға арналған бәсіре аты үйретіліп, мінуге жарап тұрса, онда баланы соған мінгізеді. Салтанатты түрде үйретілген бәсіре тайға ашамай ерттелінеді. Кейде бәсіре тай белгілі бір себептерге байланысты мінуге жарамаса, баланың өзімен шамалас жуас, жүрісі жайлы, әрі сыр-сымбаты жарасқан кұнан не донен ат таңдалады. Баланың ашамайға мінгізілуі оның өмірінде тіршіліктің жаңа кезеңі басталғандығын білдіреді. Баланың рәсіміне ауыл адамдары жиналып, бала мінген аттың жал-құйрығына, баланың шапанына және баскиіміне шоқтап үкі тағады. Бұл «үкінің қасиеті - жын-шайтаннан қағады» дегенді білдіреді. Капаны атқа мінгізу құрметі шабандоз, желтақым жігіттерге жүктеледі. Баланы атқа мінгізіп, аяғын ісикішекке сұғып, белін айналдыра жұқа көрпешемен орап, қолтырмаш ағаштармен денесін ауыртпайтындай ғып тартып таңады.

Осы тұста:

Мықтап тарт ашамайдың қолтырмайын,

Жас бала жол үстінде болдырмасын,

- деген өлең түрінде ескертпе бата айтылады. Ат үстіндегі бала алақанын жайып, ауылдың батагөй ақсақалдарынан бата сұрайды. Ондайда ауыл ақсақалдары төмендегідей бата береді:

Ал, ақ тілек, ақ тілек,

Атқа тоқым сал білек,

Атқа да жақсы шаба біл,

Жасыңнан малды баға біл,

Өнеге, өнер таба біл,

Аймағыңа жаға біл,

Атқа міндің, ақжол болсын,

-

немесе:

Асқар-асқар таудан өт,

Ағыны қатты судан өт.

Ит тұмсығы батпайтын,

Іргесі биік нудан өт.

Айдын-шалқар көлден өтіп,

Жеті қылым елден өт.

Құс қанатын талдырған,

Қу мекиен шөлден өт!

Жолсыз жерде жол баста,

Жаугерлік болса қол баста.

Сәйгүлігің сай болсын,

Тілегім осы әу баста Әмин, аллаху әкпар!

Бата берілген соң, баланың қолыма аттың тізгінін, оң қолына қамшы ұстатады, аналар шашу шашып, тілектер айтады. Баланы атқа мінгізгсн жігіт атты ерттеп, көрші-колаң, ауылды аралатады. Есігінің алдына Ашамайға мінгізу рәсімін өткізген бала келген үйдің бәрі шашу шашып, баланың киіміне үкі, шашақ, теңге, моншақ қадайды. Бала шаршады-ау деген кезде үсті-басы әлем-жәлемге, әшекейге толып ауылға қайтып оралады. Сол күні мал сойылып, ат шаптырылып, той жасалады. Ашамайға баланы мінгізіп, аттың басын жетектеген жігітке, бата берген ақсақалға әке-шешесі сыйлық береді. Бірте-бірте атпен баланың өзі жүреді, бір-екі күннен соң аяғын байламайды, сонымен бір жеті ішінде ашамайды тастап ерге отырады. Байлар ашамайға мінген балаларын көштің алдынан салтанатпен жүргізген.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!