400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 25 материал табылды

Бесік жыры

Материал туралы қысқаша түсінік
музыкант жетекшілеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұйымдастырылған ашық оқу қызметі

Білім беру саласы :Шығармашылық

Бөлімі: Музыка

Тақырыбы: «Бесік жыры»

Мақсаты: «Рухани жаңғыру»бағдарламасына сәйкес жас ұрпақты салт-дәстүрге баулу.Лирикалық сипттағы әндерді орташа екпінмен,күш түсірмей әндете айтуға үйрету және тембірін,динамикасын қабылдап,таныс шығармалар ырғағын сезініуге,отбасы мүшелеріне деген сезімін музыка тілімен жеткізуге баулу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: Бесік,қуыршақ

Сөздік жұмыс: Бесік жыры,әлди-әлди

Оқу қызметінің барысы:

Мотивациялық-қозғаушылық: Балалар көңілді музыка әуенімен жеңіл секіріп,қол ұстасып музыка залына кіреді.балалар шеңбер бойымен отырғызылады.Жұмбақ жасырып,шешулерін сұрайды.



Тұрады ол әр үйде,

Жайлы орын сәбиге.

Шаңғы табан үйшік ол,

Тербететін,әрине.



Бұл не?

Бесік

Ұйымдастыру кезеңі:

Музка жетекшісі:

-Балалар,Әмина әжеміз бүгін немересі Айдананы бесікке салу рәсімін жасайды екен,бізде барып қайтайық.

Балалар қуана келіседі.

Бесік жанында әже немересі(қуыршақ Айдананы) алдына алып отырады.Балалар әжейден Бесікке салу дәстүрі туралы сұрақтар сұрайды.Әже бәрін түсіндіре отырып қуыршақ «сәбиді» бесікке бөлеу рәсімін жасайды.Аршаның көмегімен бесікті аластап тазартады.

Алас,алас баладан алас,

Көзі жаманның көінен алас,

Тілі жаманның тілінен алас,

Қырық қабырғасынан алас,

Отыз омыртқасынан алас,

Бісіміллә,келді міне иесі,

Көш пәлесі!-деп,аластап,сәбиді бөлеуді көрсетеді.Бесікті тербетеді.

Балалар әжеге сұрақтар қояды.

Музыка тыңдау: «Бесік жыры» әнін айтып,тыңдауды ұсынады.

Балалар әнді мұқият тыңдайды.

-Бесік жыры сендерге ұнадыма?

-Ұнады.

«Әлди-әлди» халық әнін айтып,балаларға қосылып айтуды ұсынады.Баяу,жұмсақ әуенді сипатын өз эмоциялық сезімдерін әндете жеткізуді ескертеді.

-Ал балалар,кішкентай сәби ұйықтады.Оянып кетпесін,жәй дауыспен айтайық-деп ескертеді.

-Сәбиді ұйықтар алдында «Бесік жырын»айтса,ұйқысы тәтті болады.Сәбиіміз тыныш ұйқтасын,ал біз тобымызға оралайық-деп бесікті төрге апарып қояды.

Сергіту жаттығулары:көңілді муызка әуенімен балалар әр түрлі қимылдар жасайды,билейді.

Ән үйрену «Абзал ана».

Аналарың сендерді әндетіп ұйқтатады,мәпелейді,баптайды,тамақтарыңды беріп киімдеріңді жуады.Ендеше біз анамызға арнап ән айтайық.

Балалр әнге қосылып айтады.

Әуенді ойын: «Бұл қай аспап?»

Үнтаспадан әр түрлі әуендер қойылып,балалардан оның қай аспаппен орындалғаны сұралады.

Рефлексиялық-түзетушілік:

-Әже қандай рәсім орындады?

-Бесік жыры қай кезде және қалай айтыллады?

-Бесік жырында айтылатын әуендердің сипаты қанлай?

Балалардың жауаптары.





Күтілетін нәтиже:

Біледі: Лирикалық әндерді орташа екпінмен,күш түсімей айтуды.

Игерді: Әр-түрлі музкалық аспаптардың даусын ажыратуды.

Меңгерді: «Бесікке салу» дәстүрінің маңызын.







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
31 мамыр
578
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі