Материалдар / "Бесік пен шаңырақ-егіз ұғым" МАН
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Бесік пен шаңырақ-егіз ұғым" МАН

Материал туралы қысқаша түсінік
Кіші ғылыми жұмыс.Қаймағы бұзылмаған ауыл тірлігіндегі ұлттық дәстүрді шынайы тәжірибемен ұштастырған. Жас бала тәрбиесінде медицина мен ұлттық сипаттағы таным арасындағы қайшылықтар арқылы қазақ үшін маңызды болып табылатын рухани, мәдени және адамгершілік құндылықтардың негізінде жастарды өз елінің мәдениетін құрметтеуге тәрбиелеуге бастама болмақ.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Желтоқсан 2017
454
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қазақстан Республикасының ғылым және білім министрлігі

Оңтүстік Қазақстан облысы

Созақ  ауданы

"Қарағұр" жалпы орта  мектебі









Бағыты: лингвистикалық

Секциясы: қазақ әдебиеті

Тақырыбы: Бесік пен шаңырақ —егіз ұғым













Дайындаған: 7-сынып оқушысы Арын Аружан

Ғылыми жетекшісі: ХұдяроваСәуле













Қарақұр

2017 жыл

                                                    


Мазмұны


1.Кіріспе

1.  Кіріспе 

2.Негізгі бөлім

 2.1.  Бесік пен шаңырақ-егіз ұғым

3.Зерттеу  бөлімі

3.1.  Бесік сөзінің шығу төркіні

3.2.  Бесіктің құрылысы

3.3.  Бесіктің жасау-жабдықтары

3.4.  Бесікті кім әкелген?

3.5. Бесікке салу

3.6. Бесіктің пайдасы және ырымдар мен тиым сөздер

3.7. Бақылау күнделігі

4.   Қорытынды  бөлім

1. Қорытынды                                                    









                            





























Аннотация


"Бесік пен шаңырақ-егіз ұғым"тақырыбында жазылған Арын Аружанның жұмысы қаймағы бұзылмаған ауыл тірлігіндегі ұлттық дәстүрді шынайы тәжірибемен ұштастырған. Жас бала тәрбиесінде медицина мен ұлттық сипаттағы таным арасындағы қайшылықтар арқылы қазақ үшін маңызды болып табылатын рухани, мәдени және адамгершілік құндылықтардың негізінде жастарды өз елінің мәдениетін құрметтеуге тәрбиелеуге бастама болмақ.



Аннотация



Цель данной научной работы ученика 7-класса Арын Аружан: дать общее понятия колыбеле. Хорошие стороны при пользованим колыбеля. Обучать молодых людей пользоваться колыбелем. Уважать культуру своей страны





Annotation



The purpose of this research 5-class student Arin Arujan: to give a general concept of the cradle. Good hand when using the cradle. Educate young people to use the cradle. Respect the culture of their country

























Кіріспе

Орыс халқының ғұламасы К.Паустовский: «Әрбір адамның өзінің ана тіліне деген көзқарасына қарап оның мәдени дәрежесі ғана емес, сонымен бірге азаматтық қасиеті жөнінде де мүлтіксіз баға беруге болады.Өз Отанына деген махаббат өз ана тіліне деген шынайы махаббатсыз болуы мүмкін емес», - депті.Тіл-қарым –қатынас құралы, - дейді оқулықта. Егеменді еліміздің келешек азаматы ретінде іскер де сауатты, өз пікірін ашық та айқын жеткізе алатын тұлға болып қалыптасу міндеті тұр біздің алдымызда Тіл- адамның жан дүниесінің айнасы болғандықтан, рухани бай болу керек. Рухани байлықтың қайнар көзі тұрмыс-тіршілік, салт-санамызда. Сондықтан дәстүрімізді терең білу керек. Әдебиеттен «Салт жырлары» тақырыбынан бірнеше жоба ішінен «Бесік пен шаңырақ-егіз ұғым» тақырыбын таңдап зерттедім. Бесікке тән: жөргек, жастық, түбек, шүмек тәрізді кәсіби сөздерді менгердім. Баланың басына жасайтын, іліп қоятын: айна, тарақ, үкі, бүркіт тұяғы, қасқыр асығының мәніне қанықтым. «Аластаудың» мәнін анықтадық. «Тыштырма» ырымы не үшін жасалады? - деген сұрағына түрлі болжам жасап, ақырында:- Тоқ баланың түбегі тез толады, демек, бала тоқ болсын деген ырым пікіріне тоқталдық.
«Бесік жыры» тақырыбына дереккөздерді іздестіріп отырғанда, Момышұлы Бауыржан атаның мына бір құнды пікірін оқыдым: «Балаларға бесік жырын айтатын келіндердің, ертегі айтатын әжелердің азайып бара жатқанын қорқамын. Өйткені бесік жырын естіп, ертегі тыңдап, дәстүрді бойына сіңіріп өспегеннің көкірегі көр бола ма деп қорқамын»,- дейді.
Бесік. Қазақтың коляскасы да, манежі де осы. Әрі таза, әрі жайлы. Кезінде «Баланы бесікке бөлеу-рахит ауруына шалдықтырады»- деген де шолақ пікір болған. Талай дәрігер бесіктің денсаулыққа «зияндығын» дәлелдеп баққан.  «Бесікке бөленген баланың бұты талтақ болады» деген де жаңсақ пікір қоғамдық санаға таңылған. Кеңес үкіметі кезінде Бесіктен бездіру саясаты жүрді..

Бесікті лақтырып жіберген….

Бесікті өртеген…..

Бесікті балтамен шапқан.. да қазақтар болды

Біз кезінде бесіктен безіну арқылы өзімізден –өз мәдениетіміз бен дәстүрімізден

1. Қазақтық қалпымыз бен ата салтымыздан

2. Ұлттық рухымыз бен ұлттық сипатымыздан

3. Өз жөргегімізден безінгенімізді білмей қалыппыз

«Ел болам десең ,бесігіңді түзе» деп неге айтты Әуезов ?

Біз бесігіміз бен тілімізді түзеудің орнына  сол бесікті күзеп тастадық




Бесік пен шаңырақ – егіз ұғым

Қазақ халқы шаңырақты, бесікті, табалдырықты қасиет тұтқан. Бұл үшеуін ешқашан аяқпен баспаған. Бұл үшеуі қашанда бірімен бірі байланысып, ұштасып жатады. Осынау қасиетті үш затты қатты тозып, тым ескірген кезде де аяқтың астына тастамай, өртеп жіберетін болған әрі күлін де аяқасты қылмай, көміп тастаған.

Неге? Өйткені кез келген үй табалдырықтан басталады, отыңның басы сол табалдырықтан бастау алады. Бесікпен сенің ұрпағың, әулетің өседі. Бесік — киелі мүлік. Біз өмірге жаңа келген баланы періштеге балаймыз. Дүниеге жаңа келген бала періштедей пәк, таза. Сәби мен періштенің аты қатар аталады, сондықтан да бесікті қазақ таза ұстаған. Бесіктің бірде-бір затын кірлетпейді. Шаңырақпен еңсең биіктейді, түтінің шығады. Кей өңірде тым ескірген шаңырақтан ләйлекке (айст) арнап ұя жасайды. Бабаларымыз осылайша бір кездері түтіні шыққан шаңырақты да ендігі жерде балапанын өрбітетін құстың мекеніне, ұясына айналдыра білген. Шаңырақты қиратып кететіндер де болған, «шаңырағын ортасына түсірді, бесігін бұзды» деп жатады. Бұл-дұшпанның ісі. Бұрындары адамдар сырттан келгенге «ауылда осынша шаңырақ, осынша түтін бар» деп таныстырып жатушы еді. Түтіні шықпаған, ешкімі қалмаған үйді «оты өшті» деп жатады. Немесе қайсыбір асып-тасып тұрғандарға «Әй, шаңыраққа қара!» деп жатамыз. «Түтінің түзу ұшсын», «шаңырағың биік болсын» деп бір-біріне жүрекжарды тілегін айтатын да біздің дана халық. Бүгінде осындай әдемі де астарлы сөздерді «жанұя» деген мағынасыз сөздің басып жатқаны өкінішті-ақ.

Баланы бесікке бөлеу қазақ халқына тән ұлттық қасиет. Бесік киелі. Бесікке бөленген баланың ұйқысы тыныш, бойы жылы, тәні таза болады. Бүгінгі таңда қазақтың қасиетті бесігі қолданыстан шығып барады. Ара-тұра көргеніміз болмаса, қазіргі әрбір қазақтың шаңырағында, төрінде тұр деп ауыз толтырып айта алмаймыз. Ата-баба аманатының бірі киелі бесік ғасырдан-ғасырға жетіп, тек бүгінгі ұрпақтың көзіне оғаш көрініп, қолданыстан шығып бара жатқаны өкінішті.

Бесік – өмірге жаңа келген періште-сәбидің ақ отауы, оның ер жеткенде алаңсыз балалық шағын есіне түсіретін ардақ тұтар асыл бұйымы емес пе?! Қазақтар бесікті қарағайдан, қайыңнан, аршадан, көбіне талдан жасайды. Бесікті «тал бесік» деп атаудың сыры осында. Бесік көшіп-қонатын қазақ тіршілігіне өте ыңғайлы. Сондай-ақ үй шаруашылығымен айналысып жүретін анаға да қолайлы, бала денсаулығына да тиімді. Қазақтың тура биі Төленің, «Баланың бесігі – кең дүниенің есігі», – деген тәмсілі бар. Бесікке қатысты қазақ халқының өзіне тән ырымы, салт-дәстүрі болған.

Бесік – нағыз халық мұрасы, сәби анасының сүйеніші, балалар жырының ордасы, ғасырлар бойы ата-бабаларымыздың пайдаланған тұрмыс-тіршілігінің, өмір салтының түп діңгегі. «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» демекші, бүкіл тәлім-тәрбие, ұлттық ұлағат бесіктен басталған. Сан ғасырлық ұғымдарды, дүниетанымды сақтап алып бүгінге жетіп отырған бесік, расында да, ұлт руханиятының бастауы. «Бесіктегі бала бес түлейді» демекші, нәрестенің көп өзгеріп, тез өсіп жетілетін шағы да осы бесікте жатқан кезі. Алайда, қазіргі кейбір ғалымдар мен дәрігерлер айтып жүргендей, бесік осылай бес түлеп, өсетін баланың ағзасына зиян емес. «Бесікке салған бала өспейді, оның бойында қан жүгірмейді, аяқ-қолы қисық болады» дегеннің бәрі бекер айтылып жүрген әңгіме. Бесік керісінше балаға әмбебап тазалық, алаңсыз ұйқы сыйлайды. Өзінің құрғақ, ұядай жылы жатын орнында сәби бесік жырын тыңдап өседі. Ал бесікке баланы қазақ ешқашан да күндіз-түні матап байлап тастамаған. «Сымбатыңа қарасам – асылдан таңдап кигендей» дегендегі Алпамыс батыр да, Қазыбек, Төле, Әйтеке сынды ақылгөй даналар да, елді аузына қаратқан небір шешен билер, төрелер жатып өскен бесік ешқашан ескірмек емес.

Бесік туралы сөз еткенде, қазақтың бесікке салу ырымы жайлы айтып кету, әрине, парыз. Бесікке салу рәсіміне ауыл-үйдің әйелдері шақырылады, олар өздерінің шашуға деген кәделерін ала келеді. Ал бесікке салу жолы ауылдағы ұлын ұяға, қызын қияға қондырған, өнегелі әжелерге, әйелдерге тапсырылады. Бір-екі келіншек бесікті түбек, шүмек, құс төсек, жастық, жөргек, қолбау, тізебау, тізе жастық, екі тартпасы сияқты бесікке тән жабдықтармен жақсылап жабдықтайды. Түбектің түбіне күл салып қоятын болған, оның бір себебі бесікті тербеткенде нәрестенің зәрі шайқатылмау үшін, ал екіншісі оның күлге төгіліп, жылы бу шығарып тұруы үшін. Шүмекті қойдың асықты жілігінен жасаған, ол айрықша аппақ болу үшін сүтке қайнатылған.

Алдымен, бесікті отпен аластап алады, сосын «тыштырма» жасайды (бесіктің түбек салынатын тесігінен балаларға тәтті үлестіріп беру осылай аталады). Бұдан соң нәрестені айналып-үйіріліп отырып бесікке бөлеп, оның үстіне, баланы әруақтар қорғап жүрсін деп, ата-бабадан қалған сырт киім, ел тізгінін ұстар азамат болсын деп, аттың тізгінін, ел арасында айбынды болсын деп, қамшы қояды. Қайсыбір жерлерде бесіктің үстіне жеті түрлі қадірлі, таза заттар жабады. Сонан соң бесікке салған әже оның үстіне мініп алып, қолына қамшы ұстап, атпен шапқандай болады. Отырғандар: «Әже, қайда барасыз?» деп сұрайды да, әже оларға: «Меккеге барамыз», «Байдың аулына барамыз», «Жеті қат аспанға, Күн астындағы Күнікей қыздың аулына қыз айттырып барамыз!» т.с.с. қызықты жауаптар қайтарады. Осылайша бесікке салу рәсімі ойын-күлкі, тамашамен аяқталады. Бесікке жабылған таза маталарды үй иесі отырғандарға, өздерінің орнына қарай үлестіріп, сыйға тартады. Бұдан соң жас аналар қосылып «Бесік жырын» айтады. Енді әрқайсысына жеке-жеке тоқталып өтейік.


Бесік сөзінің шығу төркіні

"Бесік" сөзінің шығу тарихына байланысты ғалым Ә. Нұрмағамбетовтің екі жорамалы бар.

Біріншісі:
Қазақ сөзінде без, безек, безілдеу, безу, безеу, безгілдек, безбен т.б. толып жатқан төл сөздер бар. Осы аталған сөздердің барлығының түбірі – без. Бұл сөздердің барлығы қозғалу, ырғалу, шайқалу, тербелу деген ұғымға сыйып тұрғандықтан, «бесік» әу бастан «безек» немесе «безік» болып, бертін «з» дыбысы қатаң «с» дыбысына ауысып, «бесік» болып қалыптасса керек.

Екіншісі:
Бесіктің жасалу жолына қарай, оны құрайтын негізгі бес ағашқа байланысты «бес уық» сөзінің туындауы мүмкін деген тұжырым жасауға болады. Олай дейтініміз, қазақ халқы негізінде екі түрін тұтынған. Оның ертерек пайда болған түрі «аспалы бесік» деп аталады. Аспалы бесіктің жасалу жолдары өте қарапайым. Оны әзірлеу үшін бес тал, жуандығы біркелкі, жұмыр талдар болса болғаны. Ондай бесікті көшіп – қону кезінде уықтап құрап жасай салу әбден мүмкін жай. Кейін келе бес уық – бесық – бесік болып қалыптасып кеткен тәрізді».

Жалпы «бесік» атауының шығуы әлі де болса терең зерттеуді қажет ететіні даусыз.

Бесіктің құрылысы:

Біле білсек, бесіктің жасалуында да үлкен мән бар екен. Біз оның құрылысын білу мақсатымен бесікті қолдан иіп жасайтын шеберге жолықтық. Ол Түркістан қаласында тұратын Расуловтар әулетінен тарайтын Әлайдар. Он баланың үлкені. Оны 15 жасынан бастап ұсталыққа баулы­ған әкесі Рәсіл деген кісі. Шиттей он баланы бір айлықпен асырау оңайға соқпайды. Жол бойында ұзақ жылдар машинист болған Рәсіл ақсақал ата-баба дәстүрін жалғастырып, әрі күнделікті нан-пұл болсын деген оймен осы қиын өнерді меңгереді. Күндіз жұмыста болған уақытында баласы Әлайдарға бесіктің ағаштарын жону­ды, тағы басқа ұсақ-түйек шаруаларды тапсырып кетеді екен. Бірақ ойын ба­ласы әкенің айтқанын ұмыт қылып, ойынға алданып кетеді. Сондай сәтте отанасы Тасжан апай да қарап отырмай­тын көрінеді. Баласының сөз естімеге­нін қалап, сол жұмыстарды өзі орын­дайтын кездері де аз болмаған. Десе де, ержете келе инженер-құрылысшы маман­дығын игерген Әлайдар Расулов әке баулыған ұсталықты одан әрі жаңғырта түседі. Бүгінде Түркістан қаласының орталық базарда оның жасаған бесіктерін жұбайы Сайран апа жұртшылыққа өткізуде. Бағасы егер жа­сауы жоқ болса 16-17 мың теңге аралығында. Күніне бір-екі бесік, кейде бес-алтауға дейін сатуға болады. Бесіктің ағашын өте талғаммен таңдай білетін шебер оны алдымен арнайы станокта жонады. Кептіру үшін де біршама уақыт кетеді. Жалпы, бесіктің екі түрі бар. Олар: жер бе­сік, жел бесік. Ал жасалуы бойынша иіп жаса­лын­ған және тік бесік болып екіге бөлі­неді. Ал жел бесікті тал, қайың, қарағайдан жасай­ды.

Бесіктің құрылысына келсек, шебердің айтуынша, алдыңғы бас бөген деп аталады. Одан соң бел ағаш, жақтау, жорға, табан, сабау, тақтай, түбек, шүмек деп кете береді. Күндіз-түні бала-шағасымен осы қиын жұмысты бірге атқарады. Алдын ала кептірілген ағашты ыссы суға салып, жібіту керек. Алдыңғы және артқы басындағы бөгенді ию де оңай іс емес. Дайын болған бесіктің ою-өрнегін салу отбасындағы қыздарға жүктелген. Ал бес жасар Бағдау­лет те әкесінің қандай құралын болсын жатқа біледі. Міне, маңдай тердің арқа­сында өз нандарын тауып отырған берекелі жанұяның бүгінгі тірлігі осындай. Отаға­сының алдағы арманы шеберханасын кеңейтіп, көп сұранысын қанағаттандыру. Себебі, өңірімізге бесікті Өзбекстан жерінен әкеліп сататын сатушылар көп. «Оның сыртқы түрі тым жылтырақ. Көзге бірден түскендіктен соны алады. Алайда, артынша жаңағы бесікті айырбастап беруін өтініп келушілер қатары азаяр емес» дейді Сайран апа. Яғни, бесіктің бала жататын аралығы тар. «Дәл көз алдында тұрған ағашқа қарап балам қитар болатын болды» деп шағымын айтатындар да жетерлік. Бұл ретте жылты­раққа қызығып алған аналар артынша өкініш білдіріп жатады. Демек, отандық өнімді қолдау өз қолымызда. Осы орайда айтар нәрсе, шебер кезінде ойын­шық бесік жасап та шығарған. Қытайдың ойыншы­ғын алушылар өз өнімімізді тұтын­са деген ниеттен туыпты. Алайда, оған жұм­са­латын уақыт көп болғандықтан бағасы қымбат. Сондықтан жұрт арзанқол қытай ойын­шы­ғын алуға құмар. Мұндай ойын­шық бесіктің қыз балаларды кішкентай кезінен бастап, отбасы тәрбиесіне баулуға септігі зор болар еді.Бесіктің құрылысы төмендегіше.

1. Арқалық (арыс, белағаш) – ұзындығы 70-75 сантиметр, ұстап тұруға ыңғайлы, бесіктің ең үстіңгі, көлденең, жұмыр бел ағашы.

2. Бөген (алдыңғы бас, артқы бас) – негізінен жас тал мінсіз жонылып, жақсы әрленіп, морға қыздырылып, қыртысын сыртына қарай иген бесіктің екі басы.

3. Жақтау. Ол – төртеу. Екі үлкен жақтаудың ұзындығы арқалықпен бірдей, қос бөгеннің аңғарларын керіп тұратын екі қысқа жақтаудың ені бесік еніне тең.

4. Шабақ. Бұл да – төртеу. Екі бөгеннің аяқтарын қосып тұратын ұзын жақтауларға біркелкі қашықтықта көлденең қашалып бекітілген бесік еніндей тақтайша.

5. Сабау. Ол – екеу. Екі бөгенді қосып тұратын екі ұзын жақтаудың астына түсетін, бесік ұзындығына тең жұмыр ағаш.

6. Жорға. Бұл да екеу. Бөгендердің иілген басына қарама-қарсы бекітіледі, оның астыңғы қыры қайқы – бесіктің табаны. Табанның қайқылығы бесіктің бірқалыпты жеңіл тербелуін қамтамасыз етеді. Бесіктің осы бөлігі – жорғаны қазақтар табан деп те атай береді.

7. Тақтай. Бесіктің түбек орналасатын, төсек салынатын ортасындағы бөлігі.

8. Шүмек. Бесіктегі сәбидің кіші дәреті үшін қойдың асық жілігінен бір басы тесіліп, екінші басының төменгі жаны ойылып жасалған түтікше. Кейде айрықша аппақ болуы үшін оны алғаш пайдаланар алдында сүтке қайнатып алады.

9. Түбек. Сәбиді бесікке бөлегенде жаялығы былғанбас үшін бесіктің ортасындағы тақтайды тесіп орнататын алмалы-салмалы киіз қалта. Шағын шыны құтылар (банкілер) пайда бола бастасымен содан түбек жасалатын болды. Шүмектің ұшы түбекке сұғынып тұрады.

Бесіктің жасау-жабдықтары:

Бесіктің жабдықтары ши, жөргек, құс төсек, жастық, көрпе, жаялық, кепіл, таңғыш және жапқыштан тұрады.

1. Ши. Бесік жабдықтарының үстінен ұзына бойы жайылатын тоқылған ши төсеніш. Түбек бекітілетін тұсы ойық болады.

2. Жөргек (қаузау). Шидің үстінен төселетін, түбек тұсы ойық келген, жұқа киіз немесе арасына мақта, жүн салынып сырылған көрпеше.

3. Құс төсек. Түбек тұсында дөңгелек ойығы бар, жөргектің үстінен төселетін, арасына құс мамығы салынып, қабылған жұмсақ төсеніш.

4. Жастық. Бесік енімен бірдей етіп жасалады. Арасына құс мамығы толтырылады.

5. Көрпе. Жұқа матадан тігілгені – жаздық көрпе, арасына мақта, түйе жүні салынып, қабылғаны – қыстық көрпе.

6. Жаялық. Сәбидің денесін орайтын жұмсақ шүберек.

7. Кепіл. Түбек ойығын төңіректеп төселетін, сәбидің жалаңаш тәнін қажамас үшін жамбас тұсына, тізесіне қоюға арналған кішкене жұмсақ жастықшалар.

8. Тартпа бау (қолбау, тізе бау). Оны таңғыш деп те атай береді. Ұштары бесіктің екі жанындағы сабау ағаштарға таңылады, біреуі бөленген сәбидің көкірек тұсынан, келесісі тізеліктің үстінен түседі. Ол биязы жүннен тоқылады немесе екі-үш қабат матадан сырып, кеуде, тізеден оралатын тұстары жалпақтау етіп жасалады. Тартпаның екі ұшы арқалыққа байланады.

9. Бесік жапқыш (жабу). Бесіктің көлеміне сай, жұқа матадан кестеленіп тігіледі. Бөленген сәбиді маса мен шыбыннан, желден, күн көзінен, суықтан қорғайды.





Бесікті кім әкелген?

Бесіктің жасауын қыздың анасы даярлайды. Біздің қазақта бесік әкелу деген бар. Бұл салт, әсіресе, Жамбыл, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарында жақсы сақталған. Тіпті бұл — Кеңес өкіметі кезінде де осы аталған өңірлерде маңызын жоймай сақталған салт. Бесікті баланың нағашы әжесі әкеледі. Келін босанғаннан кейін өзін-өзі сыйлайтын кез келген ана міндетті түрде құдаларына құтты болсын айтып, қызының қал-жағдайын білуге келеді. Бұл — ана үшін парыз. Өйткені жатжұрттық болған перзентің «Ана» атанып жатыр. Ана болудың қандай екенін жүрегінен жұлып қызын ұзатқан әр ана жақсы біледі. Демек, қызының жағдайын білуге, құда-құдағиына құтты болсын айтып баруға әрбір қазақ әйелі міндетті.

Қазақтың жаңа түскен келіні басына ақ орамал салмаған. Олар әдетте көйлегінің түсіне орайластырып түрлі-түсті орамал таққан. Алғашқы перзенті туып, тұңғышын өмірге келтіріп, «Ана» деген атқа ие болған кезде қыздың анасы ақ орамалын әдейі арнап алып келген. Тіліміздегі «Ақ жаулықты ана» деген тіркес осыдан пайда болған. Жатжұрттық қыз өмірге сәби әкеліп, өзі ана атанғандықтан да басына салынған ақ орамалды «Ананың ақ жаулығы, ақ орамалы» деп қасиеттейді.

Бесікке салу

Халқымыздың сан ғасырлық тыныс-тіршілігіне байланысты ұлттық тәлім-тәрбиеге қатысты салт-дәстүр, әдеп-ғұрыптары да бар. Соның бірі – бала туылғаннан кейін баланы бесікке бөлеу дәстүрі. Бесік адам сатысы.

Қазақ халқы «Бесіксіз үйде береке жоқ» деп өмірге келер сәбиді асыға күткен. Себебі бала – өмірдің гүлі, жалғасы. Жас нәрестенің өмірге келуі, отбасы мүшелеріне әкесі мен атасына, нағашы жұртына үлкен қуаныш әкелген, жас нәресте өмірге келгенде арнайы адам жіберіп сүйінші сұратқан.

Қазақ баласын ағаш бесікке салып баққан. Ағаш бесік көшпелі өмірге өте қолайлы. Бесікті қазақтың құрмет тұтуы соншалық, кейде атасы жатқан бесікке немерелері жатқан. Қазақтың туған жерді алтын бесікке теңеуі де бесікті ардақтаудан шыққан.

 1.Бесіктің жабдықтарын орын – орындарына қою

Кіндігі түскен баланы бес күннен кейін бесікке салады. Бұл томалаққа жиналған ауылдың көрші – қолаң әйелдері шашуларын ала келеді. Баланы бесікке салардан бұрын ауылдың жасы үлкен, беделді әйелі бесік жабдықтарын орын – орындарына қояды. Содан кейін бесікті адыраспанмен аластап шығады.

2.Адыраспан түтінімен бесікті аластап шығу.

Баланың ұйқысы тыныш болу үшін және жын – шайтанды қуу мақсатымен адыраспанды отқа жағып, түтетіп, баланы бесікке бөлерден бұрын бесікті айналдыра ырымдайды. Кейде бесіктің бел ағашына қыздырылған темір тигізіп, те ырымдайды.

3.«Тыштыртыма» ырымын жасау

Баланы бесікке бөлерден бұрын тыштырма ырымы жасалады. Бесіктің түбек тесігі арқылы бауырсақ, кәмпит және басқа тәтті дәмдер жапа тарамағай астына тосылған алақандарға тасталады. Басқарушы әйел, «тышты ма» дегенде, қасындағы әйелдер іле – шала «тыштым» деп шу ете түседі. Әрбір жақсылықты үнемі шашу шашумен қарсы алатын халқымыздың бұл дәстүрі балаға бесік құт дарытсын деген ниетпен туған рәсім.

4.Бала бөленген бесіктің үстіне жеті нәрсе жабу.

1 – бесік көрпе, одан кейін шапан, кебенек, тон жабу, жүген және қамшы сияқты бұйымдармен жабады. Тон, шапан жабу ержеткенде халықшыл болуына, жүген тез өсіп, ат үстіне ойнақ салсын. Кебенек пен қамшы – ел қорғайтын ер болсын деген тілек.

Бесікке қатысты тыйымдар мен ырымдар.

1. Бос бесікті тербетуге болмайды.

2. Бесікті сатуға болмайды. Бесікті саудаламайды. Айтқан бағасына сатып алу керек.

3.Кез келген адамға беруге болмайды.

4.Аяқ астына тастауға болмайды.

5.Бесіктің өзін отпен аластап қояды.

6.Бос бесікті еш уақытта жабусыз қалдырмау керек. Үстіне ақ мата жауып, ең болмағанда ұршығына орамал байлап қою қажет.

7. Бесіктің теріс жағына отырмайды.

9.Бесік жасайтын шеберлер ынсапты болуы тиіс. Киелі дүниенің бағасын аспандатпауы керек.

Хадистегі бесік жайында ілімдер

Жатырдағы бала бұл құбылыстардың барлығын анасының денесі арқылы қабылдайды. Ал туғаннан соң аяғы шығып, өздігінше жүріп бейімделгенге дейін, оның денесі табиғи түрде қажетті тербеліске түсіп отыруға тиіс. Мұны іске асыратын нәрсе – тек қана бесік. Сондықтан бесікті орысша «колыбель» (тербелетін құрылғы) деп атайды. Отырықшы халықтарда, мысалы, орыстарда аспалы бесік (люлька) болған. Олар оны төбеге ілмектей бекітіп, тербетіп отырған. Ал көшпелі халықтарда, мысалы, қазақта көшіп-қонып жүруге ыңғайлы етіп тал бесік жасалған.Емшектегі бала бесікте жатса, оны қоршаған кіші кеңістікте (микроортада) өсіп-жетілуіне керек барлық физикалық жағдайлар, соның ішінде, ең негізгісі – жылу тұрақтылығы сақталып, заттар алмасу үдерісі қалыпты деңгейде өтеді. Сондықтан, дені-қары сау болуы үшін бөбек бесікке бөленуі қажет. Бұл туралы Құранда мынадай сөз бар: «Мәриям баланы көрсетті. Олар: «Бесіктегі бір бөбекпен қайтып сөйлесеміз?», – деді». («Мәриям» сүресі, А-29). Аятта Иса пайғамбардың анасы Мәриям пайғамбарды бесікте тәрбиелегені анық айтылған. Бұл мысал – бөбекті бесікке өсіру керек екенінің бір дәлелі.

Бесік түгел ағаштан жасалғандықтан оның құрылысы келіннің әнінде былай баяндалады.

Түбегіңді, шүмегіңді салайын.
Денең таза болсын деп
Бас жастықша салайын
Басың жұмсақ болсын деп
Екі бел жастаншы
Бел көрпеңді салайын.
Сымбатты, сұлу өссін деп
Тартпа бауды тартайын
Сымға тартқан сүйректей
Денең сұлу болсын деп
Жабуыңды жабайын
Жел, суық тимей қалсын деп.

Бесікке бөлеу рәсімін ауылдың қадірменді анасы іске асырған. Бесікке салушы бесіктің барлық жабдықтарын орын-орнына қойғаннан кейін, шашуға әкелген құрт, май, бауырсақты уыстап алып бесіктің түбек байлайтын тесігінен төмен өткізіп, бесік астынан қолын тосқандарға үлестіріледі. Бұл дәстүр "тыштырма" деп аталады. Тыштыма үйлестіріп болған соң барлық отырғандарды қамшымен арқаларынан ұрып шығады. Сонан соң бесікті отпен аластайды.

Алас, алас баладан алас.
Иесі келді, пәледен көш
Алас, алас баладан алас.
Көзі жаманның, көзінен алас,
Тілі жаманның тілінен алас.
Қырық қабырғасынан алас

Отыз омыртқасынан алас, — деп пәле-жала, жын-шайтан, тіл-көзден сақтасын деген тілек айтылады.

Әдемі, сұлу болсын деп, басына айна мен тарақ жастайын. Көзден сақтасын деп, тұмар байлайын. Қамшыдай өткір болсын деп басына қайшы жастайын.

Баланы әкеліңдер бесікке бөлеп берейін.

 Мойынымдағы тұмарым
Тарқамайтын тұмарым
Тағдыр берген алсын деп
Ақ бесікке салсын деп
Мойынымдағы маржаным
Қорадағы мал-жаным,
Бесігіңе жата ғой
Тәтті ұйқыға бата ғой
Балам жатсын бесікте
Пәлесі қалсын есікке.

Бесіктің пайдасы

Оның ұрпақ үшін оның пайдасы ұшан теңіз  Айталық:

Біріншіден  –  қол-аяғын  ербеңдетіп  бос  жатқан  сәбидің ұйқысы тыныш болмайды. Ұйқысы қанбаған  баланың зердесі толық жетілмейді.

Екіншіден –  баланың  мазасыздығы  ананың  психологиясына  әсер  етеді.  Бұндай  жайсыздық  сүт  арқылы сәбиге беріледі. Сондықтан бесікке жатпаған  бала болашақта сабырсыздау болады.

Үшіншіден  –  баланы  бесiктен  шешкен  кезде  сәби керiлiп-созылып, рахаттанады. Денесінің әртүрлі  күйде болуы оған демалыс сыйлайды.

Төртіншіден  –  сәбидің  тұлабойы  таза  болып,  тазалыққа бойы үйренеді.

Бесіншіден – бесіктегі баланың денесіне дымқыл,  сыз дарымайды.  Құрғақ болады. Ол мықты денсаулық  кепілі. Әрі қол-аяғы сыптай болып өседі.

Алтыншыдан  –  бесік  белгілі  бір  ритммен  ғана  тербетіледі.    Баланың  жүйкесі  бір  жүйе,   тәртіпке  түседі.

Жетіншіден  –  бесіктегі  балаға  ана  әлдиі  әбден  сіңеді. Қайырымды мінез қалыптасады. Бесік жырын  тыңдаған баланың қанына ұлттық қасиет дариды.

Сегізіншіден – бесік  сәбиді сырттан келетін кері  энергия немесе тiл-көзден сақтайды.

Бұлар  бесіктің  толып  жатқан  пайдасының  бір  парасы  ғана.  Бесікті  пайдаланбау  арқылы  қаншама  ұлттық дәстүрімізден айырылып жатырмыз.  «Бесікке  салу»,  «Тыштыма»,  т.б.  жоғалды.  Үлкен  жазушы  Мұхтар  Әуезов:  «Ел  болам  десең,  бесігіңді  түзе!»  дегенді тегін айтпаған шығар

 Бесік туралы жұмбақтар

1.Сәбиге сәнді үй-
Әжеге ән мен күй./
Бесік/

2.Бесікке іледі,
Әнін де,
Дәмін де
Сәбилер біледі./
Сылдырмақ/

3.Шүберек қабығы,
Іші құс мамығы./
Жастық/

   Бесік жырлары

Әлди, әлди, әлпешім! [2-3,5]

Ұйықта деймін, ұйықтайсың.

«Мә-мә» берсем қайтесің,

Ұйықта десем, ұқпайсың.

Жоқсың бүгін көз ілген,

Көп ісімнен бөгедің.

Жаудыраған көзіңнен!..

Ұйықтай қойшы, бөбегім.

Әлди,әлди, әлди-ді,

Әлди біздің қалғиды.

II

Ұйықта десем, күлесің,

Айналайын күлкіңнен!

Ер жеткен соң білесің,

«Тұр-тұрлармын» бір күн мен.

«Кешіктің, – деп, – сабақтан»,

Тыншыңды алсам «тұр-тұрлап»,

«Жоқ қой әлі таң атқан», –

Деп жүрмеші бұртындап.

Әлди, әлди, әлди-ді,

Әлди біздің қалғиды.

 III

Ұйықта, бөпем, ұйықтай ғой



Ұйықтайтын бұл шағыңда.

Қызық өмір – думан той

Тұр ғой күтіп алдыңда.

Ұйықтап өткен не табар

Бұл өмірге бекер кеп?

Ұйықта, бөпем, ұйықтап ал,

Ер жеткен соң бол сергек!

Әлди, бөпем, бөпемсің,

Кім боп шығар екенсің?

 IV

Күлімдейсің – күнімсің,

Батар дағы күн шығар.

Уілдейсің – күйімсің,

Күй де бір кез тыншығар.

Сен де тынық бір мезгіл,

Толқып кана жат, бөпем.

Аспанымда жүзе біл,

Айым менің – ақ бөпем!

Әлди, өлди, әлдиім,

Назды, нәзік ән-күйім!

2. Қасиманов С. Қазақ халқының қолөнері [2-3,11 б]





Бақылау күнделігі



Жұмыс уақыты

Жүргізілген жұмыс

Жұмыс нәтижесі


1

04.09.2017

1.Ғылыми жетекшімен ғылыми жұмыстың мазмұнын түсіндіре отырып, онымен айналысу, білімге деген қызығушылықты оятатынын білдіреді

2.Тақырып таңдау

Ғылыми жұмыстың негізгі мақсаты туралы мағлұматтар алдым

2

11.09.2017

Бірнеше тақырыптарға зерделеу жұмыстарын жүргіздім

Кітапханамен жұмыс. Ғаламтор пайдалану арқылы жұмыс жобасына бағыт-бағдар алдым

3

18.09.2017

Тақырып бойынша материалдардарды саралай отырып, мәтін түрлерін қарастыру

Оқулықтармен жұмыс жүргізіп, тиімді жолдарды пайдалану керек екендігін ұғындым

4

2.10.2017

Тақырыптың мазмұнын ашу үшін жоспарлау жұмысын жүргіздім

Ғылыми жұмысты бастай отырып, оған деген қызығушылығым арта түсті. Одан әрі іздену керек екендігін білдім

5

16.10.2017

Бесік жасайтын ұстамен кездесу ұйымдастырдым

Тақырыптың қызықты болатынын ұғынып ұстазымнан пікір алыстым

6

6.11.2017

Бесік жасайтын ұстамен сұхбаттасуды жөн көрдім

Бесік жасайтын ұстамен кездесіп, бесіктің құрылысының жасалу жолдарын көрдім

7

13.11.2017

Бесіктің жабдықтарын тігетін шебермен кездесу ұйымдастырдым

Кездесуге барып, бесік жабуларының қалай жасалатынын көрдім

8

4.12.2017

Бесікке бөбегін бөлейтін анамен кездесу ұйымдастырдым

Кездесуге барып, пікірлестім

9

5.12.2017

Баласын бесікке бөлемейтін анамен кездесіп, бөлемеу себептерін білдім

Кездесуге барып, пікірлестім

10

2.02.2018

Жинақталған материалдарды реттедім

Жұмысты жан-жақты толықтырдым



Уақыты

Орындалуға тиіс жұмыстар

Алынған нәтиже



1

04.09-18.09.2018

"Бесік пен шаңырақ —егіз ұғым" туралы ақпараттар жинау. Басылымдар іздеу

Ғаламтордан мәлімет іздеу арқылы өзімнің қызығушылығымды арттыру. Толық мілімет беруге ұмтылу


2

2.10-6.11.2018

Бесік туралы толық танысып, жұмыс бағытын айқындау

Толық мілімет беруге ұмтылу


3

13.11- 4.12.2018

Мазмұнын жазу және мазмұнынағы тақырыптарға жеке-жеке бет әзірлеу


Кітапханамен жұмыс

4

5.12.2017-2.02.2018

Дайын болған жұмысты сынақтан өткізу

Тақырыптардың барлығын бір қайталап, ой-өрісімізді кеңейту
































Қорытынды бөлім

Тобықтай сөздің тұйіні. Бесік— нәрестені бөлеуге арналған ағаш төсек. Бесікті Орталық Азия мен Кавказ, Үндістан, Қытай жерін мекендейтін халықтардың басым көпшілігі пайдаланады. Қазақта бесік қасиетті,киелі құтты мүлік болып есептеледі.

 Көшпелі ата-жұрттың дәстүрін жалғастырушы қазақ халқы бесікті көпке дейін сақтап, бірден бірге мұра есебінде қалдыра береді. Кездейсоқ жағдай болмаса өздігінен оны сындырып отқа жағуға болмайды.

 Қазақ халқы көшпелі өмір сүргенімен де әр мүлікті қастерлеп, оларға өзіндік ырым-тиымдар жасайтын болған. Біреулерден ауысып келген немесе жаңадан жасатқан бесікке ең алғаш бөленген бала қайтыс болса, оны ешуақытта пайдаланбайды, бесікті шетінеген баланың қабіріне бірге апарып қояды. Бесіктің екі жақ басында, арқалығында қыздырылған темір басып қарыған таңбалар өте көп кездеседі. Бұл да дінге сену, отқа табынудың бір түрі. Бесікті қару әдеті баланы алғаш рет бесікке саларда, бала әлде қалай ауырып қалған жағдайда жасалады. Көбінесе қыздырылған шүмшеуірмен қарылады.

Қазір  баласын  бесікке  бөлейтін  ата-ана  аз.  Тіпті  «бесік зиян…»  дейтіндер   де  бар.    Бұл  баяғы кеңестен  қалған  көзқарас.  Кешегі  кеңестiк  дәуiрде  мединституттың  оқытушылары  шәкірттеріне  бесікті жамандап оқытатын    арнайы тапсырма  болған.  Ол заманда жек  көрген  нәрсеңізді  «ескіліктің  қалдығы»  десеңіз жетіп жатыр . Дәлелдің қажеті жоқ.  Сөйтіп,  бесік  қолданыстан  шығып  қалды.  Әйтпегенде,  жүздеген  ғасыр  сынақтан  өткен бесікті пайдасыз деп кім айтады? 

Бәрін айтпай –ақ қояйық, төл теңгемізде бейнесі бар әлемдегі екінші ұстаз, екінші Аристотель атанған Әл Фараби де бесікте жатқан:

Сөзің пірі Сүйінбай мен аққан жұлдыздай жарқ еткен ғұлама Шоқан да  бесікке бөленген:

Қазақтың қамын жеп, қартаймастан қайғы ойлаған қайран Абай да әжесінің ертегісі мен апасының әлдиін естіп бесікте жатқан:

Ұлт басына туатын әбігердің қайда жатқанын әріден ойлаған Әбілхайыр хан да бесікке таңылған:

Қазаққа қорған болған айбынды ер Абылай хан да шүмек пен түбектің түбінен шыққан.











Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Қазақстан тарихы: Аса маңызды кезеңдері мен ғылыми мәселелері. Жалпы білім беретін мектептің қоғамдык- гуманитарлык бағытындағы 11-сыныбына арналған оқулық / М.Қойгелдиев, Ә.Төлеубаев, Ж.Қасымбаев, т.б. — Алматы: «Мектеп» баспасы,

2.Қасиманов С. Қазақ халқының қолөнері – Алматы, Қазақстан,

3.Көкшеева З. Бесік жырлары – эстетикалық мәдениетті қалыптастыруы

4.Өмешұлы Ә. Бесіккее бөлеу зиян ба? Парасат, №7

5.Әмірғазин Қ. Қазақ қолөнері, Алматы, 2004 ж. 

6. «Аңыз адам» № 9, 2010
7. Даналардан шыққан сөз. А. «Мектеп» 1987. Жинақтаушы Ұ. Асылов
8. М. Шаханов «Жаңа қазақтар», Алматы. «Білім», 2000
9. «Шаңырақ» энциклопедиясы.



                                  































Пікір

Арын Аружанның «Бесік пен шаңырақ — киелі ұғым»  тақырыбына  жазылған ғылыми зерттеу жобасында қазақ халқының байырғы,  ғасырлар  бойы  ұқыптап  сақтап  келген асыл  мұрасы –бесіктің  құрылысының ерекшеліктеріне,  оларды қазіргі заманауи қолданыста жүрген баланың жатын орындарының бір-бірінен  айырмашылығына  талдау  жасалған.  Зерттеуші  тақырыпқа  байланысты  әдебиеттермен  танысқан. Жұмыста  халқымыздың киелі бесігіне шолу  жасайды.  Бесіктің құрылысы мен жасау-жабдықтарын топтап,  саралап, өзінше  түйін жасап,  ойын  қорытындылаған.

 Аружан  зерттеу  жұмысының  өзектілігін  анықтап,  бесіктің қолданылу  аясын  көрсете  білген. Сонымен  қатар  жобаға  байланысты қосымша  материал  ұсынған.  Жобаның   мақсаты  зерттеу  міндеттеріне   сәйкес  келеді.

   Жұмыстың  тілі  жатық, түсінікті,  автордың ойы тұщымды, тұжырымды.



 



Мектеп директоры: Т.Малбағаров

Ғылыми жетекшісі:    С.Хұдярова

                          

















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!