Материалдар / Бесікке салу
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Бесікке салу

Материал туралы қысқаша түсінік
Салт-дәстүрімізді жан-жақты оқыту, оқушыларға тереңінен білім беру
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Желтоқсан 2018
651
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мектеп:№19 ЖОББ мектебі

Күні: 24.10.2018 Сынып: 5 «в»

Мұғалімнің аты-жөні:

Мамут Зафура Қатысқандар: Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы:

«Бесікке салу»

Оқу мақсаты:

5А3.Тірек сөздер мен иллюстрациялар арқылы тақырыпы болжау.

Сабақтың мақсаты:

Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Суреттер арқылы бесікке салудың жөн-жоралғысымен танысады. Тірек сөздерді пайдаланып, сөйлем құрастыра алады. Көбісі мынаны орындай алады: Тірек сөздер мен иллюстрациялар арқылы тақырыпы болжай алады. Оқушылардың кейбірі мынаны орындайды: Мысалдар келтіреді, өмірмен байланыстыра отырып мәтін құрайды.

Бағалау критерийі

«От шашу», «Көңілді таңбалар», «Көршімнің бағасы».

Пәнаралық байланыс

Қазақ әдебиет

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Оқушының іс-әрекеті

Сабақтың басы










Сабақтың ортасы
































































































Сабақтың соңы

Мұғалім оқушылармен амандасып, психалогиялық ахуал туғызады.

Үйге берілген тапсырма "Балалар философиясы" бөлімі бойынша, "Үздік мәлімет" әдісімен тексеріледі.

Қазақтың ас беру дәстүрі туралы не білеміз?


Мағынаны тану:


«Бесік – қасиетті мүлік, сәбидің алтын ұясы ».



1-тапсырма: Топпен жұмыс.

1-топ: Берілген сурет бойынша мәтін құрайды.

2-топ. Салт-дәстүрді негізге ала отырып, шағын көрініс қояды.

3-топ. Қима қағаздар арқылы мақал-мәтелді құрап табады.

«Бесіктегі баланың күлгенін көрген бір мұрат, алдына түсіп ананың жүрегін көрген бір мұрат»

2-тапсырма. "Бесік жыры" Үнтаспадан тыңдайды.

"Ең зейінді жұп" әдісі.

1. Үнтаспаны тыңдай отырып сұрақ дайындау.

2. Стратегиялық әдіс арқылы «Бесік» деген сөзге бір шумақ өлең құрастырады.

3. Қандай ой түйді, баяндап ортаға салады.

3-тапсырма. "Нақтылық - талант" Жекелей жұмыс

1. «Тәрбие тал бесіктен басталады» осы мақалдың мағынасын аша отырып ойтолғау жазады.

2. Бесік жабдықтарын атайды.



4-тапсырма. "Салт - дәстүр алтын қазына".


Баланы бесікке салу дәстүрі орындалады.

Әшекейлі ақ бесік,
Әлдиіме бақ бесік.
Шүмегіңді табайын,
Түбегіңді салайын.
Сылдырмағыңды тағайын,
Жібек көрпе табайын.
Бауын барқыт пүліштен,
Балдақтарың күмістен,
Жабдығыңмен сыйлысың,
Жатса бөпем жайлысың.
Бөпем сенен өседі,
Құтты болсын төсегің
.

Түбектен «Тышты ма» тарату.
Бесік дайын болған соң, бесікті аластау
Алас, алас, баладан алас
Иесі келді, пәледен көш!
Алас, алас, пәледен алас
Көзі жаманның көзінен алас
Тілі жаманның тілінен алас
Қырық қабырғасынан алас,
Отыз омыртқасынан алас
Алас, алас, алас


Үйге тапсырма: «Бесік – қасиетті мүлік, сәбидің алтын ұясы » тақырыбында шығарма жазу.


Кері байланыс: "Әуенді өрімдер"

Б, Е, С, І, К, Ж, Ы, Р, Ы.

Оқушылар мұғаліммен амандасып, үйге берілген тапсырманы айтады.


Қазақтың ас беру дәстүрі туралы не білеміз?

Қазақ даласында елге атағы шыққан арқалы адамдарға талай мәрте ас берілгені тарихтан белгілі. Оның дақпырты мен дабылы алты Алашқа жетіп, ауыздан-ауызға тараған. Үш жүзге сауын айтылып, есепсіз мал сойылып, жүздеген, мыңдаған үй тігіліп, даланы ұлан-асыр думанға бөлеген.

Мағынаны тану:


«Бесік – қасиетті мүлік, сәбидің алтын ұясы ».

1-топ: Бесікке салу — нәрестені алғаш бесікке бөлеу рәсімі. Бесікке саларға шақырылған ауыл-үйдің әйелдері шашуын, жол-жоралғысын ала келеді. Баланы алғашқы бөлеу үлгілі ұрпақ өсірген қадірменді әйелге тапсырылады. Ол өзінен басқа тағы бір-екі келіншектің көмегімен бесікті жабдықтайды, сәбидің әжесі не шешесі түбектің тесігінен балаларға тәтті үлестіреді.

2-тапсырма. "Бесік жыры" Үнтаспадан тыңдайды.

"Ең зейінді жұп" әдісі.

Айыр қалпақ киісіп,
Ақырып жауға тиісіп,
Батыр болар ма екенсің?
Бармақтарың майысып,
Түрлі ою ойысып,
Шебер болар ма екенсің?
Таңдайларың тақылдап,
Сөзіңді жұрт мақұлдап,
Шешен болар ма екенсің?

3-тапсырма. "Нақтылық - талант". Бесік - жаңа туылған бала үшін, қасиетті мүлік, алтын ұя болып есептеледі. Қазақ халқында бесікте тербелмеген адам жоқ. Қазіргі коляскалардан қарағанда, бесіктің пайдасы әлде қайда көп. Атам қазақ баланы босқа бесікте тербетпеген. Ал туылған баланы бесікке салу - қазақ халқы үшін мәртебелі, қасиетті дәстүр болып есептеледі. Қазақтар балаларын бесікке жатқан кезінен бастап тәрбиелейтін. Баланың денесі түзу болып өсуіне бесіктің пайдасы көп. Бала шошып, қорқақ болмауы үшін, қазақтар ертеде бүркіттің, қасқырдың, үкінің тұяқтарын бесіктің басына іліп қоятын.

4-тапсырма. "Салт - дәстүр алтын қазына".


Баланы бесікке салу дәстүрі орындалады.

Әшекейлі ақ бесік,
Әлдиіме бақ бесік.
Шүмегіңді табайын,
Түбегіңді салайын.
Сылдырмағыңды тағайын,
Жібек көрпе табайын.
Бауын барқыт пүліштен,
Балдақтарың күмістен,
Жабдығыңмен сыйлысың,
Жатса бөпем жайлысың.
Бөпем сенен өседі,
Құтты болсын төсегің
.

Үйге тапсырма: «Бесік – қасиетті мүлік, сәбидің алтын ұясы » тақырыбында шығарма жазу.


















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!