Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
БИХЕВИОРИЗМ ЗЕРТТЕЙТІН МӘСЕЛЕЛЕР
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Ақтау колледжінің оқытушысы БЕКБЕРДИЕВА ТОЙГУЛ ЭЛЕВСАНОВНА
БИХЕВИОРИЗМ ЗЕРТТЕЙТІН МӘСЕЛЕЛЕР
Уотсонның бихевиоризм психологиясының басты тақырыбы-мінез-құлық элементтері, яғни бұлшық ет қозғалысы мен бездердің бөлінуі болды.Психология мінез-құлық ғылымы ретінде терминология мен менталды.түсініктерге сүйенбей,обективті түрде сипаттауға болатын әрекеттермен ғана айналысуы керек.
Уотсон бихевиористер ағзаның мінез-құлқын тұтас зерттеуі керек деген пікірді ұсынды.Мінез-құлықты зерттеу кейде қарапайым көрінгенмен, кейде күрделеніп кетеді. Күрдеелі зерттеулерді Уотсон «ақ» терминімен атайтын.Ол реакциялар актісіне тамақтану, кітап жазу,би билеу және үй салу сияқты әрекеттер кіреді деп санады.Былайша айтқанда, «ақ» термині адам денесінің қоршаған ортаға әсер ететін қимыл-қозғалысын білдіреді.Мінез-құлық әрекеттері қанша жерден күрделі болғанымен, қажет кезде моторлы реакцияға дейін төмендетілуі мүмкін.
Реакциялар айқын немесе жанама болуы мүмкін.Анық жауаптар ашық және тікелей байқалады.Уотсон барлық психологиялық деректердің іс жүзінде жан-жақты жауаптардың қоса бақылауын талап етті. Ол кейбір мінез-құлық элементтерінің бақылауда болуы мүмкін екенін мойындады.Организмде болып жатқан қимыл-әрекеттер мен реакциялар арнайы құралдар арқылы қадағаланды.Уотсонның психологияны зерттейтін негізгі үш тақырыпқа көзқарасы қандай болғанын қарастырып көрсек. Ол тақырыптар-түйсік, эмоция, және ой.Уотсон бихевиоризмді өзінің терең танымдарының негізінде дамытты.Бұл жағдайда мінез-құлықтың барлық салалары «ынталандыру-реакция» (S-R) терминдері аясында қарастырылу керек дегенді білдіреді.
Түйсік
Уотсон басынан бастап мінез-құлықта түйсіктің рөлін мойындауға шақырды.Ол өзінің «Мінез-құлық: салыстырмалы психологияның бастауы»түрін сипаттайды.Уотсон адамның мінез-құлық аспектілері-шын мәнінде әлеуметтік шартты рефлекстер» деген пікір айтты.
Адамның мінез-құлқын түсінудің басты кілті білім алу екенін мойындаған Уотсон өзінің бұрынғы көзқарастарынан бас тартты.
Тұқым қуалайтын әдеттер болмайды, бала кішкентай кезінде көрген-білгенін істейді. Балалар спортқа немесе музықаға қабілетті болып тумайды, оларға ата-анасының немесе қамқоршысының тәрбиесі ықпал етеді. Ата-ана мен әлеуметтік ортаның едәуір ағартушылық әсеріне назар аудару –Уотсонның феноменді қоғамдық танымының себептерінің бірі болды.
Уотсон ата-ана мен әлеуметтік ортаның басым көпшілігін ағартушылыққа шақыру арқылы феноменді қоғамда танымал болды.Ол балалардықарапайым әрі оптимистік тұрғыда кез келген бағытқа үйретуге болатынын айтты және олардың мүмкіндігін қандай да бір генетикалық факторлармен шектелмейтінін түсіндірді.
«Бала тәрбиесіне оның туа бітті қасиеттерінен гөрі, қоршаған ортаның ықпалы көбірек әсер етеді» деген пікір ұстанды.Уотсонның бұл ұстанымы ХХ ғасырдың басындағы америкалық психологияда айрықша орын алды.Егер мінез-құлықтың өзгеруі мүмкін болмаса, психологияны мінез-құлықты түрлендіру немесе байқау мақсатында қолдануға болмайтын еді.Егер мінез-құлықты реттеуде түйсіктің ықпалы болса, онда оны өзгерту мүмкін емес, ал егер мінез-құлық жаттығуларға байланысты болса, онда ол шын мәнінде өзгертуі мүмкін.
Эмоциялар
Уотсон «эмоция дегеніміз- дененің арнайы тітіркендіргіштер адам ағзасында жүрек соғысының жиілеуі мен қан қысымының жоғарылауы сияқты біраз өзгерістер тудырады.Бұл теория қандай да бір ішкі сезімдер мен эмоциялы қабылдауды білдірмейді.
Әрбір эмоцияда психологиялық өзгерістердің белгілі бір түрлері болды.Уотсон жауап реакцияларының сыртқы көрінісін мойындағанына қарамастан, әлі де ішкі басымдыққа сенді. Ол «эмоцияларды адам келбетінің өзгеруінен, трлеуі мен жүрек қағысының жиілеуінен байқауға болады» деп тұжырымдады.Уотсонның эмоциялар теориясы Уильям Джеймс теориясына қарағанда әлдеқайда күрделі көрінеді. Джеймстің теориясыда «адам денесіндегі өзгерістертітіркендіргішпен тікелей байланысты және осы органикалық өзгерістерден кейінгі сезім эмоцияларға айналады» дейді.Уотсон Джеймстің ұстанымын қатаң сынға алды.Уотсон «ахуал мен күйзеліс сезімін қабылдаудың саналы процесін алып тастау эмоцияларды ынталандырудың обьективті жағдайына, ағзаның айқын реакциясына және ішкі физиологиялық өзгерістерге байланысты» деп мәлімдеді.
Уотсон қазіргі классикалық зерттеулерде нәрестелердің бойындағы негізгі үш эмоциялық реакцияны көрсетті, олар-қорқыныш, ашу-ыза және сүйіспеншілік.Қорқыныш-айқай-шу мен күтпеген жерден бірдеңені кездейсоқ жоғалтудың әсерінен, жек көру сезімі- еркіндікті шектеуден,ал махаббат еркелету, денелердің түйісуі, аймалау мен сипалаудың нәтижесінде туындайды. Сондай-ақ Уотсон мінез-құлықтың әр тітіркендіргішке тән типтік үлгілерін анықтады.Біздің барлық эмоциялық жауабымыз негізгі эмоциялар процесі арқылы күшейтіледі және олар бастапқыда іске асыра алмайтын ынталандыру қабілетін оятуы мүмкін.
Ойлау процестері
Ойлау процесінің дәстүрлі көзқарасы бойынша, «мидағы ойлардың әлсіз болғаны сонша-ешбір жүйке импульсі бұлшық еттерге қозғаушы нервтер арқылы өтпейді, демек, бұлшық еттер мен бездерде реакция болмайды» деп саналды. Аталған теорияға сәйкес, бұлшық ет реакциясы болмағанда байқау және эксперимент жүргізу үшін ой қалыптастыру процесін жүргізу мүмкін емес. Ақылға қонымсыз ойлар материалдық емес деп саналды. Сондықтан ешқандай физикалық нүктелері болмады.
Уотсонның мінез-құлық жүйесі ойлауды моторлық мінез-құлыққа қарай азайтуға тырысты. Ол адамның жұмыс істеуінің барлық аспектілері-сенсомоторлық мінез-құлықтың белгілі бір түрі және ойлау процесі сөйлеуге немесе қозғалысқа қатысты болу керек деп ойлайды.Осылайша, ол еркін сөйлеуге үйрететін бұлшық еттер қозғалыстарын қысқартып, үнсіз әңгімеге көшуге тырысты.Уотсон мінез-құлықтың жалпылама көп бөлігі ретінде тіл бұлшық еті мен жұтқыншақты шоғырландырған.
Көптеген адамдардың өз-өзімен сөйлесетінін мойындауы Уотсонның ой-пікірінің дұрыстығына деген сенімін арттырды.Дегенмен мұндай дәлелдер бихевиористер үшін ыңғайсыз болғандықтан, интроспективтік сараптауларға тәуелді болған жоқ. Бихевиоризм үнсіз сөйлеу қозғалыстарының обьективтілігін дәлелдеді және жазудың тәжірибелік әрекеттерін ойлаудың тіл мен жұтқыншақ қозғалыстары арқылы жасады.
Уотсонның батыл пікірлері неліктен психологиядан тыс үлкен қоғамды баурап алды? Әрине бастапқыда көп адам оған мән берген жоқ, кейін ғалымдар бұрын психологияның саналы ғылым болғанын, Уотсон келгелі психологияның қоғамда беделі жоғалғанын айтып, оны шеттеткісі келгені анық.Уотсон көтерген мәселелер психологтерді айтарлықтай толғандырды.Уотсон басқарылатын және бақыланатын мінез-құлыққа негізделген қоғамның жаңа түрін ұсынды.Бұл халықты жандандыру мақсатында догмалар мен мифті немесе әртүрлі ойлау тәсілдерін еркін ғылыми тұрғыда қолдануды білдіреді. Оның көзқарасы ескі идеялардан бас тартқан адамдардың жүрегінде үміт отын оятты.Бихевиоризм өзінің әуесқойлығы мен сенімділігі жағынан дінге ұқсайтын еді.
Уотсон балаларға ерте жастан берілетін тәрбие мен қоршаған ортаның ықпалы мінез-құлықты қалыптастырушы фактор екеніне және тұқым қуалау процестерінің әсері мейлінше аз екеніне бүкіл әлемнің көзін жеткізуге тырысты. Уотсонның Альбертті зерттеу секілді шартты рефлексиялық эксперименттері ересек жастағы барлық эмоциялық бұзылулар нәресте, бала және жасөспірім кезеңде болған жағдайларға байланысты екеніне көз жеткізді.Ересектердің жүйке жүйесінің бұзылуы - балалық шақтағы қателіктердің нәтижесі. Сондықтан бала тәрбиесінің арнайы бағдарламасы ересектердің жүйке жүйесінің бұзылуының алдын алады.Уотсон кішкентай балалардың мінез-құлқын бақылау мүмкін екенін және ата-аналардың бала тәрбиесіне айрықша көңіл бөлуі керектігін айтты. Ол бихевиоризм қағидаларына сүйене отырып, қоғамды жақсарту жоспарын ойлап тапты.
Уотсон өз пайымдауларының растығын тәжірибе жүзінде дәлелдегісі келгенімен , ешкім оған эксперимент жасауға он шақты бала бермеді. Алайда Уотсон еңсесін түсірген жоқ, келешекте оның тұжырымдамаларының растығына адамдардың көзі жететініне сенді және қоршаған ортаға қарағанда, тұқымқуалаушылық факторлардың ықпалы мықты деп санайтын адамдардың өз сөздерін растау үшін ешқандай мысал келтіре алмайтынын атап өтті.Уотсонның бихевиоризм жүйесі шеңберінде жақсы өмір сүру бағдарламасын «Бихевиоризм» кітабынан алынған келесі үзіндіден оқи аласыз.
«Бихевиоризм-ерлер мен әйелдердің мінез-құлық принциптерін түсінуге дайындайтын ғылым. Бұл ғылым ерлер мен әйелдердің өз өмірін өзгертуге ұмтылуына және балаларын дұрыс бағытта тәрбиеленуіне негізделеді. Мен сіздерге кез келген дені сау баланың өскенде бай әрі беделді тұлға болып шығуы мүмкін екенін айтқым келді.Ол үшін балаға дұрыс тәрбие беріп,өмірге бейімделуіне мүмкіндік жасаңыз және оны саламатты өмір салтына үйретіңіз. Баланың санасын мыңдаған жыл бойы қалыптасқан келе жатқан аңызбен, саясат жайлы жиіркенішті хабарлармен , ешқандай мәні жоқ наным-сеніммен уламаңыз. Мен ешкімді революцияға шақырмаймын, адамдарды Құдайды ұмытып, жаңа ұйым құруға, шөппен және жеуге болатын тамырлармен қоректенуге және «махаббат еркіндігіне» шақырмаймын. Мен сіздердің ілгері дамып, жаңаша өмір бастауыңызға ғана сеп болғым келеді.
Егер сіз бала-шағаңызды еркіндікте тәрбиелесеңіз, онда әлем өзгерер еді. Еркіндік дегенді бетімен кетушілік деп түсінбесеңіз, мен еркін тәрбиені айтып тұрмын. Басқаша қалай түсіндірерімді де білмеймін.Ата-анасына қарағанда көкірегі ояу, көзі ашық балалар келешекте өз балаларына бұдан да жақсы тәрбие берсе, әлем толығымен өзгермей ме?
Психология 1920 жылдарға қарай ғылым әлемінде қанатын кең жая бастады.Уотсон айрықша сүйкімділігі мен адам баласына рухани шабыт сыйлай алуының арқасында америкалықтардың сүйікті психологине айналды және бүкіл Америка халқы бір жазушының психологияның қарқынды дамуын Уотсонмен байланыстырғанына елең ете қалды.
Адамдар бұрындары психология ғылымын дәл қазіргідей қажет етпеген.Бүгінде жасөспірімдер өздерінің ақыл-ой қабілетін өлшеп,ненәрсеге бейімділігі барын анықтап, болашақта кім болатыны жайлы шешім қабылдай алады. Психологияның арқасында кәсіпкерлер кімді жұмысқа алу керегін біледі. Ата-аналар мен тәрбиешілер психологияны бала тәрбиесінде қолданады.
Адам баласы психология ғылымынсыз ешқашан өркенметтің шыңына қол жеткізе алмайды.
Уотсон ғылым саласында жиырма жылдай ғана еңбек етті, алайда осы жиырма жыл ішінде оның психологияны дамытуға қосқан үлесі зор болды.Уотсон өзгерістері психологияға ғана емес, түтастай ғылым саласына әсер етті.ХІХ ғасырда ғылымның барлық салалары керемет жетістіктерге қол жеткізді, ал ХХ ғасыр одан да зор таңғажайыптарға толы болды. Ғалымдарға жеткілікті уақыт бірлесе, олар кез келген мәселенің шешімін таба алады деген пікір қалыптасты.Уотсон психологияны өз әдістері мен терминологиясына біршама обьективті етіп алды.Уотсонның позициялары көптеген ғылыми-зерттеулерге серпін бергеніне қарамастан, кейінірек оның тұжырымдамалары қолданыстан шығып қалды. Уотсонның бихевиоризмі кезінде психологиядағы барлық ескі трендтерді жеңіп шыққан еді. Уотсон психология тарихында ғылыми мектептің негізін қалаушы ретінде танылды.
Уотсон жеке қасиеттерінің арқасында бихевиоризм түсінігі халық арасына кеңінен танылады. Харизма мен тартымдылыққа ие Уотсон өз идеяларын айрықша ынта-жігерімен, ерекше шабытпен насихаттайтын.Ол пікіріне қарсы тұра алатын мықты тұлға болды.Уотсон адамның мінез-құлқын бала кезден бағдарламалап қоюға болады,себебі мінез-құлық тәрбиеге байланысты қалыптасады деген тұжырымын сынға алды.Мұндай психология таңдау еркіндігіне мүмкіндік бермейді, дейді. Ол «Ми мен ақыл-ойдың механизмдері атты еңбегінде нәтижелерін түйіндеп, негізгі екі қағида ұсынды: олар –жаппай әсер ету заңы мен теңдік құбылыс қағидаты. Жаппай әсер ету заңы –оқытудың тиімділігі ми қабығының бүлінбеген бөлігі, яғни ми қыртысының мазмұны қаншалықты көп болса, соғұрлым жақсы білім алуға болады деп есептейді. Ал теңдік құбылыс қағидаты ми қыртысының бір бөлігі оқу процесіне үлес қосқан кезде ми қабығының басқа бөлігіне тең болатынын көрсетті.
Лэшли ми қабығында арнайы сенсорлық және қозғалтқыш орталықтар барын, сондай-ақ сенсорлық және қозғалтқыш механизмдердің арасын байланыстыру керектігін айтты.Бұл жаңалық рефлексиялық доғаны мінез-құлықтың қарапайым компоненті ретінде растауы мүмкін.Дегенмен оның нәтижелері Уотсонның жүйке жүйесінің нүктелері арасындағы қарапайым байланыстар туралы идеясына қайшы келді, соған сәйкес ми қозғалмалы қозғалтқыш импульстарына кіретін сенсорлық жүйке импулстарын ауыстыруға ғана қызмет етті.
Пайдаланған әдебиеттер: Қазіргі психология тарихы Астана 2018 (250-258) бет
Түйін
Психологиялық даярлық- баланың есте сақтау қабілеті мен зейін, ойлау, сөйлеу, оқуға деген қызығушылығы мен мотивін қамтиды.Тұлғалық даярлық-баланың үлкендермен, құрдастармен, өз-өзімен қатынасын орната білу біліктілігін қамтиды.Ақыл-ойының даярлығы-бұл мектепке дейінгі баланың білімі және біліктілігі.
Отбасындағы бала тәрбиелеу әдістері-бұл баланың тәртібі мен мінез-құлқына ата-ананың мақсатты тұрғыда ықпал ету амалдары
Ата-аналардың педагогикалық мәдениеті-тәрбие үдерісін қоғамдық талаптарға сәйкес ұйымдастыруға мүмкіндік беретін арнайы механизмдер мен құралдардың жиынтығы.