Материалдар / білгір химиктер
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

білгір химиктер

Материал туралы қысқаша түсінік
9 кластар арасында өткіздім.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
551
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың тақырыбы: «Білгір химиктер»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын оятып, интеллектуалдық деңгейлерін арттыру.

Тәрбиелік:Ойын барысында оқушыларды бірлесіп жұмыс істеуге, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Дамытушылық:Оқушылырдың ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыра отырып, нақты және тез жүйелі шешім қабылдауға, өз ойын еркін жеткізуге дамыту.

Сабақтың түрі:Ойын сабақ

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, жаттығу тапсырмалары

Көрнекілігі:Д.И.Менделеевтің периодтық жүйесі, оқулықтар, презентация, плакаттар.

Жүргізуші:

Көруге химия кешін жиылғандар,

Д.И.Менделеевке құдайындай сыйынғандар.

Қош келдіңіздер бүгінгідей ғажайыпты

Тамашалау бақыты бұйырғандар!- дей келе, бүгінгі 9 кластар арасында өткізілетін «Білгір химиктер» атты сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер!

Сайысымыздың жоспарымен таныстырып өтейін:

  1. Полиглот

  2. Сұрақ – жауап

  3. Берілген тақырыпқа байланысты газет шығару”

  4. Мақал сөзде де металл жүреді

  5. Біліміңді сына"

Тапқыр, білгір, дарынды

Жарыс бар бүгін арынды

Химия пәнін жақсы көріп

Ортаға сал барыңды – деп сайысқа қатысушыларды таныстырып өтейін.

І-топ: “Білгірлер„ Ұраны: “Білген сайын келеді біле бергім„

ІІ-топ: “Зейінділер„ Ұраны: “Жеті рет өлшеп, бір рет кес„

I – тур. “Полиглот„ сұрақтарға жауап беріп, кездесетін элементтерді қазақ, орыс, латын тілдерінде айту. Дұрыс жауапқа 20 ұпай, жартылай жауапқа 10 ұпай қойылады.

  1. Жарыста, топта озғанда,

Тағады мені төсіне

Алтыннан басқа алдыма

Түсетінің жоқ шығар ешкімде Ж: күміс-серебро-аргентум

  1. Өзім газбын, менімен демаласың

Жоқ болсам ауа жетпей қиналасың. Ж: Оттек - кислород –

Оксигениум

  1. Осы затпен үйді аластайды,

Түсіне қарасаң алтынға ұқсайды.

Ж: күкірт - сера – сульфур

  1. Өзі ауыр металға жатады.

Балалар осы металл құйған сақамен атады. Ж: қорғасын-свинец-

плюмбум

  1. Мен күміс түсті металмын,

Өмір бойы керегіңе жете алдым.

Менмін әктас, ақ бор, мәрмәр ғанамын,

Қыртысына жердің мен де бет алдым. Ж: Кальций-кальций-кальциум

6. Қымбат деп айтатындай емес алтын, 
Сонда да тапты игілік одан халқым. 
Апарып айға елімнің туын тікті 
Жемісі нақыл-ойдың елдің салтын
Ж: темір-железо-феррум

II-тур. Сұрақ-жауап. Әр топқа 10 сұрақтан қойылады. Әрбір дұрыс жауапқа 10 ұпайдан беріледі.Бір топ жауап бере алмаса екінші топтың жауап беруіне мүмкіндігі бар.

  1. топтың сұрақтары:

  1. Судан екі есе жеңіл металл? (Сутек)

  2. Балқу темпертурасы жоғары металл? (фольфрам)

  3. Тотығу – тотықсыздану үрдісіне қатысатын процесс? (жемірілу)

  4. Қан құрамында кездесетін металл? (Темір)

  5. Ең жұмсақ металдар? (сілтілік металдар)

  6. Темірдің құймалары? ( шойын мен болат)

  7. Коррозия дегеніміз не? (металдың желіну құбылысы)

  8. Радиоактивті металл? (радий)

  9. Ең қатты металл? (хром)

  10. Жер бетінде ең көп таралған металл?(алюминий)

2 – топтың сұрақтары:

  1. Адамзат баласы ең алғаш өндірген металл? (мыс)

  2. Ең жеңіл балқитын металл?(сынап)

  3. Таза күйінде кездесетін металл? (күміс)

  4. Белсенді металдарды қандай әдіспен алады? (электрометаллургия)

  5. Алюминийдің қандай құймалары бар? (магналий, дюроалюмин,силумин)

  6. Кремний қышқылдарының тұздары қалай аталады? (силикаттар)

  7. Адам бойының өсуіне әсер ететін металл? (мырыш)

  8. Ең сирек металл? (астат)

  9. Қазақстанның металлогендік картасын жасаған ғалым? (Қ.Сәтбеав)

  10. Полиметалл кен орны? (Кенді Алтай)

III-тур. “Берілген тақырыпқа байланысты газет шығару”

Бұл кезеңде әр топ сөзжұмбақ шешіп, шыққан сөзге қабырға газетін шығарады (химия тұрмыста, химия ғажайыбы)

(химия тұрмыста)

1.Металдар мен құймалардың жемірілуі электр тогын өткізбейтін ортаның әсерінен пайда болатын жемірілудің түрі? Химиялық

2.Егер кеннің құрамында бірнеше металдың қосылыстары кездессе, оларды қандай кендерге жатқызады? Полиметалл

3.Атомдық кристалдық торлы қиын балқитын зат? (кремнезем)

4. Темір қандай элементтен кейінгі табиғатта ең көп таралған металл? Алюминий

5. Өнеркәсіпте қолданылатын металдарды алудың мұндай әлісі не деп аталады? (алюминотермия)

6. Жер қыртысының негізгі массасын не құрайды? (алюмосиликаттар)

7. Кермек суды қолдану үшін алдымен не істеу қажет? (жұмсарту)

8. Адам ағзасында қандай элементтің жетіспеуінен тісжегі ауруы пайда болады? (Фтор)

9. Ресей елінде алғаш химия зертханасын ашқан кім? (Ломоносов)

10.FeSO4 + 2KOH = Fe(OH)2↓ + K2SO4 қандай түсті тұнба пайда болады? (жасылдау)

11.Кремний қышқылы H2SiO3 қандай қышқылдар қатарына жатады? (әлсіз)

12.Таза темір қандай құралдардың тетіктерін даярлауда қолданылады? (электромагниттік)

13. Кернеу қатарында күмістен кейін орналасқан металдар қалай аталады? Бекзат

(химия ғажайыбы)

1.Металдар мен құймалардың жемірілуі электр тогын өткізбейтін ортаның әсерінен пайда болатын жемірілудің түрі? Химиялық

2.Егер кеннің құрамында бірнеше металдың қосылыстары кездессе, оларды қандай кендерге жатқызады? Полиметалл

3.Атомдық кристалдық торлы қиын балқитын зат? (кремнезем)

4.Жер қыртысының негізгі массасын не құрайды? (алюмосиликаттар)

5.Өнеркәсіпте қолданылатын металдарды алудың мұндай әлісі не деп аталады? (алюминотермия)

6. Табиғатта кездесетін 92 элементтің 81- і қайда кездеседі? (адам ағзасында)

7. Ауаның негізгі құрам бөлігі? (Азот)

8. Қоршаған орта факторларының әсерінен болатын металдың желіну құбылысы? (Жемірілу)

9. Темір қандай элементтен кейінгі табиғатта ең көп таралған металл? Алюминий

10.Алюминий тұздарын медицинада не үшін қолданады? (күйдіру)

11.FeSO4 + 2KOH = Fe(OH)2↓ + K2SO4 қандай түсті тұнба пайда болады? (жасылдау)

12. Кернеу қатарында күмістен кейін орналасқан металдар қалай аталады? Бекзат

13.А+В=АВ жалпы сызбанұсқасындағы реакция типі? (қосылу)

VI-тур. “Мақал сөзде де металл жүреді„ металл қадірін халқым біледі кезеңі бойынша металдар туралы мақал мәтелдердің жалғасын табу. Әр дұрыс жауапқа 10 ұпайдан беріледі.

Ескі металл бөз болмас, .......... (ескі темір біз болмас)

Қойдың сүті - .............. (қорғасын)

.....-ді қызған кезде соқ (темір)

От көмір жейді, тат ....... жейді (темір)

Арпа – бидай ас екен, .......-.......тас екен (алтын-күміс)

Мылтықтың ...... – ін айтпа, тиісін айт (күміс)

Аз сөз - ........, көп сөз - ......... (алтын, күміс)

....... кессең ұзын кес, соға келе ұзарарар,

Ағаш кессең ұзын кес, шаба келе қысқарар (темір)

Өнерлінің қолы .........,

Өлеңшінің сөзі ........ (алтын)

......... шыққан жерді белден қаз (алтын)

Ақыл байлық – азбас байлық, ........ байлық – тозбас байлық (темір)

Асы жоқ ......... аяқтан, айраны бар тостақ артық (алтын)

V-тур. “Біліміңді сына„ кезеңі бойынша барлық топқа бір есеп беріледі, есепті дұрыс шығарған топқа 10 ұпай беріледі.

Массасы 30 г мыс пен алюминий қоспасына концентрлі азот қышқылымен әсер еткенде 13,44 л газ (қ.ж.) бөлінді. Қоспаның құрамы?

Шешуі: Сu + 4HNO3→ Cu(NO3)3 + 2NO2↑ + Н2О

М(Cu)= 64 г/моль

m(Cu) = ν · М(Cu) = 1 моль · 64 г/моль = 64 г

Vm = 22,4 л/моль

V(NO2) = ν · Vm = 2 моль · 22,4 л/моль = 44,8 л

х г Cu -----13,44 л NO2

64 г Cu ----44,8 л NO2

m(АІ) = 30 г – 19,2 г = 10,8 г

m(Cu) = 19,2 г; m(АІ) = 10,8 г

Білім деген биік шың,

Бақытқа сені жеткізер.

Білім деген ақылшың,

Қиындықтан өткізер.

Жастықтың оты қайдасың,

Жүректі түртіп қозғамай.

Ғылымның біліп пайдасын,

Дүниенің көркін болжамай, - деген ұлы Абай атамыздың өлең жолдарымен сайысымызды қорытындылап, білімді жастарымызды бағалау үшін сөз кезегі әділ қазылар алқасына беріледі.Сонымен бүгінгі сайысымыздың жеңімпаз тобы анықталды.Осымен сайысымыз өз мәресіне жетті.Бізбен бірге болып, ойынды тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет.Қош сау болыңыздар!





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!