400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Білгір тәрбиеш" интелектуалдық сайыс

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбиешілерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Білгір тәрбиеші» интеллектуалды ойын


Педагог тәрбиешілердің біліктілігін, іскерлігін, кәсіби шеберлігін анықтау, әрбір педагог өз қабілетін көрсете отырып, өзара тәжірбие алуға үйрету, бірлесе топ болып жұмыстануды көздеу.

Педагогикалық ізденімпаздыққа қызығушылығын тәрбиелеу.

Ойын шарты:

өзгелерді тыңдай білу

ортақ шешім шығару

ойынға белсене қатысып,әділқазылар шешімімен келісу

регламент сақтау


Ойынның барысы.

Жүргізуші: Қайырлы күн! Біздің интеллектуалды ойынымызға қош келдіңіздер. Бүгінгі ойында біз ойнап, ойланып, бір - біріміз туралы көбірек білеміз.


Ойынның шарттары

  1. «Ұшқыр ой»

  2. «Жалғасын тап»

  3. «Құпия сандық»

  4. «Кім шапшаң»

  5. «Мәтін мазмұнына сай мақал-мәтел айту»

  6. «Талапкер»

  7. «Поэзия минуты»


І. Ұшқыр ой

Сайыскерлерге білім, заң, психология, стандартқа сай 8-сұрақтар қойылады тәрбиешілер берілген жауптардан дұрысын таңдап айтады.


ІІ. Жалғасын тап

Мақал-мәтелдің басы басталып айтлса сайыскер жалғасын тауып айту керек. Әр сайыскерге 3 мақалдан қойылады.

  1. Өз үйім...... Өлең төсегім

  2. Батыр туса ел ырысы.....Жаңбыр жауса жер ырысы

  3. Асыл тастан шығады.... Өнер жастан шығады

  1. ОShape1 тан ... Отан да ыстық

  2. Өзге елде сұлтан болғанша.... Өз еліңде ұлтан бол

  3. Оқу инемен.....Құдық қазғандай

  1. Ғылым теңіз..... білім кеме

  2. Көре-көре кқсем боласың...... сөйлей-сөйлей шешен боласың

  3. Ананың көңілі балада...... баланың көңілі далада

  1. Алтау ала болса...... Ауыздағы кетеді

  2. Аты жақсысын мақта.... Адам жақсысын мақта

  3. Бұл бұл гүлзарын сүйеді.... Адал адам Отанын сүйеді

  1. Әкесіне қарап ұлын ал..... Шешесіне қарап қызын таны

  2. Туған жердің күніде ыстық..... Түніде ыстық

  3. Інісі бардың тыныс бар..... Ағасы бардың жағасы бар


ІІІ. Құпия сандық

Жұмбақтың жауабын шешіп үш тілде айту керек. Әр сайыскерге 3 жұмбақ жасырылады.

  1. Қолы менен қаламы жоқ

Бірақ сурет салады көп (Аяз-Мороз-frost)

  1. Бірін-бірі қоштаған

Бір үйден көрдім

Қырық екі дос жаран (Әріп-Алфавит-Alphabet)

  1. Жолбарыстан аумайды

Тышқандарды аулайды (Мысық-Кошка-Cat)


  1. Қоймасын сыр ақтарып

Жер жапты ақ мамық (Қар-Снег-Show)

  1. Жұқа тақтай бөлшегі

Ұзындықты өлшейді (Сызғыш-Линейка-Line)

  1. Жеп көріп ем өзім мен

Жас шығарды көзімнен (Пияз-Лук-Bow)


  1. Қалқиып екі құлағы

Елеңдеп қорқып тұрады (Қоян-Заяц-Hare)

  1. Бұлаңдаған құйрығы

Бір алдарлық қулығы (Тұлкі-Лиса-A fox)

  1. Әттең даусым тілім жоқ

Құшағымда біоім көп ( Кітап-Книга-Book)


  1. Ауаға шықса аурады

Су ішінде сауығады ( Балық-Рыба-Fish)

  1. Исшіл-ит емес

Ұшады-құс емес (Шыбын-Муха-Fly)

  1. Асты тас

Үсті тас

Ортасында шандыр бас (Тасбақа-Черепаха-Turtle)


  1. Сатайын десем ауыр кілем

Сатрайын десем тәуір кілем (Жер-Земля-Earth)

  1. Кішкене ғана тостаған

Жер дүниені бастаған (Көз-Глаза-Eyes)

  1. Қалпағы ақ қарасаң

Дәрігер емес бірақ ол

Дәм мәзірін қаласаң

Алға ұсынып тұрады ол (Аспазшы-Повор-Cook)


IV Кім шапшаң

Бұл сайыста берілген бір жаңылтпашты оқып қайтадан қарамай жаңылмай 2рет қайталап айтып беру керек.

  1. Екеуінің жасы шамалас

Бірінің шашы қара шаш

Екіншісінің шашы ақ шаш аралас

  1. Жаңылтпаш жатта

Жаңылмай жатта

Жатқа жатта

Жаттамай жатта

  1. Үйір-үйір үйректі

Үйірге кім үйретті?

Үйір-үйір үйректі.

Үйірге өзім үйреттім

  1. Ұшты-ұшты, кім ұшты?

Қысқыш ұшты, қыш ұшты.

Қысқыш ұшпас, қыш та ұшпас

Ұшса ұшар, құс ұшар.

  1. Қойымыз семіз,

Қойымыз егіз

Өзіңіз келіп,

Көрсетіңіз дейміз.


V. Мәтін мазмұнына сай мақал-мәтел айту.

1. Ертеде алты түлкі дос болыпты. Біреуінің құйрығы шолақ екен. Құйрығы ұзын бес түлкі. «Сенің құйрығың жоқ» - деп келеке қылып, күле беріпті. Сол уақытта шолық түлкі «Осы бес түлкінің де құйрығын шолақ қылып қояйын деп ойлап, бес түлкіге айтыпты. Біз бір жақсы ойын ойнайық» деп түлкілерді алып келіп, қарағайға байлап қойып, өзі бір талдың басына шығып түлкілерге. Мына жақта бүркіттер келе жатыр дейді де, өзі қаша жөнеледі. Сонда бес түлкі қашамын деп, құйрықтарын үзіп, бәрі де шолақ болып қалады. Бесеуі бірден шолық болғаннан кейін мазақ етіп, кұлмейтін болды.

2. Ата қартайып, күші кетіп, нашар көретін, нашар естейтін, ішкен тамаған алдына төгетін болды. Не үшін десеңіз, оның аяқ қолы кәрілікпен қалтыраушы еді. Шалдың бұл ісі боласы мен келініне ұнамады. Олар шалға алдына жаман дастархан жайып, тамақты жаман ыдысқа құйып, бөлек беретін болған. Немересі өзінің әкесіне атамды бөлек отырғызба деуге бата алмайды. Бір күні ол ағаш жонып отырады. Әкесі көріп шырағым не істеп жатырсың? дейді. Сонда баласы аяқ істеп жатырмын, шешем екеуің атам ұқсап қартайғанда, сендерге тамақты осы аяққа құйып беремін-дейді. Бұл сөзді естіп, шалдың баласы ұялып, әкесін бөлек отырғызып тамақ беруді қояды.

Мысалы: «Әкеңе не қылсаң алдыңа сол келер» деген.


VI. Талапкер

Берілген 3 сөйлемге әр қайсысы ұқсас сөз тауып орналастырып өлең шумақты құрастырып айту

1)........ өріп тараған

........ қараған

Құрт пен майын жинаған

....... сыйлаған

2) ........ қошақан

........ қалмайды

Сүп сұйкімді момақан

...... аумайды

3) ........ бала әр қашан

Қуантады ........

Құлыным деп анасы

...... баласы


VIІ. Поэзия минуты

Соңғы сайысымыз әр қатысушы тәрбиешілер өз қалауларымен ақын жазушылардың өлеңдерін жаттап мәнерлеп жатқа айтып беру.


VIІІ. Қорытындылау.

Озық ойыншы тәрбиешіні анықтау. Марапаттау. 1,2,3 орынға диплом беру.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
11.05.2018
718
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі