Материалдар / Білікті ұстаздан, білімді шәкірт шығады
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Білікті ұстаздан, білімді шәкірт шығады

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздардың біліктілігі оқушылардың даму деңгейін жоғарлатады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Қырқүйек 2023
357
2 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Эссе

Білікті ұстаздан білімді шәкірт шығады

Ең алғаш мектеп табалдырығын аттаған сәттен бастап бізді жылы шыраймен, мейірімді жүзбен қарсы алатын, тәрбиесі мен білімін онымен қоса қамқорлығын қатар беретін, әр оқушының бойынан жеке дара қабілеттерін ашуға жұмыстанатын ол әрине-Ұстаз.Ұстаз білімнің отын жағып,бал шырын нәрін шәкіртінің бойына сіңіруде әдіс тәсілдерді жетік меңгерген ұстаз болу ұстаздың біліктілігінің айқын көрінісі десекте болады. Қазақ халқына белгілі ұлы тұлғалардың барлығы ұлы ұстаздардың шәкірті болғанына күмәніміз жоқ. «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деп данышпан Абай айтқандай, ерінбей, жалықпай еткен еңбегінің арқасында шәкірттерінің жүрегіне жол таба білген мұғалім ғана нағыз ұстаз бола алады.

Ұстаз болу кез келген адамның қолынан келе бермейді. Шәкірт тәрбиелеу, оны биікке жетелу, қанаттандыру, қолдау, бағыттау, жаны мен тәнін, болмысы мен барын беру тек ұстаздың қолынан келетін қасиеттер. Қанша ғасыр өтсе де ұстаздың аты «ұстаз» және ол ұғым жойылмайды да. Өйткені қай ғасыр болмасын, қай кезде де ұстаздың еңбегі керек-ақ. Тіпті зәру десекте болады. Әр күнін, әр сағатын өз баласынан гөрі басқаның баласына уақыт арнап, үлкен өмірге қанаттандыратын ұстазды ұлы демей не дейміз. Тарыдай болып келген күнімізден бастап мектеп қабырғасында біздің еркелігімізді көтеретін де, қателіктерімізді көңіліне алмай кешіретін де, сабақ кезінде сүйіспеншілігімен баурайтын да, махаббатпен тәрбиелейтін де, өмір сүрудің қыр-сырын үйрететін де аяулы ұстаздар қауымы. Таудай болып шыққан күнімізде де бізге үнемі тілекші болып отыратын тағы да ұстаз. Ұстаздардың еңбегін ұлы ететін өздері емес, шәкірті. Білім нәрімен сусындатып, үйретуден талмаған ұстаздың сан жылдар бойғы еңбегінің жемісі – аяулы әрі білімді шәкірттері. Бәйгеден оза шауып, мыңнан тұлпар, жүзден жүйрік келген шәкірт үшін ұстаздың қуанышн ешкім елестете алмайтын, ешкім де ұстаздан артық сезіне алмайтын ерекше сезім.  «Адамның адамшылдығы жақсы ұстаздан» деп ұлы Абай айтпақшы, әрбір ісіміз жеңіске жетіп жатса, оның артында ұстаздың ерең еңбегі екені анық.

Ел мен жерді әлемге танытатын - білікті ұстаз, білімді шәкірт. Әсіресе білікті ұстаздың еңбегі мол. Мектептегі басты тұлға мұғалім екендігі белгілі. Тіпті қазіргі технологиялар ерекше дамыған заманның өзінде білім сапасын қамтамасыз етудегі мұғалім рөлін еш нәрсемен ауыстыруға болмайтындығы бәрімізге белгілі. Менің ойымша мұғалімнің біліктілігі, бұл  еліміздің бүкіл білім беру жүйесін алға бастырып, оны заман талабына сай етіп құрудың негізгі алғышарты және басты кепілдігі болады деп ойлаймын. Мысалы әншілерге қарайтын болсақ олар ұстаздарының еңбегінің және өзінің еңбегінің нәтежиесінде өздерін таныта білді. Сол сияқты мектептегі ұстаздардың да рөлі сондай, егерде шәкірті білім жолында үлкен жетістікке жетсе, білім шыңына жетіп оны бағындырса ол ұстаздың біліктілігінің нәтежиесі. Ұстаздың біліктілігі елдің болашағына әсер етіп ұлттың дамуына кепіл болады. Себебі болашақ жастардың санасы ұстаздардың қолында яғни мектеп кезінен оқушыларға дұрыс ақпарат беретін санасын көркейтіп дамытатын, қабілеттеріне сай бағыт беретін, өмір жолына тура бағыттау ұстаздардың қолында. Сондықтан білімді ұрпақты, бәсекеге қабілетті мамандарды, білімді мұға­лімдер мен жан-жақты кемел ұстаздар ғана тәр­биелеп шыға алады. Қазіргі таңда педагогика саласында ер адамдар көбейіп келеді. Бұл әрине қуантатын жағдай десекте болады.Себебі осы уақытқа дейін қазақ даласында оқу-ағарту ісімен ер адамдар айналысқан. Атап айтқанда ұлт ұстазы болған Ахмет Байтұрсынов, Мағжан Жұмабаев, Бейімбет Майлин сияқты ешкім орынын баса алмайтын ұлы ұстаздар болған. Соның ішінде Мағжан Жұмабаевтың және Бейімбет Майлинның және тағы басқа қазақ жазушыларының ұстазы Ғалымжан Ибрагимов болған. Ғалымжан Ибрагимов татар ұлтынан болсада қазақ ауылындағы мектепте қазақ балаларына білім бере отырып өзі де қазақ тілін меңгерген онымен қоса «Қазақ қызы» атты роман жазып, ұлы ақын Абай жайында әр тұста аталы пікір айтып отырған. Осындай ұстаздан білім мен қатар тәлім тәрбие алған Мағжан Жұмабаевта ұлы ұстаз болды. Қазақ халқының ағарту ісіне көп пайдасын тигізген ұлттың дамуына үлес қосқан, қазақ халқыннан ұстаздардың шығуна септігін тигізді.Тіпті артынан «Педагогика» атты еңбегін қалдырған болатын. М.Жұмабаевтың «Педагогика» атты еңбегі қазіргі таңда 100 жылдан кейін қайта басылып шығып қазірде қолданыста. Осындай ұлы ұстаздардың еңбегінің нәтежиесінде қазақ халқынан жазушылар мен ұлы ұстаздар шыққан.Міне осы білікті ұстаздың арқасында білімді, халыққа пайдасы тиген ұлы ұстаздар шықты.

Қорынтындылай келе қазіргі таңда білікті ұстаз болмын деген әрбір маманға мүмкіндіктер өте көп.Соған сәйкес қазіргі заман мұғалімдердің білімді әрі білікті және жаңашыл болуын талап етеді. Себебі казіргі таңдағы балалар яғни оқушылар Қазақстан Республикасының бұрынғы Білім-ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтқандай дәстүрлі жүйеде жай айтқан ақпаратты қазіргі балалар қазіргі жастар қабылдамайды ол үшін мұғалімдер жаңашыл білімді әрі білікті болуы қажет. Барлық ұстаздар білімі мен біліктілігін арттырса оқушылардың жеке қасиеттерін ескере отырып соған сай әдіс тәсілдерді қолданатын болса, әрбір шәкірті Мағжандай болып, Қазақстанның білім сапасы көтеріліп, болашағы жарқын болатын еді...



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!