400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Біліктілік арттыру туралы жазылған.

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге, тәжірибе алмасу
Материалдың қысқаша нұсқасы

БІЛІКТІЛІК АРТТЫРУ – БІЛІМ МАЗМҰНЫН ЖАҢҒЫРТУ


Ж.Аймауытов атындағы №64 м/г

Қазақ тілі мен әдебиеті

пәндерінің мұғалімі

Оспанова Гульназ Жарилкасимовна

Шымкент қаласы


Заман ағысына сай біліммен қаруланған ой-өрісі жоғары, зерделі, жан-жақты дамыған мұғалім болу - уақыт талабы. «Мұғалімдер - қоғамның ең білімді, ең отаншыл, білгілеріңіз келсе, ең «сынампаз» бөлігі болып табылады», - деген сөз бекер айтылмаса керек. Сондықтан да бүгінгі таңда тәуелсіз елімізге білікті маман, өз ісінің шебері қажет. Сапалы білім - ел болашағын айқындайтын басты көрсеткіш болып табылады. Бүгін мектеп партасында отырған бүлдіршіндер ертең ел тағдырын шешетін азаматтар. Олардың сапалы білім алуын бүгін қамтамасыз ету – мұғалімнің басты міндеті. «Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, білім, ар, мінез деген қасиеттерімен озады», - деп Абай атамыз айтқандай,  озық ойлы білімдар адамдар заманның, қоғамның дамуына, өзгеруіне үлесін қосып келеді. Осындай қоғамдық әлеуметтік мәдени өзгерістер, дамулар мектептің оқыту процесіне әсер ететіні сөзсіз. Кез келген оқыту белгілі мөлшерде адамды дамытады. Оқитын пән қаншалықты жаңа, бағалы болса да, мұғалімнің шеберлігі қандай жоғары болсын, мұғалім мен оқушының өз белсенділігін туғыза алмаса, берген білім  күткен нәтиже бермейді. Оқушының адам ретінде қалыптасуы белсенділік арқылы жүзеге асады. Әйгілі зерттеуші Л.С.Выготский: «Дәстүрлі оқыту - бала дамуына тек қондырғы болып, дамуға стихиялы әсер етсе, яғни, «дамудың соңында жүрсе», жаңаша оқыту - «дамытуды өзімен бірге ала жүреді», - деген болатын. Сондықтан тек дәстүрлі оқытумен шектеліп қалмай,  мұғалім әрқашан ізденісте болып, өзіне және шәкірттеріне тиімді жақтарын қарастырып отыруы тиіс.

«Мұғалім көп әдістерді білуге тырысуы керек. Оны өзіне сүйеніш, қолғабыс нәрсе есебінде қолдануы керек», - деп Ахмет Байтұрсынов айтып кеткендей, қазіргі   заман талабына  сай білім  беру мәселесі сол қоғам мүддесіне сай болуы шарт.

«Өрлеу» БАҰО АҚФ Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша педагогикалық қызметкерлерлдің біліктілігін арттыру институты аудан мен қала мұғалімдерін арнайы курстардан өткізіп, біліктілігін арттыруда. Осындай курстардың бірі 2021 жылдың 11-14 мамыр аралығында «Қазақ тілі» мен «Қазақ әдебиеті» пәні мұғалімдерінің құзыреттіліктерін дамыту» тақырыбында 40 сағаттан тұратын ZOOM платформасында өткізілді. Курс тренер Жолшыбекова Салтанат Оразханқызының жетекшілігімен өтті. Ол мұғалімдерге талмай еңбек етіп, өз білгенін мұғалімдерге үйретіп, іс-тәжірибесімен бөлісе білді. Курс  барысында тренеріміздің басшылығымен  әр  ұстаз өз  білімі мен іскерлігіне  сүйене  отырып, жаңа әдіс-тәсілдердің тиімділігі мен қажеттілігін жан-жақты дәлелдеп қарастырды. Курс тыңдаушылары пән бойынша білімін көтеріп, алдағы оқу жылында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ беру әдіс-тәсілдерін кеңінен меңгерді.

Курста бұрын білмей жүрген, тебірентіп жүрген сұрақтарға жауап ала алдық. Сонымен қатар курс бізге сенімділік пен болашаққа дұрыс қадам басуды үйретті. Осы ретте қазақтың «Ақылды көп жасағаннан сұрама, көп білгеннен сұра» деген жақсы бір сөзі ойымызға оралып отыр.  Салтанат Оразханқызы өте білімді, өз ісінің шебері, өте еңбекқор, сонымен қатар талапшыл ұстаз маман екендігін көрсете білді. Қазақ тілі пән мұғалімдері жаңалықтармен танысып қана қоймай, тәжірибе жүзінде өзара сабақ үлгілерін көрсетіп, тәжірибе алмасып  уақыттарын қызықты әрі пайдалы өткізді.

«Өрлеу» ұжымына және де біздің тренеріміз Салтанат Оразханқызына айтар алғысымыз мол.

Ұстаз еңбегі өлшеусіз, әрдайым еңбектеріңіз жемісті болып,  білімді ұрпақ, сапалы мамандарды тәрбиелей беріңіздер демекпіз.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
09.06.2021
463
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі