Білім - асыл қазына

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Білім - асыл қазына

Материал туралы қысқаша түсінік
2 сыныпқа арналған тәрбие сағаты
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәрбие сағаты.

Тақырыбы: Білім-асыл қазына

Мақсаты: Тәуелсіздігіміздің білім саласына қосқан үлесін айтып, оқушылардың білімге деген құштарлығын арттыру, оқуға, білімді болуға шақыру.

Тәрбие сағатының өту барысын және мақсатын түсіндіру

Сабақ барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі

Білім дегеніміз – күш,

Күш дегеніміз – білім.

Білімдіден шыққан сөз- дүниені нұрға бөлейді. Білім ақылмен ұштаспаса, төңірегін қараңғылата түседі. Өмірмен жанасқан білім – бұл өлшеусіз байлық.

ІІ.Негізгі бөлім

Білім туралы мұғалімнің түсіндірмесі:

1. Білімді болу – бәрінене бұрын адам болу деген сөз. Өмірдегі барлық жақсылық білімнен шығады.

2.Білім бұл қолдағы шырақ. Адамның санасы – түбі жоқ теңіз, ал білім теңіз түбіндегі інжу –маржан, гауһар тас. Білім адамға оңайлықпен түспейді, оны меңгеру үшін көл- көсір өлшеусіз әрекет ету керек.

3.Ғылым- білімге түбегейлі берілген адам ғана ойлаған мақсатына жете алады.Білімнің керек емес жері жоқ. Ол саған тоңғанда киім, ашыққанда тамақ, әлсірегенде қуат.

Мұғалім:   – Білімді адам ақшалы болса да жарлы деуге болмайды. Білімді сеннен ешкім ұрлай алмайды,  алғанымен  оны бойына сіңіре алмайды.

-Білімсіз  ешнәрсе ашылмайды.

Білекті болсаң ғана қоғамнан  лайықты орныңды тауып, атаң шартарапқа жайылады. Білімдіге қашан да орын тиеді. Білімді босаға жақта отырғанымен біртіндеп төрге шығады. Нағыз білімдік адамгершілік, имандылық қылықпен нұрланып тұруы тиіс.

  Білім артық па, байлық артық па?/Оқушылар сөзі/ 

Мұғалім: Білімнің де білімі бар, жаттап алған құрғақ білімнен пайда аз.Адамды адам ететін, оның өмір сүруін жетілдіретін, іс- әрекетпен, тәжірибемен байланысқан білім нағыз білім болып саналады.

1 оқушы:

Білім… Біздің халқымыз білімді болудың мәнін тым ертеден-ақ ұққан. «Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады» дейтіні содан болса керек. Теңіздің тамшыдан құралатыны сияқты қоғам да, ел де, халық та жеке адамдардан құралады. Білімді адамдар неғұрлым көп болса, ел де соғұрлым бай болмақ.

2- оқушы

Ал, сол білімді бала бойына дарытуға еңбек ететін  тұлғалар бар.Ол әрине, ұстаз….Осынау сөзде қаншама мән –мағына жатыр десеңші. Ғалым иесі де, ғылым иесі де, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамызған ақын да – бәрі- бәрі ұстаздан білім  алады.Ұстаздарға мың тағзым.

3- оқушы:

Білім сусынын сондай – ақ  кітап арқылы аламыз.Кітапты біз қымбат мұра ретінде бағалаймыз. Кітап туралы «Мен одан артық қайырымды көршіні, одан әділ досты, елгезек жолсерікті, одан артық көнбіс ұстазды, одан асқан дарынды ақылшыны білмеймін» деген екен араб жазушысы Әл Жиһаз.

6- Оқушы:

«Білім… Білім – байлық, Білім- алтын, алғашқы кірпіші қаланатын жер – мектеп. Материалдық байлық, рухани байлық. Өйткені, ел  білімнің, ғылымы мен техниканы дамытудың, экономикалық білімді арттырып отырудың арқасында байып отыр.»

Мұғалім:

Ел болашағы – білімде. Қазақстанның болашағы өздеріңсіңдер.

Білім нәрімен сусындаған білімді бала, сен де қоғамның мүшесісің,еліміздің болашақ азаматысың.

Туған еліміздің бай да,  дәулетті болғанын қаласаң, өзіңнің де мұң- мұқтажсыз дәулетті өмір сүргің келсе, осы бастан білімді боп өсуге күш салуға тиіссің. Болашақ сені жетелейді.Қадағалап оқып жүрген шәкірттің білім аясының үздіксіз кеңи беретіні анық.Сондықтан, балалар талаптарыңа нұр жаусын!


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
15.10.2018
1770
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі