"Білім - өмірге, өнер - баршаға" Математикалық сайыс 8 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Білім - өмірге, өнер - баршаға" Математикалық сайыс 8 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың пəнге деген қызығушылығын, маиематикадан алған білімін қорытындылауда, танымдық қабілетін, белсенділігін арттыру мақсатында сыныптан тыс өтілетін шаралардың маңызы өте зор. Мектебімізде математикалық апталығына орай өткізілген математикалық сайыс жоғары деңгейде өтті.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Білім – өмірге, өнер - баршаға» атты математикалық сайыс

Мақсаты:

  1. Білімділік: оқушылардың алған білімдерін өмірде, математикалық есептеулерде практикалық іс-әрекеттерде қолдана білу.

  2. Дамытушылық: Қабілетті оқушыларды шығармашылыққа баулу, олардың ізденушілік қасиеттерін, ойлау қабілеттерін дамыту.

  3. Тәрбиелік: Еңбек сүйгіштікке, өзін - өзін басқаруға, ұйымшылдыққа және дәлдікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Интерактивтік тақта, команданың эмблемасы, таратпа материалдар.

1-жүргізуші: Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгін сіздер 8 және 9 сыныптар арасында өтетін “ Білім – өмірге, өнер - баршаға “ атты математикалық сайысымызға қош келдіңіздер!

2-жүргізуші: Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Бәсекеге қабілетті қоғам орнатудың негізі - білімде» - деп айтқандай бүгінгі сайысымызға тапқырлығы мен білімін көрсетуге келіп отырған сайыскерлерімізбен таныс болайық. Әрбір сыныптан екі оқушыдан қатысып отыр. Сонымен 12 топ болады.

1-жүргізуші:

Сайысуға келдік біз қуанышпен,

Өнер, білім көрсетіп жарысуға

Сынау үшін өздерінің бақтарын

Шықсын кәне, өнерімен ортамызға. Ортаға сайысуға келген оқушыларымызды шақырамыз. Қошеметпен қарсы алыңыздар!

2-жүргізуші:

Ғылымдардың ғылымы

Математика жайында

Сайысты біз бастауға,

Әділ қазы сайлаймыз.

  1. _________________________________________________________________________

  2. _________________________________________________________________________

  3. _________________________________________________________________________

1-жүргізуші: Сайыс барысымен таныстырсақ:

  1. Сөз құрастыру (12 топ қатысады

  2. « Математикалық лото» ойын (10 топ қатысады)

  3. Есептер шығару (8 топ қатысады)

  4. Сиқырлы қалташа ( 6 топ қатысады)

  5. Сұрақ-жауап (4 топ қатысады)

  6. Қорытынды

2-жүргізуші: Бүгінгі шәкірт ертеңгі азамат. Сол азамат бойында тапқырлықты, алғырлықты қалыптастыру мектеп қабырғасынан басталады.

1-жүргізуші:

«Білімді азамат –ел ертеңі», «Білікті бірді, білімді мыңды жығар» деген халықтың даналық сөзі бар- дей отырып сіздерге Ақ жол тілейміз (екеуі бірге).

2-жүргізуші: Енді бірінші сайысымызда топтарға сәттілік тілеп, сайысымызды бастаймыз. Әрбір топқа сөз беріледі. Сөздегі әріптерді қолданып сөз құоастыру керек. Кім аз сөз құрастырады сол ойыннан шығады.

1-жүргізуші: Білім деген биік шың,

Бақытқа сені жеткізер.

Білім деген ақылшың

«Математикалық лото»ойын сайысына кезек берейік. 10 топқа тапсырма беріледі. Соңында қалған 8 сыныптан, 9 сыныптан екі топ ойыннан шығады. (Ұпайлармен берілген сұрақтарға жауап береді.)

2-жүргізуші: Өз ойыңды жүйелейтін,

Алған білімді түйіндейтін,

Әр нәрсенің жауабын тез

Есте сақтап күлімдейміз.-дей отырып, келесі сайысымызға көшелік. «Есептер шығару»

Әрбір топқа есеп беріледі.

1-жүргізуші: Біреуінің жүрегінің түгі бар,

Біреуінің арқалап жүрген қоғамдық жүгі бар.

Біреуінің шүбірлеген күйі бар,

Енді біреуінің қатты істейтін миы бар.-дей отырып, «Сиқырлы қалташа» ойынына кезек берейік. Мұнда әртүрлі тапсырмалар болады.

2-жүргізуші: Ойла- ойла тереңнен,

Жақсы емес көп бөгелген,

Формуланы білмесең,

Өте алмайсың көпірден.- дей отырып кезекті «Сұрақ-жауап» ойынына береміз.

1 тобының сұрағы

  1. Тәуліктің 1/24 бөлігі?

  2. Тік бұрышты үшбұрыштың қабырғалары қалай аталады?

  3. 13 санының квадраты нешеге тең?

  4. Жердің жасанды емес серігі?

  5. Оу осі координаталық жазықтықта қалай аталады?

  1. тобының сұрағы

1.Диаметрдің жартысы

  1. 10 мен 15-тің ең кіші ортақ еселігі

  2. Ең кіші натурал сан

  3. Қыры 5 дм-ге тең кубтың көлемі

  4. Синустың косинусқа қатынасы

3 тобының сұрағы

  1. Дәлелденбейтін тұжырым.

  2. Шеңбердің кез келген нүктесін центрмен қосатын кесінді

  3. Санауға қолданылатын сандар

  4. 15 санының квадраты

  5. Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы

  1. тобының сұрағы

  1. Қиылыспайтын түзулер

  2. Табиғи жарық көзі

  3. Төрт қабырғасы тең тік төртбұрыш

  4. Бұрышты тең екі бөлікке бөлетін сәуле

  5. Шеңбер ұзындығының диаметрге қатынасы

2-жүргізуші:Жарыс заңы ежелден 
Жеңімпазды анықтау 
Женімпаз болу шарты сол 
Еңбектеніп, жалықпау. 
Сөз әділ-қазылар алқасына беріледі. (қорытындысын айтады)

1-жүргізуші:

Ғылым жолы бірде жеңіл, бірде қатты.

Ақыл-ойлар әлемді арбап алды.

Математика ғылымдар патшасы атты

Таңырқатып, аңыз қылған адамзатты.

Келер ұрпақ даналарға ұқсап туса,

Омар Хайям, Әл – Фараби жолын қуса,

Елімнің болашағы гүлденеді.

Ғылымның шамшырағы жанып тұрса.

Алдыңызда жайнаған жүздер әні

Сіздерменен кездерсеміз біздер әлі.

Әділ –қазы көрермен сау тұрыңыздар

Күтеді бізді жарқын күндер әлі.

Осымен «Білім – өмірге, өнер- баршаға» атты математикалық сайысы аяқталды. Келесі кездескенше, сау – саламатта болыңыздар!




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
30.12.2018
1033
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі