Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация жариялап
2 млн. ₸ табыс табыңыз!
0 / 1
Материалға шағымдану
Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Шағым жылдам қаралу үшін барынша толық ақпарат жіберіңіз
Сіздің сұранысыңыз сәтті жіберілді!
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
1 бонус = 1 теңге
Бонусты сайттағы қызметтерге жұмсай аласыз. Мысалы келесі материалды жеңілдікпен алуға болады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз

Түсінікті
2024-2025 оқу жылына арналған
қысқа мерзімді сабақ жоспарларын
Жүктеп алғыңыз келеді ме?
БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ЖОЛДАРЫ
Материал туралы қысқаша түсінік
Мақалада білімгерлердің қоғамның замауи даму тенденцияларына сай келетін студенттердің мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру міндеттерінің шешімін іздестіру қажеттігі қарастырылған. Олардың мінез-құлық мәдениетін аудиториядан тыс жұмыстар арқылы қалыптастыру қарастырылған.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады.
Толығырақ
24 Сәуір 2018
1515
0 рет жүктелген
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!

Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ЖОЛДАРЫ
Бейсембаева Жазира ТалгатовнаПедагогика ғылымдарының магистрі
Біздің еліміздегі әлеуметтік-мәдени өзгерістер жағдайында жастардың болашақ кәсіби іс-әрекетке даярлау сапасына аса зор назар аударылуда. ҚР ресми құжаттарында мамандардың заманауи қоғам дамуының тенденцияларына сәйкес кәсібилігі және мінез-құлық мәдениеті қалыптасқан жеке тұлғасын қалыптастыру міндеттерін шешу қажеттіктері атап көрсетілген. Алайда бүгінгі таңда қоғамның кәсіби іс-әрекетін құндылықты бағдарлар және мінез-құлық нормаларынан туындайтын мінез-құлық стратегиясын таңдай алуды жүзеге асыра алатын болашақ маман даярлаудың жаңа сапасына деген талаптары мен осы даярлыққа қажетті нақты бағдарланған білім бағдарламаларының жеткіліксіздігі; жоғары оқу орындарында кәсіби білім мазмұнының бәсекеге қабілетті болашақ маман даярлауға бағдарлануы мен мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру аспектілеріне жеткілікті көңіл бөлінбеуінің; болашақ маманның жоғары жетістіктегі кәсіби даярлыққа деген қажеттігі мен жоғары санаттағы маманның белгісі ретіндегі мінез-құлық мәдениетінің маңыздылығына мән берілмеуі арасындағы қарама-қайшылықтар орын алуда.Студенттердің мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру проблемасын қарастыру үшін ең алдымен мінез-құлық ұғымының мәндік сипаттамасын беру қажет. Кез келген индивидтің қол сермеулері, сөздері мен дене қимылдырынан байқалатын қылықтарының көрінісі мидың психофизиологиялық реакциясының күрделі жүйесі арқылы беріледі. Сөйтіп біздер мінез-құлықты құрайтын бірізді тізбектерден тұратын қылықтардың сыртқы нышанын бақылай аламыз. Мінез-құлықтың сыртқы көрінісі мінез-құлық мәнері (франц. тілінде-maniere) деп аталады. Бұл жерде тұқым қуалаушылық жолмен берілген гендік қабілеттер және тәрбие процесінде меңгерілген тәжірибе дағдылары көмегімен әрбір индивидтің жеке дара және айырықша мінез-құлқы қалыптасады.Мінез-құлық-біздің практикалық әрекет, қылықтарымыз. Әдетте біз өз мінез-құлықымызда белгілі бір қағидаларға жүгінеміз және өзіміздің талпыныстарымыз бен мінез-құлықымызды басшылыққа алатын адамгершілікті принциптерге бағындырамыз.Адамның мінез-құлқы оның пікір-көзқарасы мен әрекеттері арқылы жеткізілетін күнделікті өмірде болып жататын қайсыбір жағдайларға қарай жасалатын қылықтары. Шын мәнінде мінез-құлық индивидтің тіршілік етуіндегі өмір сүру әрекеттерінің көрінісі болып табылады. Мінез-құлық түрінде болуы мүмкін. Өмірдегі сан алуан жағдаяттарда тәрбиеліліктің дәрежесіне байланысты ізгілікті рахымшыл немесе зұлым, қалыптасқан салт-дәстүрлерге сәйкес немесе оған жат, үлгілі немесе жексұрын, сыпайы немесе дөрекі, тартымды немесе жәбірлеуші, игілікті немесе опасыз, отансүйгіш немесе сатқын, алдын-ала болжалынып себептелінген, терең ойластырылған немесе ойланбастан табан астында (спонтанды) байқалатын, белсенді (бастамашыл) немесе енжар, амалсыздан, әлеуметтік-пайдалы немесе қоғамға жат қылықты, көңілді немесе мезі қылатын, зердесіз ақымақ және т.б. көріністер байқалады.Мінез-құлық мәдениетінің нормалары түрліше сипатталады: әдептілік-өзін қоршаған адамдармен өзара қарым-қатынас жасау процесіндегі тілектестікті жақсы ниет; такт сақтау-сөйлесуде, жеке немесе қызметтік қатынастарда қатал сақталуға тиісті шамалай білу сезімі; сыпайыгершілік- адамдардың жеке дара ерекшеліктерін анықтай алу және есепке алу іскерлігі; қарапайымдылық- керімсалдықты, бойкүйездікті болдырмау, қандай да бір жағдаяттарда өзінің бірегейлігін сақтап, өзіне тән емес рөлге бой алдырмау; ибадаттылық- әлеуметтік жағдайына қарай кімнің «жоғары», кімнің «төмен» екендігіне қарамастан қарым-қатынаста тұрпайы көргенсіздік жасамау; міндеттілік- адамның адалдығын, сенімге беріктігін паш ететін берген уәдесін орындау іскерлігі. Мәселен, күнделікті мінез-құлыққа қатысты өзге адамдарға сыйласымды қарым-қатынас әдептілікте, сыпайыгершілікте, такт сақтауда, өзгелердің уақытын бағалай білуде, берген уәдеде тұруда, ауыс-күйіс алғандарын уағымен қайтаруда, жасалынған келісімді дер кезінде және дәлдікпен жүзеге асыруда көрініс табады. Ал адалдық болса өзінің нышанында турашылдықпен, шыншылдықпен және айтайын деген ойын ашық әрі тиянақты жеткізе білу іскерліктерімен өлшенеді.А.В.Бабичева, Е.В.Мирошниченко «мінез-құлық мәдениеті» дегенді адамның нақты сол қоғамда қалыптасқан және ұстанатын нормалар мен қағидаларға сәйкес қылығы деп түсіндіреді. ... мінез-құлық мәдениеті-әлем өркениетінің ажырамас бөлігі, жалпы адамзат мәдениетінің құрамдас бөлігі [1,32-37 б.]. Педагогикалық әдебиеттерде мінез-құлық мәдениеті ұғымына көптеген анықтамалар берілген. Бұл анықтамаларда ортақтастықтармен бірге түрлі ұстанымдарға негізделген кең түрдегі пайымдаулар да кездеседі. Әдетте авторлар аталған феноменді кең және тар мағынада сипаттайды. Мәселен, А.Ф.Шишкин пікрінше «Мінез-құлық мәдениеті кең мағынада адамның әдеттері мен дағдыларының құрамдас бөлігіне айналған моралдық талаптардың жиынтығын қамтиды» [2,438 б.]. Л.В.Шульгин болса өзінің ғылыми мақаласында «мінез-құлық мәдениетін қоғамдық құрылымның талаптарымен және сол қоғамда жинақталған ерекше мәдени-мінез-құлықтылық құндылықтар мен нормалар және адамдардың іс-әрекеттерімен себептелінетін рухани мәдениеттің бір бөлігі»,-деп санайды [3,16 б.]. Алайда бұл анықтамада «мінез-құлық мәдениеті» және «рухани мәдениет» ұғымдарының аражігі ашып көрсетілмеген.Мінез-құлық мәдениетін тар мағынада пайымдауда авторлар көбінесе оның адамгершілік негіздеріне ойысып кететіндігі бақалады. Бұндай тенденция Г.В.Пархоменконың «Мінез-құлық мәдениеті» қандай да бір жағдаяттардағы ізгіліктілік және дүниетанымдық нормаларға сәйкес қылық ептіліктері мен дағдыларының болуымен шамаланатын белгілі бір қажеттіктері мен әдеттері»,-деген анықтамасында орын алған. Бұндай кеңейтілген пайымдау мінез-құлық мәдениетінің ерекшеліктерін түсіндіруде айқындық аңғартпайды [4,27 б.]. Р.Ә.Нұрмұхаметова, Б.А.Молдағалиев, С.А.Фейзулдаева, А.Б.Урбисинова дайындаған сөздікте: «Мінез-құлық (поведения) - адамның генетикалық ерекшеліктеріне байланысты болып, өмір жағдайларына сәйкес және олардың ықпалымен байқалып отыратын тұрақты психикалық ерекшеліктерінің жиынтығы. Мінез-құлық адамның өзіне, басқа адамдарға, тапсырылған іске қалай қарайтынынан байқалады. Ол оның бүкіл тәртібіне әсер етеді. Адамның мінез-құлқының бастапқы көрінісі - қылық. Мұнда тұлғаның беталысы, адамгершілік талғам-сенімі көрініс береді» [5,53 б.].Мінез-құлық мәдениеті–адамның күнделікті мінез-құлықтың моралдық және этикалық нормаларының сыртқы әлпеті көрініс беретін іс-қылықтарының (еңбек етуде, тұрмыста, өзге адамдармен қарым-қатынаста) формаларының жиынтығы. Егер адамгершілік нормалары іс-қылықтарының мазмұнын анықтап, нені қалай істейтінін белгілеп ұйғаратын болса, мінез-құлық мәдениеті адамгершілік талаптарының нақты қалай жүзеге асырылатындығын, адамның мінез-құлқының сыртқы әлпеті күнделікті өмір ережелеріне айналып қандай болу керектігін және осы нормалар оның өмір сүру салтына табиғи түрде, емін-еркін қысылмай қаншалықты ұластатынын ашып көрсетеді [6,130 б.]. Педагогикалық энциклопедияда берілген мінез-құлық мәдениетінің мәнін нақты айқындап бере алады: «адамның адамгершіліктілік, этикалық, эстетикалық мәдениетіне негізделіп қалыптасқан және сол қоғамдағы жеке тұлғаның күнделікті іс-қылықтарының, әлеуметтік мәнді сапа-қасиеттерінің жиынтығы. Мінез-құлық мәдениеті бір жағынан қоғамның адамгершілік талаптары, ал екінші жағынан жеке тұлғаның меңгерілген іс-қылықтары мен әрекеттерінің бағыттаушы, реттеуші және бақылаушы қағидалары» [7,130 б.].Бүгінгі жастар өздерінің уақыттарын көбінесе қоғамдық орындарда өткізеді. Қоғамдық орындардағы мінез-құлық мәдениеті сол ортада орныққан белгілі бір тәртіп мәнерін, жалпы қабылданған қатынас амалдарын, нормаларын сақтау арқылы қамтамасыз етіледі. Сондықтан студент жастардың бұған дейінгі меңгерген мінез-құлық мәдениет дағдыларына сүйене отырып олардың жас және жеке дара ерекшеліктерін ескеру негізінде адамның қайсы бір этикалық мінез-құлық қағидаларының (сыпайыгершілік, құрбылары мен үлкендерге деген ұнасымдылықпен ықыласты зер салу, кіші-гірім қолқабыс жасау, қарым-қатынаста жылы шырайлы қабақ таныту және т.б.) мәні мен маңызын терең пайымдауға жол ашып отыру қажет.ЖОО-дағы педагогтардың алдында студенттермен тәрбие жұмыстарын жетілдіру, қоғамда орныққан мінез-құлық нормалары мен ережелерін бойына сіңіру міндеттері тұр:- жалпы адамзаттық құндылық ретіндегі мінез-құлық мәдениеті туралы студенттердің көзқарастарын кеңейту;- адамдармен қарым-қатынас жасаудың маңызды шарты ретіндегі мінез-құлық мәдениетінің қалыптасуы қажеттігіне деген сенімін арттыру;- жағымсыз мінез-құлықты, мәдениетсіздікті және арсыздық пен көргенсіздікке бой алдырмау сезімін ұялату.Аталған міндеттерді жүзеге асыруда бүгінгі жастардың мінез-құлық мәдениетін сипаттайтын нормалар мен қағидалары негізге алынуы тиіс: қоғамға қатысты мінез-құлық: парыз, ар-намыс, ұят, абырой және жауапкершілік; жақындарына, құрбыларына және туыс-туғандарына қатысты мінез-құлық: ықыластылық, қайырымдылық, өзара көмек, сыйласымдылық, ілтипаттылық, мейірімділік.Студенттердің мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру тетігінің теориялық негіздеріне сүйене, оны іске асырудың төмендегідей әдістері қолданылады: түсіндірме-иллюстративті, репродуктивті, мәселелік оқыту, шағын ізденушілік және зерттеу, жеке тұлғаның санасын тәрбиелеу әдістері, студенттердің мінез-құлқын және қызметтік іс-әрекеттерін реттеу әдістері т.б. Студенттердің мінез-құлық мәдениетін сипаттайтын қарым-қатынастың рационалды аясына әсер ететін жоғарыда жазылған әдістерден басқа жеке тұлғаның санасын тәрбиелеу, еліктету, сендіру арқылы іске асады (дәріс, әңгіме, түсіндіру, этикалық әңгімелесу, тәрбиелік жағдайлар сараптамасы, диспут, өзара насихаттау әдісі). Студенттердің мінез-құлық мәдениетіна сәйкес іс әрекеттерін шындауға қажетті арнайы педагогикалық әдістерді (жаттығулар, педагогикалық талап, тапсырма, үлгі, өзіндік бағдарлау, өзіндік сараптама, өзіндік бақылау, т.б.) қолданған жөн. Сонымен осыған дейін студенттердің мінез-құлық мәдениетін қалыптастырудың әдістерімен қатар осы үдерісті ұйымдастыру формаларына көңіл аударайық: - педагогикалық қызметтің қандай да бір түрін орындаушылардың саны бойынша: жеке, жұптық, топтық, ұжымдық;- студенттердің мінез-құлық мәдениетін қалыптастыруға арналған оқыту түрлері бойынша: студенттердің оқытушымен өзіндік жұмысы, тәжірибелік және зертханалық сабақтар, дәрістер, элективтік курстар, курстық және дипломдық жұмыстар, кәсіби практика;- аудиториядан тыс ұйымдастырылатын іс-шаралар түрлері: педагогикалық теория тақырыптары бойынша пікірталастар мен дискуссиялар, студенттердің шығармашылық топтарының жұмыстары, газеттер шығару, ғалымдардың қатысуымен педагогикалық теория тақырыптарына арналған дөңгелек үстелдер, әртүрлі деңгейдегі конференциялар, интернет-конференциялар, педагогтардың кәсіби парызын атқаруына байланысты мәселелер бойынша ғылыми журналдардағы басылымдарды талқылау, педагогикалық теория мәселелерімен айналысатын ғалымдар еңбектерінің, кітаптардың сәйкес тақырыптары бойынша жасалынған студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерінің көрмесі, педагогикалық теория тақырыбы бойынша кураторлық сағаттар, ауызша журналдар және т.б. Студенттердің мінез-құлық мәдениетін қалыптастыруда аудиториядан тыс жұмыстарды ұйымдастырудың тиімділігі мынандай кураторлар мен оқытушылардың педагогикалық шарттарды есепке алумен байланысты:
ӘДЕБИЕТТЕР1. Бабичева А.В., Мирошниченко Е.Е. Воспитание культуры поведения у молодежи средствами культурно-досуговой деятельности [Электрондық қор].–Кіру тәртібі: http:/www.scinceforumn.ru, еркін кіруге болады. –Тақырыбы экраннан алынған. –Тілі: орысша.2. Шишкин А.Ф. Человеческая природа и нравственность. -М.: Мысль, 1979. -267 с.3. Шульгин Л.В. Использование методов поощрения и наказания в семье как методов стимулирования поведения и деятельности ребенка [Электрондық қор].–Кіру тәртібі: http:/www.scinceforumn.ru, еркін кіруге болады. –Тақырыбы экраннан алынған. –Тілі: орысша.4. Пархоменко Г.В. Основы процесса нравственного сознания и поведения личности старшеклассника. Дисс. ...докт.пед.наук.-М., 1997.-356 с.5. Нұрмұхаметова Р.Ә., Молдағалиев Б.А., Фейзулдаева С.А., Урбисинова А.Б. Педагогика: Сөздік. Оқу құралы. -Ақтау: Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті, 2009. -112 б.6. Словрь по этике. Под ред. И.С. Кона. Изд. 3-е, -М., Политиздат, 1975. -392 с.7. Педагогический энциклопедический словарь/Гл.ред. Б.М.Бим-Бад: Редкол.: М.М. Безруких, В.А. Болотов, Л.С. Глебов и др. -М.: Большая Россиская энциклопедия, 2002. -528 с.: ил.

- студенттердің мінез-құлық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған аудиториядан тыс жұмыстар бірізді, өзара байланысты, әртүрлі формаларда ұйымдастырылатын тәрбиелік іс-шаралардың жүйесін қарастыруы;
- аудиториядан тыс жұмыстар мазмұнының студенттердің адамгершілік сана-сезімдерімен мәдениетті мінез-құлық әдеттерінің бірлігін қамтамасыз етуі;
- аудиториядан тыс жұмыстарда студенттердің мәдениетті мінез-құлық әдеттерін қалыптастыруға мүмкіндік беретін, студенттерді тиімді адамгершілік қатынастарға кірістіретін жаттығулар жүйесін қолдану;
- студенттердің мінез-құлық мәдениетін меңгерудегі субъектілік позициясын күшейту;
- аудиториядан тыс жұмыстар студенттердің мінез-құлық санасын қалыптастырудың ерекшеліктеріне сай, оның ішкі және сыртқы ынталандырылуын дамыту, бүткіл білім беру аралығын (циклін) қамтитын болуы.
ӘДЕБИЕТТЕР1. Бабичева А.В., Мирошниченко Е.Е. Воспитание культуры поведения у молодежи средствами культурно-досуговой деятельности [Электрондық қор].–Кіру тәртібі: http:/www.scinceforumn.ru, еркін кіруге болады. –Тақырыбы экраннан алынған. –Тілі: орысша.2. Шишкин А.Ф. Человеческая природа и нравственность. -М.: Мысль, 1979. -267 с.3. Шульгин Л.В. Использование методов поощрения и наказания в семье как методов стимулирования поведения и деятельности ребенка [Электрондық қор].–Кіру тәртібі: http:/www.scinceforumn.ru, еркін кіруге болады. –Тақырыбы экраннан алынған. –Тілі: орысша.4. Пархоменко Г.В. Основы процесса нравственного сознания и поведения личности старшеклассника. Дисс. ...докт.пед.наук.-М., 1997.-356 с.5. Нұрмұхаметова Р.Ә., Молдағалиев Б.А., Фейзулдаева С.А., Урбисинова А.Б. Педагогика: Сөздік. Оқу құралы. -Ақтау: Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті, 2009. -112 б.6. Словрь по этике. Под ред. И.С. Кона. Изд. 3-е, -М., Политиздат, 1975. -392 с.7. Педагогический энциклопедический словарь/Гл.ред. Б.М.Бим-Бад: Редкол.: М.М. Безруких, В.А. Болотов, Л.С. Глебов и др. -М.: Большая Россиская энциклопедия, 2002. -528 с.: ил.
Материал ұнаса әріптестеріңізбен бөлісіңіз
Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация
жариялап табыс табыңыз!
Материалдарыңызды сатып, ақша табыңыз.
(kaspi Gold, Halyk bank)