Материалдар / Білім алушылардың шығармашылық қабілетін дамыту жолдары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Білім алушылардың шығармашылық қабілетін дамыту жолдары

Материал туралы қысқаша түсінік
Білім алушылардың шығармашылық қабілетін сабақта қалай дамытуға болатыны туралы мұғалімдерге көмек
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Мамыр 2021
557
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Білім алушылардың шығармашылық қабілетін дамыту жолдары


Жансугирова Гульден Жубаткановна, Арал көпсалалы колледжінің физика-информатика пәні оқытушысы


Қазіргі уақыттың негізгі талаптарының бірі- бала шығармашылығының бастауын, қайнар көзін ашып,оны тұлғалық тұғырға көтеру

Республикамыздың кәсіптік білім беру жүйесі де қоғам дамуымен байланысты дамып,  жетіліп  келеді.  Жас ұрпаққа сапалы білім мен ұлағатты тәрбие беру, өміріне жолдама алуына барлық жағдай жасау үшін білім беру ісін әлеуметтендірудің  маңызы зор.

Білім алушыларымызды өз мамандығының кәсіби майталманы болуға бағыттау мәселесі бүгінгі жаңа қоғамның білім саласындағы кезек күттірмейтін ауқымды мәселелер қатарында тұр.

Бұл тұрғыда мұғалім шығармашылықпен жұмыс істей алатын жеке тұлға, педагогикалық қызметтің барлық келеңді – келеңсіз жақтарын зерттеп, меңгеруге ынталы, өзінің пәнін жетік меңгерген, кез келген педагогикалық жағдайда өзінің білімділігі, парасаттылығы, ақылдылығы, мәдениеті, іскерлігі, шеберлігі арқасында шеше алатын, педагогикалық үрдісінің нәтиежесін жақсартуға ұмтылатын мұғалім болу керек.

Еліміздің жарқын болашағы, өзіміз қызмет істеп жүрген колледж болашағы біздің ұстаздардың ізденісіне, балаларға деген сүйіспеншілігіне, кәсіптік деңгейіне байланысты екенін жақсы түсінеміз.

Заман талабына сай білім бере отырып, оқушы бойында танымдық қабілетін дамыту бүгінгі таңда ұстаз үшін үлкен жауапкершілік іс болып табылады.

Бұл туралы Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «Ғасырлар мақсаты – қоғамның нарықтық қарым-қатынасқа көшу кезінде саяси-экономикалық және рухани дағдарыстарды жеңіп шыға алатын, ізгіленген ХХІ ғасырды құрушы, іскер, өмірге икемделген, жан-жақты мәдениетті жеке тұлғаны қалыптастыру», – деген тұжырымдамасында ашып көрсеткен.
Қоғамның осындай дарынды адамдарға деген қажеттілігін қанағаттандыру талабы білім беру жүйесінің алдына баланың жеке қабілеті мен әлеуметтік белсенділігінің дамуына жол ашу, шығармашылық қабілеті зор жеке тұлғаны қалыптастыру міндетін қойып отыр. Бұл жердегі мұғалімнің міндеті: әр оқушының бойындағы бейімділікті дер кезінде көре біліп, оны дамыту.

Қазіргі жағдайда мен өз практикамдағы, физика сабақтарында оқушыларды шығармашылық ізденіске жетелеу жолдарын атап айтар болсам:

1. Ең алдымен физика сабақтарында әрбір оқушыны оқытып, тәрбиелеуге байланысты мәселелерді өздігімен және шығармашылық ынтамен шешуге қабілетті жаңашыл мұғалім болу керек.

2.Оқушының білім сапасын шығармашылық  ізденіске жетелеу көп ізденіп, оқу жүйесін көтеру негізгі мақсат деп есептеймін.

Осы орайда, менің  оқушыға қояр талабым:

-қоршаған ортаны сезе білу, құбылыс себептерін іздене білу;

 -ақыл парасатты игеріп, ойлау, сезім қабілеттерін арттыру;

 -алдына мақсат қоя білу және жетуге ұмтылу;

 -физика сабағында формулаларды дұрыс игеріп,тарауларды ажырата білу;

 -факультатив,үйірме сабақтарында алған білімдерін теория мен практика жүзінде ұштастыра білу;

-өзін — өзі талдауды, өзін — өзі бағалай білуді меңгеру;

-басқа адамдармен қарым-қатынас жасай білу,

-осы заманға сай технологияларды пайдалана білу (интернет, электронды пошта);

-қоршаған ортада өз орнын, жеке рөлін анықтай білу;

 Білім алушылардың дарындылығының дамуы, қабілетінің ашылуы көбінесе мұғалімнің кәсіби біліктілігіне, және оның тұлғалық қасиетіне байланысты екені айдан анық.

Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту бағытында:

Бүгінгі жас ұрпаққа жан-жақты білім беру, тәрбиелеу әрбір ұстаздың басты  міндеті. Білім негізі мектепте қаланатын болғандықтан, оқушының жеке тұлғалық күшін дамыту, оның шығармашылық мүмкіндігінің дамуы басты рөл атқарып отыр. Олай болса, қазіргі ұстаздар қауымының алдындағы үлкен мақсат: өмірдің барлық саласындағы белсенді, шығармашылық іс-әрекетіне қабілетті, еркін және жан-жақты жетілген тұлға тәрбиелеу.
Бұл мақсатқа жетуде ұстаздар терең білімді, әдістемелік жағынан толық қаруланған және жоғары мәдени деңгейі болуы тиіс.. Мұғалім алғашқы сабақтан бастап әрбір оқушының жеке ерекшеліктерін, ынтасы мен бейімділігін, оқу мен еңбекке ұқыптылығын ескере отырып оқу үрдісін жүргізуі керек.

Оқушылардың шығармашылық қабілетін арттырып, ынталандыру үшін сабақтарды мынадай жолдармен өткізуге болады:

  • Сабақта кең көлемде көрнекі құралдарды пайдалану;

  • Сабақты түрлендіріп өткізу;

  • Сабақта оқушылар өздері жасаған суреттер, схемаларды пайдалану;

  • Техникалық құралдарды тиімді қолдану;

  • Сабаққа қатысты бейнетаспаларды, фильмдерді көрсету.

Қорыта келгенде, О.Бальзактың “ұдай еңбек ету- өнердің де, өмірдің де заңы” дегеніндей, оқушылардың шығармашылық қабілеті мен белсенділігін арттыруда мұғалімге үнемі ізденуге, тұрақты еңбек етуді міндеттейді.

Әрине, артқарылған істер аз емес. Дегенмен, әлі де болса бізді ойландыратын, толғандыратын істер жетерлік. Атап айтқанда, олар – білім сапасын арттыру, оқушылардың біліміне, ойлау қабілетіне сай деңгейлеп оқыту, ғылыми-ізденіс қабілеттерін қалыптастыру, т.с.с.

Өйткені, ХХІ ғасыр- білімділер ғасыры.  Ендеше бізге ой өрісі жоғары дамыған, зерделі, жан-жақты парасатты ұрпақ керек екенін бір сәтте естен шығармағанымыз жөн.

Мен ұстаз ретінде әр оқушыны болашақ азамат ретінде бағалап, осы тұжырымдаманы өз қызметіме басшылыққа аламын.

Қазіргі компьютерленген жаңа заманда әр оқушының заман талабына сай әлемдік дәрежеде білімді меңгеруі үшін физика  пәні бойынша шығармашылық қабілетін дамыту – ең басты міндетім.                      Мұғалімдер алдына оқыту мен тәрбиелеудің жаңа технологияларын қолдана отырып, жеке тұлғаның дамуына жағдай туғызу қажеттілігі тұр.

ХХІ ғасырдың табалдырығын аттап, көш басын өркениетті мемлекеттер қатарына бұрған екенбіз, сол ұлы көшті адастырмай алға апарар ұрпағымызды ұлттық тәлім-тәрбие тағылымдарымен сусындатуымыз қажет.










Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!