Білім
алушыны психологиялық-педагогикалық
қолдау.
Оқытудың
сындарлы теориясына негізделген қолданыстағы бағдарлама мұғалімнің
алдына ең алдымен оқушының жан дүниесін жақсы түсіне білу жөнінде
нақты міндеттеме қойып отыр. Сапалы оқытудың маңызды факторы
мұғалімнің оқушының тақырып мәнін өз бетінше меңгеруін түсінуі мен
бағалай алуы болып табылады. Себебі оқытудағы сындарлы тәсіл бұл
үдеріскеоқушының өзінің де қатысуын талап етеді. Осылайша, оқушы да
өзінің оқуы үшін жауапты болады. Оқушы мұндай жауапкершілікті
көбіне сабақ беру барысында мұғалім қалыптастыратын ортада сезініп,
қабылдайды. Сондықтан мұғалімде Шульман «үш көмекші» деп атаған
қасиеттер болған жағдайда ғана оқыту табысты болып
саналады.
Алдымен
мынадай сұрақтар қойып, оның жауабын іздеп
көрейік:
Психологтар «ұстаным» ұғымын адамның іс-әрекетке
бейімділігімен байланыстырады. Социологтар оны жеке тұлғаның
негізгі құндылығы ретінде қарастырады. Мұғалімнің ұстанымы оның
көзқарасының қалыптасуына зор ықпал етеді, ал көзқарасы белгілі бір
шешім қабылдап, сыныптағы іс-әрекеттерді түсіндіру көзі болып
табылады. Сондықтан кез келген мұғалімнің оқыту құралдары оның өз
болжамдарының, білімі мен ұстанымының, көзқарастарының жиынтығынан
тұруға тиіс. Бұл элементтердің барлығын жинақтасақ, жеке тұлғаның
ерекше «оқыту сызбалары» құралады.
Пажарес
(1992) оқыту стилін таңдау кезінде мұғалімнің білімділігінен гөрі,
ұстанымға негізделген ой-тоқтамдарының ықпалы күштірек деп
сендіреді: оқыту үдерісінде қалыптасқан көзқарастар мұғалімнің
сыныптағы барлық іс-әрекеттеріне әсер етеді. Мұғалімнің сыныптағы
іс-әрекеттеріне әдістемелік құралдар немесе оқулықтардан гөрі,
пәннің қалай оқытылуы керектігі жөнінде әбден қалыптасып қалған
пікірлер анағұрлым күштірек ықпал етеді. Ал қашықтан оқыту
жағдайында мұның маңыздылығы тіпті жоғары екендігі айқын. Сондықтан
психологиялық-педагогикалық қолдау қажеттілігінде ең бастысы ішкі
жан дүниесін, сезімін, қажеттілігін ескру
керек-ақ.
Ол үшін ең
алдымен, педагог эмоционалды интеллекті (EQ) сезіну және басқара
алу керек. Эмоционалды интеллект деп қарапайым қазақи тілмен
айтқанда адамның мінезі. Немесе адамның сезімдерін басқара алу
қабілеті. Мінезі мен сезімін жақсы басқара алса, адам көркем
мінезді болып саналады. Көркем мінез жайында дінімізде де,
дəстүрімізде де, басқа ұлттық құндылықтарымызда да тікелей (жырау,
ақындардың нақты мінезге қатысты өсиеттері) жəне жанама (ертегі,
хикая, əңгімелерде басты кейіпкерлердің жағымды мінездері мен сол
қасиеттері арқылы жақсылыққа немесе мұратына жетуі) түрде айтылып
өтеді.
Интеллект
(IQ) ақпаратты өңдеуге және ақпараттандырылған шешімдер қабылдауға
әсер етеді.
Эмоционалды интеллект (EQ) жеке және бөтен
эмоцияны тануға және оларды басқаруға жауап
береді.
• Өзін-өзі
тану: біздің эмоцияларымызды түсіне және түсіне
біледі
• Өзін-өзі
басқара білу: біздің эмоцияларымыз бен реакцияларымызды бейімдеу
және басқару
• Мақсатқа
жету үшін дұрыс әрекеттерді жасай отырып, өзімізді мотивациялай
аламыз
• Өзге
адамдарға жанашырлық білдіре білу және басқалармен жағымды
қарым-қатынас орнатудың күшті әлеуметтік
дағдылары.
Бұл
тақырып батыс елдерінде алдыңғы орынға шыққалы қаншама уақыт өтті.
Олардың бізден айырмашылығы осы тақырыпты ғылыми түрде зерттеуі.
Яғни, мінез шынымен де адамның өміріндегі алатын орнын, одан бұрын,
зерттеушілердің сезімнің рухани ғана емес, материалды, көзге
көрінетіндігіне зерттеу жүргізулері. Мысалы, адам қорыққанда қан
адамның аяғына жиналады екен, демек қашуға дайын болуы. Ашуланғанда
қан адамның алақанына жиналады екен, яғни адам шабуыл жасауға
ниеттеніп тұрады екен. Ашуланған адамның қолында қару болса, ол сол
қаруды қолдану қаупі артады. Осы сияқты басқа да эмоцияға қатысты
көптеген зерттеулер жүргізген. Демек, сезімге берілгенде денемізде
белгілі бір дəрежеде химиялық жəне биологиялық құбылыс болады екен.
Батыс елдерінде бұл тақырыпты не үшін өте маңызды көрген? Себебі,
адамның жетістікке жетуі үшін өте ақылды болу жетпейтінін байқаған.
Мысалы, 1940 жылдары Гарвард университетінде оқыған 95 студентті
зерттеген. Оларды университтерді бітіріп кеткеннен бірнеше жылдан
кейін бақылап қараса, кезінде университет балдары мен IQ-ы (ақылы)
жоғары болған студенттердің қаржылық, экономикалық жəне əлеуметтік
статусы IQ-і мен университет балдары төмен болған студенттерге
қарағанда төмен болған. Жəне өздеріне көңілі толмайтын, өздерін
бақытты санамайтынын айтқан. Осы сияқты зерттеулерден кейін бірнеше
ғалымдар терең ойлана бастайды. Солардың арасында эмоционалды
интеллектінің негізін қалағандардың бірі Даниел Гоулман болған.
Даниел эмоционалды интеллектінің ақылдан бөлек нəрсе екенін
көрсетіп кеткен. Сонымен, қазіргі кезде барлық дерлік атақты бай
адамдардың (жетістікке өз күшімен жеткендер) немесе CEO-лардың
(үлкен компания директорлары) эмоционалды интеллектісі жоғары
екенін зерттеу жұмыстары көрсетіп берген. Ақылдан бөлек адамның
мінезі жетістікке жетуге тікелей қатысы бары дəлелденді. Сол
себепті, егер ақылы орташа адамның бай болғанын көрсеңіз,
таңғалмаңыз.
Жалпы
экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) дайындаған
Құзыреттерді анықтау және іріктеу жобасы дағдылардың барынша кең
ауқымын қамтитын ХХІ ғасыр дағдыларының моделі болып
табылады.
Аталған
жоба оқушылардың терең тұжырымдамалық түсінікпен астасқан негізгі
сауаттылықты меңгергендігін көрсететін, кең ауқымды шешімдер мен
іс-әрекеттерді таңдау қабілеттілігі сияқты түйінді құзыреттер
жүйесін сипаттай¬ды. Мұғалімдер өз жұмысына жеткілікті уақыт бөле
білулері керек, оқушының білімі мен дағдыларын дамытуда ғана емес,
жалпы алғанда оның оқуын барынша дараландыру және баланың бойында
метасананы – қалай оқу керектігін үйренуді қалыптастыруға мән бере
оты¬рып, оны тұлға ретінде дамытуда икемділік танытулары тиіс
(Schleicher, 2012).
Бұл жүйе
жастардың құзыреттерін бағалаудағы ЭЫДҰ ұзақ мерзімді стратегиясын
белгілеуге көмектесіп, Оқушылардың білім жетістіктерін бағалау
жөніндегі халықаралық бағдарламаны (PISA) жетілдіруге ықпалын
тигізді.
Орта білім
беру жүйесінде әлемдік жоғары деңгейге қол жеткізген анағұрлым
танымал оқыту әдістемелері арасында сындарлы оқыту теориясына
негізделген тәсіл кең тараған (Hattie, 2009). Бұл Бағдарламаның
басым бөлігі, түрлі тәсілдер қарастырылғанына қарамастан, сындарлы
оқыту теориясы негіздерін қамтыған. Оқытудың сындарлы теориясы
оқушылардың ойлауы олардың бұрынғы алған білімдері мен жаңа немесе
сыныптағы түрлі дереккөздерден, мұғалімнен, оқулықтан және
достарынан алған білімдерімен астастырыла дамиды деген тұжырымға
негізделеді. Сындарлы теорияның тиімділігін жақтаушылардың басым
бөлігі оны дайын білімді беруге негізделген оқыту тәсілдерімен
салыстыра қарап, дайын білім беруге негізделген оқыту тәсілдерінің
білімді меңгеру былай тұрсын, олар бойынша терең түсінік
қалыптастырып, бастапқы білімді жаңа біліммен өзара байланыстыруға
да мүмкіндік тудыра бермейтінін тілге тиек етеді. Дайын білім
беруге негізделген «дәстүрлі» стиль арқылы алынған білім
оқушылардың жинақтаған өзге білімдерімен тиімді сіңісе алмайды,
сондықтан механикалық есте сақтау, үстірт білім алу жағдайлары орын
алады. Дәстүрлі оқытудан алынған механикалық түрде есте сақталған
мәліметтерді емтихан кездерінде ұтымды пайдалануға болады, бірақ
мән-мағынасы терең меңгерілмей, жай ғана жатталғандықтан, тақырыпты
оқыту аяқталған соң немесе емтихан біткен соң керексіз болып қалады
және оқушы оны өмірде тиімді пайдалана алмайды. Сындарлылық
теориясына негізделген оқытудың мақсаты – оқушының пәнді терең
түсіну қабілетін дамыту, алған білімдерін сыныптан тыс жерде, кез
келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз
ету.
Әдебиеттер:
-
Басшыға
арналған нұсқаулық, (бірінші басылым) «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ
Педагогикалық шеберлік орталығы, 2015.
-
Мұғалімге
арналған нұсқаулық - «Назарбаев
Зияткерлік мектептері» ДББҰ «Педагогикалық шеберлік орталығы»
2016.
-
Мұғалімге
арналған нұсқаулық , бірінші (ілгері) деңгей (екінші басылым)
2014.
-
Макаренко
А. А. Педагогикалық дизайн оқу үдерісін ұйымдастырудың тиімділігін
арттыру құралы ретінде//ҚМУ Хабаршысы. Педагогика. Психология.
Социокинетика. 2017. – № 4 13-15.
-
Абызова Е.
В. Педагогикалық дизайн: түсінігі, пәні, негізгі категориялары / /
ВМУ хабаршысы. – 2010. –№ 3. – Т. – Б. 12-16.